КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.56K subscribers
774 photos
128 videos
1 file
119 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
Кассациялық сот астық қоймаларын қасақана өртеу туралы істі қайта қарады

🔷2023 жылғы мамырда шаруа қожалығының  басшысы К. қожалық жетекшісімен жеке жанжалына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында басқа адаммен алдын ала сөз байласып, астық қоймаларын қасақана өртеуді ұйымдастырған. Өрт салдарынан шаруа қожалығына 495 млн теңге мөлшерінде залал келтірілген.

🔷Бірінші сатыдағы сот К.-ны ҚР ҚК-нің 202-бабы 3-бөлігінің 2) тармағында көзделген, яғни бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру, өрт қою арқылы аса ірі залал келтіргені үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыруға соттаған. Сонымен қатар, одан  материалдық залалды өндіріп алу туралы шешім қабылдаған.

🔷Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың шешімімен келіскен.

🔷Сотталған К.-ның адвокаты кассациялық шағымында оның кінәсі дәлелденбегенін көрсетіп, үкім мен апелляциялық қаулының күшін жоюды сұраған.

🔷Кассациялық сот К.-ның өрт қоюды ұйымдастырғаны үшін  кінәсі сотта зерттелген дәлелдемелердің жиынтығымен расталады деген қорытындыға келді. Атап айтқанда, төтенше жағдайлар органдарының материалдары, оқиға болған жерді қарау хаттамалары, өрт-техникалық зерттеулердің өрттің қасақана қойылғанын көрсеткен қорытындылары, сотталған адамдардың телефон байланыстары туралы мәліметтер, сондай-ақ жәбірленуші мен куәлардың айғақтары зерттелген.

🔷Келтірілген залалдың мөлшері сот құрылыс-экономикалық сараптаманың қорытындысымен расталған.

🔷Тағайындалған жаза жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне  және заң талаптарына сәйкес келеді.

🔷Осыған байланысты кассациялық сот үкім мен апелляциялық қаулыны өзгертуге немесе олардың күшін жоюға негіздер таппады.

№ 6003-25-00-1к/463(3)

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты
👍6
Кассационный суд пересмотрел дело по умышленному поджогу зерновых складов

🔷Управляющий крестьянского хозяйства К. в мае 2023 года, имея личный конфликт с руководителем, организовал совместно с другим лицом поджог зерновых складов в Северо-Казахстанской области. В результате пожара крестьянскому хозяйству причинен ущерб на сумму 495 миллионов тенге.

🔷Суд первой инстанции осудил К. за умышленное уничтожение и повреждение чужого имущества, совершённом путём поджога, повлекшего причинение особо крупного ущерба по статье 202 части 3 пункту 2) УК к 6 годам лишения свободы, взыскан материальный ущерб.

🔷Апелляционная инстанция согласилась с принятым решением.

🔷Адвокат осужденного К. в кассационной жалобе просил отменить приговор и апелляционное постановление ввиду недоказанности его вины.

🔷Кассационный суд пришел к выводу, что вина К. в организации поджогов подтверждается совокупностью исследованных доказательств. В их числе — материалы органов по чрезвычайным ситуациям, протоколы осмотра места происшествия, заключения пожарно-технических исследований, установивших факт поджога, данные о телефонных соединениях виновных лиц, а также показания потерпевшего и свидетелей.

🔷Размер причиненного ущерба подтвержден судебной строительно-экономической экспертизой.

🔷Назначенное наказание соответствует тяжести совершенного преступления и требованиям закона.

🔷С учетом этого суд не установил оснований для отмены или изменения состоявшихся судебных актов.

№ 6003-25-00-1к/463(3)

Кассационный суд по уголовным делам
👍6🔥1
Азаматтық істер жөніндегі Кассациялық сот хабарлайды

🔹25 қыркүйекке жоспарланған заң қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шара техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды.

🔹Іс-шараның жаңа өткізілетін күні, уақыты туралы қосымша хабарланады.

***

Кассационный суд по гражданским делам сообщает

🔹Запланированное на 25 сентября мероприятие с участием представителей юридического сообщества переносится по техническим причинам.

🔹О новой дате, времени мероприятия будет сообщено дополнительно.
👍7❤1
▪️2021 жылы Алматы қаласының тұрғыны құрылыс салушымен пәтер, тұрғын емес үй-жай және автотұрақ орнын сатып алу туралы үш алдын ала шарт жасасқан.

