Еее біз не көрмедік…
“Пайғамбарымызды короче” деп хадис айтқанды да көрдік…
(Айтушы имам емес)

👍86😁33❤13😢13🔥4
Әгәрәки, закон қуаты қолымда болса діни блогерлер мен кей уағызшыларға жыныстық витаминдерді жарналамауға тыйым салар едім.
Айтпақшы, түрлі массажерді жарнамалап жүргендер, сіздер қарапайым халықты кредитке (рассрочка) тығып жатқандарыңызды ұмытпаңыздар ☝️

🔥112👍38❤16👏3👎1
Өзім жақсы көретін бауырым бар. Ойымыз бен пікіріміз көп жерде ортақ шығады. Бірақ қызық мінезі бар.
Қайбір жылы неке қиып, үйленгенін ешкімге айтпай қойған. Жанында жүріп білмедік. Тойына шақырмады да))
Сол досым жақында үлкен қажылығын өтеп келіпті. Бұл жолы да ешкімге айтпай, тығылып барып қайтыпты. Қызық, е?)

👍108😁45❤25🔥6🤔3
“Әмин” үшін ахиды шапалақпен ұрған жігіттің сұқбаты шығыпты бүгін.
Бірақ ол жігіт пен имамнан гөрі ортадағы тамада көбірек сөйледі ме деймін.
Бірақ мені екі сауал қызықтырды:
1) Ол жігіт әуелде бұтымнан ұстағаны үшін ұрдым демеп пе еді?
2) Неге суыған темірді қайта қыздырып жатыр? Қырық күндігін күткен әйел ше бір жарым айдан кейін түсініктеме бергені қалай кетті…?
Пысы. Маған ұрғаны ұнады☺️

😁83❤12👍10🤯3
Forwarded from Orientalist's Notes
Қаншалықты көп қайырымды істер жасасақ, соншалықты берекеміз артады. Көзге көрінбейтін, қолмен ұстап сезе алмайтын валюта.
Ұстазымыз - шейх Мұхаммед Холид Харса (حفظه الله) айтады:
“Ең жақсы садақа - білім жолындағы адамға берілгені”.
Неліктен?
Себебі білім алған адам ертең елге шарапатын төгеді, қызметін жасайды, әр оқыған білімінің сауабына үлескер боп қалуға мүмкіндік бар.
Мен өзім жеке танитын, шын мойындайтын, ертең елге үлкен ғалым болып оралатын аға-бауырымызға Түркиядан елге қайту үшін (отбасы-бала-шағамен) 1 млн.-ға жуық қаржы қажет болып тұр.
Шынында ұшақ билеттері қымбат, себебі науқан.
Елге қызмет деген - айтыс сақнасынан тұрып бүкілін даттап, тек кемшілікті тізіп айта беру емес. Осындай үлкенді-кішілі істерде де елге қызметіміз көрінеді.
Бей-жай қарамастан қолдан келгенше шын жүректен беруге тырысайық деген үндеу.
Kaspi номер:
+7 707 234 45 45 (Жандос С. деп шығады)

👍38❤14
Мынау Ләйлә Кенза есімді марокколық қыз. Жақында әлемдік сұлулық байқауында мың жарым модель арасында жеңімпаз атанып, 20000$ ұтып алды.
Қызығы, бұл қыз шынайы өмірде жоқ. Лейланы Phoenix AI компаниясы жасанды интеллект арқылы жасаған. Жоғарыдағы сұлулық байқауының барлық қатысушылары да ЖИ модельдері болған.
Қазір Лейланың инстаграмын 200к адам бақылап отыр екен. Қызық, ә?)

😁60🤯26❤8👍4
Ақымақтардың бірі “Ашура күні ораза бір жылға тең” дегенді естіп ауыз бекітеді. Алайда түстен кейін оразасын бұзып: “маған алты айдың сауабы да жетеді” деп тамақ жеуге кіріскен екен…
✍️ Ибн әл-Жәузи "Ақымақтар жайлы әңгімелер" кітабынан
Ашура күні тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын!

