Erteńmedia
10.9K subscribers
3.39K photos
1.21K videos
1 file
3.07K links
✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна.
✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым.

™ @kurilkabai_bot
Download Telegram
⚡️Киевтен жеткен тыныш сигнал: Майконың аузымен айтылған маңызды месседж...

Киев Астананы елдегі мұнай өңдеу зауыттарын қайта қалпына келтіруге шақырып отыр. Мұнда қазақ шикізаті өңделіп, дайын өнім Батыс елдеріне экспортталмақ. Бұл туралы Украинаның еліміздегі елшісі Виктор Майко мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Украин дипломаты Киев Қазақстанмен энергі саладағы әріптестікті тереңдетуге өте-мөте мүдделі екенін айтып отыр. Әсіресе, өз аумағы арқылы қазақ мұнайын ресейсіз бағытпен тасымалдауды қолдайды.

«Қазақстан 2024 жылы Еуропаға жеткен мұнайдың 11,5 пайызын қамтамасыз етті. Сұраныс әлі өсіп жатыр. Қазір Ақтау және Құрық портында танкерлік флотты кеңейту жұмысы жүруде. Ақтау – Баку – Тбилиси – Жейхан, Баку – Супса және Транс-Адриатика құбырының бағыты перспективалы», – деді елші.

Оның айтуынша, Украина Қазақстанға мұнай-газ саласында терең бұрғылау (6 шақырымнан терең) және кеме жасау бойынша да әріптестік ұсынады. Мысалы, Қазтеңізфлоттың Николаев қаласындағы украиналық кеме зауытымен бірлесіп жұмыс істеуі флотты жөндеу мен жаңалауға үлкен мүмкіндік береді.

Қазақстанға дұшпан емеспіз…

Қара теңізде қазақ мұнайы тиелген танкерлерге жасалған шабуылға қатысты Майко былай деді:

«Украина ешқашан қазақ экономикасына немесе инфрақұрылымына бағытталған әрекетке бармаған, бармайды да. Астана украин күштерінің нысанасы болған емес. Зеленский? Бұл елдің саяси және әскери басшылығының ұстанымы».


Украина елшісі Ресеймен соғыс осы жылы аяқталарына сенімді. Оның пікірінше, «тіпті Кремль де тоқтайтын жерін біледі».

Киев Қазақстанмен пайдалы қазбалар саласында да әріптестікті күшейтуге ниетті. Елшінің айтуынша, бұрын ескі технологиямен тиімсіз деп жабылған кен орындарынан украин мамандары жүздеген мың тонна мұнай шығарған. Осы сәтті тәжірибені Қазақстанда қолдануға болады деп санайды дипломат.

Алыс-беріс ше?

Алыс-беріс туралы сөз қозғаған елші, егер соғыс болмағанда екі елдің арасындағы сауда айналымы 10 миллиард долларға жетуі мүмкін еді деген пікірде.

«Тоқаев? Астана аймақтағы экономикалық көшбасшы. Оның жалпы ішкі өнімі 300 млрд доллардан асады және алдағы 5–10 жылда G20 қатарына кіруге мүмкіндігі зор. Байланысты нығайту үлкен мүмкіндік қана емес, қазіргі жағдай талап етіп отырған қажеттілік», – деп түйіндеді дипломат.

Оның айтуынша, биыл Астанаға ірі украиналық бизнес-делегация келеді және Киев екі ел арасындағы үкіметаралық комиссия отырысын өткізіп, көлденең кедергіні шешуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін президент Тоқаев Қазақстанның соғыстан кейінгі Украинаны қалпына келтіруге дайын екенін жеткізген.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍52❤20🔥4👏3🤔1😢1
⚡️Назарбаевты дірілдеткен дәлел: Болат Әбілов жауапсыз сұрақтың бетін ашты...

Қазақстанда қасіретті оқиғалардың көпшілігі қара күз бен қыста, әсіресе қараша мен желтоқсанда жиі орын алады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Белгілі саясаткер Болат Әбілов осылай деп атап өтті. Айтуынша, 2005 жылдың қарашасында танымал мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділов өз үйінде қастандықпен өлтірілген. Алайда қылмыстың орындаушысы да, тапсырыс беруші де әлі анықталмаған. Желтоқсан айы да халық есінде қанды оқиғамен қалған. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі, 2011 жылғы 16-17 желтоқсандағы Жаңаөзен трагедиясы осының айғағы.

Қаңтар мен ақпан да ел тарихындағы ауыр кезең: 2022 жылғы «Қаңтар» оқиғасы жұрт жадынан өшкен жоқ. Ал 2006 жылдың ақпанында танымал саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев кісі қолынан қаза тапты.

Болат Әбілов Сәрсенбаевтың өмірден өткеніне 20 жыл толса да, қайғының табы әлі де басылмағанын айтады. «Сол оқиға кеше ғана болғандай, әлі күнге дейін есімізден кетпейді. Әлі күнге дейін «не үшін» деген жалғыз ғана сұрақ мазалайды да тұрады» – дейді саясаткер.


Оның айтуынша, Алтынбек Сәрсенбаев «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысын құрушы тұлғалардың бірі болған. 90-жылдардың ортасы мен соңында министр қызметін атқарған ол, елдің авторитарлы бағытқа түскенін ерте байқап, мұның жақсылыққа апармайтынын түсінген.

«Билік тұтас бір әулеттің қолына өтті. БАҚ атаулы түгел сол отбасының бақылауында қалды. Президенттің күйеу баласы күштік құрылым мен ақпарат құралдарын уысына жинап, өз билігін күшейте түсті», - деп еске алады Болат Әбілов.

Назарбаевтың кабинетіндегі оқиға...

Сол кезде Алтынбек Сәрсенбаев Рахат Әлиевтің қайын атасы, экс-президент Назарбаевқа қарсы астыртын әрекет етіп жүргені туралы ақпарат жинаған.

