Kaspi табысты қайдан алады?
Бұл жерде кіріс үштіктен тұрады:
1️⃣ Marketplace
2️⃣ Fintech
3️⃣ Payments
Осы үштіктің кірісі компания есебінедегі (GMV) үлесі бойынша есептелген. Сондықтан ауытқу болуы мүмкін. Айналым≠кіріске тең емес. Дегенмен табыс қай саладан келетінін анықтауға жақсы құрал.
Бұл жерде кіріс үштіктен тұрады:
Осы үштіктің кірісі компания есебінедегі (GMV) үлесі бойынша есептелген. Сондықтан ауытқу болуы мүмкін. Айналым≠кіріске тең емес. Дегенмен табыс қай саладан келетінін анықтауға жақсы құрал.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Kaspi.kz өзінің 2025 жылғы қаржылық есебін жариялады. Өткен жыл компания үшін жаңа нарықтарды бағындыру және қаржылық көрсеткіштерді еселеу кезеңі болды. Инвесторлар көптен күткен дивидендтердің қайта төлене бастауы және Түркиядағы Hepsiburada платформасының бірігуі экожүйенің ауқымын бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерді. Компанияның есебі қарапайым тілмен сілтемеде
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қаңтар айындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 97,5%-ды көрсетіп, ел экономикасының рецессияға немесе нөлдік өсімге жақын екенін көрсетті.
Мұнай факторы
Теңіз кен орнының тоқтап тұруы өндірісті айына 2,5 млн тоннаға азайтты. Оған қоса, мұнай бағасы өткен жылмен салыстырғанда барреліне 12–13 долларға арзандады. Көлем мен бағаның қатар түсуі ЖІӨ-ні айлық есепте 7%-ға төмендетті.
ҚҚС эффектісі
Тұтынушылық сұраныстың төмендеуі
Жаңа Салық кодексі енгізілгенге дейін (желтоқсанда) халық жылжымайтын мүлік пен көлік сатып алуға асықты. Ендігі кезекте осы салаларда сауданың күрт бәсеңдеуі күтілуде. Жаңа статиститикалар антирекорд орнатып жатыр. Тұрғын үй саласында сауда 50% ға дейін құлдырады.

Бүгін мәжілісте ҰЭ министрі 👤 Жұманғарин
деп айтып қалды.
Үкімет институционалды инвесторлардың қаржысын жеке секторға тарту үшін мемлекет кепіл бермек. Ұзын ақша.
Жылдың басында мемлекеттің борышы 72,5 млрд доллардан асты
Мемлекеттік кепілдікті енді мемлекеттік емес ұйымдарға беру мақсатымыз бар
деп айтып қалды.
Үкімет институционалды инвесторлардың қаржысын жеке секторға тарту үшін мемлекет кепіл бермек. Ұзын ақша.
Жылдың басында мемлекеттің борышы 72,5 млрд доллардан асты
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Демалыс күндері және бүгін қақтығыс бойынша шығып жатқан ақпараттарды бақыладым. Ірі инвестициялық үйлердің көбі демалыста болғанда, ақпараттар ашығын айтқанда әлсіз болды - тақырыптар сараптамадан басым түсіп жатты. Бүгін жағдай жақсарды. Естіген, көрген және оқыған дүниелерім бойынша талдауымды жариялаймын. Мәтін көлемді болғандықтан, екі бөлімге бөлдім. Қысқартпауды жөн көрдім. Бүгін - ретроспективті талдау, ертең -нарықтар туралы.
Неге дәл қазір?
Стратегиялық тұрғыдан: Иран бұл кезеңге тәртіпсіздіктер мен оларды қатаң басып-жаншудан кейінгі тарихи әлсіз күйінде келді. Сыртқы ойыншылар осыны пайдалануды шешті. Сонымен қатар, саяси жүйелілік мотиві бар: Трамп өзіне міндеттемелер (жауапкершілік) алды, егер әрекеттен бас тартса, сенім мәселесі туындар еді.
Тактикалық тұрғыдан: Нүктелі соққы жасау мүмкіндігі туды. Барлау мәліметтері ел басшылығының нақты бір уақытта жиналатынын көрсетті, одақтастар бұл мүмкіндікті пайдаланып, соққы берді.
Иран не істеп жатыр және бұл қарқынды қанша уақыт ұстап тұра алады?