❤84😢27👍6🤯6
Олжас Ханафин шейх Аллаға қайтыпты. Болашағынан үлкен үміттерген, ел мен дінге уайымы мен ықыласы мол азамат еді.
Алла алдынан жарылқасын. Естіп жүрегім ауырып отыр😢

😢283❤43👍8
Шейхтың қазасын естіп күнұзақ бойым құлазып жүрді. Соңғы рет кәрі Ыстамбулдың көшесінде байқаусызда жүздесіп, аз-мұз қауқылдасып қалған едік. Одан кейін әдеттегіше әлжеліде пікір алмасып, ой бөлісетінбіз.
Маған насихат айтып, шалыс жерім болса түзетіп отыратын санаулы талибтің бірі еді.
Қимастық сөзсіз болады, бірақ ақырет призмасымен қарасақ, меніңше дінде жүріп, ілім жолында, Алланың қызметінде жүріп дүниеден өту әр мұсылманға бұйыра бермес иләһи сый, бәлкім.
Алла шейхымызды мейіріміне бөлесін!
Қимаймыз. Сағынамыз. Қызығамыз.

❤297😢84👍32
Мүфтият “ішкен” имамды жұмыстан шығарыпты. Жығылғанға жұдырық болды деген осы шығар. Бала-шағасының нәпақасынан айыра салғаны қалай?
Қатардағы жай имам яки наиб болса, мүмкін солай шешім шығаруға болар. Бірақ білдей бір облыстың бас имамын “ішкені” үшін жұмыстан қуу, сәл джунглилау негізі.
Облыстың бас имамы болу да оңай емес. Бұл лауазымға келу үшін де қаншама еңбек ету керек, тер төгу керек, мүфтият үшін деп қаншама күн, ай, жыл жүгіру керек. Хазіреттің оң батасын алу және бар.
Өкінішке қарай, бізде қазір шешімдер, үкімдер қоғамның, әлеуметтік желінің реакциясына қарай беріледі. Объективті шешімдер өте аз. Мына имам да сол буллингтің құрбаны.
Арақ ішкен сахаба жайлы мәшһүр хадис бар. Пайғамбарымыз ол кісіге бірнеше мәрте ескерту бергеніне қарамастан тағы да ішіп, дүреге соғылады. Сонда кейбіреулер әлгі сахабаны тілдегенде, Алла Елшісі араға түсіп:
- Жоқ, олай демеңдер. Ол сондай күнә жасаса да, Алла мен Оның Елшісін жақсы көреді” - дейді. Бұл үмметке берілген үлгі еді…
“Иа, бәлкім, ішкен шығар. Десе де ол кісі мүфтиятты жақсы көреді. Дінге сіңірген сан жылдық еңбегі мен өтілі бар. Біз мұндай мамандарды бір қателігі үшін жұмыстан шығаруға тиіс емеспіз.” - деу керек еді ғой мүфтият. Олай болмады бірақ…
Қазір әлгі имам ана жақта жатыр. Желідегі реакциядан мүлдем хабарсыз. Ертең шыққаннан кейін хәлі қалай болмақ? Ол кісі күнде хейт алып үйренген Қайрат пен Төреғали емес. Қоғамдық қысымды қабылдай ала ма? Жұмысы да жоқ. Абыройдан да жұрдай.
Оны ешкім ойлап жатқар жоқ өкінішке орай…
Осындай да марқұм Серік ағамыздың:
Түтіп жеп тұс-тұсыңнан талауға әзір,
Арам да, алаяқ та араңда жүр.
Алланың Өзі қолдап, қорғамаса
Адамды аямайды адам қазір… - деген өлеңі еріксіз ойға келеді.

