КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.56K subscribers
774 photos
128 videos
1 file
119 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
🔹 Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың бас маманы-сот отырысының хатшысы Д. Зинешованың «Заң» баспасына берген мақаласы жарық көрді.

Өз мақаласында:
«Конституциялық реформалар –бұл тек құқықтық өзгерістер жиынтығы емес, бұл – мемлекет пен қоғам дамуының сапалы жаңа кезеңге өтуінің көрінісі»

екенін атап өтті.

🖇️Толығырақ «ЗАҢ» газетінде

https://zangazet.kz/zaң-gazeti-№48-3875-30-mausym-2026/

Кассациялық соттар Департаменті

***

🔹Опубликована статья главного специалиста — секретаря судебного заседания Кассационного суда по гражданским делам Д. Зинешовой, подготовленная для издательства «ЗАҢ».

В своей статье она отметила:

«Конституционные реформы — это не просто совокупность правовых изменений, а отражение перехода государства и общества на качественно новый этап развития».


🖇️ Подробнее — в газете «ЗАҢ».

https://zangazet.kz/zaң-gazeti-№48-3875-30-mausym-2026/

Департамент кассационных судов
👍16❤2
Құрметті қазақстандықтар!

🔹Сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

🔹Астана – Тәуелсіз Қазақстанның жарқын символы, елдің қарқынды дамуы мен жасампаздық рухының көрінісі. Елордамыз мемлекетіміздің өркендеуіне, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің нығаюына қызмет етіп келеді.

🔹Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, еңбектеріңізге толайым табыс тілейміз. Еліміздің еңсесі биік, елордамыздың мерейі үстем болып, Астана әрдайым өсіп-өркендей берсін!

🔹Астана күні құтты болсын!

Құрметпен, Кассациялық соттар және Кассациялық соттар Департаменті
👏8
Уважаемые казахстанцы!

🔹Примите искренние поздравления с государственным праздником — Днём столицы Республики Казахстан!


🔹Астана является символом независимости, созидания и динамичного развития нашей страны, воплощением стремления к процветанию, единству и укреплению государственности.

🔹В этот праздничный день желаем всем гражданам крепкого здоровья, мира, благополучия, уверенности в завтрашнем дне и новых достижений во благо Республики Казахстан. Пусть наша столица и впредь развивается, сохраняя статус современного центра государственного управления, правосудия и общественного согласия.

С праздником! С Днём столицы!

С уважением, Кассационные суды и Департамент Кассационных судов
👍3
👍6🔥1👏1🎉1
Кассациялық сот ЖШС-тің құқықтарын қорғады

🔹 АҚ сотқа ЖШС-ті мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қоюмен жүгінді.

🔹 Сотта мемлекеттік мекемк жариялаған «Әкімшілік және өндірістік ғимараттар кешенін өрттен қорғау бойынша қызмет көрсету» конкурсына екі әлеуетті өнім беруші, атап айтқанда: ЖШС-1 және ЖШС-2 қатысқаны анықталды.

🔹 Конкурс өткізілмеді деп танылып, оған бірде-бір әлеуетті өнім беруші қатысуға жіберілмеген.

Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.

🔹 Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың шешімін бұзып, жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талабын қанағаттандыра отырып, автокөліктің қолданыстағы техникалық қарап-тексеру мерзімі 2024 жылғы 1 желтоқсанда аяқталғанын және жауапкердің конкурсқа қатысу сәтінде 2024 жылға арналған техникалық қарап-тексеру жарамсыз болғанын негізге алған.