Иран бұл қақтығысқа маусым айындағыдан қарағанда жақсырақ дайындалған. Билік әскери мүмкіндіктерді шоғырландырып, шешім қабылдау жүйесін төзімділік үшін әр жаққа таратты. Әскери сарапшылар: "Иран қорғаныс шебіне өтті және солай қалады, олар соққыларға төзе береді және АҚШ-тың оқ-дәрісі таусылғанша күтеді" дейді. Бұл модель FT мақаласында егжей-тегжейлі сипатталған.
Сонымен бірге, Иран аймаққа соққылар беруде. Бұл соққылардың қисындылығы (рационалдылығы) күмәнді. Мүмкін, бұл Парсы шығанағы елдерін АҚШ-пен ынтымақтастықты шектеуге мәжбүрлеу үшін қорқыту әрекеті шығар. Бірақ бұл соққылардың ауқымы мен дәлдігі мұндай нәтижеге жету үшін жеткіліксіз, тіпті бұл олардың өздеріне қарсы жұмыс істеп, кері реакция тудыру қаупі бар.
Әзірге Иран тәртіппен әрекет етуде, қарқындылықты бірнеше апта бойы ұстап тұра алады. Жекелеген соққылар кейін де болуы мүмкін, бірақ қазіргі деңгейде емес.
Режимді өзгерту: Неге бұл мәселе тек әуеден шешілмейді?
Режимді өзгерту үшін дерлік әрдайым әуе операциясы қажет. 1990-жылдардағы Югославиядағы әуе науқанын қоспағанда, әскери сарапшылар: "Біз тек әуе соққылары арқылы режим ауысқанын көрген емеспіз" дейді. Пентагон АҚШ-тың құрлық әскерін кіргізу жоспары жоқ екенін мәлімдеді, кейінірек Трамп мұндай мүмкіндікті жоққа шығармады. Бірақ әзірге бұл нақты сценарийден гөрі саяси сигналға көбірек ұқсайды.
Нарықтар бұл шектеуді жиі ескермейді. Егер жерүсті компоненті болмаса, онда түпкі мақсаттар не шектеулі болуы керек, не Иранның ішкі динамикасына арқа сүйеуі тиіс. Қазірше үш сценарий бар, мен оларды тәуекелдер картасының негізі ретінде ұстар едім:
Бірінші сценарий: Иранның "төзімділік стратегиясы" іске асады, ол "соққыны қабылдап, шыдайды". Ал АҚШ мақсаттарға қол жеткізілгенін (негізгі тұлғаның көзі жойылды, ядролық нысандар мен баллистикалық мүмкіндіктер әлсіреді) тіркейді де, бірнеше аптадан кейін жеңісті жариялап, кетуге мүмкіндік алады.
Екінші сценарий: Иран элитасының ішкі трансформациясымен және келіссөзге қабілетті прагматикалық тұлғаның пайда болуымен байланысты. Соңғы 30 жылда қазіргі көшбасшы АҚШ-пен кез келген конструктивті байланысқа кедергі ретінде қабылданды. Оның шеттетілуі бұл кедергіні алып тастайды, бірақ қазіргі құрбандар деңгейі мен екіжақты қатыгездік жағдайды тез өзгертуге мүмкіндік бермейді. Мұнда Сарапшылар ассамблеясына (мұрагерді тағайындайтын орган) назар аудару керек. Үміткерлердің қысқа тізімі туралы ақпарат шығып жатыр. Қатаң бағытты ұстанатын Моджтаба Хаменеидің (жоғарғы көшбасшының ұлы) сайлануы курстың өзгеруін жоққа шығарады. Балама ретінде прагматик саналатын қалыпты тұлғалардың есімдері аталуда.
Үшінші сценарий: "Ішкі жарылысқа" ставка жасау, яғни ирандықтардың өздері көтеріліске шығуы. Қазір бұл екіталай болып көрінгенімен, мынадай сөз бар: "Революциялар болғанға дейін мүмкін емес болып көрінеді, ал болғаннан кейін -болмай қоймайтындай көрінеді". Әзірге ұйымдасқан қарсылық белгілері байқалмайды, бірақ кім білсін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Шығанақ елдері, милитаризация және Ормуз
Шығанаққа жасалған соққылар аймақтың милитаризациясына және қорғаныс шығындарының өсуіне әкеледі. Бұл аймақ пен капитал ағыны үшін орта мерзімді тәуекел, өйткені қауіпсіздік сезімі өзгереді.
