Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
108 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
Қырғызстан ең ірі интервенция жасады

16 сәуірде Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі 168 млн доллар сомасына валюта сатып, бұл 2026 жылдың басынан бергі ең ірі интервенция болды.

Қазіргі уақытта бұл Қырғызстан Ұлттық банкінің биылғы жылы жүргізген алтыншы интервенциясы, ал жыл басынан бері валюта нарығындағы сатудың жалпы көлемі 893,45 млн долларды құрады.


🔍: Қырғыз билігі сомды тиісті дәлізде қодан ұстап отыр. Көршіміз “импорттық” ел болғандықтан бағамның төмен болғаны тиімді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Соғыс пен бітім арасындағы текетірес

АҚШ президенті Дональд Трамптың Truth Social желісіндегі жазбасынан кейін Иран, АҚШ және Израиль арасындағы бітім әзірге сақталып тұр. Негізі бұл келісімнің мерзімі осы сәрсенбіде аяқталуы тиіс еді.

BBC-дің мәліметінше қазір ашық соғыс қимылдарының орнына Ормұз бұғазында «кемелерді қоршау соғысы» жүріп жатыр. Екі жақ та бір-бірінің сауда кемелерін ұстап, басып алу арқылы күш көрсетуде. Әлемдегі ең маңызды су жолдарының бірінде жағдай өте шиеленісті, кез келген сәтте бақылаудан шығып кетуі мүмкін.

🇵🇰Пәкістанның делдалдық әрекеті

Исламабад қаласы әлі де Иран мен АҚШ өкілдерінің келіссөзге келуін күтіп отыр. Қаланың бір бөлігі қоршауға алынған, келіссөз өтетін қонақүйлер бос тұр.

Бірнеше күндік күтуден кейін халықтың көңіл-күйі де өзгерді. Осы аптаның басында әскери базаға қонған алып C-17 Globemaster ұшақтары туралы қауесеттер басылды. Пәкістан билігі бұл қақтығыста бітімгер (ара ағайын) болу мүмкіндігінен айырылып қалуымыз мүмкін деп қауіптене бастады. Бірақ Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф мәселені келіссөз арқылы шешуге барын салатынын мәлімдеді.

Трамптың жоспары және Иранның күмәні

👤Дональд Трамп жақын күндері келісімге келу мүмкін екенін айтты. Мүмкін, ол келесі дүйсенбіде (27 сәуір) Вашингтонға келетін Ұлыбритания королі 👑Карлдың сапарына дейін немесе өзінің Қытайға сапарының алдында «Иран мәселесін» шешіп тастағысы келетін шығар.

Алайда Иран делегациясы Исламабадқа ұшуға асығар емес. Тегеран АҚШ-ты «берген уәдесін бұзды» және «тұрақсыз әрекет етті» деп айыптайды. Трамптың бірде қоқан-лоқы көрсетіп, бірде татуласуды ұсынуы жағдайды қиындатып жіберді. Сондай-ақ, Иран өткен жолы екі рет келіссөзге келгенде, Израиль мен АҚШ тарапынан соққыға жығылғанына шағымданады.

Иран билігіндегі ішкі жағдай
Трамп өз жазбасында Иран режимінің ішінде «үлкен іріткі» бар екенін айтты. Бұл Вашингтонның Иранда нақты кіммен сөйлесу керек екенін түсінбей отырғанын көрсетсе керек.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🖊️Reuters: «Достық» құбыры арқылы мұнай қайтадан тасымалдана бастады, бұл Украинаға ЕО-дан 90 миллиард еуро көлемінде несие беру жолындағы соңғы кедергіні жойды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛢️Мұнай тапшылығы

Халықаралық энергетика агенттігінің басшысы Фатих Бироль CNBC-ге берген сұхбатында әлем бұрын-соңды болмаған энергетикалық қауіпке тап болғанын мәлімдеді.

Бұрын 🇮🇷Иранмен арадағы соғыс пен мұнай тасымалының басты күретамыры – Ормұз бұғазының жабылуы себеп болып отыр.

Нарықтағы мұнай тапшылығы және оның салдары

Нарық күніне 13 млн баррель мұнайдан айырылды. Бұл жағдай бағаның күрт өсуіне, инфляцияның артуына, экономикалық дамудың баяулауына және жанармайдың жаппай жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін.