👍231😢66❤43🔥15👎11😁3
Үш күндік “ҚАҺАРМАН” тренингін аман-сау, сәтті аяқтадым. Бұл өмірімдегі ең ерекше күндер болды.
Тренингтен көп нәрсе түйдім. Соның бірі - ішкі комплекс пен қорқынышты жеңу екен.
Көбінде “соңына дейін өте алам ба?” деген уайым болды.
Ал, мен іштей өтетініме сенімді болдым. Тіпті, ақ футболка киіп суретке түсетінімді, желіге қалай, қандай сөз жазатыныма дейін ойластырдым. Солай да болды, шүкір.
Тренингтен кейін біраз кісі “Сәке, сен өте алмайтын шығар деп едім” деген сарынды пікір айтты.
Ал мен оларға “сенің ойыңа түкіргенім бар” дедім. Әрине, ішімнен😁
Түйін. Адамдардың ойы мен пікірлеріне …. қол қою керек. Өз мақсатыңа, өз интересіңе аянбай ұмтылу түбінде нәтижеге әкеледі.

❤75👍24🔥14
Қазір социалды еркіндікті (мұндай сөз бар ма білмедім) үш түрге жіктеуге болатын секілді:
1) Өз-өзін жұмыспен қамтамасыз еткендер. Бұлар қашан ұйықтайды, қашан тұрады, қайда қыдырады, қалай демалады өз еркінде. Ол үшін ешкімге тәуелді емес.
2) Жалдамалы жұмысшылар. Бұл топ өкілдері жұмыс берушінің талаптарына бағынуға мәжбүр. Одан тысқары уақытта өз еркі өзінде.
3) а) Мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер. Бұларда еркіндік те, таңдау да аз. Түнгі клубқа барып билеуге, купальникпен суға түсуге, онысын әлеуметтік желіге салуға мүмкіндігі жоқ. Салған күні жұмыстан кетуі бек мүмкін.
ә) Молдалар, дін қызметкерлері. Бұ кісілерге ең қиыны. Біріншіден, жоғары жақ қатаң бақылауда ұстайды. Көрінген постқа пікір жазып, ұнаған суретіне лайк баса алмауы мүмкін.
Одан қалса, жиырма төрт сағат әулие, періште қалыпта жүруі керек. Пенделік танытуға, қателік жасауға жол жоқ. Жақсы көлік мініп, қымбат смартфон ұстауы да қоғам назарында. Оларға тіпті түнгі клубтың жанынан өтуге де болмайды.
Ал, Сіз қай тарапқа жатасыз?)

👍123😢27😁21❤20
Қазақтың намазхан спортшылары Париж төрінде атой салып күллі алаш күткен жүлделерді қоржынға салуда.
Елдос пен Ғұсманның жеңіс жолын, Алла жазса Демеу мен Нұрбек жалғап, ең кемі күміспен күптемек.
Сақалды көзге шыққан сүйелдей көріп, намазхан жігіттердің аузындағы “Алласына” шүйліккен кейбір керауыз адамдар осы фактілерді ескеріп қойса екен☝️

👍166❤36🔥26
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЕЛДОСҚА ШҮЙЛІККЕНДЕРГЕ!
Оу, ағайын, сіздерге салсақ марқұм Талғат атамыз да “дайын имам”, “діни фанат”, “арабқұл” болғаны ма?
Үлкен додаға түскен, аманат пен абыройы сыналып, тәуекелге бас ұрған кез келген пенде іштей Жаратушыға сыйынып, білген діни рәсімін жасайды және содан рухани күш алады.
Ал, сіз бен біз, өңшең қыртымбай қауым, ондай жүкті еңсеріп, үлкен жауапкершілікпен бетпе бет келіп көрмеген пенделерміз. Сондықтан диванда жатып ап, оттауға бейілміз.
Егер мұндай тұлғалардың таным-сенімі мен жеке діни практикасына сын айта беретін болсақ, бара-бара, тарихтағы небір әулие-әнбиенің кереметі мен асылдарымыздың басынан өткен қасиетті оқиғаларға да тас атып кетуіміз бек мүмкін.