▪️Сатып алушы олардың құнын толық төлеген. Құрылыс салушы құрылыс жұмыстарын аяқтап, негізгі сатып алу-сату шарттарын 2023 жылдың соңына дейін жасасуға міндеттенген.

▪️Алайда іс жүзінде нысан пайдалануға тек 2024 жылғы қазанда берілген. Қабылдау-тапсыру актілеріне 2025 жылғы қаңтарда қол қойылып, ал негізгі сатып алу-сату шарттары 2025 жылғы наурызда жасалған. Осыған байланысты сатып алушы сотқа жүгінген.

▪️Сатып алушы құрылыс салушының нысандарды пайдалануға беру және негізгі шарттарды жасау мерзімдерін бұзғанын көрсетіп, міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп беруді талап еткен.

▪️Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тартып, ҚР Азаматтық кодексінің 353-бабы бұл дауға қолданылмайды деп есептеген, себебі бастапқы міндеттеме ақшалай сипатта болмаған, ал негізгі сатып алу-сату шарттары жасалғаннан кейін алдын ала шарттар бойынша міндеттемелер тоқтатылған.

▪️Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот мұндай ұстаныммен келіспеді. Сот негізгі шарттың жасалуы оған дейін жол берілген шарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

▪️Сатып алушы төлем бойынша өз міндеттемелерін толық әрі уақтылы орындаған, ал құрылыс салушы нысандарды пайдалануға беру және негізгі шарттарды жасау мерзімдерін бұзған. Бұл ретте шарттарда құрылыс салушының жауапкершілігі көзделген: мерзімі өткен әрбір күн үшін сатушы жылжымайтын мүлік құнының 0,1%-ы мөлшерінде, бірақ 10%-дан аспайтын тұрақсыздық айыбын есептейді.

▪️Кассациялық сот тұрақсыздық айыбы міндеттемені тиісінше орындамағаны үшін, оның ішінде орындау мерзімдерін бұзғаны үшін қолданылатын жауапкершілік нысаны екенін түсіндірді. Бастапқы міндеттеменің ақшалай сипатта болмауы сатып алушыны тұрақсыздық айыбын алу құқығынан айырмайды.

▪️Нәтижесінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот актілері жойылып, 10,5 млн теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы жаңа шешім шығарылды.

https://t.me/kass_sud_kz
👍4
▪️В 2021 году житель Алматы заключил с застройщиком три предварительных договора на приобретение квартиры, нежилого помещения и парковочного места.

▪️Покупатель полностью оплатил их стоимость. Застройщик обязался завершить строительные работы и заключить основные договоры купли-продажи до конца 2023 года.

▪️Однако фактически объект был введен в эксплуатацию только в октябре 2024 года. Акты приема-передачи подписаны в январе 2025 года, а основные договоры купли-продажи заключены в марте 2025 года. В связи с этим покупатель обратился в суд.

▪️Указав на нарушение застройщиком сроков ввода объекта в эксплуатацию и заключения основных договоров, покупатель потребовал взыскать неустойку за просрочку исполнения обязательств.

▪️Суды первой и апелляционной инстанций отказали в иске, посчитав, что статья 353 ГК не применима к данному спору, поскольку первоначальное обязательство не являлось денежным, а после заключения основных договоров обязательства по предварительным договорам прекращаются.

▪️Кассационный суд по гражданским делам не согласился с таким подходом. Суд отметил, что заключение основного договора не освобождает от ответственности за нарушение условий, допущенных до его заключения.

▪️Покупатель полностью и своевременно выполнил свои обязательства по оплате, тогда как застройщик нарушил сроки ввода объектов в эксплуатацию и заключения основных договоров.

▪️При этом договоры предусматривали ответственность застройщика: за каждый день просрочки продавец начисляет неустойку в размере 0,1% от стоимости недвижимости, но не более 10%.

▪️Кассационный суд разъяснил, что неустойка является формой ответственности за ненадлежащее исполнение обязательства, в том числе за нарушение сроков. Отсутствие денежного характера первоначального обязательства не лишает покупателя права на получение неустойки.

