КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.57K subscribers
774 photos
128 videos
1 file
119 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
Кассациялық сот заңсыз сотталған азаматты күзетпен ұстаудан  босатты

🔷2024 жылғы 23 қазанда Р. жүргізушінің автомобиль салонынан қысқа уақытқа шығып кеткенін пайдаланып, «Hyundai Elantra» маркалы бөтен автомобильдің рөліне отырып, автокөлікті өз бетінше жолдың жүру бөлігіне шығарған.   Автокөлікті басқару барысында ол өзге екі көлік құралымен соқтығысқан.

🔷Бірінші сатыдағы сот Р.-ды автомобильді жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу,  яғни ірі залал келтіре отырып,  автомобильді айдап әкету бойынша ҚК-нің 200-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына соттаған.

🔷Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың үкімімен келіскен.

🔷Сотталған Р. кассациялық шағымында үкім мен апелляциялық қаулының күшін жоюды сұраған.

🔷Кассациялық сот айыптау тарапының ҚК-нің 200-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының міндетті элементтерінің бірі – автомобильді құқыққа сыймсыз иеленіп алуға бағытталған тікелей қасақаналықты дәлелдемеген деген қорытындыға келді.

🔷Іс материалдарына сәйкес, Р. автомобильді айдап әкету мақсатында жүргізбеген. Ол «Hyundai Elantra» автомобиль салонында болған және басқа көлік құралының өтуіне кедергі келтірмеу үшін автомобильді орнынан жылжыту мақсатында басқа жүргізушінің өтінішімен рөлге отырған. Р.-дың автомобильді тек қайта қою ниеті болғаны туралы дәйекті түсініктемелері іс бойынша жиналған дәлелдемелермен теріске шығарылмаған.

🔷Оқиғаның бейнежазбасы болмаған, автомобильдің қозғалысын көрген куәлар анықталмаған, ал жол-көлік оқиғасының схемасы автокөліктің нақты қанша қашықтыққа жылжытылғанын және соқтығысу болған жерді анықтауға мүмкіндік бермеген.

🔷Бұдан бөлек, жергілікті соттар келтірілген залалдың нақты мөлшерін анықтамаған. Сот актілерінде залалдың екі түрлі сомасы көрсетілген, бұл да жасалған әрекетке дұрыс құқықтық баға беруге кедергі келтірген.

🔷Осылайша, Р.-дың автомобильді айдап әкетуге  бағытталған тікелей қасақаналығын растайтын дәлелдемелер  сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алынбағанын, бұл олқылықты толықтыру мүмкіндігінің таусылғанын ескере отырып,кассациялық сот сот актілерінің күшін жойып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатып, Р.-ды күзетпен ұстаудан дереу  босату туралы қаулы шығарды.

№ 6003-26-00-1к/769

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты
👍4❤2👏1
Кассационный суд освободил из-под стражи незаконно осужденного гражданина

🔷23 октября 2024 года Р. пользуясь тем, что водитель ненадолго покинул салон автомобиля «Hyundai Elantra», Р. сел за руль чужого авто и самовольно выехал на проезжую часть. В ходе управления он совершил столкновение с двумя другими транспортными средствами.

🔷Суд первой инстанции осудил Р. за угон, то есть неправомерное завладение автомобилем без цели хищения, причинившее крупный ущерб по части 3 статьи 200 УК к 5 годам лишения свободы.
Апелляционная инстанция согласилась с принятым решением.

🔷Осужденный в кассационной жалобе просил отменить приговор и апелляционное постановление.

🔷Кассационный суд посчитал, что органы обвинения не доказали один из элементов состава статьи 200 УК — прямой умысел на неправомерное завладение автомобилем.

🔷Согласно материалам дела Р. не угонял автомобиль для поездки: он находился в салоне автомобиля «Hyundai Elantra» и пересел за руль по просьбе другого водителя переставить машину для устранения помехи по проезду иного автомобиля. Эти последовательные пояснения Р. о намерении лишь перепарковать автомобиль собранными доказательствами не опровергнуты.

🔷Видеозапись происшествия отсутствует, очевидцы перемещения автомобиля не установлены, а схема ДТП не позволяет определить расстояние перемещения и место столкновения.

🔷Дополнительно местные суды не установили точный размер причиненного ущерба, указав в судебных актах две разные суммы, что также препятствовало правильной правовой оценке содеянного.

