КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.57K subscribers
774 photos
128 videos
1 file
119 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттың жеке ұйғарымы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларындағы мағыналық және рәсімдік сәйкессіздіктерді жойды

🔷Бұған дейін әкімшілік істі қарау барысында кассациялық инстанция нормалардың екіұшты түсіндірілуін, сондай-ақ жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқалары арасында сәйкессіздіктер бар екенін анықтады (Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген).

🔷Атап айтқанда, халық арасында сұранысқа ие мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларында алшақтықтар болған:
• «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;
• «Жобаланатын жер учаскесін Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу».

🔷Сот анықтағандай, нормативтік құқықтық акт мәтіндерінің бірдей болмауы тек терминологияға қатысты емес, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне, рәсімдердің мерзімдеріне, құжаттар тізбесіне, тіпті қызмет алушылардың аясына да тікелей әсер еткен. Мұндай олқылықтар заң нормаларын біркелкі қолданбауға, құқықтық айқынсыздыққа және белгілі бір тәуекелдердің туындауына жағдай жасаған.

🔷Нормативтік құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндері қатаң түрде теңтүпнұсқалы болуы тиіс болғандықтан, сот Үкімет пен бейінді министрлікке қатысты жеке ұйғарым шығарды.

🔷Соттың жеке ұйғарымын орындау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа құқықтық актіні жедел әзірлеп, оны мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен пысықтап, қабылдады — 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрық (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2026 жылғы 7 сәуірде № 38349 болып тіркелген және 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген).

🔷Осылайша, қабылданған шаралардың нәтижесінде:

• Нормативтік құқықтық актілердің нұсқалары арасындағы мағыналық және рәсімдік алшақтықтар толық жойылды;
• Жер учаскелерін алу және оларды келісу рәсімі ашықтық және құқық қолданудың бірізділігі қағидаттарына қатаң сәйкестендірілді;
• Азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін сенімді қорғау қамтамасыз етілді.

№ 6003-25-00-4к/172

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты
👍6🔥1
По частному определению кассационного суда по административным делам Министерством сельского хозяйства устранены смысловые и процедурные несоответствия в правилах оказания государственных услуг в сфере земельных отношений

🔷Ранее при рассмотрении административного дела кассационная инстанция выявила двоякое толкование норм и несоответствия между казахской и русской версиями Правил оказания государственных услуг в сфере земельных отношений (утвержденных приказом Министра сельского хозяйства от 1 октября 2020 года № 301).

🔷В частности, расхождения содержались в правилах по таким востребованным среди населения услугам, как:
• «Предоставление земельного участка из земель поселка, села»;
• «Согласование проектируемого земельного участка с графическими данными информационной системы Единого государственного кадастра недвижимости».

🔷Суд установил, что неидентичность текстов подзаконного акта касалась не просто терминологии, а напрямую затрагивала порядок оказания услуг, сроки процедур, перечень документов и даже круг получателей. Подобные пробелы создавали условия для неоднозначного применения закона, правовой неопределенности и определенных рисков.

🔷Поскольку нормативные правовые акты на казахском и русском языках должны быть строго аутентичными, суд вынес частное определение в адрес Правительства и профильного министерства.

🔷Во исполнение частного определения суда Министерством сельского хозяйства был оперативно разработан, проработан с государственными и местными исполнительными органами и принят новый правовой акт — Приказ № 118 от 3 апреля 2026 года (зарегистрирован в Минюсте 7 апреля 2026 года № 38349 и введен в действие с 12 июля 2026 года).

🔷Таким образом, принятыми мерами:
• Полностью ликвидированы смысловые и процедурные разночтения между версиями подзаконных актов.
• Процедура получения земельных участков и их согласования приведена в строгое соответствие с принципами прозрачности и единообразия правоприменения.
• Обеспечена надежная защита прав и законных интересов граждан и предпринимателей.

№ 6003-25-00-4к/172

Кассационный суд по административным делам
🔥10👏4❤1
Кассациялық сот мемлекеттік сатып алу қорытындыларының ақпараттық жүйедегі қателікке байланысты күшін жоюдың заңдылығын растады

🔷Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот «D» ЖШС мен Ақтөбе облысының аудандық мемлекеттік органдары арасындағы мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындыларының заңдылығы туралы дауды қарады.

🔷Сотқа жүгінуге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген қатысушының өтініміне 2% мөлшеріндегі шартты жеңілдіктің қолданылмауы негіз болды.

🔷Соттар заң бұзушылықтың себебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінен мемлекеттік сатып алудың веб-порталына мәліметтерді беру кезінде орын алған техникалық қателік екенін анықтады. Соның салдарынан қатысушыға заңнамада көзделген жеңілдік негізсіз берілмеген.