▪️В результате судебные акты первой и апелляционной инстанций отменены, вынесено новое решение о взыскании 10,5 млн тенге неустойки.

https://t.me/kass_sud_kz
👍9🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Сот сатып алушының құқықтарын қорғап, құрылыс салушыдан 10,5 млн теңге тұрақсыздық айыбын өндірді

🎥 Суд защитил права покупателя и взыскал с застройщика 10,5 млн тенге неустойки
👍5🔥1
Кассациялық сот жабдық пен үй маңындағы аумаққа қатысты дау бойынша сот актілерінің күшін жойды

🔷Пәтер иелері кооперативі (ПИК) «Ясли-сад» ЖШС-не жабдықты бөлшектеу, үй маңындағы аумақтың қоршау түріндегі дуалмен қоршалған бөлігін босату және үйге ортақ есепке алу аспаптарына қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

🔷Талапкер жабдықтың ортақ мүлікке жататын бақылау-өткізу пунктінің үй-жайында орналасқанын, үй маңындағы аумақтың бір бөлігі тұрғындардың келісімінсіз қоршалғанын, сондай-ақ үйге ортақ есепке алу аспаптары орналасқан үй-жайға қолжетімділіктің шектелгенін көрсетті.

🔷Бірінші сатыдағы сот талап арызды қанағаттандырып, «Ясли-сад» ЖШС-ін жабдықты бөлшектеуге және үй маңындағы аумақтың бір бөлігін босатуға міндеттеді.

🔷Апелляциялық сатыдағы сот шешімді өзгеріссіз қалдырды.

🔷«Ясли-сад» ЖШС кассациялық шағымында сот актілерінің күшін жоюды және талап арызды қанағаттандырудан бас тартуды сұрап, материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылмағанына сілтеме жасады.

🔷Кассациялық сот сот сатыларының тұжырымдарын қате деп танып, сот актілерінің күшін жойды және жауапкердің кассациялық шағымын қанағаттандырды, өйткені іс материалдарын зерттеу нәтижесінде жауапкердің талапкердің құқықтарын бұзғаны расталмаған.

🔷Сот экономикалық соттың шешімі мен сот алқасының қаулысының күшін жойды. Іс бойынша ПИК-тің талап арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданды.

№ 6003-26-00-2к/2254(2)

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты
👍6
Кассационный суд отменил судебные акты по спору об оборудовании и придомовой территории

🔷Кооператив собственников квартир (КСК) обратился в суд с иском к ТОО «Ясли-сад» об обязании демонтировать оборудование, освободить часть придомовой территории, на которой размещено ограждение в виде забора, и предоставить доступ к общедомовым приборам учета.

🔷Истец указал, что оборудование размещено в помещении контрольно-пропускного пункта, относящемся к общему имуществу, часть придомовой территории ограждена без согласия жильцов, доступ к помещению с общедомовыми приборами учета ограничен.

🔷Суд первой инстанции удовлетворил, обязав ТОО «Ясли-сад» демонтировать оборудование и освободить часть придомовой территории.

🔷Апелляционная инстанция оставила решение без изменения.

🔷В кассационной жалобе ТОО «Ясли-сад» просило отменить судебные акты и отказать в удовлетворении иска, ссылаясь на неправильное применение норм материального права.

🔷Кассационный суд признал выводы судебных инстанций неверными, отменил судебные акты и удовлетворил кассационную жалобу ответчика, поскольку исследованными материалами дела не подтверждено нарушение ответчиком прав истца.

🔷Суд отменил решение экономического суда и постановление судебной коллегии. По делу принято новое решение об отказе в удовлетворении иска КСК.

№ 6003-26-00-2к/2254(2)

Кассационный суд по гражданским делам
👍6🔥1
Кассациялық сот: Қызылордадағы жеке көмекшілерге экологиялық коэффициент қолданылуы тиіс

🔷Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты Қызылорда қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне үш жеке көмекшіге қызмет ақысының мөлшерін қайта есептеуді міндеттеген төменгі соттардың шешімдерін күшінде қалдырды.

🔷Іс бойынша талап қоюшылар 2022 жылғы қаңтардан бастап жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін көрсеткен. Олар тәулігіне 8 сағаттан, айына 240-248 сағат көлемінде, жыл бойы үздіксіз қызмет көрсетіп, атқарған жұмысы үшін ай сайын сыйақы алып отырған. Сонымен қатар, олардың табысынан міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары ұсталып, аударылған.

🔷Талап қоюшылар қызмет ақысына экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін 1,3 коэффициентін қолдануды сұраған. Алайда жергілікті атқарушы орган олардың өтінішін қанағаттандырмаған.

🔷Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар талап қоюшылардың талаптарын қанағаттандырған. Жауапкер сот актілерінің күшін жоюды сұрап, кассациялық шағым берген.

🔷Кассациялық сот төменгі соттардың қорытындыларымен келісті.