🔷Поэтому принимая во внимание того, что доказательств у Р. прямого умысла на угон органами следствия не добыто, а возможность восполнить этот пробел исчерпана, Кассационный суд отменил состоявшиеся судебные акты, прекратил уголовное дело за отсутствием состава уголовного правонарушения и постановил немедленно освободить Р. из-под стражи

№ 6003-26-00-1к/769

Кассационный суд по уголовным делам
👍7
ӘҚПК-нің 169-бабына енгізілген өзгерістер туралы еске салу: әкімшілік істерді кассациялық тәртіпте қайта қарау тәртібі нақтыланды

🔷Өздеріңізге белгілі болғандай, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 169-бабына әкімшілік істер бойынша сот актілерін кассациялық тәртіпте қайта қарауға қатысты өзгерістер енгізілді.

🔷Кассациялық шағымдану мерзімін есептеу тәртібі нақтыланды.

🔷Кассациялық шағым беру үшін белгіленген алты айлық мерзім апелляциялық сатыдағы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі (бұған дейін — апелляциялық сатыдағы сот актісі түпкілікті нысанда табыс етілген күннен бастап есептелген). Бұл өзгеріс процестік мерзімдерді бірізді әрі объективті есептеуге бағытталған.

🔷Әкімшілік процеске қатысушылардың кассациялық шағым беру құқығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының, оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың және Бас көлік прокурорының істі қарауға қатысқанына қарамастан наразылық келтіру өкілеттіктері сақталды.

🔷Апелляциялық тәртіппен шағымдану талаптары сақталмаған жағдайда заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіпте қайта қараудың айрықша тетігі алғаш рет енгізілді (бұған дейін кассациялық қайта қарау іс апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін ғана мүмкін болатын).

🔷Мұндай қайта қарауға Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры енгізген наразылық бойынша ғана және ӘҚПК-нің 31-бабында көзделген әкімшілік істер бойынша ғана жол беріледі.

🔷Заңда аталған тетікті қолданудың негіздері тікелей бекітілген: адамдардың өмірі мен денсаулығына, экономикаға және ұлттық қауіпсіздікке ауыр, қайтымсыз салдарлардың туындау қаупінің болуы, белгісіз тұлғалар тобының құқықтары мен заңды мүдделерінің немесе өзге де жария мүдделердің бұзылуы, сондай-ақ соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануындағы бірізділіктің бұзылуы (бұған дейін мұндай негіздер 169-бапта тұжырымдалмаған).

🔷Кассациялық шағымдар мен наразылықтарды қарау тәртібі, кассациялық сатыдағы соттың құзыреті, әкімшілік істерді қарау мерзімдері (іс сотқа келіп түскен күннен бастап алты айға дейін), сондай-ақ алдын ала тыңдауды өткізу қағидалары өзгеріссіз сақталады (бұған дейін қолданыста болған реттеу сақталды).

🔷Кассациялық қайта қарау іс бойынша мәні бойынша қайта қарау болып табылмайтынын және заңдылық пен сот практикасының бірізділігін қамтамасыз ету құралы болып қала беретінін еске саламыз.

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты
👍4
Напоминание об изменениях в статью 169 АППК: уточнен порядок кассационного пересмотра административных дел

🔷Как вы уже знаете, в статью 169 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан были внесены изменения, касающиеся кассационного пересмотра судебных актов по административным делам.

🔷Уточнен порядок исчисления срока кассационного обжалования.

🔷Шестимесячный срок подачи кассационной жалобы исчисляется со дня вступления в законную силу судебного акта апелляционной инстанции (ранее — со дня вручения судебного акта апелляционной инстанции в окончательной форме). Данное изменение направлено на единообразное и объективное исчисление процессуальных сроков.

🔷Сохранено право участников административного процесса на подачу кассационных жалоб, а также полномочия Генерального Прокурора Республики Казахстан, его заместителей, Главного военного прокурора и Главного транспортного прокурора на принесение протестов независимо от их участия в рассмотрении дела.

🔷Впервые введен исключительный механизм кассационного пересмотра вступивших в законную силу судебных актов в случаях несоблюдения апелляционного порядка их обжалования (ранее кассационный пересмотр был возможен только после апелляционного рассмотрения дела).

🔷Такой пересмотр допускается исключительно по протесту Генерального Прокурора Республики Казахстан и только по административным делам, предусмотренным статьей 31 АППК.