♒️Ормұз бұғазындағы екі жақтан қоршау

Бұрын бұғаз арқылы күніне орта есеппен 20 млн баррель мұнай өтетін. Қазір Иран мен АҚШ арасындағы текетірес салдарынан «екі қоршау» орнап, ешқандай кеме бұғазға кіре де, одан шыға да алмай қалды. BBC-дің мәліметінше, қазір ашық соғыс қимылдарының орнына Ормұз бұғазында «кемелерді қоршау соғысы» жүріп 
жатыр. Екі жақ та бір-бірінің сауда кемелерін ұстап, басып алу арқылы күш көрсетіп отыр

🇪🇺Еуропадағы авиациялық жанармай тапшылығы

Еуропа өзіне қажетті авиациялық жанармайдың 75 пайызын Таяу Шығыстан алатын, бірақ қазір көрсеткіш нөлге тең. Егер балама жолдар табылмаса, үкіметтер ұшақтардың ұшуын шектеу шараларын қарастыруға мәжбүр болады.


⚡️Төтенше жағдайдағы мұнай қорларын пайдалану

Әлемнің 32 елі мұнай тапшылығын азайту үшін өздерінің апаттық резервтерінен 400 миллион баррель мұнай шығаруға келісті. Алайда ХЭА басшысы шара тек уақытша ғана жеңілдік беретінін ескертті.
Мәселенің негізгі шешімі Ормұз бұғазын қайта ашу. Сонымен қатар болашақта мұндай дағдарыстарға төтеп беру үшін атом энергетикасына көшу, тиімді технологиялар мен электромобильдерді қолдануды арттыру қажет деп атады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Update
-1 Атырау ФК
Енді Astana мен Ertis қалды. Кейбір мәліметтер бойынша Астана клубын B🌙 қожайыны алады
👤 Тимұр Сүйлейменов
(ҚР ҰБ төрағасы)

Сәуір біз үшін маңызды ай. Себебі осы айдың қорытындысы бойынша инфляция төменге қарай бет алды ма, әлде қайта өсе ме анықталады.

🇰🇿Бас банк сәуірде инфляция 10,5 пайыз немесе сәл жоғары болады деп күтіп отыр. Келесі шешім 5-ші маусымда. Осылайша Ұлттық банк былтыр желтоқсанда берген уәдесін (сигнал) орындап, базалық ставканы түсірмеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📅📅📅📅
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📈📉-де не болды? Киттер қашып жатыр ма, әлде ереже өзгерді ме?

Соңғы уақытта Қазақстан қор биржасында (KASE) ірі компаниялардың
🛢ҚазМұнайГаз,
✈️Air Astana,
🏛️БЦК т.б. акциялары жаппай сатыла бастады. Орта есеппен 18 миллиард теңгенің акциясы сатылған.

Бұған 📊QAMS назар аударды. Кейіннен 🙃Эльдар заң өзгерді деп сабырға шақырды. Біз қарапайым тілмен түсіндіріп көрейік.

Көпшілік "ірі инвесторлар (киттер) ақшасын алып, нарықтан қашып жатыр" деп қорықты. Бірақ шын мәнінде бәрі әлдеқайда қарапайым. Бұл "плечоны" (қарызды) азайту процесі.

🤔Бұл не деген сөз?

Қарапайым тілмен
Инвесторлардың көбі акцияны тек өз ақшасына емес, брокерден қарыз алып та сатып алады (мұны "иықпен" немесе "плечомен" сауда жасау дейді). Ағылшынша leverage

Бірақ брокер сізге қарыз бергенде, шотыңызда белгілі бір мөлшерде кепіл ақша тұруы керек.

Мысалы: Бұрын 100 теңгенің акциясын алу үшін шотыңызда 11 теңге болуы жеткілікті еді.

Енді биржа (KACC) ережені қатаңдатты: 13 сәуірден бастап сол акция үшін шотыңызда 11 емес, 18 теңге болуы шарт.

🔴Неге акциялар арзандап кетті?

Биржа талапты күшейткенде, инвесторлардың алдында екі жол қалды:

Шотына қосымша ақша салу.

Немесе акцияларының бір бөлігін сатып жіберіп, қарызын жабу.