🔷Кассациялық сот атап өтті: мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі қателіктер әкімшілік рәсімдерге адал қатысушылардың құқықтық жағдайын нашарлатпауы тиіс.

🔷Бағалау тәртібінің бұзылуы конкурс нәтижелеріне әсер еткендіктен, қорытындылар туралы хаттаманы заңсыз деп тану және оның негізінде жасалған шартты жарамсыз деп тану заңды әрі негізді деп танылды.

🔷Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот актілері өзгеріссіз қалдырылды, ал «М» ЖШС-нің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

№6003-26-00-4к/1587

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты
👍5
Кассационный суд подтвердил законность отмены результатов госзакупок из-за ошибки в информационной системе

🔷Кассационный суд по административным делам рассмотрел спор между ТОО «D» и государственными органами района Актюбинской области по вопросу законности результатов конкурса государственных закупок.

🔷Поводом для обращения в суд стало неприменение к заявке участника условной скидки в размере 2%, предусмотренной Правилами осуществления государственных закупок.

🔷Суды установили, что причиной нарушения стала техническая ошибка при передаче сведений из информационных систем органов государственных доходов на веб-портал государственных закупок. В результате участнику необоснованно не была предоставлена предусмотренная законодательством скидка.

🔷Кассационный суд отметил: ошибки государственных информационных систем не могут ухудшать положение добросовестных участников административных процедур.

🔷Нарушение порядка оценки повлияло на результаты конкурса, поэтому признание протокола итогов незаконным и недействительность заключенного на его основании договора признаны обоснованными.

🔷Судебные акты первой и апелляционной инстанций оставлены без изменения, кассационная жалоба ТОО «М» — без удовлетворения.

№6003-26-00-4к/1587

Кассационный суд по административным делам
👍8
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Кассациялық соттар департаментінде семинарлық сабақ өтті

🔷2026 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Кассациялық соттар департаментінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың өзекті мәселелері мен әдеп нормаларын түсіндіруге арналған семинарлық сабақ өткізілді.

🔷Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуы жөнінде түсіндірме берілді. Аталған тақырып бойынша Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Кассациялық соттар департаменті басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Каримов Р.Т. баяндама жасады.

🔷Семинар аясында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары кеңінен қарастырылды. Осы мәселелер бойынша Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Шиткенов С.М. баяндама жасады.

🔷Сонымен қатар, қатысушыларға 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасындағы өзекті өзгерістер түсіндірілді. Баяндаманы Персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) басшысы Тлекова М.Г. ұсынды.

🔷Семинарға департаменттің бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметшілері қатысты. Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік әдеп қағидаттарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.


Кассациялық соттардың баспасөз қызметі
👍6❤1
В Департаменте кассационных судов Судебной администрации Республики Казахстан состоялся семинар

🔷7 августа 2026 года в Департаменте кассационных судов Судебной администрации Республики Казахстан состоялся семинар, посвящённый разъяснению актуальных вопросов законодательства в сфере государственной службы и норм служебной этики.

🔷В ходе мероприятия участникам были разъяснены требования Этического кодекса государственных служащих и законодательства о государственной службе. По данной теме выступил заместитель руководителя Департамента кассационных судов Судебной администрации Республики Казахстан – уполномоченный по этике Р.Т.Каримов.

🔷В рамках семинара подробно рассмотрены требования законодательства Республики Казахстан в сфере противодействия коррупции, антикоррупционные ограничения, а также стандарты поведения государственных служащих. По данным вопросам выступил руководитель отдела внутренней безопасности С.М.Шиткенов.

🔷Кроме того, участникам разъяснены актуальные изменения в законодательстве Республики Казахстан о государственной службе, вступившие в силу с 1 июля 2026 года. С докладом по данной теме выступила руководитель отдела управления персоналом (кадровой службы) М.Г.Тлекова.

🔷В семинаре приняли участие руководители структурных подразделений и государственные служащие департамента. Мероприятие было направлено на повышение правовой грамотности государственных служащих, укрепление принципов служебной этики и формирование культуры предупреждения коррупции.


Пресс-служба кассационных судов
👍5
Бірыңғай дистрибьютор тізбесіне енгізілген дәрілік затты жалпы тәртіппен тендер арқылы сатып алуға болмайды

🔷Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот «Р» ЖШС мен Астана қаласы әкімдігінің Көпбейінді медициналық орталығы арасындағы дәрілік затты жалпы тәртіппен тендер арқылы сатып алудың заңдылығына қатысты дауды қарады.

🔷Сотқа жүгінуге медициналық орталықтың «П» препаратын 25 мг/мл, 4 мл, 1 000 құты көлемінде сатып алу бойынша тендер өткізуі себеп болған, ал сатып алу жарияланған кезде бұл дәрілік зат бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар тізбесіне енгізілген болатын.