🔷Сот «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңға сәйкес Қызылорда қаласы экологиялық дағдарыс аймағына жататынын атап өтті. Осы Заң бойынша аталған аумақта тұратын халыққа экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін еңбекке ақы төлеу кезінде 1,3 коэффициенті белгіленген.

🔷Кассациялық сот талап қоюшылар мен жергілікті атқарушы орган арасындағы қатынастардың формальды түрде азаматтық-құқықтық шарт негізінде рәсімделгеніне қарамастан, іс жүзінде еңбек қатынастарының белгілері болғанын анықтады.

🔷Атап айтқанда, жеке көмекшілер жұмысты белгіленген тәртіппен және тұрақты түрде орындаған, тәулігіне 8 сағат қызмет көрсеткен, демалыссыз жұмыс істеген және қызметі үшін ай сайын жүйелі түрде сыйақы алған. Бұл ретте басқа жерде жұмыс істеу мүмкіндігі шектелген.

🔷Сот Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмысты жеке орындау, еңбек тәртібіне бағыну және еңбегі үшін сыйақы алу еңбек шартының негізгі белгілері болып табылатынын көрсетті. Осы белгілердің болуы еңбек қатынастарының нақты сипатын анықтау кезінде ескерілуге тиіс.

🔷Сонымен қатар, жеке көмекшілер үшін міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарының есептеліп, аударылуы да олардың еңбегі үшін ақы төленгенін және еңбек қатынастарының болғанын растайтын мән-жайлар ретінде бағаланды.

🔷Осыған байланысты кассациялық сот 1,3 коэффициенті жеке көмекшілерге төленетін кепілдендірілген сомаға да қолданылуға тиіс деген қорытындыға келді.

№6003-26-00-4к/1215

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты
👍5❤1
Кассационный суд: к оплате труда личных помощников в Кызылорде должен применяться экологический коэффициент

🔷Кассационный суд по административным делам Республики Казахстан оставил в силе судебные акты нижестоящих судов, которыми отдел занятости и социальных программ города Кызылорды обязан произвести перерасчет оплаты услуг трех личных помощников.

🔷По делу истцы с января 2022 года оказывали услуги личных помощников лицам с инвалидностью первой группы, испытывающим трудности при передвижении. Они оказывали услуги по 8 часов в сутки, по 240–248 часов в месяц, непрерывно в течение всего года, и ежемесячно получали вознаграждение за выполненную работу. Кроме того, из их доходов удерживались и перечислялись обязательные пенсионные взносы и взносы на обязательное социальное медицинское страхование.

🔷Истцы просили применить к оплате их услуг коэффициент 1,3 в связи с проживанием в экологически неблагоприятных условиях. Однако местный исполнительный орган отказал в удовлетворении их заявления.

🔷Суды первой и апелляционной инстанций удовлетворили требования истцов. Ответчик обратился с кассационной жалобой, в которой просил отменить судебные акты.

🔷Кассационный суд согласился с выводами нижестоящих судов.

🔷Суд отметил, что в соответствии с Законом «О социальной защите граждан, пострадавших вследствие экологического бедствия в Приаралье» город Кызылорда относится к зоне экологического кризиса. Согласно указанному Закону населению, проживающему на данной территории, при оплате труда в связи с проживанием в экологически неблагоприятных условиях устанавливается коэффициент 1,3.

🔷Кассационный суд установил, что, несмотря на формальное оформление отношений между истцами и местным исполнительным органом на основании гражданско-правового договора, фактически между ними имелись признаки трудовых отношений.

🔷В частности, личные помощники на постоянной основе выполняли работу в установленном порядке, оказывали услуги по 8 часов в сутки, работали без выходных и ежемесячно систематически получали вознаграждение за оказанные услуги. При этом их возможность работать в другом месте была ограничена.

🔷Суд указал, что в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан основными признаками трудового договора являются личное выполнение работы, подчинение трудовому распорядку и получение вознаграждения за труд. Наличие указанных признаков подлежит учету при определении фактического характера отношений между сторонами.

🔷Кроме того, начисление и перечисление за личных помощников обязательных пенсионных взносов и взносов на обязательное социальное медицинское страхование также оценено как обстоятельство, подтверждающее факт оплаты их труда и наличие трудовых отношений.

🔷В связи с этим кассационный суд пришел к выводу, что коэффициент 1,3 подлежит применению также к гарантированной сумме, выплачиваемой личным помощникам.