👍137❤32🔥24🥰2
Бүгін өзім жақсы көретін бауырыма бір ескерту (бәлкім, насихат) жасадым. Ескертпес алдын, ұзақ ойландым. Бәлкім бұл ісім жөн емес шығар, өзгенің тірлігіне араласу ма деген де ой келді. Хоп, содан айтып көрмекке бел будым. Бастысы, бұл бауырлық жанашырлық деп ойладым.
Әлқисса, бүгін ол досымды аяқасты әлеуметтік желіде тауып аламын. Досым жас кезінде қандай болды екен деген пенделік қызығушылықпен лентасын ақтара бастаймын. Содан досымның бейнамаз кездегі суреттеріне кезігемін. Жанында Құдай қосқан жұбайы орамалсыз тұр екен. Қазір шүкір, екеуі де намазда, орамал тағулы.
Әрине, әйел еркектің жанды жері ғой, ол туралы сөз қозғау өте нәзік мәселе. Содан досыма жаймен нәрсені түсіндірдім.
Шүкір, досым бірден дұрыс қабылдағанда, шыны керек, көзіме жас келді.
Мұны неге айтып отырмын. Мұндай оқиға әрбір еркектің басынан өтуі бек мүмкін.
Тіпті, баяғы да бір әпенді әзілдеп “ухтилердің инстасына өткенде, экранды солға жылжытсаң, орамалсыз кездегі түскен суреттерін (бейнамаз кезде дос-жақындары отметить (белгілеу) еткен) көресің” деген.
Так что осы бір кейсті сіздерге де айтып қоюды ұйғардым. Бәлкім пайдаға жарап қалар🙂

👍118❤39🔥11
Қазір шүкір, мешіт көп. Бірақ маман жетіспейді. Әсіресе, ауылдық жерде қиын. Сананы тұрмыс билеген заман. Ешкім мардымсыз жалақыға молда болғысы келмейді. Әрі сол мардымсыз жалақының өзі тұрақты емес.
Жергілікті жамағат имамның айлығын үйлестіргісі келеді. Анадан 3000, мынадан 5000-дап жинаған ақша бір жыртығын жамағанмен, күнкөріске жетпейді.
Иа, қазіргі молдалардың жалақысы мысық дөтін көрсетуге татымайды. Ал, айлығы шайлығына жетпеген молда қайдан жамағатын ойлап, діннің қамын күйттесін?!
Қайбір жылы Алматыда бір топ экс-молдалармен дастархандас болдым. Арасында діни сауаты өте білікті жандар бар. Дені гид боп нанын тауып жүр. Себебі, молда боп тапқаны таянғанына жетпейді. Әрі діни жүйедегі цензура мен саясаттан шаршаған.
Жақында, кезінде білдей бір облыстың бас имамы болған (әл-Әзһар тамамдаған) экс-имамды әлжеліден көрдім. Әлдебір турфирмада гид екен. Көріп шыны керек, көңілім қатты құлазыды.
Былай қарасаң, МА-дағылар миллиондаған қаржыға әрлі-берлі Эйр Астанамен болмайтын форум мен маңызы жоқ бас қосулар үшін еркін ұшып жүре береді. Еще, командамен жүреді. Жалғыз жүрсе жау жейтіндей…
Ал, ауыл имамы елу мың теңгеге зар боп отыр. Әлгі топтың бір түскі асының құны ғой…
Шұғыл реформа керек…
(Біраз молда көзбен лүпіл басып, іштей пікір жазатын шығар..))

