IT bilim
2.24K subscribers
569 photos
42 videos
13 files
578 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Қазір ютубта Үздіктер 2.0 жобасы жайлы толығырақ айтатын боламыз.

https://youtu.be/bYIaxypRBtI

Видеоны таныстарыңызға таратыңыздар!
Жоба жайлы естімей қалмасын🙌
👍6
Көктемнің алғашқы күні құтты болсын!

Біз “Үздіктер 2.0” жобасын ресми бастадық!!!

Енді осы апта соңына дейін 1-2 сабақтарды көріп, кемі 1 есеп шығаруы керек!

1-сабақ сілтемесі:
https://youtu.be/o3cN2QJsIVw

2-сабақ сілтемесі:
https://youtu.be/dJQMboE0fW4

Ал
5-наурызда келесі 3-4 сабақтар ашылып, олардың сілтемелері сәйкесінше тек жобаның чат-группаларында бөлісетін болады.

Сол апта соңына дейін (11-наурыз) кемі 10-есеп шығарылуы тиіс!


Жобаның соңына дейін қалуларыңды нәсіп етсін! Ал сәттіліктер!!!

Жоба жайлы толығырақ:
https://youtu.be/bYIaxypRBtI
👍5❤2❤‍🔥1
Forwarded from Erkin Adamdar
AI құралдар: (05.03.2023 Данияр Муханов)

Кейбірі тегін, кейбірі ақылы, кейбірі жабық бетада

Youtube Whisperer - OpenAI Whisperer көмегімен кез келген YouTube бейнелерінен мәтінге айналдыру
Vidyo AI - AI көмегімен ұзақ бейнелерден әлеуметтік қолдануға дайын қысқа клиптер жасаңыз
Кітаптармен сөйлесіңіз - 100 000 кітапқа сұрақтарыңызды қойып, бірнеше секунд ішінде шығармашылық жауаптар алыңыз
Scribble Diffusion - AI (Сілтеме) көмегімен эскизіңізді таза кескінге айналдырыңыз
Playground - суреттерді мәтінмен өңдеңіз
FontParing - бұл AI құралы сізге ешқандай күш жұмсамай-ақ ең жақсы қаріптер комбинациясын береді
Browse AI - кез келген веб-сайтты кодсыз 2 минут ішінде сыпырып алыңыз(scrape) немесе бақылаңыз
Imagic - бұл керемет мәтінге негізделген нақты кескінді өңдеу құралы
Detangle AI - заңды құжатты адамша (заңгерше емес) қорытындылаңыз
Blockadelabs - 360 градустық бейнелерге мәтін жіберу
Brancher AI - кодтаусыз жаңа AI құралдарын жасаңыз
Altered AI - Даусыңызды түрлендіріңіз
upscale.media - AI көмегімен кескінді тегін кеңейту
Papercup - Бұл AI кез келген бейнені кез келген тілде көруге мүмкіндік береді

ChatGPT: 2021 және одан бұрынғы мәтіндердің үлкен жинағында оқытылды. Тегін, бірақ жауаптарды жылдамдату және сұраныстың ең жоғары кезінде пайдалану үшін айына $20 тұрады.
The new Bing: ChatGPT негізіндегі сөйлесулер және Bing ішіндегі іздеу нәтижелері. Шектеулі бета нұсқасы күту тізіміне қосылуды қажет етеді.
Perplexity.ai: Сұрақтар қойыңыз және қадағалаңыз, дәйексөздер арқылы тікелей жауаптар алыңыз. Ешқандай шектеусіз пайдалануға тегін.
YouChat: Сұрақтар мен бақылауларды қойыңыз және ChatGPT стиліндегі әңгімелерге қатысыңыз. Тегін; кіру қажет.
NeevaAI: Дәйексөздермен, содан кейін стандартты іздеу нәтижелерімен тікелей, AI арқылы жасалған жауаптарды алыңыз. Тегін; кіру қажет.