🔷Законом прямо закреплены основания для применения указанного механизма: наличие риска тяжких необратимых последствий для жизни и здоровья людей, экономики и национальной безопасности, нарушение прав и законных интересов неопределенного круга лиц либо иных публичных интересов, а также нарушение единообразия в толковании и применении судами норм права (ранее такие основания в статье 169 не формулировались).

🔷Порядок рассмотрения кассационных жалоб и протестов, компетенция суда кассационной инстанции, сроки рассмотрения административных дел (до шести месяцев со дня поступления дела в суд), а также правила проведения предварительного слушания сохраняются без изменений (действовавшее ранее регулирование сохранено).

🔷Напоминаем, что кассационный пересмотр по-прежнему не является повторным рассмотрением дела по существу, а служит инструментом обеспечения законности и единообразия судебной практики.

Кассационный суд по административным делам
👍6
Некеге дейінгі тұрғын үй бірлесіп жиналған мүлік деп танылған жоқ

🔷Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы тұрғын үй мен пәтерді бірлесіп жиналған мүлік деп тану және оларды бөлу туралы дауды қарады.

🔷Анықталғандай, тұрғын үй жұбайына неке қиылғанға дейін 2007 жылғы 15 маусымдағы сыйға тарту шарты негізінде тиесілі болған. Тараптардың некесі 2012 жылы тіркеліп, 2024 жылы бұзылған.
Талап қоюшы неке кезеңінде өзінің жеке қаражаты есебінен жылжымайтын мүлікке жөндеу, реконструкциялау және мүліктің құнын едәуір арттырған өзге де жақсартулар жүргізілгеніне сілтеме жасаған.

🔷Бірінші сатыдағы сот аталған талаптарды қанағаттандырған. Алайда апелляциялық сатыдағы сот шешімнің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан, өйткені талап қоюшы неке қиылғанға дейінгі мүліктің құнын арттырған салымдар мен шығындардың жасалғанын растайтын дәйекті дәлелдемелер ұсынбаған.

🔷Сараптамалық қорытындымен объектіні пайдалануға қабылдау актісінде көрсетілген үйді реконструкциялау, қайта жоспарлау және қайта жабдықтау жұмыстары мәлімделген кезеңде іс жүзінде жүргізілмегені де анықталған.

🔷Кассациялық сот апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымдарымен келісе отырып, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз, ал талап қоюшының кассациялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырған.

🔷Сот Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 36-бабына сәйкес некеге дейінгі мүлікті ортақ бірлескен меншік деп тану үшін неке кезеңінде жүргізілген және мүліктің құнын едәуір арттырған салымдардың болғанын дәлелдеу қажет екенін атап өтті. Қаралып отырған жағдайда мұндай мән-жайлар анықталмаған, нақты жұмсалған шығындар расталмаған.

№ 6003-26-00-2к/2701

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты
Добрачный жилой дом не признан совместно нажитым имуществом

🔷Кассационный суд по гражданским делам рассмотрел спор между бывшими супругами о признании жилого дома и квартиры совместно нажитым имуществом и его разделе.

🔷Установлено, что жилой дом принадлежал супруге до заключения брака на основании договора дарения от 15 июня 2007 года. Брак между сторонами зарегистрирован в 2012 году и расторгнут в 2024 году.
Истец ссылается на произведенные в период брака за счет его личных средств в недвижимости ремонт, реконструкцию и иные улучшения, значительно увеличившие стоимость имущества.

🔷Суд первой инстанции удовлетворил эти требования. Однако, апелляционная инстанция отменила решение и отказала в иске, поскольку истцом не представлены достоверные доказательства произведенных вложений и расходов, которые увеличили бы стоимость добрачного имущества.

🔷Экспертным заключением также установлено, что указанные в акте приемки объекта в эксплуатацию работы по реконструкции, перепланировке и переоборудованию дома фактически не выполнялись в заявленный период.

🔷Кассационный суд согласился с выводами апелляционной инстанции и оставил постановление суда апелляционной инстанции без изменения, кассационную жалобу истца — без удовлетворения.

🔷Суд отметил, что в соответствии со статьей 36 Кодекса Республики Казахстан «О браке (супружестве) и семье» для признания добрачного имущества общей совместной собственностью необходимо доказать наличие вложений, произведенных в период брака и значительно увеличивших стоимость имущества. В рассматриваемом деле такие обстоятельства не установлены, реально понесенные затраты не подтверждены.