🔹 Алайда жауапкер конкурстық өтінімге даулы көлік құралының 2024 жылы техникалық қарап-тексеруден өткенін растайтын диагностикалық картаны қоса ұсынған. Аталған карта 2024 жылғы 2 желтоқсанда берілген, ал келесі техникалық қарап-тексеруден өту мерзімі 2025 жылғы 2 желтоқсан деп көрсетілген. Бұл құжат техникалық қарап-тексеруден өткенін растайды және біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

🔹 Апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымдары диагностикалық картаның тіркелмегеніне негізделген. Алайда өтінімге қойылатын талаптарға сәйкес ағымдағы жылы техникалық қарап-тексеруден өткенін растайтын құжат қоса берілуі тиіс еді, жауапкер дәл осы талапты орындаған. Бұл ретте жауапкерде диагностикалық картаны тіркеу және тіркеу органда мәліметтер енгізу жөніндегі өкілеттігі болмаған.

🔹 Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректерін және техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасында қамтылған мәліметтерді ЕИСТО-ға енгізуді қамтамасыз ету техникалық қарап-тексеру операторының міндетіне жатады.

🔹 Кез келген кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану — оның іскерлік беделі мен шаруашылық қызметіне теріс әсер етуі мүмкін қолайсыз құқықтық салдар туындататын шара.

🔹 Конкурстың өткізілмеді деп танылғанын, шарттың жасалмағанын және талап қоюшы үшін қандай да бір теріс салдардың болмағанын ескере отырып, кассациялық сатыдағы сот апелляциялық сатыдағы соттың қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырды.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот
👏7✍1🔥1🎉1
Кассационный суд защитил права ТОО

🔹АО обратилось в суд с иском о признании ТОО недобросовестным участником государственных закупок.

🔹Судом установлено, что в объявленном ГУ конкурсе «Услуга по охране от пожара комплекса административных и производственных зданий» приняло участие два потенциальных поставщика, а именно: ТОО 1 и ТОО 2.

🔹Конкурс признан несостоявшимся, к его участию не допущен ни один потенциальный поставщик.
Решением суда первой инстанции отказано в удовлетворении иска.

🔹Суд апелляционной инстанции, отменяя решение суда первой инстанции и удовлетворяя иск АО о признании ТОО недобросовестным участником государственных закупок, исходил из того, что срок действовавшего технического осмотра автотранспорта истек 1 декабря 2024 года и на момент участия ответчика в конкурсе технический осмотр за 2024 года был недействительным.

🔹Между тем, ответчиком к конкурсной заявке была приложена диагностическая карта о прохождении технического осмотра спорного транспортного средства в 2024 году: дата выдачи 2 декабря 2024 года, срок следующего прохождения 2 декабря 2025 года, подтверждающая прохождение технического осмотра, что соответствует квалификационным требованиям.

🔹Выводы суда апелляционной инстанции построены на отсутствии регистрации диагностической карты, тогда как согласно требованиям к заявке должен быть приложен подтверждающий документ о прохождении технического осмотра за текущий год, что и было сделано ответчиком, у которого отсутствуют полномочия регистрации диагностической карты, внесение данных в ЕИСТО.

🔹Обеспечение внесения данных свидетельства о государственной регистрации транспортного средства и сведений, содержащихся в диагностической карте тех.осмотра, в ЕИСТО является обязанностью оператора технического осмотра.

🔹Признание любого субъекта предпринимательства недобросовестным участником государственных закупок - нежелательный акт, который может сказаться на его деловой репутации и хозяйственной деятельности.

🔹Принимая во внимание тот факт, что конкурс признан несостоявшимся, договор не заключался, отсутствие негативных последствий для истца, суд кассационной инстанции отменил постановление суда апелляционной инстанции с оставлением в силе решения суда первой инстанции.

Кассационный суд по гражданским делам
👏9❤2🔥1🥰1🎉1
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен қаралатын даулар бойынша сот практикасына талдау жүргізді

🔹 Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот тараптардың бірі ретінде жергілікті мемлекеттікбасқару және өзін-өзі басқару органдарықатысатын даулар бойынша сот практикасынаталдау жүргізді. Зерттеу кассациялық сатыда 2025 жылы қаралған сот істерін қамтыды. Талдау«Төрелік» ақпараттық жүйесіндегі сот актілерінің негізінде дайындалды.

