صرم افندي ✍️
4.2K subscribers
205 photos
75 videos
3 files
149 links
📝Пайдалы пост, өнегелі оқиға, сарказм мен мысқылға толы авторлық жазбалар.
Download Telegram
"Кедей әрі қарапайым пайғамбардың өмірін уағыздап жүріп байып кеттік қой" депті бір молда баяғыда...

#әпендішілік
❤72😁34👍10👎7
Менің абыздығым бар, білесіздер ғой…😉

Сол абыздығым бір қауіпті тенденция келуі мүмкін дейді…

Қазір біз өнер жұлдыздары мен танымал адамдардың ажырасып кеткен әйелдері немесе көңілдесі артын ашып, разоблачение жасап жатқанына куә болудамыз.

Скоро бұл тенденция молдаларды, діни ұстаздарды да жалмауы мүмкін…

Бұл жолы күйеуін ниндзя тоқалдарынан қызғанумен зәрезап болған бәйбішесі немесе розовый очкиімен тиіп алған жас тоқалдары болуы бек мүмкін…

Мен біраз историяны естіп шошып жүрмін. Күндердің күні
пысықтау біреуі шыдамай публикаға шығатын болса, нағыз қарабет сонда болмақ…
😁57👍16👎11❤7🔥4
Бір күні бір заңгер өз құдығын мұғалімге сатады. Екі күннен кейін заңгер мұғалімге келіп:

– Мырза, мен сізге құдықты саттым, бірақ ішіндегі суды сатқан жоқпын. Егер суды пайдаланғыңыз келсе, ақысын төлеуіңіз керек! – дейді.

Мұғалім сәл ойланып, жымиып:

– Иә, мен де сізге келмек едім. Айтайын дегенім – суды өзіңіз алып кетіңіз, әйтпесе ертеңнен бастап менің құдығымда суды сақтағаныңыз үшін ақы төлеуге тура келеді, – дейді.

Заңгер бұл сөзді естігенде ашуланып:

– Ой, мен тек қалжыңдағам! – дейді.

Мұғалім күліп:

– Ал мен шын айттым, – деп жауап береді.

Сосын сөзін былай жалғайды:

– Есіңде болсын, мен – мұғаліммін. Мұғалімдер сен сияқты адамдарға сабақ беріп, заңгер еткен. Демек, сен әлі де мұғалімнің алдында баладайсың, және әлі де көп нәрсе үйренуің керек.

Мұғалімдерге мың алғыс!
❤98👍44🔥9
(Көптеген) табысты әйелдің артында ажырасқан еркек тұрады…

#әпендішілік
😁82❤13🔥11👍10👎1
“Инабатты, ибалы қыздар неге ебанотты, ебалы жігіттерге ғашық болады? - депті ғой бір әпенді….😂

#әпендішілік
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁115❤15👎8👍6👏1
Елімізде ІІ Халықаралық Құран жарысы басталды. Қатысушылар арасында Палестина келген қари бар екен. Қазақстанның намысын Шоқан қари (он қырағат иесі) мен Яхия қари (Сансызбай ұстаз баласы, 8 қырағат иесі) қорғайды. Жүлде қоры туралы әзір ақпарат жоқ. Алғашқы жарыста марокколық қари жеңімпаз атанып, 20000$ иеленген еді.

Қариларға сәттілік!
❤81👍14🔥8
Шоқан қари - ІІІ ОРЫН 🚀
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥58❤33👏9👍1
Саудия өздері спонсор болып өздері І орын алып кетті ғой…🤭🥲
😁90❤15👏9
Бір-екі блогерді көрдім. Діни оқуға түсіпті. Дінді бизнес қылудың көкесін осылар бітіргенде көретін сияқтымыз…
😁45❤42👎10🔥4
Бүгін жұманы шебін тастың үстіне жайылған жайнамазда оқыдым. Бір жайнамазда үш адам тұрмыз. Мен шетіндемін. Ішімнен “сәждеге тезірек барып, басыма орын алып үлгеру керекпін” деп қоямын.

Имам “самиғалла” деп түрегеліп, тәкбір айтқанда, жанымдағы екеуі (де соны ойлап тұрды ма білмедім) сәждеге менен бұрын жетіп барды. Бір қолым мен мұрынымды жайнамаздың шетіне тығуға шама жетті. Ашық қалған жарты маңдайды шебін тескені соншалық, ақырын он градусқа бұрылып, жанымдағы екі басқа обгон жасай қиғаштай жылжыдым.