«Алтынбек әлгі дәлелді алып, Марат Тәжинмен бірге президент Назарбаевқа барып, жағдайды баяндаған кезде Нұрекеңнің үрейден денесі дірілдеп, орнынан құлап қала жаздаған. Алтынбек пен Тәжин оны орындығына қайта отырғызып, ендігі әрекеттерді талқылаған. Алтынбек Рахатты дереу қамауға алып, оның айналасындағы адамдарды биліктен аластатуды ұсынған», – дейді Әбілов.

Пікірінше, Алтынбектің өліміне дәл осы оқиға себеп болуы әбден мүмкін. Себебі саясаткер президенттің бойындағы қорқыныш пен әлсіздікті өз көзімен көрген. Бірақ басқа себептің де болуы мүмкін екенін айтады.


«Ол ешқашан радикал болмаған, зорлық-зомбылыққа немесе революциялық жолға шақырған емес. Сондықтан «оны не үшін өлтірді?» деген сұрақ әлі күнге жауапсыз қалып отыр. Арада 20 жыл өтті, бірақ тапсырыс беруші әлі анықталған жоқ», – дейді Әбілов.

Саясаткердің айтуынша, бұл ел тарихындағы ең ауыр саяси қылмыс. «Кімге тиімді болғаны, кімнің саяси қарсыласынан құтылғаны бәрімізге белгілі. Бірақ осы туралы ашық айтылмай келеді. Алтынбектің өлімі ұлт үшін орны толмас қасірет, ауыр қайғы. Қазақстан Алтынбек сияқты тұлғаға қатты зәру», – деп түйіндеді Болат Әбілов.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥36❤17😢13😱4👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ «Дайын емессіз бе?». Жаңбыршин қытай инвесторына емтихан өткізді...

Депутат Жаңбыршин «Мәтен Петролеум» мұнай компаниясының бас директоры Лү Цзиншенді әбден састырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Мәжіліс отырысында қытайларға қарасты «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», «Мәтен Петролеум» және «Бозашы Оперейтинг ЛТД» компаниясының сатып алуындағы қазақстандық үлесті арттыру мәселесі қаралды.

Депутат Жаңбыршин «Мәтен Петролеум» басшысы Лү Цзиншеннен отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімі бар ма, жоқ па сұраған еді. Компания басшысының орнына жауап бермек болған орынбасарын депутат бірден тыйып тастады.

«Жоқ, тоқта. Өзі жауап қатсын. Білдей бас директор болып отыр, жалақы алады. Күреп табыс табады. Лү мырза, отандық тауар өндірушілерімен ұзақ мерзімді келісімдеріңіз бар ма, жоқ па?» – деп нақты сұрақ қойды мәжілісмен.


Компания директоры «бар» деп қысқа қайырғанмен, Жаңбыршин бұған иланған жоқ. Депутат нақты қанша компаниямен келісім бар екенін сұрағанда, Лү Цзиншеннің қапталындағы көмекшісі оның құлағына сыбырлай бастады.

Әлгіден кейін Жаңбыршин де оталып сала берді…

«Сіз дайын емессіз бе? Дәл осы сұрақты күні бұрын жолдаған едік қой», – деді депутат. Лү мырза тіпті састы.

«Есте сақтау қабілетім нашар еді», – деп ақталған болды қытай инвесторы. Компания басшысы көмекшісінің сөздерін қайталай бастаған кезде, Жаңбыршин тіпті үдей түсті.

«Кешіріңіз, бірақ сіз мектептегі үлгерімі төмен оқушыдан аумайсыз. Бас директор ретінде қандай компаниямен келісім жасалғанын, қандай тауарға, қанша сомаға және қандай мерзімге екенін нақты білуіңіз керек қой. Бар болғаны 6 компания екен сіздерде. Ал сіз екімен оқитын мектеп оқушысы сияқты міңгірлеп отырсыз», – деп ашуланды депутат.

Жу да сөз естіді

Сыннан «Бозашы Оперейтинг ЛТД» филиалының бас директоры Жу Айцзүн де тыс қалмады.

«Қазақстандық компаниялардың атын жамылып, тауар мен жабдықты сырттан тасып, осында жасалғандай етіп көрсететін жағдай жиі кездеседі. Негізінде бұлар Қытай немесе Ресей өндірісі. Сіздер жеткізушілерге барып, олардың шынымен өндіріс жасап жатқанын немесе тек сырттан әкеліп, құрастырып, маркасын ауыстырып сататынын бақылауыңыз керек. Бірақ сіздер бұған назар аудармайсыздар», – деп ескерту жасады депутат.

Жиын соңында мәжілісмен компания басшыларынан жазбаша жауап беруді талап етті.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏38👍28❤4🔥4😁3
⚡️Қағаз кеміріп отырмыз: Аймағамбетов мектеп психологының үндеуіне жауап қатты...

Мектеп психологы Гүлсезім Жасқайратова әлемжеліде сала мамандарының қазіргі жағдайын ашып айтып, жанайқайын жазды. Пікірінше, бүгінде психологтардың жұмысы баламен тікелей қарым-қатынас жасаудан алыстап, тек тест жүргізіп, қағаз толтырумен шектеліп қалған деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

«Мен мектеп психологымын. Бірақ соңғы кезде өзімді психологтан гөрі тест жүргізетін оператор сезінемін. Біз мамандықты балалардың жан дүниесін түсініп, қасында болу үшін таңдадық. Үнсіз ғана жылап отырған балаға демеу болу үшін келдік. Бірақ қазір біздің күніміз қалай өтеді? Таңертең тоғызда жұмысқа келіп, кешке дейін компьютер алдында отырамыз. Тест, тексеру, есеп, талдау, тағы бір есеп, тағы бір кесте, тағы бір мерзім», – дейді психолог өз жазбасында.

Автор балалардың тесттен әбден шаршағанын атап өткен. Маманның мәлім еткеніндей ұстаздар жоспардан бас көтере алмай жүреді. Сол жоспардың өзі аздай, одан тыс тағы да талаптар жүктеледі.

«Осы күнге дейін өткізу керек», «пәлен сынып толық тапсыруы керек», «нәтижесін жіберіңіз» деген талаптар таусылмайды.

Ал сол аралықта бір бала іштей қиналып жүруі мүмкін. Бірақ біз соны көріп үлгермейміз. Себебі «отчет» бітпеген. Оқушылар тесттен шаршаған, сұрақтарды оқымай-ақ белгілей салады.