🔹 Талдаудың негізгі мақсаты қалыптасқан сот тәжірибесін зерделеу, сот актілерін өзгертусебептерін анықтау, проблемалық мәселелерді белгілеу, сондай-ақ заңнаманы біркелкі қолданудықамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар әзірлеу болды.

🔹 Талдау сот даулары негізінде заңнама талаптарынасәйкес шешілетінін көрсетті. Анықталғанбұзушылықтар кассацияда сот актілерін өзгерту не жаңа шешім қабылдау арқылы уақтылы жойылып отырған.

🔷 Жүргізілген талдау нәтижелері бойыншакассациялық сот мынадай қорытындыларға келді.

🔹 Құқық қолдану практикасындағы негізгіпроблемалардың бірі — жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен қаралатын дауларда тиісті талап қоюшыны немесе жауапкерді айқындауда бірыңғай тәсілдің болмауы анықталды.

🔹 Талдауда әкімдіктердің, әкімдердің, әкім аппараттарының, мемлекеттік мекемелердің және мәслихаттардың процестік өкілеттіктері егжей-тегжейлі ажыратылған. Жер дауларын, коммуналдық меншікті басқару мәселелерін, мүлікті иесіз деп тану және жергілікті атқарушы органның қатысуымен қаралатын өзге де істерді қарау кезінде, әдетте, заңды тұлға мәртебесінің болмауына қарамастан, тиісті тарап ретінде алқалы атқарушы орган — әкімдік танылатыны атап өтілді.

🔹 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 1-бабының 2) тармақшасына сәйкес, әкімаппараты — жергілікті атқарушы органның, ол құрылған жағдайда, әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялардыжүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.

🔹 Мемлекеттік мекемелер, оның ішінде «Әкімаппараты» ММ және салалық басқармаларөздерінің шаруашылық қызметіне байланыстымүліктік, шарттық, еңбек және өзге де даулар бойынша тарап ретінде қатысуға тиіс.

🔹 Осылайша, «Әкім аппараты» ММ жоғарыдакөрсетілген санаттардан басқа істер бойынша тарап бола алмайды.

🔹 Өз кезегінде әкім, әкімдік тек өздері қабылдағанжеке-дара, алқалы шешімдерге, өкімдерге, әрекеттерге немесе әрекетсіздікке байланысты істер бойынша ғана тиісті тарап ретінде қатысады.

🔹 Сонымен қатар, талдауда әкімшілік және азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жататын істерсанаттары ажыратылған, бұл бірыңғай сот практикасын қалыптастыру үшін маңызды мәнгеие.

🔹 Талдау қорытындысы бойынша сот процесінеқатысушылардың процестік мәртебесін дұрыс айқындау жөнінде практикалық ұсынымдар тұжырымдалды. Бұл істерді қарау кезінде қателіктерге жол бермеуге және азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың құқықтарын сот арқылы қорғаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

🔹 Талдау нәтижелері Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың пленарлық отырысында талқыланып, одан әрі пайдалану және бірыңғай сот практикасын қалыптастыру мақсатында соттың ресми сайтында орналастырылды.

🔷 Толық талдау мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады:

https://kass.sud.kz/rus/content/obobshcheniya-po-grazhdanskim-delam
👍2🔥1
Кассационный суд по гражданским делам проанализировал судебную практику по спорам с участием местных исполнительных органов

🔹 Кассационным судом по гражданским делам проведен анализ судебной практики по спорам, одной из сторон в которых выступают органы местного государственного управления и самоуправления. Исследование охватило судебные дела, рассмотренные кассационной инстанцией в 2025 году. Анализ подготовлен на основе судебных актов, размещенных в информационной системе «Төрелік».

🔹 Основной целью стало изучение сложившейся судебной практики, выявление причин изменения судебных актов нижестоящих судов, определение проблемных вопросов, а также выработка предложений, направленных на обеспечение единообразного применения законодательства.

🔹 Анализ показал, что в целом судебные споры разрешаются в соответствии с требованиями законодательства. Выявленные нарушения своевременно устранялись кассационным судом путем изменения судебных актов либо принятия нового решения.