Екінші сәждеде ертерек қимылдап басымды жайнамазға ровно қойып үлгердім. Ар жағымдағы жігіттің жайын білмедім…🤭
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁104❤15🔥1
Марқұм Серік Қалиев ағамыздың

“Артықтау ғып жаратса Құдай сені
Артықтау сұрақ саған барын білгін…!” - дейтін керемет өлең жолы бар.

Иә, рас, кейбірімізді Тәңір Тағала сұлу қып жаратты, кей құлына басқаға бермеген сымбатты, фигураны нәсіп етті. Бірімізді ерекше қабілетті, бірімізді бай, бірімізді әнші-әртіс қылды.

Енді, өзіңнен сұрашы, біз осы Құдайдан берілген артықшылықты қалай пайдаланып жүрміз? Жақсылық жолында, ізгілік үшін бе? Әлде сұм нәпсі мен қу құлқынның қамында ма?

Сөзсіз, біз осы артықтығымыз үшін сұраламыз. Сол үшін мұны бақ деп қана емес, сынақ деп те түсінген жөн болмақ..
🔥65❤37👍15👏5
… талант – табиғат сыйы, бойына талант дарыған жан – пайғамбар іспеттес, оған ерекше миссия жүктелген; оның өмірі өзінікі емес, елінікі, сондықтан күйкі тірлікпен күн өткізбей, бойындағы бар күшін ретімен, қажетті істерге ғана жұмсап, ақылы мен білімін, дарынын бір-ақ мақсатқа – халқына қызмет ету жолына ғана бағыштауға тиіс; өзінің бойында үлкен қабілет барын біле тұра бос шашылған адам – қылмыскер: ондайлар тамұқ отына қақталып, отанын сатқан азғындармен қатар жаза шегуге лайық.


Дарынды Құдай береді, бірақ оны орнымен жұмсай алмаса, жаманшылыққа ұшырайды.


✍️ Мұхтар Мағауин атамыздың мәнді ойлары

ПыСы. Кешегі жазбаға тұздық
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤37🔥12👍10👏1
Соғыста “жауға жаудың тәсілімен ұрыс жасау” деген бар ғой. Кейде ойлаймын, біз де тәңіршілер сияқты фейк аккаунт ашып алып, ақылға сыймайтын нәрсе айтып, қудырта беру керек пе деееп..)

Санасы барлар “бүйткен тәңіршілігі құрсын” деп шошып, тәңіршілер “біз мыналар сияқты радикалист емеспіз, біз дәстүрлі тәңіршілдікті ұстанамыз” деп өздерімен-өздері қырылып кететіндей..)

#әпендішілік
😁71👏41❤15👍6🔥3
АЛЛАДА ЖОСПАР БОЛМАЙДЫ!☝️

“Менің жоспарым емес Алланың жоспары болды” деген сөз - абсурд.

Жоспар - қысқаша түрде болжамды арман-мақсат аясында жүзеге асып-аспауы белгісіз істер жиынтығы.

Құдайдың жазған ТАҒДЫРЫ болады.

“Менің жоспарым емес, Алланың маңдайға жазғаны болды” - деу ақылға қонымдырақ…😊
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍89❤29👎3🔥3
"Біз дінге емес, ғылым-білімге ұмтылу керекпіз" деп шулайтын қоғам бір күнде Мөлдірдің сұқбатын 2 млн рет көріпті...
😁103❤32🔥11👍6🥰1
“Қазіргі махаббаттар комлпиментпен басталып, алиментпен аяқталып жатыр” дейді бір әпенді тридста…
😁80❤23👏15👍1
Егер танымайтын біреу саған әлденені пихайттап, арасында “иншалла, Аллаға шүкір, Құдай көріп тұр ғой” секілді діни сөздерді жиі қолданса, біл — ол МОШЕННИК..!
❤56😁43👏7👍5🔥5
Кофебумға намазхандар тарапынан cancel жасап жатырмыз.

Қолдасаңыз лүпіл басып, пікір жазып қарсылығыңызды білдірсеңіз
❤51👍14
Рамазан оразасы 19 ақпанда басталады..!
❤68🥰11😁4
Бір сәләфиткаға ғашық болған ханафиге бір досы:

“Көтергін басты
Жасыма босқа
Шындығын айтар
Сенгейсің досқа.
Нәп-нәзік сұлу
Сен сүйген ухти
Мәнхажы бөлек
Мәзхабы басқа” - депті…
😁129❤22👍11👎5🔥1