صرم افندي ✍️
4.2K subscribers
205 photos
75 videos
3 files
149 links
📝Пайдалы пост, өнегелі оқиға, сарказм мен мысқылға толы авторлық жазбалар.
Download Telegram
Hanafi.kz сайтын жүргізіп жүрген кезімде танымал бір шейхтың “Мен қалай ханафит болдым?” деген ұзын көлемді мақаласын қазақ тіліне аудардық. Мақаланың постерін атыраулық бір танымал дизайнерге жасаттым.

Қызығы сол дизайнер ярий ахи болып кетті кейін…😬😬😬

Бүгін тредсте әлдебіреуді боқтап отырғанын көріп қалып, осы оқиға есіме түскені…🥲
❤23🔥6👍3🥰3
Жәннатқа кірсем, иншалла Человек Паук сияқты фык-фык етіп ұшсам ба деп отырмын. Бір хор қызын құшағыма қысып алып…😅🤪

#әпендішілік
😁62👍5❤4
“Абайды Абай қылған Құнанбай” деген пікірге бес тиынымды қыстырғым кеп отыр☺️

Хәкім Абай 41 қара сөзінде былай дейді:

“Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек.

Әуелі - бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек…
Екінші - ол адам есепсіз бай боларға керек.”

Қажы Құнанбайда екеуі де болған еді. Ыбырайды Ыбырай қылған Балқожа би-тұғын. Шоқанның арғы атасы алты алашты билеген Абылай хан. Мағжанның әулеті ауқатты кісілер болған. Әлихан да қара тұяқ емес еді.…

Әлбетте қарадан шыққан да тұлғалар жетерлік. Бірақ байлық пен шенді дұрыс жұмсай білсе, Абай болмаса да Абай тектсес тұлғалар өсер еді…

Әй, бірақ қазір ол форумала жұмыс жасай ма екен?🤔

Оданша, Құнанбай болмаса да Бекболат ағамдыкі сияқты артыңды тірейтін бір дөкейің болса ғой, смело сөйлейтін…🤭
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁50❤15👍8
Балаға қазақша есім қойыңдар деп шулап жүргендер - иа, сөздері ішінара дұрыс. Бірақ олар ешқашан баласына “Мұқанбет, Абдолла, Қадиша, Бәтима деп қоймайды, қойғысы да жоқ.

Одан арғысы, олардың дені қоғамда қазақы құндылықты ұстанушы уә насихаттаушы емес. Бата білетіні ілеу де біреу, Дәстүрден бес сауал қойсаң, үшке біледі. Сүйте тұра осындай сәтте ультраұлтшылдығы ұстап кетеді.

“Өзің диуанасың, кімге пір боласың?” дейді мұндай да атам қазақ…
❤57👍27🔥8😁5👎1
Осындай боп қалат та енді. Біз - намазхандар негізі бөлінбейміз. Өздері бөледі. Бізді ана сәбет үкіметі кезінде бөліп қойған: “арабқұл” деп, “адасқан” деп жақтырмайды да. Адам болғасын танысамыз ғой басқа адамдармен. Сонда біреулері: “атеистпін” десе охооу деп…”тәңіршімін” десе уаа деп… сосын біз “намазханбыз” десек , ыыыһһ😱

Қор-қа-ды-ы! Бізден қорықпаңыздар😁

✍️ threads желісінен
❤55😁33👏5
Жүз теңгең болғанша - жүз досың болсын!

Сонда баяғыда дос тым арзан болған ба әлде теңге құнды болған ба?🤔

#әпендішілік
😁42
Ит адамның досы. Бірақ, адам иттің досы ма?🤔

Өмірде де солай. Сен біреуді дос санайсың. Бірақ ол үшін сен дос санатында емессің...
👍55❤8🔥4
Кіндігін смайликпен жауып қоятын ахижандар мен бетін смайликпен жауып қоятын ухтишкалар - БІРДЕЙСІҢДЕР!
😁67❤19🔥8👎3👍2
Еркінбек қари Атырауда қызметте жүргенде аптасына бір күн мешітте Құраннан дәріс беретін. Көшеден үйренген самоучка тәжуидімізді түзетіп, жаттаған сүрелерді тексертіп алатынбыз. Фатихадан сүрініп, Нәсты ортасынан үзгенде, ойымыз сан жаққа секіріп, келесі аяты еске түспей, сасқан үйректің хәлін кешетінбіз.

Бүгінгі Құран жарысын қарап отырып, қариларға іштей сүйсіндім. Шетінен сен тұр, мен атайындар. Кейбірі жаңылса не ұмытса да лезде түзеп әкетіп жатқандарын көріп, тамсанбасқа шара болмады.

Алла қаласа, он жылдан кейін еліміздегі Құран жарысы басқа деңгейде өтеді. Марафон сияқты абсолюттен бөлек, жас категориясы бойынша да жеңімпаздар анықталады. Өзім бұйырса, +65 қатысамын деп отырмын…🤭😅
🔥64😁34❤25👍10👎2
Ислам удобный дін емес. Сол үшін көп адамға дінсіздік, тәңіршілдік ұнайды.