🔷 По результатам проведенного анализа, кассационный суд пришел к следующим выводам.

🔹 Анализ выявил одну из ключевых проблем правоприменительной практики — отсутствие единообразного подхода к определению надлежащего истца или ответчика в спорах с участием местных исполнительных органов.

🔹 В анализе подробно разграничены процессуальные полномочия акиматов, акимов, аппаратов акимов, государственных учреждений и маслихатов. Отмечено, что при рассмотрении земельных споров, вопросов управления коммунальной собственностью, признания имущества бесхозяйным и других дел с участием местного исполнительного органа, надлежащей стороной, как правило, является именно акимат как коллегиальный исполнительный орган, несмотря на отсутствие у него статуса юридического лица.

🔹 Согласно пункту 2) статьи 1 Закона «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» аппарат акима – государственное учреждение, обеспечивающее деятельность местного исполнительного органа (в случае его создания), акима и осуществляющее иные функции, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

🔹 Государственные учреждения (ГУ «Аппараты Акима»), включая отраслевые управления, должны выступать сторонами по имущественным, договорным, трудовым и иным спорам, связанным с их хозяйственной деятельностью.

🔹 Таким образом, ГУ «Аппарат акима» не может быть стороной по иным категориям дел, кроме указанных выше.

🔹 В свою очередь аким, акимат выступает надлежащей стороной только по делам, связанным с принятыми ими персональными, коллегиальными решениями, распоряжениями, действиями или бездействием.

🔹 Кроме того, в анализе проведено разграничение категорий дел, подлежащих рассмотрению в порядке административного и гражданского судопроизводства, что имеет важное значение для формирования единообразной судебной практики.

🔹 По итогам анализа сформулированы практические рекомендации по правильному определению процессуального статуса участников судебного процесса, что позволит исключить ошибки при рассмотрении дел и повысить эффективность судебной защиты прав граждан, юридических лиц и государственных органов.

🔹 Результаты анализа обсуждены на пленарном заседании Кассационного суда по гражданским делам и размещен на сайте суда для дальнейшегоиспользования и формирования единообразной судебной практики.

🔷 С полным текстом анализа можно ознакомиться по ссылке: Кассационный суд по гражданским делам проанализировал судебную практику по спорам с участием местных исполнительных органов

🔹 Кассационным судом по гражданским делам проведен анализ судебной практики по спорам, одной из сторон в которых выступают органы местного государственного управления и самоуправления. Исследование охватило судебные дела, рассмотренные кассационной инстанцией в 2025 году. Анализ подготовлен на основе судебных актов, размещенных в информационной системе «Төрелік».
👍4❤1
🔹 Основной целью стало изучение сложившейся судебной практики, выявление причин изменения судебных актов нижестоящих судов, определение проблемных вопросов, а также выработка предложений, направленных на обеспечение единообразного применения законодательства.

🔹 Анализ показал, что в целом судебные споры разрешаются в соответствии с требованиями законодательства. Выявленные нарушения своевременно устранялись кассационным судом путем изменения судебных актов либо принятия нового решения.

🔷 По результатам проведенного анализа, кассационный суд пришел к следующим выводам.

🔹 Анализ выявил одну из ключевых проблем правоприменительной практики — отсутствие единообразного подхода к определению надлежащего истца или ответчика в спорах с участием местных исполнительных органов.

🔹 В анализе подробно разграничены процессуальные полномочия акиматов, акимов, аппаратов акимов, государственных учреждений и маслихатов. Отмечено, что при рассмотрении земельных споров, вопросов управления коммунальной собственностью, признания имущества бесхозяйным и других дел с участием местного исполнительного органа, надлежащей стороной, как правило, является именно акимат как коллегиальный исполнительный орган, несмотря на отсутствие у него статуса юридического лица.