🔷Бірінші сатыдағы сот дәрілік затты сатып алу заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді деген қорытындыға келіп, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан. Апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырған.

🔷Соттар тендер жеңімпазының конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін өтінімі негізді түрде жеңімпаз деп танылғанын, сондай-ақ дәрілік затқа қолданыстағы тіркеу куәлігі болғанын негізге алған.

🔷Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот мұндай қорытындылармен келіспей, бірінші және апелляциялық сатылардағы сот актілерінің күшін жойды.

🔷Кассациялық сот ГОБМП және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу заңнаманың арнайы нормаларымен реттелетінін атап өтті. №110 Қағидалардың 120-тармағында тиісті Тізбеге енгізілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бірыңғай дистрибьютордан сатып алу міндетті түрде көзделген.

🔷Сот медициналық ұйымның мұндай дәрілік затты сатып алу үшін жалпы тәртіппен тендер өткізу тәсілін өз қалауы бойынша таңдауға құқылы еместігін көрсетті. Жауапкер тарапынан бірыңғай дистрибьютор жүйесінен тыс сатып алуға мүмкіндік беретін ерекше жағдайлардың болғанын растайтын дәлелдер де ұсынылмаған.

🔷Кассациялық сот дәрілік затты жалпы тәртіппен тендер арқылы сатып алуды әкімшілік органның өзіне берілген өкілеттіктер шегінен шығуы және сатып алудың белгіленген тәртібін елеулі түрде бұзу деп таныды. Бұл ретте өнім берушінің өтінімінің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келуі және препараттың тіркеу куәлігінің болуы жіберілген бұзушылықты жоймайды.

🔷Осыған байланысты бірінші және апелляциялық сатылардағы сот актілерінің күші жойылып, талап қою қанағаттандырылды. Тендердің қорытындылары туралы хаттама және ұйымдастырушының шешімі заңсыз деп танылып, сатып алу нәтижелері бойынша жасалған шарт жарамсыз деп танылды.

№6003-26-00-4к/508

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты
👍5
Лекарственное средство из Перечня единого дистрибьютора нельзя закупать путем обычного тендера

🔷Кассационный суд по административным делам рассмотрел спор между ТОО «Р» и Многопрофильным медицинским центром акимата города Астаны по вопросу законности закупки лекарственного средства путем обычного тендера.

🔷Поводом для обращения в суд стало проведение медицинским центром тендера на закуп препарата «П» 25 мг/мл, 4 мл, в количестве 1 000 флаконов, несмотря на то, что на момент объявления закупки лекарственное средство входило в Перечень лекарственных средств, закупаемых у единого дистрибьютора.

🔷Суд первой инстанции отказал в удовлетворении иска, посчитав, что закуп лекарственного средства проведен в соответствии с требованиями законодательства. Апелляционная инстанция оставила решение суда первой инстанции без изменения.

🔷Суды исходили из того, что победитель тендера правомерно определен, поскольку его заявка соответствовала условиям конкурсной документации, а на лекарственный препарат имелось действующее регистрационное удостоверение.

🔷Кассационный суд по административным делам с такими выводами не согласился и отменил судебные акты первой и апелляционной инстанций.

🔷Кассационный суд отметил, что закуп лекарственных средств в рамках ГОБМП и ОСМС регулируется специальными нормами законодательства. Пункт 120 Правил №110 императивно предусматривает закуп лекарственных средств и медицинских изделий, включенных в соответствующий Перечень, у единого дистрибьютора.

🔷Суд указал, что медицинская организация не вправе по своему усмотрению выбирать обычный тендерный способ закупки такого лекарственного средства. Ответчиком также не представлены доказательства наличия исключительных обстоятельств, допускающих закуп вне системы единого дистрибьютора.

🔷Кассационный суд признал выбор обычного тендера выходом административного органа за пределы предоставленных полномочий и существенным нарушением установленного порядка закупки. При этом соответствие заявки поставщика условиям конкурсной документации и наличие регистрационного удостоверения на препарат не устраняют допущенное нарушение.

🔷В связи с этим судебные акты первой и апелляционной инстанций отменены, иск удовлетворен. Протокол итогов тендера и решение организатора признаны незаконными, заключенный по результатам закупки договор признан недействительным.

№6003-26-00-4к/508

Кассационный суд по административным делам
👍7❤2
Кассациялық сот отандық өндірушінің құқықтарын қорғады

🔷Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот мемлекеттік сатып алу шартын орындау кезінде отандық өндірушінің құқықтарын сақтау мәселесіне қатысты ТОО мен Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын арасындағы дауды қарады.