№6003-26-00-2к/2701

Кассационный суд по гражданским делам
👍8🔥1
Неке кезеңінде салынған тұрғын үй ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі деп танылды

🔷Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы тұрғын үйді некеде бірге жинаған мүлік деп тану және оны бөлу туралы дауды қарады.

🔷Іс бойынша жер учаскесі жұбайына неке қиылғанға дейін, 1993 жылы бөлінгені анықталды. Алайда неке кезеңінде аталған жер учаскесінде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен ауданы 231,7 шаршы метр тұрғын үй салынып, 2011 жылы пайдалануға берілген.

🔷Сот сараптамасымен жер учаскесі мен шаруашылық құрылыстарды қоса алғанда, жылжымайтын мүлік объектісінің нарықтық құны 158 116 943 теңгені құрағаны анықталды.

🔷Бірінші сатыдағы сот жер учаскесін жауапкер некеге дейін сатып алғанын негізге алып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан.

🔷Апелляциялық саты бұл тұжырыммен келіспеген.

🔷Неке кезеңінде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі есебінен жылжымайтын мүліктің құнын едәуір арттырған қомақты салымдар жасалғаны анықталды. Үй мен жер учаскесі бір-бірінен ажыратылмайтын болғандықтан, жылжымайтын мүлік объектісі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі деп танылып, оны бөлу жүргізілген.

🔷Үлестердің теңдігін ескере отырып, үй жер учаскесімен бірге жауапкерге қалдырылып, одан жұбайының пайдасына 79 058 742 теңге мөлшерінде өтемақы өндірілген.

🔷Кассациялық сот аталған тұжырымдармен келісіп, апелляциялық сатының қаулысын күшінде қалдырды.

🔷Сот Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 36-бабын басшылыққа алды. Аталған бап ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты, мүлкі немесе еңбегі есебінен оның құны едәуір артқан жағдайда, ерлі-зайыптылардың бірінің мүлкін ортақ бірлескен меншік деп тану мүмкіндігін тікелей көздейді.

№ 6003-26-00-2к/2281(2)

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық  соты
👍6
Жилой дом, построенный в период брака, признан совместно нажитым имуществом супругов

🔷Кассационный суд по гражданским делам рассмотрел спор бывших супругов о признании жилого дома совместно нажитым имуществом и его разделе.

🔷Установлено, что земельный участок выделен супругу до заключения брака в 1993 году. Однако, в период брака на данном участке за счет общих средств супругов построен жилой дом площадью 231,7 кв.м. и введен в эксплуатацию в 2011 году.

🔷Судебной экспертизой установлена рыночная стоимость недвижимого объекта с земельным участком и хозяйственными постройками в сумме 158 116 943 теңге.

🔷Суд первой инстанции отказал в удовлетворении иска со ссылкой на то, что земельный участок приобретен ответчиком до заключения брака.

🔷Апелляционная инстанция не согласилась с таким выводом.

🔷Установлено, что в период брака за счет общего имущества супругов произведены значительные вложения, увеличившие стоимость недвижимости, поскольку дом и земельный участок неотделимы, недвижимый объект признан совместным имуществом и произведен его раздел.

🔷С учетом равенства долей дом с земельным участком оставлен за ответчиком, с которого в пользу супруги взыскана компенсация в размере 79 058 742 теңге.

🔷Кассационный суд согласился с данными выводами и оставил постановление апелляционной инстанции в силе.

🔷Суд руководствовался статьей 36 Кодекса Республики Казахстан «О браке (супружестве) и семье», прямо предусматривающей возможность признания имущества одного из супругов общей совместной собственностью при существенном увеличении его стоимости за счет общих средств, имущества или труда супругов.

№ 6003-26-00-2к/2281(2)

Кассационный суд по гражданским делам
👍6❤2
Әжесі қайтыс болғаннан кейін мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірілді

🔷Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру және мұрагерді мұраны қабылдаған деп тану туралы дауды қарады.

🔷Іс бойынша тұрғын үй У.-ға тиесілі болғаны анықталды. Ол 2007 жылы өзінің барлық мүлкін ұлы М.-ға өсиет еткен. 2010 жылғы 3 шілдеде қайтыс болғаннан кейін ұлы даулы үйде іс жүзінде тұрып келген, алайда мұрагерлік құқықтарын нотариаттық тәртіппен рәсімдеп үлгермеген. 2013 жылғы 21 қарашада М. қайтыс болған.