🔹 Согласно пункту 2) статьи 1 Закона «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» аппарат акима – государственное учреждение, обеспечивающее деятельность местного исполнительного органа (в случае его создания), акима и осуществляющее иные функции, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

🔹 Государственные учреждения (ГУ «Аппараты Акима»), включая отраслевые управления, должны выступать сторонами по имущественным, договорным, трудовым и иным спорам, связанным с их хозяйственной деятельностью.

🔹 Таким образом, ГУ «Аппарат акима» не может быть стороной по иным категориям дел, кроме указанных выше.

🔹 В свою очередь аким, акимат выступает надлежащей стороной только по делам, связанным с принятыми ими персональными, коллегиальными решениями, распоряжениями, действиями или бездействием.

🔹 Кроме того, в анализе проведено разграничение категорий дел, подлежащих рассмотрению в порядке административного и гражданского судопроизводства, что имеет важное значение для формирования единообразной судебной практики.

🔹 По итогам анализа сформулированы практические рекомендации по правильному определению процессуального статуса участников судебного процесса, что позволит исключить ошибки при рассмотрении дел и повысить эффективность судебной защиты прав граждан, юридических лиц и государственных органов.

🔹 Результаты анализа обсуждены на пленарном заседании Кассационного суда по гражданским делам и размещен на сайте суда для дальнейшего использования и формирования единообразной судебной практики.

📎 С полным текстом анализа можно ознакомиться по ссылке:

https://kass.sud.kz/rus/content/obobshcheniya-po-grazhdanskim-delam
👍2🔥1
Кассациялық сот мектеп директоры лауазымына конкурс өткізу туралы дауды қарау кезінде заңдылықты қалпына келтірді

🔹 Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты С.-ның Түркістан облысының білім басқармасына мемлекеттік мектеп директорының бос лауазымына орналасуға арналған конкурстың қорытындыларын шығару бөлігінде конкурстық комиссия хаттамасын заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы әкімшілік ісін қарады.

🔹 Бұған дейін бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырып, конкурстық комиссия хаттамасын заңсыз деп таныған. Апелляциялық саты аталған шешімнің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан.

🔷 Кассациялық қайта қарау нәтижелері бойынша сот конкурсты ұйымдастыру және өткізу кезінде заңнама талаптары мен мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау қағидаларының елеулі түрде бұзылғаны туралы қорытындыға келді. Аталған бұзушылықтар конкурстық рәсімді заңдылық, ашықтық және жариялылық қағидаттарына сәйкес келеді деп тануға мүмкіндік бермеген.

🔹 Атап айтқанда, белгіленген талаптарға қарамастан, конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланбаған, бұл конкурсқа қатысуы мүмкін барлық тұлғалардың тиісінше хабардар етілуін қамтамасыз етпеген.

🔹 Сот талқылауы барысында конкурстық комиссия отырысының аудио- және бейнежазбасы үзілістермен жүргізілгені және конкурсты өткізу процесін толық қамтымағаны да анықталды. Іс материалдарында комиссия мүшелерінің кандидаттарды бағалау нәтижелерін талқылауы, балл қоюы және бағалау парақтарын толтыруы жөніндегі жазбалар болмаған. Соттың отырыстың толық жазбасын ұсыну туралы ұсынысына қарамастан, жауапкер тек кандидаттармен әңгімелесу барысының үзіндісін ғана ұсынған, бұл конкурстық комиссияның шешім қабылдау рәсімінің сақталғанын тексеруге мүмкіндік бермеген.

🔷 Кассациялық сот заңда белгіленген конкурс өткізу рәсімін сақтау формальдылық емес, конкурстық іріктеудің ашықтығын, объективтілігін және әділдігін қамтамасыз етудің міндетті кепілі екенін атап өтті. Конкурстық рәсімдердің ашықтығы, оларды кейіннен тексеру мүмкіндігі және заңнамада көзделген барлық талаптардың мүлтіксіз сақталуы конкурс нәтижелерінің заңдылығының қажетті шарттары болып табылады.

🔹 Кассациялық соттың қаулысымен апелляциялық сатының қаулысы жойылып, бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылды.