🔷Сотқа жүгінуге жедел медициналық жәрдем автомобильдерін жеткізу мерзімін шартта 30 күнтізбелік күн деп белгілеу себеп болған, ал заңнамада отандық тауар өндірушілер үшін тауарды жеткізудің ең төменгі мерзімі кемінде 60 күнтізбелік күн болуы көзделген.

🔷2025 жылғы 12 тамызда тараптар арасында 20 жедел медициналық жәрдем автомобилін жеткізу туралы шарт жасалған, шартты орындау мерзімі 2025 жылғы 25 қыркүйекке дейін белгіленген. Алайда, 2025 жылғы 14 қазанда тапсырыс беруші жеткізу мерзімдерінің бұзылуына сілтеме жасап, шартты біржақты тәртіппен бұзған.

🔷Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар талапты қанағаттандырудан бас тартқан, себебі конкурс қайта өткізілген, ал конкурстық құжаттама өзгермеген деген қорытындыға келген. Осыған байланысты жеткізу мерзімін 60 күнге дейін ұзартуды көздейтін заңнамадағы өзгерістер даулы құқықтық қатынастарға қолданылмайды деп таныған.

🔷Кассациялық сот мұндай қорытындылармен келіспей, отандық өндірушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

🔷Сот ТОО-ның отандық өндіруші болып табылатынын, ал шарттың қазақстандық тауар өндірушілер үшін тауар жеткізудің ең төменгі мерзімін кемінде 60 күнтізбелік күн деп белгілеген заңнамадағы өзгерістер күшіне енгеннен кейін жасалғанын анықтады.

🔷Мемлекеттік сатып алуды қайта өткізу тапсырыс берушіні шарт жасалған кезде қолданыста болған заңнаманың императивтік талаптарын сақтаудан босатпайды. Қағидаларда қайта өткізілетін сатып алу кезінде де шартты орындау мерзімін ұзарту мүмкіндігі көзделген.

🔷Тараптар арасындағы хат алмасудан жеткізушінің өз міндеттемелерін орындауға және тауарды толық көлемде жеткізуге дайын болғаны анықталған, алайда тапсырыс беруші шарттың бұзылғанына сілтеме жасап, тауарды қабылдаудан бас тартқан.

🔷Бірінші және апелляциялық сатылардағы сот актілері жойылып, ТОО-ның талабын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды.

🔷Кассациялық инстанцияның шешімі отандық тауар өндірушілер үшін заңда белгіленген кепілдіктерді тапсырыс берушілер сақтауға тиіс екенін көрсетті. Конкурстың қайта өткізілуі заңда көзделген кепілдіктерді бұзуға негіз бола алмайды.

№6003-26-00-2к/873(2)

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты
👍7
Кассационный суд защитил права отечественного производителя

🔷Кассационный суд по гражданским делам рассмотрел спор между ТОО и Государственного коммунального предприятия по вопросу соблюдения прав отечественного производителя при исполнении договора государственных закупок.

🔷Поводом для обращения в суд стало установление в договоре срока поставки автомобилей скорой медицинской помощи в 30 календарных дней, несмотря на предусмотренный законодательством для отечественных товаропроизводителей минимальный срок поставки не менее 60 календарных дней.

🔷12 августа 2025 года между сторонами заключен договор на поставку 20 автомобилей скорой медицинской помощи, срок исполнения договора до 25 сентября 2025 года. Однако, 14 октября 2025 года заказчик расторг договор в одностороннем порядке, со ссылкой на нарушение сроков поставки.

🔷Суды первой и апелляционной инстанций отказали в удовлетворении иска, посчитав, что конкурс проводился повторно, конкурсная документация не менялась. В связи с чем, изменения законодательства о продлении срока поставки до 60 дней к спорным отношениям не применяются.

🔷Кассационный суд не согласился с такими выводами и восстановил нарушенные права отечественного производителя.

🔷Суд установил, что ТОО является отечественным производителем, договор заключен уже после вступления в силу изменений законодательства, установивших для казахстанских товаропроизводителей минимальный срок поставки не менее 60 календарных дней.

🔷Проведение повторных государственных закупок не освобождает заказчика от соблюдения императивных требований законодательства, действующих на момент заключения договора. Правила предусматривают возможность увеличения срока исполнения договора также при проведении повторных закупок.

🔷Из переписки сторон следовало, что поставщик готов исполнить обязательства и поставить товар в полном объеме, однако, заказчик отказался его принимать, сославшись на расторжение договора.

🔷Судебные акты первой и апелляционной инстанций отменены, вынесено новое решение об удовлетворении иска ТОО.

🔷Решение кассационной инстанции подтверждает, что установленные законом гарантии для отечественных товаропроизводителей должны соблюдаться заказчиками, формальное проведение повторного конкурса не может служить основанием для нарушения предусмотренных гарантий.

№6003-26-00-2к/873(2)

Кассационный суд по гражданским делам
👍7