№6003-26-00-4к/1215

Кассационный суд по административным делам
👍8
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан  сотталған адамның қатысуымен жасалған бопсалау 

🔷Л. қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жүрген кезде,  Петропавл қаласындағы саунада оның өзге сыбайластары екі жәбірленушіні ұстап, олардан ақша талап еткен. Л. бейнебайланыс арқылы қосылып, топтың басқа да мүшелерімен бірге жәбірленушілерден күш қолдану қатерімен ақша беруді заңсыз  талап еткен. Осылайша, ол топтың ортақ қылмыстық ниетін қолдап, жәбірленушілерге көрсетілген психологиялық қысымды күшейткен.

🔷Оның қылмысқа қатысы бар екені дәлелдемелердің жиынтығымен расталды. Жәбірленушілер Л.-ны бейнебайланыс арқылы сөйлесуге қатысып, ақша беруді талап еткен адам ретінде таныған. Өзге сыбайласының телефонынан «Саша» есімімен  тіркелген  нөмір Л.-ға тиесілі екені және олардың арасындағы хат алмасу анықталған. Хат алмасуда қылмыстың мән-жайлары, оның іздерін жасыру әрекеттері және Л.-ға қылмыстық жолмен түскен ақшаның бір бөлігін аудару мәселелері талқыланған.

🔷Ұялы байланыс операторының деректері аталған нөмірдің Л.-ға тиесілі екенін растады. Ал базалық станцияның мәліметтері қылмыс жасалған күні телефонның Л. жазасын өтеп жүрген мекеме орналасқан аумақта болғанын көрсеткен. Банктік операциялар ақша қаражатының қозғалысын, сондай-ақ жәбірленушілердің 300 000 және 145 000 теңге мөлшерінде қарыз ресімдегенін растаған.

🔷Бірінші сатыдағы сот Л.-ға бопсалау үшін 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Алайда түпкілікті жаза мерзімі 8 жылды құраған. Себебі жаңа қылмыстық құқық бұзушылықты ол 2011 жылғы үкім бойынша 21 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген кезінде жасаған.

🔷Кассациялық сот іс материалдары мен зерттелген дәлелдемелерді ескере отырып, Л.-ның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны дәлелденген, ал оған тағайындалған жаза жасалған әрекетке сәйкес деп таныды. Осыған байланысты жергілікті соттардың сот актілері өзгеріссіз қалдырылды.

№ 6003-26-00-1к/3101(2)

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты
👍5
Вымогательство с участием осуждённого, находившегося в пенитенциарном учреждении

🔷Л. находился в учреждении уголовно-исполнительной системы, когда в сауне г. Петропавловск иные соучастники удерживали двух потерпевших и требовали от них деньги. Л. подключился по видеосвязи и вместе с другими участниками предъявил потерпевшим незаконное требование по передаче денег под угрозой применения насилия. Таким способом он поддержал общий преступный умысел и усилил психологическое давление на потерпевших.

🔷Его участие в преступлении подтверждено совокупностью доказательств. Потерпевшие указали на Л. как на человека, который участвовал в разговоре по видеосвязи и требовал передать деньги. В телефоне другого соучастника обнаружена переписка с контактом «Саша», номер которого зарегистрирован на Л. В ней обсуждались обстоятельства преступления, попытки скрыть его следы и перевод Л. части из полученных денег.

🔷Данные мобильного оператора подтвердили принадлежность номера Л., а информация базовой станции показала, что в день преступления телефон находился в районе учреждения, где он отбывал наказание. Банковские операции подтвердили движение денег, а также оформление потерпевшими займов на 300 000 и 145 000 теңге.

🔷За вымогательство суд первой инстанции назначил Л. 3 года лишения свободы. Однако окончательный срок составил 8 лет. Поскольку новое преступление он совершил во время отбывания наказания по приговору 2011 года, которым ему было назначено 21 год 9 месяцев лишения свободы.

🔷Кассационный суд с учетом материалов дела и исследованных доказательств посчитал вину Л. в совершении преступления доказанной, наказание соразмерным содеянному, поэтому судебные акты местных судов оставлены без изменения.

№ 6003-26-00-1к/3101(2)

Кассационный суд по уголовным делам
👍5❤1
Азаматтық істер жөніндегі Кассациялық сот хабарлайды

🔹25 қыркүйекке жоспарланған заң қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шара техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды.

🔹Іс-шараның жаңа өткізілетін күні, уақыты туралы қосымша хабарланады.

***

Кассационный суд по гражданским делам сообщает

🔹Запланированное на 25 сентября мероприятие с участием представителей юридического сообщества переносится по техническим причинам.

🔹О новой дате, времени мероприятия будет сообщено дополнительно.
👍4