🔹 Сонымен бірге бірінші сатыдағы сот шешімінің қарар бөлігінен конкурстық комиссияға әңгімелесудің қайталама кезеңін өткізу міндетін жүктеу туралы нұсқау алып тасталды. Кассациялық сот анықталған бұзушылықтар конкурс жарияланған сәттен бастап орын алғанын және конкурстық рәсімді тұтастай қамтығанын атап өтті. Мұндай мән-жайларда әңгімелесуді қайта өткізу жол берілген бұзушылықтарды жоя алмайды және конкурстық рәсімнің заңдылығын қалпына келтіруді қамтамасыз ете алмайды.

Әкімшілік істер жөніндегі Кассациялық сот
👏3👍2🔥1
Кассационный суд восстановил законность при рассмотрении спора о проведении конкурса на должность директора школы

🔹 Кассационный суд по административным делам Республики Казахстан рассмотрел административное дело по иску С. к Управлению образования Туркестанской области о признании незаконным и отмене протокола конкурсной комиссии в части подведения итогов конкурса на замещение вакантной должности директора государственной школы.

🔹 Ранее суд первой инстанции удовлетворил иск, признав протокол конкурсной комиссии незаконным. Апелляционная инстанция отменила это решение и отказала в удовлетворении исковых требований.

🔷 По результатам кассационного пересмотра суд пришел к выводу, что при организации и проведении конкурса были допущены существенные нарушения требований законодательства и Правил назначения на должности первых руководителей государственных организаций образования. Эти нарушения не позволяли признать конкурсную процедуру соответствующей принципам законности, открытости и прозрачности.

🔹 В частности, вопреки установленным требованиям объявление о проведении конкурса не было опубликовано в официальных аккаунтах государственного органа в социальных сетях, что не обеспечило надлежащего информирования всех потенциальных участников конкурса.

🔹 В ходе судебного разбирательства также установлено, что аудио- и видеозапись заседания конкурсной комиссии велась с прерываниями и не охватывала весь процесс проведения конкурса. В материалах дела отсутствовали записи обсуждения членами комиссии результатов оценки кандидатов, выставления баллов и заполнения оценочных листов. Несмотря на предложение суда представить полную запись заседания, ответчиком был предоставлен лишь фрагмент собеседования с кандидатами, который не позволял проверить соблюдение процедуры принятия решения конкурсной комиссией.

🔷 Кассационный суд подчеркнул, что соблюдение установленной законом процедуры проведения конкурса является не формальностью, а обязательной гарантией обеспечения открытости, объективности и справедливости конкурсного отбора. Прозрачность конкурсных процедур, возможность их последующей проверки и неукоснительное соблюдение всех предусмотренных законодательством требований являются необходимыми условиями законности результатов конкурса.

🔹 Постановлением кассационного суда постановление апелляционной инстанции отменено, а решение суда первой инстанции оставлено в силе.

🔹 Вместе с тем из резолютивной части решения суда первой инстанции исключено указание об обязанности конкурсной комиссии провести повторный этап собеседования. Кассационный суд отметил, что выявленные нарушения были допущены с момента объявления конкурса и затронули конкурсную процедуру в целом. При таких обстоятельствах проведение повторного собеседования не могло устранить допущенные нарушения и обеспечить восстановление законности конкурсной процедуры.

Кассационный суд по административным делам
❤6👍3🔥1
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот сенімхатты даулау мәселелері бойынша талдау жүргізді

🔹 Талдау барысында бір жағдайларда сенімхатты жарамсыз деп тану туралы талап қоюды қабылдаудан оның тоқтатылуына, сол сенімхат негізінде мәміле жасалуына және шарттың өзін даулау мүмкіндігінің болуына байланысты бас тартылғаны анықталды.

🔹 Басқа жағдайларда соттар мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаптарды қанағаттандырудан бас тартқан, себебі мәміле жасалуына негіз болған сенімхат ешкіммен дауланбаған.

