КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.57K subscribers
775 photos
128 videos
1 file
120 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 В Верховном Суде приняли нормативное постановление о рассмотрении судами жалоб на действия (бездействие) и решения прокурора, органов уголовного преследования

🎥 телеканал “24kz”
👍9
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасына әкеп соққаны үшін тағайындалған жазаны қалпына келтірді

🔹 2025 жылғы қараша айында Жамбыл облысында екі жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Бірінші сатыдағы сот К.-ны ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

🔹 Апелляциялық сатыдағы сот басқаша қорытындыға келіп, оқиға кезінде жүргізуші орнында К. емес, басқа адам болғанын көрсетіп, құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс жүргізуді тоқтатты.

🔹 Кассациялық сот жол-көлік оқиғасы кезінде көлікті К. басқарған деп таныды. Бұл жәбірленушінің бастапқы айғақтарымен, бейнежазбадағы түсініктемелерімен, сондай-ақ «Сергек» бағдарламалық кешенінен алынған фотосуреттермен расталған.

🔹 Нәтижесінде кассациялық сот апелляциялық сот қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырды.

🔹 Сот отырыстары барысында жәбірленуші мен екі куә өз айғақтарын өзгертіп, көлікті К. емес, басқа адам басқарғанын мәлімдеген. Кассациялық сот мұны фактілерді бұрмалау деп бағалап, аталған тұлғалардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің (көрінеу жалған айғақ беру) бар-жоғын тексеру үшін прокурорға жекеше қаулы жіберді (№ 6003-26-00-3к/393).

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты
👍5
Кассационный суд по уголовным делам восстановил наказание за пьяное вождение, повлекшее ДТП

🔹 В ноябре 2025 года в Жамбылской области произошло ДТП с участием двух легковых автомобилей. Суд первой инстанции признал К. виновным по части 3 статьи 608 КоАП и назначил наказание в виде лишения водительских прав сроком на 7 лет.

🔹 Суд апелляционной инстанции пришла к противоположному выводу: за водительским сиденьем в момент ДТП находился не К., а иное лицо, и прекратил производство по делу за отсутствием состава правонарушения.

🔹 Кассационный суд посчитал, что в ходе ДТП автомобилем управлял К., это подтверждается первоначальными показаниями потерпевшего и его пояснениями на видеозаписи, фотографиями, полученными из программного комплекса «Сергек».

🔹 В результате суд кассационной инстанции отменил постановление апелляционной инстанции и оставил в силе решение суда первой инстанции.

🔹 В ходе судебных заседаний потерпевший и два свидетеля изменили свои показания, они утверждали, что за рулем находился не К., а другой человек. Кассационный суд расценил это как искажение фактов и направил частное постановление прокурору для проверки наличия в действиях указанных лиц состава уголовного правонарушения – дача заведомо ложных показаний (№ 6003-26-00-3к/393).

**Изображение сделано с помощью искусственного интеллекта

Кассационный суд по уголовным делам
👍9
Ұлттық сот төрелігі және халықаралық стандарттар: балалардың мүдделерін қорғау
 
◾️ Жоғарғы Сотта «Бала мүддесі – әділ сот төрелігінің негізі: халықаралық стандарттар және ұлттық сот төрелігі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

◾️ Іс-шара ЮНИСЕФ, ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисі және «Право» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.

◾️ Екі күндік форумның басты мақсаты – озық халықаралық стандарттарды ескере отырып, ұлттық сот төрелігі жүйесінде «баланың мүддесін жоғары қою» қағидатын іске асырудың біркелкі тәсілдерін әзірлеу.

◾️ Отырысты аша отырып, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов талқыланатын мәселелердің еліміздің құқықтық жүйесі үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.

◾️ «Баланың мүддесін жоғары қоюды» қамтамасыз ету қағидаты БҰҰ- ның Бала құқықтары туралы Конвенциясында бекітілген іргелі міндеттеме болып табылады, кез келген құқықтық шешімдерді қабылдау кезінде басты өлшем болуға тиіс», - деп атап өтті БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі, доктор Рашед Мұстафа Сарвар.