Көбі екінші жолды таңдады. Олар қолда бар ең өтімді, тез сатылатын акцияларын (🛢, ✈️, Kcell) жаппай сата бастаған соң, баға сәл төмендеді. Саудалар еселеп артты. Бұл "кэш-аут" (қашу) емес, жай ғана жаңа ережеге сәйкес портфельді ретке келтіру.

📆Алда не күтіп тұр?

Бұл процесс әлі біткен жоқ. 4 мамырдан бастап талаптар тағы да қатаяды (концентрация мөлшерлемесі 30%-дан 40%-ға өседі). Демек, сәуірдің аяғы мен мамырдың басында тағы да осындай сатулар болуы мүмкін.

Бұл нарықтың "тазаруы". Қарыз (плечо) азайған сайын, нарық тұрақты бола түседі. Егер ертең акция бағасы кенет құлдыраса, қарызы аз инвесторлар қатты шығынға батпайды.

Ал бұл оқиға 📈📉-нің түсіндіру жұмыстарының әлсіздігін көрсетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔍📈500 тарихи максимумын жаңартты. Дәл бір айда индекс 8,6% өсті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Halyk осы аптада 400 дәлізінен алыстады. Жаңа максимумды бағындыра алды. Close бойынша да maximum.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛢 ОРМУЗ БҰҒАЗЫНДАҒЫ МҰНАЙ ШОГЫ – БҰҒАН ДЕЙІН ӘЛЕМ КӨРМЕГЕН ЖАҒДАЙ!

🌊Ормуз бұғазы арқылы өтетін мұнай экспорты қалыпты деңгейдегі тәулігіне шамамен 20 млн баррельмен салыстырғанда 95%-ға құлдырады.

🔰Соғысқа дейін бұғаз арқылы тәулігіне ең жоғары деңгейде 23,3 млн баррель (2018 жылдың маусымында) өткен, сондықтан қазіргі құлдырау бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда тіпті таңқаларлық.

🔍🔍дерегіне сәйкес, Парсы шығанағы елдеріндегі мұнай өндірісі соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда шамамен тәулігіне 14,5 млн баррельге немесе 57%-ға қысқарды. Қалпына келу қарқыны құбырлардың өткізу қабілетіне, танкерлердің қолжетімділігіне және ұңғымалардың дебитіне байланысты.

🌟Сонымен қатар, аймақтағы танкерлердің бос сыйымдылығы соғыс басталғалы шамамен 50%-ға немесе 130 млн баррельге азайып, бұғаз қауіпсіз ашылғаннан кейін де логистикалық қиындықтар туғызуы мүмкін.

🔍🔍ескертуінше, бұғаз неғұрлым ұзақ жабық тұрса, өндірісті қалпына келтіру соғұрлым баяу болады. Себебі ұңғымалардың ұзақ уақыт тоқтап тұруы қабаттарда қиындықтар туғызып, қайта іске қосу алдында қымбат жұмыстарды талап етеді.

🛢️Тіпті оптимистік сценарийде де 🔍🔍 бағалауынша, бұғаз ашылғаннан кейін 3 ай ішінде жоғалған өндірістің тек 70%-ы, ал 6 айда 88%-ы ғана қалпына келеді. Толық қалпына келу бірнеше тоқсанға созылуы мүмкін.

🅱
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙃
Brent $107,9
Cpc blend $120,8
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Иран билігі Пәкістан арқылы АҚШ-қа жаңа жоспар жолдады.

AXIOS мәліметінше, Тегеран соғысты тоқтатып, Ормұз бұғазын ашуға дайын. Бірақ басты «тұзақ» - ядролық бағдарламаны талқылауды кейінге қалдырғысы келеді.

Негізгі оқиғалар желісі:

👤Трамптың жауабы:
«18 сағат ұшып барып, жай отырудың мәні жоқ. Сөйлескілері келсе -телефон соқсын». Дональд Трамп Пәкістанға өкілдерін жіберуден бас тартып, «темір» тактикасына көшті.


🇺🇸Ақ үйдің «Situation Room» жиыны: Бүгін, 27 сәуірде, Трамп кеңесшілерімен Иран мұнайын толық бұғаттауды талқылайды. Мақсат-Тегеранды бұдан да қатал шарттарға көндіру.