🔷 Талдау нәтижелері бойынша кассациялық сот сенімхаттың қандай жағдайларда сот тәртібімен даулануға жататынын нақты ажыратты. Атап айтқанда, сенімхат өзінің құқықтық табиғаты бойынша біржақты мәміле болып табылатыны атап өтілді. Сондықтан сенімхаттың нысанына, мазмұнына, сондай-ақ сенім білдірушінің ерік білдіру еркіндігіне қойылатын талаптар бұзылған жағдайда, ол мүдделі тұлғаның арызы бойынша сотта дауланып, жарамсыз деп танылуы мүмкін.

🔹 Бұл ретте арыз беруші сот арқылы қорғалуға жататын өзінің құқықтық мүддесінің бар екенін дәлелдеуге міндетті, өйткені сенімхаттың берілуі өздігінен әрдайым үшінші тұлғалардың құқықтарын бұза бермейді.

🔹 Егер сенімхат қолайсыз құқықтық салдарға әкеп соқпаса және оның негізінде заңсыз мәмілелер не өзге де әрекеттер жасалмаса, оны жарамсыз деп тану туралы талап азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды. Мұндай жағдайда сенім білдіруші сенімхатты кері қайтарып алу құқығын пайдалана алады.

🔷 Сонымен бірге, егер сенімхат негізінде мәміле, мысалы сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбас шарты не талап қоюшының құқықтарын қозғайтын өзге де заңдық мәні бар әрекеттер жасалған болса, мүдделі тұлға негізгі мәмілені де, сенімхаттың өзін де даулай алады. Мұндай жағдайларда соттар талап қоюды қабылдап, талаптарды мәні бойынша қарауға тиіс.

🔹 Талдауда сенімхаттың тоқтатылуы оны жарамсыз деп танумен тең емес екені ерекше атап өтілді. Сенімхаттың тоқтатылуы өкілдің болашақтағы өкілеттіктерін тоқтатады, ал сенімхатты жарамсыз деп тану оның берілген сәтінен бастап заңдық күші болмағанын білдіреді. Сондықтан сенімхат мерзімінің өтуі, оның күшін жою немесе оны тоқтатудың өзге де негіздері, егер бұған дейін сенім білдірушінің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасалған болса, талап қоюды қабылдаудан бас тартуға әрдайым негіз бола алмайды.

🔹 Сенімхаттың жарамсыздығының негіздеріне де жеке назар аударылды. Оларға сенімхаттың берілген күнінің көрсетілмеуі, нотариаттық нысан сақталмауы, егер мұндай нысан міндетті болса, тараптарды немесе өкілеттіктердің мазмұнын анықтау мүмкін еместігі, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де жалпы негіздер жатады.

🔷 Талдау қорытындысы бойынша заңнаманы біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатында сенімхатты дербес даулау бойынша практикалық мысалдар тұжырымдалды.

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот
👍6✍1🔥1🤝1🤗1
Кассационный суд по гражданским делам провел анализ по вопросам оспаривания доверенности

🔹 Анализом установлено, что в одних случаях в принятии иска о признании доверенности недействительной отказывали, ввиду ее прекращения и заключения на основании нее сделки и наличия возможности оспаривания самого договора.

🔹 В других случаях суды отказывали в удовлетворении требований о признании сделки недействительной, поскольку никем не оспорена доверенность, на основании которой она совершена.

🔷 По результатам анализа кассационный суд четко разграничил в каких случаях доверенность подлежит оспариванию в судебном порядке. В частности, отмечено, что доверенность по своей юридической природе является односторонней сделкой. Поэтому при нарушении требований к форме, содержанию доверенности, а также к свободе и волеизъявлению доверителя она может быть оспорена в суд и признана недействительной по заявлению заинтересованного лица.

🔹 При этом заявитель обязан доказать наличие собственного правового интереса, подлежащего судебной защите,так как сама по себе выдача доверенности не всегда нарушает права третьих лиц.