Психологты көрсе, «тағы тест пе?» деп қашады. Біз балаларға қолдау көрсетіп, сенім орнатуға келген адамдар едік, ал бізден қазір балалар қашатын болды», – дейді Гүлсезім Жасқайратова.

Аймағамбетов не дейді?

Маман көтерген мәселеге экс Оқу-ағарту министрі, қазіргі Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жауап қатқан екен. Ол мектеп психологтарының жағдайын түсініп, осы мәселені шешу үшін арнайы заң жобасы әзірленгенін мәлімдеді.

«Дәл осындай мәселелер үшін біз арнайы заң жобасын дайындадық. Ұстаздар мен мектеп психологтары тест өткізуші, есеп беруші емес, бала жанын түсінетін, оған қолдау көрсететін маман болуы керек. Бұл бастама нақты жеңілдік әкеледі деп сенемін», – дейді мәжілісмен.


Депутаттың бастамасы желі қолданушылары арасында қызу қолдау тауып жатыр. Құлсарыда балта көтерген бала туралы осы арадан оқыңыз.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍35❤8🔥3🙏3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Бөгде әлемде жүр: желідегі жұрт Нұрәлі Әлиевтен қорқа бастады...

Қазақстандағы активтерін сатып Дубай асқан Назарбаевтың немересі соңғы кезде тылсым әлеммен тілдесіп жүр деп жазады Ertenmedia.kz.

Күнделікті қарбаласпен жүрген қарапайым адамға оғаш көрінетін әңгімелер Әлиевтің аузынан ағыл-тегіл ақтарылуда.

Шифт, матрица, адамзатты басқаратын программа секілді түсініксіз терминдермен сөйлейтін Әлиевке желідегі қауым әртүрлі баға беруде.


"Бұлай кете берсе, дүние-дәулетінен бас тартып, елге таратып беруі де ғажап емес", - дейді желідегі бір топ.

Енді біреулер "шотымда миллиондар жатса, мен де өмірден мән іздеп кетер едім" деген сыңайдағы пікір қалдырыпты. Әлиевті жындар әлемімен тілдесіп жүр дегендер де табылған.

Соңғы кездері Нұрәлі Әлиев, Дариға Назарбаева және басқа да әулет өкілдері Еуропадағы кештерде, Канн фестиваліндегі гала-концерттерде жиі төбе көрсетіп жүр.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁20🤮12❤3🔥1😱1
⚡️«Ұнтақпен» ұсталудың астары: Мәскеуден бөлінуді қалаған иеромонахтың соңғы уағызы...

Алматыда Кремль агрессиясына ашық қарсылық білдіріп, Қазақстанда орыс шіркеуінен бөлінуді жақтаған дін қызметкері ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Қалалық полиция департаменті күдіктіге қатысты есірткі притонын ұйымдастырды деген айып тағып, қылмыстық іс қозғады.

Тергеу мәліметінше, 1986 жылы туған азаматтың баспанасынан «ұнтақ тәріздес заттар» табылған. Сараптама күдіктінің есірткі қолданғанын растапты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Әзірде ғана әлемжеліде бұрынғы священник Иаков Воронцовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған-ды. Иаков Қазақстанның Мәскеу православ шіркеуінен бөлініп шығуын талап еткен мәлімдемесімен танымал.

Иаков туралы не белгілі?

Кремль басқыншылығын айыптаған Иаков Қазақстандағы православ шіркеуін Мәскеумен байланысты үзіп, автокефалияға ұмтылуға үндеуген. Оның бастамасымен ұйымдастырылған «соғысты тоқтату» петициясына орыс православ шіркеуінің 300-ге жуық қызметкері қол қойған еді.

«Соғысты қолдайтын бас шіркеуді денацифицикация және демилитаризациялау қажет. Еуразиялық одақ? Бұл ұйымнан да үзілді-кесілді бас тартатын уақыт келді», — деген еді ол.


Бұдан бөлек иеромонахтың құдайға табыну мінәжатын мемтілде өткізгені қазақтілді қауымға ұнап қалған болатын.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍29👎7🤯5❤4🔥3😡1
⚡️Шығыстағы шым-шытырық: Шнайдер көпірі және Жақсылық Омардың "ұсталуы"

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар ұсталды деген ақпарат тарап жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Ақпарат алғаш рет «Письма президенту» Telegram-арнасында жарияланды. Әкім орынбасарынан басқа да тұлғалардың ұсталғаны туралы мәлімет бар.

Осыған орай, Ertenmedia сауалына жауап берген ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі аталған лауазымды тұлға туралы қандай да бір мәлімет жоқ екенін, интернет желісінде тараған ақпарат ресми дереккөздермен расталмағанын мәлімдеді. Бірақ, бір нюанс бар...

Әкімдіктің редакцияға берген ресми түсініктемесіне сәйкес, Жақсылық Омар қазіргі уақытта денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысына шыққан.


Бұған дейін Сақтағанов тарапынан Шнайдер көпіріне қатысты сын айтылып, облыс әкімі жемқорлықтың алдын алу жөнінде құқық қорғау органдарымен бірнеше мәрте кеңес өткізген еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱10🔥7👍3😁3❤1
⚡️Қазақ тіліне қатысты ащы мысал: Депутат Нұртаза даулы пікіріне түсініктеме берді...

Депутат Самат Нұртаза қазақ тіліне қатысты "кедейлердің, сіңірлердің, официанттар мен тәшкі итерушілердің тілі" деген сөзі үшін жұрттан кешірім сұрады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Әлемжеліде қызу талқыға түскен мәлімдемесін депутат «эмоциямен айтылған ащы пікір еді» деп ақталуда. Айтуынша, әлгі 2019-2020 жылдары тілге қатысты пікірталас кезінде жазылған.

Сол тұста депутат емес, жай ғана белсенді блогер болғанын алға тартқан Нұртаза, мұндай мысалды тұқырту емес, керісінше тілдің мәртебесін көтеру мақсатында жазғанын жеткізді.