🔷Мұра қалдырушының немересі А. мұралық мүліктің бар екенін білмеген және оны өсиет бойынша өзінің ағасына өткен деп есептеген. Оның мұрагерлік құқықтарын рәсімдемей қайтыс болғаны туралы А.-ға тек 2023 жылғы желтоқсанда даулы үйге қатысты басқа азаматтық істі қарау барысында белгілі болған.

🔷Осыдан кейін талап қоюшы мұраны рәсімдеу үшін дәйекті түрде тиісті шаралар қабылдаған: сотқа және нотариусқа жүгінген, сот тәртібімен әжесімен туыстық қатынастарының болғанын анықтаған, мерзімді өткізіп алуына байланысты нотариустың бас тартуын алғаннан кейін осы талап арызбен сотқа жүгінген.

🔷Бірінші сатыдағы сот талап қою талаптарын қанағаттандырып, мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтірген және А.-ны мұраны қабылдаған деп таныған. Апелляциялық сатыдағы сот бұл шешімнің күшін жойып, мұрагерлік трансмиссия тәртібімен М.-ның мұрагерлік құқықтарын ескеру қажеттігін көрсете отырып, талап қоюдан бас тартқан.

🔷Кассациялық сот апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымдарымен келіспей, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырды.

🔷Сот мұраға құқық туралы нотариаттық куәліктің болмауының өзі мұрагерлік құқықтардың жоқ екенін растамайтынын атап өтті. Анасы қайтыс болғаннан кейін М. даулы үйде іс жүзінде тұрған, бұл оның мұраны қабылдағанын куәландыратын әрекет болып табылады. Бұл ретте мұра ашылғаннан кейін оның қайтыс болуы мұрагерлік трансмиссия институтын қолдануды жоққа шығармайды.

🔷Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1072-3-бабына сәйкес, егер мұраны қабылдау мерзімі дәлелді себептермен өткізіліп алынса және мұрагер мұндай себептер жойылғаннан кейін алты ай ішінде сотқа жүгінсе, сот бұл мерзімді қалпына келтіруге құқылы.

🔷Кассациялық сот А.-ның мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелді деп таныды, өйткені ол мұралық мүліктің бар екенін 2023 жылғы желтоқсанда білген және содан кейін мұрагерлік құқығын іске асыру үшін қажетті әрекеттерді дәйекті түрде жүзеге асырған.

🔷Сондай-ақ сот апелляциялық шағым берген тұлғалардың – Ж.-ның жұбайы мен ұлының даулы мүлікке қатысты дербес мұрагерлік құқықтары жоқ екенін көрсетті. Ж. өзінің туған ағасы М.-ның қасақана өмірін қиғаны үшін сотталған. Заңды күшіне енген сот үкімімен аталған қылмысты жасағаны анықталған.

🔷Азаматтық кодекстің 1045-бабына сәйкес, мұра қалдырушының немесе ықтимал мұрагерлердің біреуінің өмірін қасақана қиған адамдардың мұрагер болуға құқығы жоқ. Осыған байланысты аталған тұлғалар даулы мүлікке қатысты мұрагерлік құқықтарға ие болмаған.

🔷Кассациялық сот азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысын жойып, аудандық соттың шешімін күшінде қалдырды, талап қоюшы өкілінің кассациялық шағымын қанағаттандырды.

№6003-26-00-2к/1906

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты
👍4❤1👏1
Восстановлен срок для принятия наследства после смерти бабушки

🔷Кассационный суд по гражданским делам рассмотрел спор о восстановлении срока для принятия наследства и признании наследницы принявшей наследство.

🔷Установлено, что жилой дом принадлежал У.,  которая в 2007 году завещала все свое имущество сыну М.. После ее смерти 3 июля 2010 года сын фактически проживал в спорном доме, однако, оформить наследственные права нотариально не успел. 21 ноября 2013 года М. умер.

🔷Внучка наследодателя А. о наличии наследственного имущества не знала и полагала, что оно перешло ее дяде по завещанию. О том, что он умер, не оформив наследственные права, ей стало известно только в декабре 2023 года при рассмотрении другого гражданского дела о спорном доме.