◾️ Тақырыптың өзектілігін ЕҚЫҰ-ның өкілі Юрий Фенопетов және «Право» ҚҚ-ның басшысы Ольга Рыль де құттықтау сөздерінде атап өтті.

◾️ Дөңгелек үстел жұмысына шетелдік әріптестер қатысты.

◾️ Сингапурдың отбасылық сотының судьясы Кеннет Яп терапевтік сот төрелігін қолдану тәжірибесімен бөлісті.

◾️ Балалардың құқықтарын қорғауға байланысты істер бойынша сот практикасының мәселелеріне Қырғызстан Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары Нұргүл Бакирова, сондай-ақ Әзербайжан мен Өзбекстан Жоғарғы Соттарының судьялары Елшад Шамаев пен Гүлнор Мирзаева тоқталды.

◾️ Халықаралық сарапшылар – Кин Ниетта (Гаага конференциясының тұрақты бюросы), Дариуш Селицки (ЕҚЫҰ), Ирина Мацкевич және Ирина Урумова (ЮНИСЕФ) –профилактикалық сот төрелігін енгізу, баланың психологиялық жарақатын барынша азайту және сот талқылаулары барысында оның қайта жарақаттануына жол бермеу қажеттілігіне назар аударды. Қатысушылар қазақстандық практикаға ерекше назар аударды.

◾️ ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Рәзия Қуанышбаева өз баяндамасында: «Балаға қатысты әрбір құқықтық мәселені балалар психологиясының ерекшелігін түсінетін кәсіпқойлар ол үшін достық және қауіпсіз ортада қарауы тиіс», деп атап өтті.

◾️ Жоғарғы Соттың судьясы Айдын Нұрбеков кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері туралы айтып, баланың құқықтарын қорғау мен сот төрелігінің міндеттері арасындағы тепе-теңдікке баса назар аударды.

◾️ Қарағанды облыстық сотының судьясы Динара Мүтібаева мен Астана ювеналды сотының судьясы Лейла Зинашева ювеналды әділетті дамыту перспективалары мен отбасылық дауларды шешу үлгілерін таныстырды.

◾️ Баланың мүддесін жоғары қоюды қамтамасыз етудің құқық қорғау тетігін Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Бас прокуратураның прокуроры Жүсіп Берлібай, бейінді министрліктердің өкілдері Венера Калимова мен Юлия Овечкина жан-жақты ашты.

◾️ Ал заң қоғамдастығының өкілдері Ирина Осокина мен Марина Кушакова қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты нақты көзқарастарын білдірді.

◾️ Екі күндік пікірталас барысында қатысушылар «баланың мүддесін жоғары қою» қағидатын сот практикасына интеграциялау әдіснамасын, терапевтік сот төрелігі моделін, сондай-ақ балалармен жұмыс істеу кезінде психологиялық жарақатты ескеретін тәсілді енгізу қажеттілігін талқылады.

◾️ Жеке блок кибербуллинг және кәмелетке толмағандардың цифрлық құқықтарын қорғау сияқты заманауи сын-қатерлерге арналды.

◾️ Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, Н.Шәріпов ұсынылған халықаралық және ұлттық тәжірибе судьялар жұмысының жаңа әдістемелік стандарттарын әзірлеу, құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту және балалардың құқықтық және психологиялық қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін сенімді іргетас болатынын атап өтті.
👍5👏1
◾️ Форум соңында ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы А.Мерғалиевтің атынан «Право» ҚҚ-ның басшысы Ольга Рыльға отбасылық сот төрелігін дамытуға және бала құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін «Сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін» медалі салтанатты түрде табыс етілді.

◾️ Сонымен қатар, іс-шара аясында Сингапурдан келген құрметті қонақ, судья Кеннет Яптың Қазақстанның ювеналды соттары судьяларына арналған қонақ дәрісі өтті.
 
👍5