«Шүйліккеннен, эмоцияға берілгеннен, ашынған ойым еді. Зиянды, теріс ниетім болған жоқ. Өз басымнан өткен нақты жағдай негізінде жазылған пікір болатын. Осы сөзіммен біреудің ар-намысына тиіп кетсем, ресми түрде кешірім сұраймын. Мақсат ортақ, ол ма, ол мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру», – деді депутат.

Айта кетелік, осының алдында Ата заңның тың нұсқасындағы тіл туралы бап қазақтілді қауымның тарапынан қызу талқыға түскен еді.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬35😡9❤5🔥4😱3🤡3👎2💩2
⚡️ Назарбаевтың "алтын жұмыртқасы": әулеттің Ресейдегі банк империясы тоқтаусыз өсіп жатыр...

Ресейдегі экс-елбасы Назарбаевтың иелігіндегі «Азия-Тынық мұхит банкі» (АТБ) былтыр күреп табыс тауып, аста-төк пайдаға кенелген деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Соңғы 5 жылда банктің таза табысы ғарыштық жылдамдықпен өсіпті. «Теңізге бастар жол» телеграм арнасының мәліметінше, 2021 жылы небәрі 1,5 млрд рубль пайда тапқан банк, былтыр 16 млрд рубль (102 млрд теңге) кіріс көрген. Әлгіндей көрсеткішпен АТБ еліміздегі ірі банктердің ондығына салып ұрып кірер еді.

Ресей Орталық банкінің есебінше былтыр ресейлік банк секторының табысы шамамен 8%-ға төмендесе, Назарбаев бақылайтын АТБ-ның таза кірісі бірден 50%-ға шарықтаған.


Соңғы 5 жылда банктің активтері де 134,5 млрд рубльден 338 млрд рубльге дейін өскен.

Қазір ме, қазір АТБ көршіміздегі 30 іргелі банктің сапында тұр.

3,4 млрд доллар қолма-қол ақша…

«Назарбаев қоры бақылайтын Pioneer Capital Invest активтерінің жалпы сомасы 7,8 млрд доллардан асып жығылады. Қорға Jusan қаржы тобы, жылжымайтын мүлік, жеке ұшақ, бірнеше қазақстандық медиа, АҚШ-тың қазына векселдері, Қырғызстан мен Қазақстанның мемоблигациялары, сондай-ақ 3,4 млрд доллар көлемінде қолма-қол ақша кірген», — деп жазады осы тұста телеграм арна.

Осыдан төрт жыл бұрын Jusan тобының активтерін елге қайтару бойынша ұзаққа созылған күрес жүрген. Әулет бір жыл бойы арпалысып, ақыр соңы Жаңа Қазақстанмен мәмілеге келген-ді. Нәтижесі? Нәтижесінде Назарбаевтар бірнеше миллиард долларға бағаланған активтері үшін бар-жоғы 127 миллион доллар «өтемақы» алған.

Айтпақшы бір уақытта АТБ Батыс санкциясына ілігуге шақ қалған. Тізімге кіруі тиіс 15 ресейлік банктің ішінде осы қаржы ұйымы да болған еді. Алайда ақыр соңы Батыс идеологтары Назарбаевтың АТБ-сы мен Құлыбаевтың «Халық банкіне» қарасты «Москоммерцбанкті» тізімнен сызып тастаған.

Нұрекеңнің Путинмен жиі жүздесуі банктің Ресейдегі тұрақты жағдайын қамтамасыз етудің стратегиясы деген болжам бар.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯23❤17👎6🔥3🤔3
⚡️Балидағы түн: ресейлік блогермен жанжалдасқан қазақ моделі мәлімдеме жасады...

Қазақ моделі Гүлсезім Алтайбекова Бали аралынан елге оралды. Ол бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

«Мен ешқандай жаза өтеген жоқпын. Тараптар келісімге келіп, мәселе бейбіт шешілді. Маған қатысты жалған мәлімет таратуды тоқтатуды өтінемін» – деді модел желідегі жазбасында.

Алтайбекова жанашырлық танытып, қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтқан.

Бұған дейін Индонезия соты қазақ моделін ресейлік блогер Карина Фадееваның соққыға жыққаны үшін төрт аптаға қамауға алып, өтемақы төлеуге міндеттеді деген ақпарат тараған-ды. Артынша іске ресей пропагандасы араласып, Фадееваның бас сүйегі мен ернінің жырылғанын, қатты қан кеткенін және есту қабілетінің нашарлағанын жазған.

Балидегі клубтардың бірінде болған жанжал кезінде тараптар бір-біріне қарама-қайшы мәлімдеме жасаған. Клуб басшылығы өз кезегінде төбелесті ресейлік блогердің құрбылары бастады деп мәлімдеген еді.

Кейіннен бірқатар БАҚ оқиғаның саяси астары бар деген мәлімет таратқан.

Қазақ қызы украинаның әнін тыңдағаны үшін ресейлік блогерден ескерту естіген. Алтайбекова оған «Слава Украине!» деп жауап беріп, соңы төбелеске ұласыпты.


Жерлесінің Бали аралында екі айға қамауға алынғанын естіген қазақтілді қауым оған жәрдем беруге ұмтылған еді. Қазір модель Қазақстанға оралып, жағдайдың толық шешілгенін жария етті. Гүлсезім көпшілікке арнаған жазбасын қазақша және украин тілінде жолдаған екен.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤49👍30🔥11👏7
⚡️ «Алтын Орда» ақиқаты: Нұрбол Назарбаевтың ісіндегі жасырын папкі ашылды...

«Алтын Орда» базарының бұрынғы иесі Айдарбек Құсайынов Нұрбол Назарбаевты сотқа беріп, одан 15 миллиард теңге талап етті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Tengrinews мәліметінше Құсайынов атышулы Болат Назарбаевтың ұлын «негізсіз байыды» деп айыптап, одан қомақты өтемақы өндіруді көздеп отыр.

Сот процесі аяқталғанша Нұрболға тиесілі жалпы сомасы 15 миллиард 171 миллион теңге көлеміндегі барлық жылжитын- жылжымайтын мүлік пен банктегі есеп-шотына құлып салынған.