🇷🇺Мәскеуден көмек іздеу: АҚШ-пен тіл табыса алмаған Иран СІМ басшысы Арагчи бүгін Мәскеуде Путинмен кездеседі. Олар Оман мен Ресей арқылы блокададан шығудың амалын қарастырмақ.

Айтпақшы, сәрсенбі күні осы қақтығысқа дәл 2 ай толады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Теңге close бойынша 18 айлық рекордты жаңартты. Бүгінгі доллардың ең арзан бағасы 457 теңге.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
460 ..🏃‍♂️ ……..450
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿455,20 minimum
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Трамп және ФРЖ: Орталық банктің тәуелсіздігіне қауіп төніп тұр ма?


Саясаткерлер әдетте инфляция үшін біреуді кінәлағысы келсе де, Американың Орталық банкі Федералды резерв жүйесіне (ФРЖ) соқтықпауға тырысатын. Бірақ 👤Дональд Трамп бұл дәстүрді бұзды. Ол пайыздық мөлшерлемелерді «тым жоғары» деп санап, ФРЖ басшысы Джером Пауэллді балағаттаумен келеді.

Не болып жатыр?
🔵ФРЖ қысымға қарамастан өз тәуелсіздігін қорғап қалуға тырысуда.
🔴Жоғарғы сот Трампқа ФРЖ басшыларын себепсіз жұмыстан шығаруға рұқсат бермеуі мүмкін.
🟣Нарық Трамптың бұл шабуылдарына көңіл бөлуді қойған.

Жаңа үміткер➡️Кевин Уорш

Ⓜ The Economist мәліметінше, Трамп Пауэллдің орнына Кевин Уоршты ұсынбақ. Уорш Орталық банкте «режимді ауыстыру» қажеттігін айтып, Трамптың көңілінен шығуға тырысып жүр. Тіпті Сенаттағы тыңдауда Трамп жақтастарының сеніміне кіру үшін 2020 жылғы сайлау нәтижесі туралы ашық жауаптан қашқан.

Уорш ФРЖ-ны түбегейлі өзгерте ала ма?

Сарапшылардың пікірінше, оның қолы байлаулы болуы мүмкін:

1️⃣Жалғыз шешім қабылдай алмайды: Кез келген маңызды қадам үшін басқарушылар кеңесінің көпшілік дауысы керек.

2️⃣Кедергілер көп: Пауэлл мен Байден тағайындаған мүшелер Трамптың еркіне тосқауыл қою үшін өз орындарында қала бермек.

3️⃣Идеялары ескірген: Ол ұсынып отырған реформалардың көбі не орындалып қойған, не Орталық банк басшысының құзыретіне кірмейді.

Негізгі қауіп неде?
Кевин Уорш мекемені толық өзгерте алмаса да, оның ішіндегі ахуалды қиындатуы мүмкін. Егер Трамптың қалауын орындай алмаса, кінәні әріптестеріне аударып, мекеме ішінде жік салуы ықтимал.


Кейбір мәлімеметтер бойынша жақын күндері ФРЖ төрағасы 👤Пауэлдің орнын Уорш басқарады деп отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔍QazStat бүгін өңірлердің экономикасын шығарды

Үш ірі қала, орталық/батыс/шығыс/оңтүстік/солтүстік бойынша түске боялған

🇰🇿 Алматының ЖӨӨ $71, млрд асты. 🇰🇿Астана екі есе кіші. Ал 🇰🇿Шымкент 6,5 есе аз.


Осы апта жан басына шаққанда ЖӨӨ және динамиканы талдаймыз, тағы инфографика болады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌟Мұнай 115 доллар: Трамп мұнай алпауыттарымен шұғыл кездесу өткізді

Иранмен арадағы шиеленіс пен Таяу Шығыстағы жеткізілімнің іркілуі мұнай бағасын шарықтатып жіберді. Осыған байланысты Дональд Трамп Ақ үйде Chevron секілді ірі компания басшыларымен жабық жиын өткізді.

💧Баға рекорды: АҚШ-та бензин бағасы 2022 жылдан бергі ең жоғары деңгейге ($4,18) жетті. Трамп бұл жағдайдың саяси салдарынан қауіптенеді.

Ормуз бұғазы: Әлемдік мұнайдың 25%-ы өтетін бұл жолдың жабылу қаупі бағаны көпжылдық максимумға көтерді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM