КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.57K subscribers
774 photos
128 videos
1 file
119 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
Кассациялық соттар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

🔹Кәсіби мерекеге орай кассациялық соттар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін құттықтап, олардың объективті әрі бейтарап қызметі, сондай-ақ ашық ақпараттық кеңістікті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.

🔹Құттықтауда журналистердің қоғамды шынайы әрі жедел ақпаратпен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратыны, жариялылық қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және мемлекеттік институттарға деген қоғамдық сенімді қалыптастыруға зор үлес қосатыны атап өтілді.

🔹Кассациялық соттар журналистер қауымына өз кәсібіне деген жауапкершілігі, жоғары кәсіби этика қағидаттарына адалдығы және сот жүйесімен сындарлы өзара іс-қимылы үшін алғыстарын жеткізді.

🔹Іс-шара соңында журналистерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, шығармашылық шабыт, кәсіби қызметтеріне толағай табыс және қоғам игілігі жолындағы еңбектеріне жаңа жетістіктер тілінді.

Кассациялық соттардың баспасөз қызметі
👍5👏1
Кассационные суды поздравили представителей средств массовой информации

🔹В честь профессионального праздника кассационные суды поздравили представителей средств массовой информации, выразив искреннюю признательность за их объективность и вклад в развитие открытого информационного пространства.

🔹В поздравлении отмечено, что журналисты играют важную роль в обеспечении общества достоверной и своевременной информацией, способствуют укреплению принципов гласности, повышению правовой культуры граждан и формированию общественного доверия к государственным институтам.

🔹Кассационные суды выразили благодарность журналистскому сообществу за ответственное отношение к профессии, приверженность высоким стандартам профессиональной этики и конструктивное взаимодействие с судебной системой.

🔹В завершение организаторы мероприятия пожелали журналистам крепкого здоровья, благополучия, новых профессиональных достижений, вдохновения и дальнейших успехов в работе на благо общества.

Пресс-служба кассационных судов
👍5
Кассациялық соттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша семинар өтті

🔹Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге бағытталған жуырда қабылданған заңнамалық жаңашылдықтар қарастырылды.

🔹Атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуге, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу тетіктерін жетілдіруге, әдеп жөніндегі уәкілдердің, персоналды басқару қызметтерінің рөлін арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулер мен оларды сақтамағаны үшін жауапкершілікті енгізуге ерекше назар аударылды.

🔹Сонымен қатар, қатысушыларға пара беруге уәде ету, пара ұсыну және пара талап ету үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзгерістер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікті күшейтуге, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердегі кадрлық процестерді цифрландыруға қатысты заңнамалық жаңашылдықтар түсіндірілді.

🔹Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар заңнамадағы өзгерістерді уақтылы зерделеу мен оларды практикада тиімді қолданудың заңдылық, адалдық қағидаттарын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

Кассациялық соттардың баспасөз қызметі
👍4
В кассационном суде состоялся семинар по вопросам совершенствования антикоррупционного законодательства

🔹В ходе семинара были рассмотрены недавно принятые законодательные новеллы, направленные на совершенствование системы противодействия коррупции.

🔹Особое внимание уделено вопросам усиления превентивных мер, совершенствования механизмов предупреждения и урегулирования конфликта интересов, повышения роли уполномоченных по этике, служб управления персоналом, и ответственности за их несоблюдение.

🔹Кроме того, участникам разъяснены изменения, предусматривающие уголовную ответственность за обещание, предложение и требование взятки, меры по усилению ответственности за коррупционные правонарушения, совершенствованию механизмов противодействия бытовой коррупции, а также нововведения, касающиеся цифровизации кадровых процессов в государственных учреждениях.

🔹По итогам семинара участники отметили важность своевременного изучения изменений законодательства и их практического применения в целях обеспечения принципов законности и добропорядочности.

Пресс-служба кассационных судов
👍5
Кассациялық сот қарызды ерлі-зайыптылардың ортақ міндеттемесі деп таныды

🔹Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар Г.-ның өз ұлы И.-ға қарсы нотариатта куәландырылған қарыз шарты бойынша 18 500 000 теңге мөлшеріндегі берешекті өндіру туралы талабын ішінара қанағаттандырып, ал ұлының бұрынғы жұбайы Л.-дан 18 500 000 теңге өндіру туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан.

🔹Іс материалдарынан жауапкер И.-дың 2023 жылғы желтоқсанда, жауапкер Л.-мен некеде тұрған кезеңде, нотариатта куәландырылған шарт негізінде талап қоюшыдан 37 000 000 теңге мөлшерінде қарыз алғаны анықталған.