❤290👍70🔥18😢6👌4
Forwarded from Авиабилеты из Казахстана
Стоимость авиабилетов в обе стороны из Шымкента начинается от 308 050 тенге, а из Алматы - от 336 882 тенге.
🛩️ Авиабилеты из Казахстана
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤30😢14👍7👏2🤩2
ӘПЕНДІ ҒҰЛАМА ҺӘМ ШӘКІРТ
Бірде бір жас философ әпенділіктен үлесі мол ғұламаға келіп, оның шәкірті болғысы келетінін айтады:
- Мені шәкірт етіп алсаңыз.
- Бұрын сен не үйренген және кімнен білім алған едің?
- Діннен хабарым аз. Бірақ жақында Сократ философиясындағы логика бойынша диссертация қорғадым. Ал енді танымымдағы ақтаңдақтардың орнын толтыру үшін, Сізден ілім үйренгім келеді.
— Тәәәәк… Сен менен білім алуға дайын емессің, — дейді шейх. — Бірақ сен талап етіп отырғандықтан, мен саған логикалық есеп беремін: егер сен оны шеше алсаң, мен сені оқытатын боламын.
Жас бозбала өз келісімін береді, ал шейх өз сөзін жалғастырады.
— Екі адам мұржадан төмен қарай түсіп келе жатыр. Біреуінің беті таза, екіншісінің беті кір болып шығады. Олардың ішінен кім бірінші болып жуынуға барады?
Жас философтың көздері төбесіне шығып кете жаздайды.
— Осы ма логикалық есебіңіз?!
Шейх басын изеп ишара жасайды.
— Енді, әрине, кімнің жүзі кір болса, сол барады дағы!
— Дұрыс емес. Өзің логикалық тұрғыдан ойлашы: беті кір адам беті таза адамға қарайдыдағы, оның да беті таза екен деп шешеді. Ал енді, беті таза адам беті кір адамға қарайды да, өзінің де беті былғанып қалған екен деп, жуынуға барады.
— Қулықпен ойлап табылған екен! — деп таң қалады қонақ жігіт. — Қанекей, Хазірет, маған тағы бір есеп беріп көрші! - дейді.
— Жақсы, бозбала. Екі адам мұржадан төмен қарай түсіп келе жатыр. Біреуінің беті таза, екіншісінің беті кір болып шығады. Олардың ішінен қайсысы жуынуға барады?
— Біз мұны анықтадық қой — беті таза адам жуынуға барады!
— Дұрыс емес. Екеуі де жуынуға барады. Өзің логикалық тұрғыдан ойлашы: беті таза адам беті кір адамға қарайды да, оның беті де кір деп ойлайды. Ал беті кір адам екіншісі жуынуға кеткенін көріп, оның да беті кір екенін түсініп, ол да жуынуға барады.
— Мен бұл жөнінде ойланбаппын. Таң қалдырарлықтай — мен логикалық қате жібердім!Шейх, қанекей тағы бір есеп берші!
— Жарайды. Екі адам мұржадан төмен қарай түсіп келе жатыр. Біреуінің беті таза, екіншісінің беті кір болып шығады. Олардың ішінен кім бірінші болып жуынуға барады?
— Енді: Екеуі де жуынуға барады.
— Дұрыс емес. Бірде бірі жуынуға бармайды. Өзің логикалық тұрғыдан ойлашы: беті кір адам беті таза адамға қарайдыдағы, бетін жууға бармайды. Ал беті таза адам беті кір адамның жуынуға бармағынын көріп, өзінің беті таза екен деп түсініп, ол да жуынуға бармайды.
Жас жігіт үмітсіздікке бой алдырады.
— Менің Сізден білім алсам, жақсы шәкірт болатыма сеніңіз! Басқа бір нәрсе сұраңыз менен!
— Мақұл. Екі адам мұржадан төмен қарай түсіп келе жатыр:
— Уа, Құдайым! Бірде бірі жуынуға бармайды!!!
— Дұрыс емес. Енді сен Сократ логикасы білімінің жеткіліксіз екендігіне көзің жетті ме? Маған айтшы, бір мұржадан бірдей түсіп келе жатқан екі адамның бірі бетін былғап алып, ал екіншісі таза болуы мүмкін бе?! Сен осыны қалайша түсінбейсің? Бұл сұрақтың барлығы — бос сөз, егер сен осындай мағынасыз сұрақтарға жауап беріп өміріңді өткізетін болсаң, онда сенің барлық жауаптарыңның да мәні болмайды!!!
Сондықтан Исламдық идеология мен философияны шатастырмаңыз.
@apendim

👍135😁48❤27🔥13🤯2👌1