Vowel - Видеоколл транскрипциясы (Link)
Excel Formula Bot - Excel формулалары генераторы (Link)
BlueWillow - Midjourney тегін нұсқасы (Link)
Namelix - бұл жасанды интеллект сіз үшін қысқа бренд атауын жасайды. (Link)
ChatGPT Prompt Genius - Сұрауларды(Prompt) сақтауға, табуға және бөлісуге мүмкіндік беретін хром кеңейтімі. (Link)
Runaway - Өте керемет AI бейне редакторы (Link)
Ghostwrite - Gmail қызметінде жұмыс істейтін электрондық пошта көмекшісі (Link)
👍11⚡4🔥2
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Қайырлы таң!

Тамаша жаңалықты қабыл алыңыздар, қазақша питон тіліне нұсқаулық кітапшасы!

https://itboo.kz/PythonBook.pdf
👍18🔥8
Электрондық компьютер және есептеулер бойынша 17-ші халықаралық конференция
(ICECCO 2023).

Барлық қабылданған жұмыстар жоғары бағаланған IEEE Xplore және Scopus дерекқорларында индекстеледі.

Конференция туралы қосымша ақпаратты https://icecco.net/ сайтынан табуға болады.

———————————————

The 17th International Conference
on Electronics Computer and Computation
(ICECCO 2023).

All accepted papers will be indexed in the highly-rated IEEE Xplore and Scopus databases.

More information about the conference can be found at https://icecco.net/
👍5🔥3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тағы да AI құрал, тағы да адамды жұмыссыз қалдыру. Star Wars түсіретіндерге рахат боп қалатын болды ғой мынау.

Бұндай эффектті қалай жасауға болады?

1. Өзіңізге ұнайтын жануарды таңдаңыз
2. img2img + ControlNet көмегімен оның паранормал нұсқасын жасаңыз
3. Бейнені түрлендіру үшін оны EBSynth арқылы өткізіңіз
4. topazlabs арқылы пост процесс жасаңыз

дереккөз
👨‍💻11👍2
Forwarded from Aman world (Aman Utemuratov)
High Performance Browser Networking

High Performance Browser Networking - бұл әрбір веб-әзірлеуші оқуы керек кітап. Ол желіні құру негіздерінен бастап веб өнімділігіндегі соңғы(2014ж) инновацияларға дейін кең ауқымды тақырыптарды қамтиды.

Кітап заманауи веб-қосымшаның анатомиясы және оның өнімділігіне әсер ететін факторлар сияқты тақырыптарды қамтиды. Сонымен қатар желінің түрлерін, 4G, 5G, LTE, Wifi, тасымалдау протоколдары (TCP, UDP т.б.), бағдарламада қолданылатын протоколдар, CDN, caching туралы да тақырыптарды қамтыған. Кітап сонымен қатар HTTP 1/2.0, WebSocket және WebRTC сияқты тақырыптарды веб өнімділікке қатыстырып қамтиды.

Кітаптан кейбір негізгі үзінділер:

📌 Веб-қосымшаның өнімділігі өте маңызды. Веб-қосымшаның баяу болуы пайдаланушылардың фрустрациясына, ал ол өз кезегінде табыстың жоғалуына әкеледі. Зерттеулер бойынша юзерлер сайтта бір нәрсені 0.2сек күтіп қалса “lag” деп атайды екен. Ал 1 секундқа ұзап кетсе юзердің назары басқа нәрсеге ауысып кетеді екен.

📌 Желі - веб қосымшаның өнімділіктегі ең үлкен bottleneck болып табылады.

📌 UDP протоколы қолдану кей жағдайларда TCP протоколын қолданудан қарағанда жақсырақ шешім болуы мүмкін.

📌 Content delivery network(CDN). Ол дегеніміз серверлерді барынша юзерлерге жақын қою. Пакетті Latency жылдамдату қолдан келмес, бірақ серверлерді жақынырақ қою әбден мүмкін нәрсе. Жылмадықты арттыра алмасақ та қашықтықты азайтуға болады.

📌 Өнімділікті жақсарту үшін Load balancer пайдаланыңыз. Load balancer – трафикті бірнеше серверлер бойынша тарататын сервер.

📌 Өнімділікті жақсарту үшін кэштеу тәсілін пайдаланыңыз. Кэштеу - жиі қолданылатын ресурстардың көшірмелерін сақтау. Клиент ресурсқа сұраныс жасағанда, сервер кэштен ресурсты қайтара салады, ол ары қарай серверлерге жасалуы қажет сұраулар санын азайту арқылы веб-қосымшалардың өнімділігін жақсарта алады.