«Құсайынов Болат Назарбаевтың баласынан дәл осынша өтемақы талап етуде. Сот талапкердің арызын ескеріп, жауапкердің мүлкі мен ақшасына дереу бұғат қою қажет деп шешті. Кешіксек сот шешімін орындаудан жалтаруы мүмкін», – делінген сот ұйғарымында.

Айдарбек Құсайыновтың есімі Назарбаев әулетіне қатысты атышулы істе жиі аталады. Осыдан 10 жыл бұрын Алматының ең ірі сауда орны «Алтын Орда» базарына иелік ететін «Kurylys LTD» компаниясының 39 пайыз акциясы Құсайыновқа тиесілі еді. Алайда…

2013 жылы жағдай күрт өзгеріп, Серік Апсапаров есімді азамат базарды күшпен тартып алып, акцияларды Болат Назарбаевтың атына жаздыруға мәжбүрлеген. Әулетке қарсы келуден қорыққан Құсайынов өз үлесін құнынан әлдеқайда арзанға 1,3 миллион долларға сатып жіберген.

Кәсіпкердің қорғаушылары: «Оның үлесі 30 есе қымбат болатын. Осылайша, 2013 жылдың жазында «Алтын Орда» базары Болаттың иелігіне өтті» деп мәлімдеген.

Апсапаров не дейді?

2023 жылы Апсапаров сотта өз кінәсін мойындап, үш жылға шартты жаза алғанымен, Құсайынов тартқан залал өтелмеген күйі қалған. Осыған дейін ол Болат Назарбаевқа қарсы бірнеше рет сотқа арызданған. Өзіне тиесілі үлестен айырылып, соңғы 10 жылда жалпы сомасы 50 млрд теңгеге жуық табыстан қағылғанын дәлелдеуге тырысқан.

Кәсіпкердің ендігі нысанасы Нұрбол Назарбаев. Болат Назарбаев өсиетхатын алғаш рет 2014 жылы жазып, онда барлық мүлкін үлкені Нұрболдың атына табыстаған. Құсайынов енді Назарбаевтың ұлынан өтемақы өндіруді көздеп отыр.

Бөкеңнің артында 9 заңды баласы, одан бөлек онға жуық заңсыз бала қалды. Оның ішінде бәйбішенің ұлдары Нұрбол мен Ерболдың қолы ұзын.


Бұған дейін депутат Зайытов дәл осы мәселені көтерген. «Алтын Орда? Тәркіленген активтің ішінде осы базарға қатысты еш ақпарат жоқ. Сондықтан қоғамның тарапынан сұрақ туындауы заңды. Бас прокурордан Нұрбол Назарбаевтың барлық мүлкін түгендеп, толық тексеру жүргізуді сұраймын», – деген еді Зайытов.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏30❤16🔥6
⚡️Әмірикада жаңа өмір бастаған Санжар: Боқаев Қазақстаннан тайм-аут алды...

Саясаткер, қоғам белдендісі Санжар Боқаев өзін жоғалтып алған қауымға жауап қатты деп жазады Ertenmedia.kz.

Ел ішіндегі өзекті мәселелерді үнемі ашық көтеріп, үлкен аудитория жинаған саясаткер соңғы кезде жұрт алдына шығуды сиретіп кеткен еді. Боқаевтың әрбір рейдін жіті бақылап отыратын желідегі қауым оның ізім-ғайым жоғалып кеткенінен қорқып, іздеу салуға көшкен. Саясаткер осы тұста оқырманның уайым-қайымын сейілтіп, маңызды мәлімдеме жасапты.

«Менде бәрі бірқалыпты. 🇺🇸 Әмерикадамын. Өткен жылы осы жақтан кішігірім кәсіп ашқанмын. Қазір соңы дөңгелетіп жатқан жайым бар. Аяқ алысы жаман емес», — дейді ол.


Неге мұхит асты?

Саясаткердің мұхит асуына бірнеше фактор түрткі болған екен. Айтуынша, желіде елге қатысты маңызды проблемаларды көтермеуіне қоғамның селқостығы себеп болған.

«Ешкімге ештеңе керек емес екен. Түрлі рейд жүргізіп, қаншама былық-шылықты әшкереледік. Айғағы да, аргументі де мықты қаншама мәселені сөз еттік. Алайда нәтиже жоқ. Билік былқ етпесе, қоғам селт етпесе, ендеше несіне қара терге түсеміз?», — дейді Боқаев.

Мұндай жұмыстан әбден қажығанын жеткізген саясаткер осы күнге дейінгі еңбегінің еш кеткенін айтыпты. Өзі секілді белсенділерде тиісті құзірет болмағасын қоғамдық жұмыстан да қайыр жоқ деп пайымдап отыр. Алайда «асанқайғылануға» болмайды дейді.


«Былтыр біз көтерген мәселе бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде Алматыдағы атышулы «брүсшәткі» дауы бар. Тұтастай алғандай біз көтерген проблемалардың бәрі ақыр соңы расталып жатыр», — дейді ол.

Ата заң туралы не ойлайды?

Саясаткер Ата заңның тың нұсқасына қатысты өз ойын ортаға салыпты. Пайымдауынша, жаңа құжатты дәл қазіргі сұлбасында қабылдауға болмайды.

«Жаңа Конституция бойынша мен, өзімді қоғам өкілі ретінде Мәжіліске ұсына алмаймын. Бізден осы құқықты тартып алып, саяси партияларға бермек. Олардың не істейтіні белгілі. Өздерінің адамын ғана тықпалайды. Тізімді алдын ала күзеп, түзеп қояды. «Нұр Отанның» билеп-төстеп тұрған дәуіріне қайта оралғалы жатырмыз», — деп қынжылыпты Боқаев.

Саясаткер елден біржолата кетпегенін, қайтып келетінін айтып отыр. Әзірге бизнесін дамытып, жеке өміріне көбірек көңіл бөлмек. Желідегі жұрт өз кезегінде «Боқаев Әмірикада ұзақ уақыт аялдап қалады» деген болжам айтуда.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤36🔥9👏7🤮2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Алматы шетіндегі әлеуметтік коллапс: Alma city тұрғындары әкімнен көмек сұрады...