Ислам тәуекелдің діні. Сен Құдайдың қандай екенін білмейсің. Пайғамбармен жүздеспедің. Жәннат пен Тозақты көрмедің. Қабір азабын сезінбедің. Хор қыздарын да қалай елестетеріңді білмейсің. Бірақ сүйте тұра сол дінге берілесің, тірлігіңді исламға сай түзейсің.

Алла сол үшін Құранда “Шын мәнінде Алла тәуекелшілдерді жақсы көреді. “Алла сабырлылармен бірге” дейді.
❤102👍17🔥15
Исламды кемсіткен Баян әпшеме заң жоқ та, тойдағы әлдебір қарияның сөзіне заң бар екен.

Шерхан атам “Заң өрмекшінің торы. Мықтылар құтылады, әлсіздер тұтылады” деп қалай дөп айтқан дерсің..!
❤112👍42
Мүфтият жазбасын өшірді деп өкпелемеңіздер. Бастысы, діни басқарма өз үнін естіртті, ұстанымын көрсетті, наразылығын танытты. Жамағат көрді, қуаттанды, қолпаштады, бөлісті. Естуі тиіс жерлер бәлкім естіді.

Сондықтан бұл жерде процесс емес, нәтиже маңызды. Бастысы, соған фокус қойған жөн. Әйтпесе, “Құр айғай бақырған, Құлаққа ән бе екен” деп Абай айтпақшы, құр ұлардай шулай бергеннен әзір(!) нәтиже көрмедім, өз басым…

Десе де, шулай берген де жөн. Біздің елде жыламаған балаға точно емшек жоқ…😬
👍56❤21😁12👎3🔥2
Қазір орамалға қатысты «Ауғанстанға көшіп кетіңдер!» дейтіндер көбейді. Ойлап қоям, Ауғанстандағылар өз ауғандарына «қайда көшіп кетіңдер?» дейді екен..?🤔

Айтқым келгені басқа.

Сендер Ауғанстанға мүсіркей қарауларың мүмкін. Тарихқа сәл тереңірек үңілсең, мүсіркеудің орнына құрмет пайда болады.

Ауғанстан сен мен біз ойлағандай әлсіз мемлекет емес. ХХ ғасырдағы ең үлкен держава КСРО-ға қарсы он жыл бойы берілмеді. Әлемді билеген АҚШ та жиырма жыл бойы Ауғанстанды бақылағысы келгенімен, ақыры әскерін шығарып тынды.

Біз жетпіс жыл бодандықтың салдарынан тіліміз бен ділімізден айырылудың аз-ақ алдында қалдық. Ал ауғандар қырық жыл қырғын көрсе де, ұлттық болмысын, тілін, дәстүрін сақтап қалды.

Ауғанстанға күлмес бұрын, сонау жүз жыл бұрынғы зобалаңда талай ата-бабамыздың атамекенін тастап, Ауғанстанға қарай ауғанын да ұмытпаған жөн...
____________

Бүгінгі Ауғанстандағы саяси ахуал мен рухани дағдарыс бір күнде пайда болған жоқ. Оның артында соңғы жарты ғасырдағы ішкі қақтығыстармен қатар, түрлі державалардың геосаяси ойындары жатыр...

Біз Ауғанстан туралы көбіне батыстық БАҚ көздерінен білеміз. Ал, олардың әуселесі белгілі. Біздегілер, соларды оқып, еш фактчекиң жасамай, таратып жатыр. Ә так, Ауғанстанды іштей көріп, жаңалықтарды пуштун тілінен тікелей аударып отқан БАҚ біздің елде жоқ. Тәк что, сүрініп жатып, жығылғанға күлмейік...

Ауған да, қазақ та мың өліп, мың тірілген, тарихтың талай тезінен өткен тағдырлас халықтар. Әрине, Ауғанстанды ақтаудан аулақпын. Жаман ұлт болмайды, жаман саясат көп жерде бар...

Саясат демекші, Қазақстан екі жыл бұрын «Талибан» қозғалысын террористік ұйымдар тізімінен шығарып тастады. Мұның өзі саясатта ақ пен қараның ғана болмайтынын көрсетеді…

Ауғанидің қазақ теңгесінен құндырақ екенін көргенде, тіпті күле де алмайды екенсің...😬
👍89❤22🔥7
Тұру керек болса, тұрып бердік,
Өлгеніміз жоқ…

Мына әннің мүфтиятқа қатысы жоқ десең…🤭

#әпендішілік #хиджаб
😁32❤15👍4👏1
Сектолог танысым бар - кірмеген сектасы жоқ, кезінде Құрбанәліге қол берген, таблиғтармен де таң атырған, ахилармен ақиланған, гүленшілермен гәпке барған дегендей…)

Қазір тым жақсы ханафи боп жүр. Ара тұра деобанд деп дікілдеп тұратыны бар енді…😅
😁78❤9🔥2🥰1
Бір әпенді тридсте:

“Орамалдағы қыздар киндер сюрприз сияқты, ішінен не шығатынын бір Құдай біледі” депті…😂😂
😁93❤10👏1