🔹Жауапкерлер арасындағы неке 2024 жылғы 22 қазанда сот тәртібімен бұзылған, ал олардың нақты отбасылық қатынастары 2024 жылғы маусымда тоқтатылған.

🔹Соттар келінге қатысты талапты қанағаттандырудан бас тартуды қарыз шарты бойынша алынған ақшалай қаражаттың ортақ мүлікті сатып алуға немесе отбасы қажеттіліктеріне жұмсалғанын растайтын дәлелдемелердің болмауымен негіздеген. Осыған байланысты аталған сома отбасы мүддесі үшін алынған ерлі-зайыптылардың ортақ міндеттемесі ретінде танылмаған.

🔹Кассациялық сот төменгі сатыдағы соттардың талапты келін Л.-ге қатысты қанағаттандырудан бас тарту бөлігіндегі сот актілерінің күшін жойып, осы бөлікте жаңа шешім қабылдап, одан берешектің жартысы – 18 500 000 теңгені өндіру туралы жаңа шешім шығарды.

🔹Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар қолданылуға тиіс материалдық құқық нормаларын қолданбаған.

🔹Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 715, 716-баптарының талаптарына сәйкес, заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген қарыз қайтарылуға жатады.

🔹Қарыз шартына жұбайының келісімінсіз жасалғанына сілтеме жасап ешкім дау келтірмеген, ол жарамсыз деп танылмаған және оның күші тоқтатылмаған.

🔹Тараптар неке кезеңінде отбасының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге барғанын дауламайды.

🔹Жауапкер Л. отбасының шетелге сапарына, оның ішінде тұруға, тамақтануға және өзге де отбасылық шығындарға жұмсалған қаражаттың даулы қарызға қатысы жоқ басқа көзден төленгенін не қарыз қаражатының жұбайы тарапынан тек өзінің жеке мақсаттарына, отбасы мүддесіне қатысы жоқ бағытта пайдаланылғанын дәлелдей алмаған.

🔹Жауапкер Л. дауламаған нотариатта куәландырылған қарыз шарты болғандықтан, берешекті қарыз алушы жұбайдың жеке міндеттемесі деп тануға негіз жоқ. Осыған байланысты «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 44-бабының 2-тармағы негізінде аталған берешек ерлі-зайыптылардың ортақ қарызы деп танылды.
Іс № 6003-26-00-2к/1091

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты
👍4
Кассационным судом займ признан общим долгом супругов

🔹Судами первой и апелляционной инстанций частично удовлетворен иск Г. к своему сыну И. о взыскании долга по нотариально удостоверенному договору займа в сумме 18 500 000 тенге и отказано в удовлетворении иска к бывшей супруге сына - Г. о взыскании 18 500 000 тенге.

🔹Из обстоятельств дела следует, что заем получен ответчиком И. в декабре 2023 года, в период брака с ответчиком Л., в сумме 37 000 000 тенге, договор нотариально удостоверен.
Брак между ответчиками расторгнут в судебном порядке 22 октября 2024 года, фактические брачные отношения прекращены в июне 2024 года.

​🔹Отказ в удовлетворении иска со снохи суды мотивировали отсутсвием доказательств использования полученных по договору займа денежных средств на приобретение общего имущества или на нужды семьи. Поэтому данная сумма не признана общим совместным долгом супругов, полученным в интересах семьи.

🔹Кассационный суд судебные акты отменил в части отказа в удовлетворении иска к снохе Л., с вынесением в этой части нового решения о взыскании нее половины суммы долга 18 500 000 тенге.

​🔹Судами первой и апелляционной инстанции не применены нормы материального права, подлежащие применению.

🔹В соответствии с требованиями статей 715, 716 ГК заем, оформленный в установленной форме, подлежит возврату.

🔹Договор займа со ссылкой на отсутствие согласия второго супруга никем не оспорен, не признан недействительным, не прекращен.

🔹Сторонами не оспаривается, что в период брака семья выезжала за пределы Республики Казахстан.

🔹Ответчиком Л. не доказано, что расходы на семейную поездку, в том числе на проживание, питание и иные расходы семьи за рубежом оплачены из иного источника, не связанного с получением спорного займа, либо что заемные средства использованы супругом исключительно в личных целях, не связанных с интересами семьи.

🔹При наличии не оспоренного ответчиком Л. нотариально удостоверенного договора займа отсутствуют основания признавать задолженность личным обязательством супруга – заемщика, и в соответствии с частью 2 статьи 44 Кодекса Республики Казахстан «О браке (супружестве) и семье», задолженность признана общим долгом супругов.
Дело №6003-26-00-2к/1091

Кассационный суд по гражданским делам
👍10