🔷После этого истец последовательно предпринимала меры для оформления наследства: обращалась в суд и к нотариусу, установила в судебном порядке факт родственных отношений с бабушкой, после получения нотариального отказа в связи с пропуском срока обратилась с настоящим иском.

🔷Суд первой инстанции удовлетворил требования, восстановил срок для принятия наследства и признал А. принявшей наследство. Апелляционная инстанция отменила решение и отказала в иске, указав на необходимость учета наследственных прав М. в порядке наследственной трансмиссии.

🔷Кассационный суд не согласился с выводами апелляционной инстанции и оставил в силе решение суда первой инстанции.

🔷Суд отметил, что отсутствие нотариального свидетельства о праве на наследство само по себе не подтверждает отсутствие наследственных прав. После смерти матери М. фактически проживал в спорном доме, что является действием, свидетельствующим о принятии наследства. При этом его смерть после открытия наследства не исключает применения института наследственной трансмиссии.

🔷В соответствии со статьей 1072-3 Гражданского кодекса Республики Казахстан суд вправе восстановить срок для принятия наследства, если он пропущен по уважительным причинам и наследник обратился в суд в течение шести месяцев после того, как такие причины отпали.

🔷Кассационный суд признал уважительными причины пропуска срока А., поскольку о наличии наследственного имущества она узнала в декабре 2023 года и после этого последовательно предпринимала необходимые действия для реализации наследственного права.

🔷Также суд указал на отсутствие самостоятельного наследственного права на спорное имущество у лиц, подавших апелляционную жалобу, — супруги и сына Ж., который был осужден за умышленное лишение жизни своего брата М. Вступившим в законную силу приговором суда установлено совершение указанного преступления. В соответствии со статьей 1045 ГК лица, умышленно лишившие жизни наследодателя либо кого-либо из возможных наследников, не имеют права наследовать, в связи с чем указанные лица не приобрели наследственных прав на спорное имущество.

🔷Кассационный суд отменил постановление судебной коллегии по гражданским делам, оставил в силе решение районного суда, кассационную жалобу представителя истца — удовлетворил.

№6003-26-00-2к/1906

Кассационный суд по гражданским делам
👍9🔥2
‼️Кассациялық соттар хабарлайды‼️

🔹Жаңа ақпараттық базаға көшуге байланысты қазіргі уақытта деректерді көшіру және жүйені баптау бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде.

🔹Жұмыстар жүргізілетін кезеңде Кассациялық соттардың ақпараттық жүйесінде ақпаратты алу және өңдеу барысында уақытша шектеулер болуы мүмкін.

🔹Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
👍3
‼️Кассационные суды сообщают‼️

🔹В связи с переходом на новую информационную базу, в настоящее время проводятся технические работы по переносу и настройке данных.

🔹На период проведения работ в информационной системе Кассационных судов возможны временные ограничения при получении и обработке информации.

🔹Приносим извинения за временные неудобства и благодарим за понимание.
👍5⚡1
Заңсыз жұмыстан шығарылған қызметкердің құқықтары қалпына келтірілді

🔷Е. «Емхана» мемлекеттік мекемесіне қатысты жұмысқа қайта орналастыру және мәжбүрлі жұмыссыз жүрген уақыты үшін жалақысын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

🔷Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тартып, жұмыстан шығару кезінде еңбек заңнамасының талаптары бұзылмағанын көрсеткен.

🔷Сот актілерінің күшін жойған Кассациялық сот Е.-нің 2023 жылғы 17 тамыздан бастап емханада дәрігер болып жұмыс істегенін анықтады.

🔷2025 жылғы 8 тамыздағы бұйрықпен онымен жасалған еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылған.

🔷Еңбек шартын бұзуға әлеуметтік желіде балағат сөздер айтылған бейнероликтердің орналастырылуы негіз болған.

🔷Талап қоюшы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасы негізінде жұмыскердің кәсіби қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты жұмыстан шығарылған.

🔷Алайда сотта жұмыс беруші жұмыскердің кәсіби қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтінін растайтын, оның ішінде жазбаша дәлелдемелерді ұсынбаған. Керісінше, жұмыс берушінің тарапынан оның жұмысына қатысты ешқандай наразылық болмаған.

🔷Осыған байланысты Кассациялық сот Е.-нің талап қоюын қанағаттандырды.

№ 6003-26-00-2к/3360

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты
👍5