Иран бастапқыда мұнай инфрақұрылымына соққы бермеді, өйткені бұл экономикалық тұрғыдан қауіпті деп санады. Оның экономикасын қазір Қытайға мұнай экспорты ұстап тұр. Бұл Қытай мен Ресей кемелерінің (соның ішінде "көлеңкелі флоттың") өтуі туралы хабарларды түсіндіреді. Сондықтан Иран Ормуз бұғазын толық жаппайды, өйткені оның өзіне бұл жол қажет. Басты тәуекел — бұғаздың заңды түрде жабылуы емес, сақтандыру бағасының қаншалықты өсетіні және азаматтық тасымалдаушылардың тәуекелге баруға дайындығында. Қазірше сақтандыру жоқ, тасымалдау құны өте жоғары.
🇺🇸 Вашингтон, уақыт және саясат
Трамп демалыс күндері әртүрлі пікір айтты, бірақ жиынтықтай келгенде бұл бір аптадан бір айға дейінгі уақыт аралығын көрсетеді. Нарықтар үшін бұл болжам емес, Трамптың қазіргі ойлау шеңбері ретінде жеткілікті.
АҚШ ішінде әскери науқанды қолдау деңгейі жоғары емес (сауалнамалар бойынша 25%-дан 50%-ға дейін). Науқан неғұрлым ұзаққа созылса, қолдаудың төмендеу қаупі соғұрлым жоғары болады.
Бақылайтын негізгі триггерлер:
1️⃣ Егер риторика "режимді өзгертуге" аусса — науқан ұзақ болады.
2️⃣ Егер фокус ядролық бағдарлама, ракеталар мен дрондар сияқты нақты мақсаттарда қалса — мерзім қысқарақ.
3️⃣ Энергия ресурстарының бағасы: Әкімшілік жанармай инфляциясына өте сезімтал болады, өйткені бұл — саяси тұрғыдан "улы" фактор.
Шығанаққа жасалған соққылар аймақтың милитаризациясына және қорғаныс шығындарының өсуіне әкеледі. Бұл аймақ пен капитал ағыны үшін орта мерзімді тәуекел, өйткені қауіпсіздік сезімі өзгереді.
Иран бастапқыда мұнай инфрақұрылымына соққы бермеді, өйткені бұл экономикалық тұрғыдан қауіпті деп санады. Оның экономикасын қазір Қытайға мұнай экспорты ұстап тұр. Бұл Қытай мен Ресей кемелерінің (соның ішінде "көлеңкелі флоттың") өтуі туралы хабарларды түсіндіреді. Сондықтан Иран Ормуз бұғазын толық жаппайды, өйткені оның өзіне бұл жол қажет. Басты тәуекел — бұғаздың заңды түрде жабылуы емес, сақтандыру бағасының қаншалықты өсетіні және азаматтық тасымалдаушылардың тәуекелге баруға дайындығында. Қазірше сақтандыру жоқ, тасымалдау құны өте жоғары.
Трамп демалыс күндері әртүрлі пікір айтты, бірақ жиынтықтай келгенде бұл бір аптадан бір айға дейінгі уақыт аралығын көрсетеді. Нарықтар үшін бұл болжам емес, Трамптың қазіргі ойлау шеңбері ретінде жеткілікті.
АҚШ ішінде әскери науқанды қолдау деңгейі жоғары емес (сауалнамалар бойынша 25%-дан 50%-ға дейін). Науқан неғұрлым ұзаққа созылса, қолдаудың төмендеу қаупі соғұрлым жоғары болады.
Бақылайтын негізгі триггерлер:
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Аятолла Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы болып сайланды.
DW дереккөздерінің хабарлауынша, Моджтабаны сайлау туралы шешім Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) қысымымен қабылданған.
Бұл оқиғалардың бірінші сценарий бойынша даму ықтималдығы жоғары екенін білдіреді, өйткені екінші сценарийге қол жеткізу мүмкін болмады: таңдаудың жылдам жасалуы бірліктің бар екенін көрсетсе, ұлының сайлануы саяси бағыттың өзгеруі мүмкін еместігін білдіреді.