🔹 Если она не повлекла неблагоприятных последствий и на ее основании не совершены незаконные сделки либо иные действия, требование о признании ее недействительной не подлежит рассмотрению в порядке гражданского судопроизводства. В этом случае доверитель вправе воспользоваться правом отзыва доверенности.

🔷 Вместе с тем, если на основании доверенности уже совершена сделка, например договор купли-продажи, дарения, мены либо иные юридически значимые действия, затрагивающие права истца, заинтересованное лицо вправе оспорить как основную сделку, так и доверенность. В этих случаях суды должны принять иск и рассмотреть требования по существу.

🔹 В анализе подчеркнуто, что прекращение действия доверенности не тождественно признанию ее недействительной. Прекращение доверенности прекращает полномочия представителя в будущем, тогда как признание доверенности недействительной означает отсутствие ее юридической силы с момента выдачи. Поэтому истечение срока, отмена доверенности или иные основания ее прекращения не всегда являются основанием для отказа в принятии иска, если ранее совершены нарушающие права доверителя действия.

🔹 Отдельное внимание уделено основаниям недействительности доверенности, как отсутствие даты выдачи, несоблюдение нотариальной формы, когда она обязательна, невозможность определить стороны или содержание полномочий, а также иные общие основания, предусмотренные законодательством.

🔷 По итогам анализа сформулированы практические примеры самостоятельного оспаривания доверенности, для обеспечения единообразного применения законодательства.

Кассационный суд по административным делам
👍10❤1🔥1👏1🎉1
Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты жер учаскелеріне бұрын берілген құқықты жою туралы дауды қарады

🔹 Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты В. мен Серіктестіктің Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкіміне жер учаскелеріне бұрын берілген құқықты жою туралы қаулыны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы әкімшілік ісін қарады.

🔹 Сотқа жүгінуге Теміртау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі қаулысы негіз болған. Аталған қаулымен әкімдіктің 2006 жылғы 5 қаңтардағы В.-ға бес жер учаскесіне меншік құқығын беру туралы қаулысының жекелеген ережелері жойылған.

🔹 Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюларды қанағаттандырудан бас тартқан. Талап қоюшылар сот актілеріне кассациялық тәртіппен шағымданған.

🔷 Кассациялық сот даулы жер учаскелері В.-ға 2006 жылы берілгенін, кейін әкімдік пен меншік иесі арасында сатып алу-сату шарты жасалғанын анықтады. Кейіннен жер учаскелері серіктестікке сатылып, онда сауда-ойын-сауық орталығы салынып, пайдалануға берілген.

🔷 Кассациялық сатыдағы сот әкімдік даулы қаулыны қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын бұзған деген қорытындыға келді.

🔹 Атап айтқанда, ауыртпалық салатын әкімшілік актіні шығарар алдында заңда көзделген тыңдау рәсімі өткізілмеген. Бұл рәсім шеңберінде әкімшілік рәсімге қатысушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі берілуге тиіс. Бұл ретте әкімшілік актіде тыңдаудың өткізілмеу себептері көрсетілмеген.

🔷 Кассациялық сот тыңдау рәсімін сақтау әкімшілік рәсімге қатысушылардың құқықтарын қорғаудың міндетті кепілдігі екенін, ал оны елемеу әкімшілік актінің заңсыздығына әкеп соғатынын атап өтті.

🔹 Сонымен қатар, сот жер учаскелеріне меншік құқығы туындап, мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін атқарушы органның жерге құқық беру туралы бұрын қабылданған шешімді өз бетінше жоюға құқығы жоқ екенін көрсетті. Мұндай даулар тек сот тәртібімен шешілуге тиіс.

🔹 Сондай-ақ кассациялық сот төменгі сатыдағы соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуға негіз ретінде сілтеме жасаған азаматтық іс бойынша сот актілерінің кейіннен азаматтық істер жөніндегі кассациялық сатыда күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданғанын ескерді.

🔷 Істі қарау қорытындысы бойынша кассациялық сот бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот актілерін жойып, талап қоюларды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдады.

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот
🔥1