Алматыдағы Наурызбай ауданы "Аlma city 5" тұрғын үй кешенінің тұрғындары қала әкімі Дархан Сатыбалдыға үндеу жолдады деп жазады Ertenmedia.kz.

Аталған тұрғын үй мембағдарлама аясында салынған. Барлығы 128 үй, 4 мыңға жуық пәтер қолданысқа берілген болатын.

"Бұл жерде көпбалалы, үйінде мүгедек баласы бар отбасылар және бюджет қызметкерлері тұрады. Осыншама адам тұратын ауданымызда инфрақұрылым деген атымен жоқ. Іргеміздегі "Аlma city 5-2" тұрғын үй кешенін қоса алғанда 6 мыңнан аса пәтері бар іргелі ауданда 1200 оқушыға арналған бір ғана мектеп бар. Балабақша мүлдем жоқ", - дейді ашынған тұрғындар.

Айтуынша, осы мәселемен қалалық әкімдікке сан рет барып, басқарма басшыларымен жолыққан. Солай бола тұра нәтиже жоқ. Кешеннің маңындағы бос учаскілерді құрылыс компаниялары қоршап алыпты. Алдағы уақытта ол жерлерге де жаңа тұрғын үй түсе бастамақ.

"Әкімдіктен бұлардың орнына әлеуметтік нысан салуды талап етеміз. Бізге балабақша, мектеп, мүгедектігі балаларға арналған білім орталығы, саябақ, емхана ауадай қажет", - дейді кешен тұрғындары.


Айта кетелік, Аlma city Алматының шетінде орналасқан қазақы аудан. Қала тұрғындары өз кезегінде Дархан Сатыбалдыны ауданға арнайы шақырып, жағдайды өз көзімен көруге өтініп отыр.

"Барлық әлеуметтік игіліктен тысқары қалдық. Тіпті қоғамдық көлік те қатынамайды. Аялдамаға жету азап. Мүгедек баласы бар отбасылар сыртқа шыға алмайды. Жасы келген адамдар кешке серуендейтін жер таппайды. Дархан Амангелдіұлы, біздің кешенге келіп, халықпен кездесуді сұраймыз", - дейді тұрғындар.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥18❤9💯6😱5👍2
⚡️Телефон арқылы айтылған месседж: Жапаров Тоқаевтың қолдауына ие болды...

Тәшиевтің төңірегімен алысып жатқан Жапаровқа көрші елден қолдау келді. Тоқаевтың телефоны дәл уақытында шырылдады. Қырғыз басшысына Қазақстан президентінің бір ауыз демеуі ауадай қажет еді.

Тоқаев Садыр мырзаға мықты мотивация беріпті...

Ең шұрайлы тұсы осында.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥18👏11😁7❤4👍3🤔3
⚡️Ақтөбедегі ресейлік экспансия: қаладағы ірі зауыттың жұмысшылары дабыл қақты...

Ақтөбе хром қосындылары зауытында (АЗХС) жергілікті мамандар жаппай жұмыстан қысқарып жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Әлемжеліде жарияланған ашық хатта зауыт қызметкерлері қысқарту мәселесін жаңа басшылықпен байланыстырып отыр. Жұмысшылардың сөзінше, кәсіпорын директоры болып тағайындалған В.И.Гриненко келгеннен кейін тәжірибелі мамандар қысқартуға ұшырай бастаған.

Есесіне Ресейден келген жаңа жұмысшыларға есік ашылып, олардың жалақысы жергілікті кадрлардан бірнеше есе жоғары болып бекітілген.


«Біздің қызметкерлер қысқарып жатқан тұста, зауыт басшылығы Ресейден келген мамандарды қандай негізге сүйеніп жұмысқа алып отыр? Неге шетелден келген жұмысшылардың айлық жалақысы көп жылдық тәжірибесі бар қазақстандықтардан әлдеқайда жоғары?», – дейді наразылық білдірушілер.

Хат авторлары зауыттың жергілікті экономиканың тірегі болғанын, мұнда бірнеше ұрпақ бойы жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі мамандар қысым көріп отырғанын жеткізді.

«Зауытта бар ғұмырымды өткіздім. Бірақ қазір тәжірибем де, адалдығым да ешкімге қажет емес болып шықты. Бізді «оңтайландыру» деген сылтаумен жұмыстан шығаруда. Егер шынымен солай болса, неге біз қысқарғаннан кейін жаңа жұмысшыларды, әсіресе шетелдік мамандарды қабылдап жатыр?», – делінген мәлімдемеде.

Қызметкерлер Актөбе қаласының әкімдігі, облыстық еңбек инспекциясы және прокуратурадан жағдайдың қаншалықты заңды екенін тексеруді талап етіп отыр.


Олар зауыт басшылығынан қысқартудың себептерін ашық жариялауды сұрайды. Сондай-ақ, ресейлік жұмысшылардың еңбекке тартылуының заңдылығы мен олардың жалақы мөлшеріне қатысты нақты түсініктеме беруді талап етуде.

«Біз прогресске қарсы емеспіз, бірақ дискриминацияға қарсымыз. Заң бойынша шетелдік мамандарды тартудың нақты тәртібі бар. Облыстағы ең ірі кәсіпорында жергілікті мамандарға басымдық берілуі тиіс», – дейді зауыт жұмысшылары.

Айта кетелік, бұған дейін атышулы Burger king-та осындай дауға ұрынған еді. Компания ресейлік релоканттарды қаптатып жұмысқа алуда.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬79😱14❤8😡4🔥3🤯3💩3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Максимнің мәлімдемесі: Қызылжар тұрғыны қазақтілді қауымның қошеметіне бөленді...

Қызылжарда теріскей өңірді Ресейге тиесілі деп пікір қалдырған қала тұрғыны 5 жылға сотталды деп жазады Ertenmedia.kz.

TikTok тағы бір тал пікір сепәратистік пиғылдағы әйелді абақтыдан бірақ шығарды.

Қызылжар қаласында тұратын қоғам белсендісі, "Сары қазақ" лақап атымен танымал Максим есімді азаматтың айтуынша, әлгі пікірді қолдап, қолпаштап тағы да мыңға тарта көммент жазылған, лайк басылған. Әйелдің іс-әрекетін батырлыққа балағандар да табылған.

"Ең қауіптісі де осы. Сепаратизм танкілерден басталмайды, осындай бір тал пікірден тұтанады. Бұл жай ғана бейкүнә пікір емес, ел ішін ірітетін қауіпті паразит. Мұндай пиғылдағы қауым ұлтаралық араздықты қоздыруды қалап жүр. Желідегі бір ауыз сөз басқалардың тарапынан қолдау тапқаны, өте-мөте қауіпті сигнал", - дейді "Сары қазақ".


Максимнің айтуынша Қазақстанда өмір сүріп оның шекарасын, дербестігін, тұтастығын, тілін қабылдамау ауытқудың белгісі.

"Қазақ тілі мен шекараның тұтастығы мемлекеттің ең басты іргетасы. Сөз бостандығы сепаратизмге жол ашпауы керек", - дейді осы орайда Максим.

Желідегі қалың орман қазақтілді қауым "Сары қазаққа" барынша қолдау көрсетіп, Максимге алғысын жаудыруда.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍119❤22👏7🔥5
⚡️Абаевичтің аузындағы сағыз: Аутист баланың анасы мен Burger King өкілінің кездесуі айғаймен аяқталды...

Burger King желісінің басшылығы аутизмге шалдыққан Әлібекке қатысты дау-дамайды реттеудің орнына, жанжалдың шоғын одан әрі үрлей түсті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Әлібектің анасы Жанат Қаратай желідегі парақшасында Burger King Kazakhstan бас директоры Алена Амилаханова қол қойған арнайы шақыру хатты жариялаған-тын. Хатта компания басшысының «жағдайды диалог арқылы шешуге дайын екені, сондай-ақ инклюзивті орта мен қызметкерлерді қолдау мәселесін кеңінен талқылау туралы» ұсынысы айтылған.

Алайда іс жүзінде жағдай мүлдем басқаша өрбіпті…

Белгіленген уақытта Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына келген Жанат Қаратай мен оның жұбайын «тосын сый» күтіп тұрған. Амилаханованың орнына кездесуге мүлде басқа адам келген.

Өзін Burger King басшысының өкілімін деп таныстырған Асқар Абаевич есімді азамат келіссөз үстеліне отыра сала астамшылық танытып, кездесуге бөтен адамның қатысуына қарсы екенін ашық жеткізген көрінеді.


Артынша Еңбек инспекциясы департаментінің басшысы залдан шығып кетуге мәжбүр болыпты.

Содан кейін-ақ жағдай күрт ушыққан

Жанат Қаратайдың «компанияның бас директоры Алена Амилаханованың өзі неге келмеді» деген сұрағына әлгі Абаевич дөрекі жауап қатып, балағат сөзді қарша жаудырған екен. Тіпті: «Сендер кімсіңдер өзі? Тағы кім керек? Америкадан бас құрылтайшыны алдырайын ба, әлде Такаевты шақырайын ба?» деп отқа май құйған көрінеді.

Мұндайды көтере алмаған Жанаттың жұбайы оған ел президентінің атын орынсыз тілге тиек етпеуді, аузындағы сағызын алып, дауысын бәсеңдетуін талап еткен.

Бұған әлгі азамат: «Шайнағым келе ме, шайнаймын! Не шатағың бар? Не істей аласың?» деп мысқылдап, кекесінмен жауап қатқан. Компания өкілі кейіннін жиынға zoom арқылы қосылған Еңбекмин және Бас прокуратура өкілінен де қаймықпапты.

Жанат Қаратай бұдан әрі төзе алмайтынын айтып, тек Амилахановамен сөйлесетінін мәлімдегенде, Абаевич жағдайды одан сайын ушықтырып: «Аленамен кездеспейсіңдер! Менімен ғана сөйлесесіңдер. Сөйлесуден бас тартсаңдар, сотта кездесеміз!» деп ашық қорқытқан.

«Сөз ауанына қарағанда сот пен прокуратурада байланысы барын меңзегендей болды», — дейді осы тұста Жанат Қаратай. Осыдан кейін Жанат пен оның жұбайы келіссөз залын тастап шығуға мәжбүр болған.


Желідегі қауым Burger King басшылығының әрекетін айыптап, компанияға ел көлемінде бойкот жариялауға үндеуде. «Өздері мұрындық болған келіссөздің шырқын бұзғаны тегін емес. Абаевич дейтін провокаторды әдейі жолдаған болар. Сол арқылы сіздерді де арандатуды көздеді», — деп жазуда желідегі жұрт.

Ertenmedia Burger king дауын жанжал тұтанған сәттен үзбей көтеріп келеді. Даудың неден өріс алғанын осы тұстан оқи аласыз.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬49❤13🔥4🤯3💩2😱1
⚡️Депутат Сарымның АҚШ-қа жолдаған арызы: Киевке келген үшбу хатта не айтылған...

Украина билігі АҚШ Мемдепартаментінен Каспий құбыр консорциумына (КТК) шабуылды тоқтату туралы ресми ескерту алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.

Украинаның АҚШ-тағы елшісі Ольга Стефанишинаның мәлім еткеніндей, Уашиңтон тарапынан жолданған үшбу хатта Новороссийск маңындағы КТК теңіз терминалына жасалған шабуыл Қазақстандағы Әміриканың экономикалық мүддесіне нұқсан келтіретіні нақты көрсетілген.

«Елші хаттың толық мазмұнын ашып айтпады, алайда әлгі жағдайды ресми демарш деп бағалап отыр», — деп жазады осы тұста Reuters. Стефанишина Ақ үйдің Киевке жолданған хатында ресейлік энергетика нысандарын қанша төпелесе де өзі білетінін...

тек Әміриканың экономикалық мүддесімен тікелей байланысты нақты нысандарға соққы бермеу туралы талап қойылғанын жеткізді.


Елші сондай-ақ, Украина тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде АҚШ-пен тығыз қарым-қатынас орната алмағанын мойындап, осы бағытта тың қадам жасалатынын айтыпты. Сонымен қатар ол Доналд Трампқа Ресей-Украина қақтығысын реттеуге күш салып жатқаны үшін алғыс білдірген екен.

Сарым не деп еді?

Осыған дейін депутат Сарым Каспий құбырына (КТК) кезекті рет шабуыл жасаған Киевке қатысты пікір білдіріп, Кремль мен Батысты белсенді әрекет етуге шақырған-тын.

Мәжілісмен Chevron секілді әмірикалық алпауыттардың КТК құрамында екенін еске салып, Қазақстанның стратегиялық әріптесі саналатын АҚШ Украинаға ықпал ете алатынын жеткізген еді.

«Украина Уашиңтонның қолдауына тікелей тәуелді. Демек, Әмірика мен өзге де серіктестер Киевке сөзін өткізіп, нысананы дұрыс таңдауды талап еткені маңызды», – деген болатын Айдос Сарым.


Депутаттың ойынша, халықаралық қауымдастық пен акционерлердің Украинаға бірлесіп ықпал етуі КТК-ның тәуекелін азайтып, Астананың энергетикалық қауіпсіздігін сақтауға септігін тигізбек.

Қара теңіздегі қақтығыс қазақ мұнайың күретамырын қысып тұрғанын біз осыған дейін де жазғанбыз. Киевтің шабуылына ашық наразылық білдірген Қазақстан Сыртқы істері Украинадан мұндай әрекетті дереу доғаруды талап еткен. Украин тарапы Астананы «мәскеушіл» ұстанымы үшін сынап, шабуылдың жанама салдарына дайын болуы керектігін ескерткен.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥13❤12👍3👏2👎1😁1
⚡ Семей футболы уақытпен жарысып жатыр: «Елімайдың» тағдыры бір айда шешіле ме?

Семейдегі үлкен футбол қайта жанданды деп қуанып жүргенде, көне клубтың маңдайына тағы да бұлт үйірілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Егер Абай өңірінің басты командасы көктемге дейін қаржылық тәртіп орната алмаса, Еуропада ойнау арманы келесі маусымға дейін жабық күйінде қалуы мүмкін. Енді бәрі бір ғана сұраққа тірелді: инвестор табылып үлгере ме, әлде уақыт жеткізбей ме?

Семейдің Елімай клубы 2026 жылдың наурыз айының соңына дейін барлық берешегін реттемесе, UEFA талаптарына сәйкес 2026–2027 маусымындағы Конференциялар лигасына қатыса алмауы ықтимал. Бұл тек спорттық мәселе емес, аймақтық имидж бен менеджмент сапасының сынағы.

Инвестор бар, бірақ уақыт жоқ

Клубқа қолдау көрсетуі мүмкін компания ретінде KAZ Minerals аталады. Алайда ірі тау-кен холдингі үшін эмоция емес, цифр маңызды. Олар алдымен қарыздың нақты көлемін анықтап, толық аудит жүргізуі тиіс. Ал аудит бір күнде бітетін процедура емес.

Семей клубының жағдайы дәл қазір классикалық корпоративтік сценарийге ұқсайды. Шығындар алдын ала есептелмеген, ал кіріс болжамы оптимистік болған. Нәтижесінде бүгін инвесторсыз жүйе жүрмейтін деңгейге жеткен.

Қарыз қайдан шықты?

Соңғы жылдары клубты «трансформация» ұранымен басқарған менеджмент түрлі келісімшарттарға қол қойып, инфрақұрылым мен трансферге қаржы жұмсады. Бірақ табыс базасы қалыптаспай тұрып жасалған мұндай қадамдар бюджетке ауыр жүк болды. Клуб кураторы ретінде аталған Асқар Ұранхаев пен директорлар кеңесінің жұмысына қатысты сұрақтар да көбейіп отыр. Егер жаңа инвестор келсе, ең алдымен дәл осы кезеңдегі шешімдер қайта қаралуы мүмкін.

Неге инвестор федерациямен сөйлесіп жатыр?

Жаңа қаржыландыруды талқылау кезінде әлеуетті инвесторлардың Қазақстан футбол федерациясы өкілдерімен тікелей байланысқа шыққаны да көп жайтты аңғартады. Бұл қазіргі басқару құрамына сенім әлсірегенін көрсететін сигнал.

Инвестордың негізгі талабы қарапайым: клубты қарызсыз күйде қабылдау. Яғни наурыздың соңына дейін барлық берешек жабылуы тиіс. Бұл талап орындалмаса, келісім де болмайды.


Абай өңірінің үміті

Абай облысының әкімдігі Семейде үлкен футболды қайта тірілтуді стратегиялық жоба ретінде қарастырған еді. Клубтың еурокубокқа шығуы аймақтың имиджін көтеріп, туризм мен инфрақұрылымға серпін беретін символдық жеңіс болмақ. Бірақ басқарудағы олқылықтар сол мүмкіндікті жоққа шығару қаупін туғызды. Егер қаржы реттелмесе, «Елімай» Конференциялар лигасының маусымын бір де бір матчсыз өткізіп жіберуі мүмкін. Бұл тек спорттық нәтиже емес, жүйелі менеджменттің бағасы болады.

Семейдің стадионы көктемде жанкүйерлерге тола ма, әлде бос қала ма – оны алдағы бірнеше апта шешеді. Ал бұл тарихта «бір клубтың емес, бір өңірдің сабағы» болып қалуы да ғажап емес.

Бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9🔥8👏5😁4😱3
⚡️Атырауды дүрліктірген іс: Индонезия полициясы «күйеубаланың» ұсталған сәтін көрсетті...

Атыраудағы атышулы іс Индонезияда да қызу талқыланып жатыр.

Жергілікті полиция "күйеубаланың" ұсталған сәтін көрсетіпті.


Полицейлер кіріп келгенде Сәрсемәлиев қашуға талпынған екен. Құдды бір кино секілді. Мән-жайын бізден оқыңыз.

✈️ https://t.me/ertenmedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏22😱9🔥6❤5