Жалпы жазып кеткенімнің барлығы кітапта жазылған айсбергтің ұшы ғана. Веб өнімділігі туралы көбірек білгіңіз келсе, кітапты оқуды ұсынамын. Бұл сізге веб өнімділік тақырыбы туралы білуіңіз керек барлық нәрсені үйрететін жан-жақты және жақсы жазылған кітап.

#кітап #highperfomancebrowsernetworking #amanworld #кітапқашолу
👍5⚡1
Үздіктер жобасы бойынша acmp-да шығарған есептер саны 150-ден асқан қатысушылардан кодинг интервью аламыз. Яғни есептер беріп, соны талдаймыз. Видеоны көріп, бағасын беріңіз.

https://www.youtube.com/watch?v=NRsGDEd5g9M

Үздіктер жобасы жайлы толығырақ осы видеода
https://www.youtube.com/watch?v=bYIaxypRBtI&t=0s
👍8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жыланды 7 кессең де кесірткедей қауқары бар деген…

Google қанша дегенмен оңай берілмейді ғой. Өзініғ жасанды интеллект құралын біртіндеп Gmail, Google Docs сияқты өнімдеріне енгізе бастапты. Былай қарағанда, Notion AI-ға ұқсайды. Сұрайсың, ар жағын өзі жазып береді.

Мысал видеода☝️

@timurbektur
❤11
Алдағы аптада Информатикадан Жасөспірімдерге арналған олимпиада басталады екен. Дайындықтарыңыз қалай?

Өткен жылғы 7-сынып информатика есептерінің талдауын көріңіздер.

https://www.youtube.com/watch?v=7brTR28EYXA&ab_channel=ITbilim
👍4
Forwarded from Codeforces KZ
Бүгін кешкі сағат 20:35-те енді ғана бастағандарға арналған ресми див 4 рейтингтік контестінен қалып қоймаңыздар!!

Рейтинг көтеруге тамаша мүмкіндік!

https://codeforces.com/contests/1807
🧠​​ЕЛ БОЙЫНША 900-ДЕН АСА ОҚУШЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА БАҚ СЫНАЙДЫ
 
📖20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарларды «Дарын» РҒПО мамандары.
Бұл -  математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша 9-11, (12) сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі зияткерлік сайысы.
 
🎲«1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша өткізілген олимпиаданың мектептік кезеңіне 282 090 оқушы, аудандық кезеңіне 82 854, облыстық кезеңінде 15 651 оқушы қатысып, үздіктер іріктелді. Республикалық кезеңде Қазақстанның барлық өңірінен келген 900-ден аса оқушы өзара сынға түседі, оның ішінде 88-і олимпиадалық резерв мүшелері.

📌Айта кетейік, бес күнге созылатын интеллектуалдық дода классикалық форматта өткізіледі. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау рәсімі 25 наурызға жоспарланған.
👍6
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Қарапайым ауылда доп ойнап жүрген баланың 1-жылдық жетістігін атап өтпесек болмас!

Таныс болыңыздар, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, Сәкен Сейфуллин атындағы #15 орта мектептің 9-сынып оқушысы - Әлдибек Нұрдаулет.

Бүкіл 4-кезеңнің көрсеткіштері:

1) 02.11.2022 - Аймақтық 250/300 (1-орын)
2) 01.02.2023 - Аудандық 220/300 (1-орын)
3) 14.02.2023 - Облыстық 225/600 (1-орын)
4) 22.03.2023 - Респа 72/600 (күтілуде)

Қарап отырсаңыздар, бүкіл 4-кезеңге де қатысқан, яғни кейбір тереңдетілген мектептер секілді 1-2 кезеңдерге қатыспай, секірмеді)))

Міне ауыл баланың жетістігі!!!

Одан бөлек айтылу керек жайт, биыл ол 9-сыныпта, алда 10-11 сыныптар бар. Бұйыртса енді республикалық деңгейге фокус болады.

PS. Былтыр Үздіктер деп бастағанда мақсатымыз Облысқа дейін жету еді, ал біздің бала облыстан абсолют 1-болып, респадан бірақ шықты)))
🔥35👍6❤1