АИ-95 маркалы бензин бағасы өңірлерде қанша?
Курсив
Өңірлерде АИ-95 бағасы қанша (инфографика)
Елімізде АИ-95 маркалы бензиннің орташа бағасы -304 теңге
Бас банк бүгін кезекті шешімін шығарды. Базалық мөлшерлеме -18%. Бұл біз үшін нені білдіреді және Ұлттық банк неге мұндай қадамға барды? Ең бастысын қысқа-нұсқа түсіндіріп өтейік:
Негізі, дүкендегі бағаның өсуі (инфляция) баяулап жатыр -қазір 11,7%. Бірақ ақпан айының өзінде ғана бағалар күрт 1,1%-ға секіріп кеткен. Сондықтан Ұлттық банк:
"Әлі ерте, бағаны толық ауыздықтамайынша, ақшаны арзандатпаймыз"
деп отыр.
Азық-түлік пен қызмет көрсету бағасы бұрынғыдай "ұшып" жатқан жоқ, қарқыны сәл бәсеңдеген.
Теңге бағамы нығайып, халықтың "несиеге өмір сүруі" де аздап азайған.
Мемлекет коммуналдық төлемдер мен жанармай бағасын уақытша ұстап тұр, бұл да инфляцияға дем бермейді.
🌍Сыртқы әлемде не болып жатыр?
Мұнай: Таяу Шығыстағы соғыс мұнай бағасын жоғары ұстап тұр. Бірақ банк болашақта баға 1 баррель үшін 60 долларға дейін түсуі мүмкін деп сақ отыр.
Әлем: Ресейде инфляция әлі де жоғары, ал АҚШ пен Еуропада жағдай тұрақтанып келеді.
📅 Болжам қандай?
Биыл: Жыл соңына қарай инфляция 9,5-11,5% арасында болады.
Мөлшерлеме қашан түседі?
Егер ешқандай "тосын сыйлар" (шоктар) болмаса, 2026 жылдың екінші жартыжылдығында Ұлттық банк мөлшерлемені төмендетуді бастауы мүмкін. Бас банк нарыққа екінші мәрте сигнал берді
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ұлттық банк теңгенің бір доллар үшін 400 теңгеге дейін нығаюына сенбейді
– деді👤 ҚР ҰБ төрағасы.
Оның айтуынша, Ұлттық банк теңге бағамының 500 теңге маңында 5–7% шамасында ғана құбылуын ықтимал деп санайды.
«Реалистік сценарийлерде біз 400 деңгейін қарастырмаймыз. Экономика мен өнеркәсіп экспортты соншалықты ұлғайтып, импортты айтарлықтай қысқартып, нәтижесінде теңгенің бір доллар үшін 400 деңгейінде қалыптасуына жеткізуі екіталай»,
– деді
Оның айтуынша, Ұлттық банк теңге бағамының 500 теңге маңында 5–7% шамасында ғана құбылуын ықтимал деп санайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Әйелдердің жалақысы ерлерден қарағанда 26,5 пайызға төмен екен. Бұл республика бойынша орташа болса, өңірлерде мүлде картина бөлек. Кейбір өңірде ерлер әйелдерден қарағанда аз табыс табады. Толығырақ мына материалдан оқуға болады
🛢 Мұнай бағасы $150-ға дейін шарықтауы мүмкін: Катардан шұғыл ескерту
Парсы шығанағындағы жағдай ушығып, әлемдік энергия нарығында үлкен дағдарыс қаупі туындап тұр. Катардың Энергетика министрі Саад әл-Кааби Financial Times басылымына берген сұхбатында маңызды мәлімдеме жасады:
📍 Негізгі тезистер:
Мұнай тапшылығы: Егер әскери қақтығыс жалғаса берсе, аймақтағы ірі мұнай-газ өндірушілер жақын күндері «форс-мажор» жариялауы мүмкін. Бұл келісімшарттардың тоқтатылуына әкеледі.
Бағаның өсуі: Министрдің болжамынша, шикізат жеткізу тоқтаса, мұнай бағасы барреліне $150-ға дейін жетеді.
Газ тапшылығы: Катар қазірдің өзінде әлемдік сұйытылған газ (СТГ) нарығының 20%-ын құрайтын өндірісін уақытша тоқтатты.
Мұнай бағасы 20 айлық максимумға жетті.