КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.57K subscribers
791 photos
129 videos
1 file
120 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
Ұлттық сот төрелігі және халықаралық стандарттар: балалардың мүдделерін қорғау
 
◾️ Жоғарғы Сотта «Бала мүддесі – әділ сот төрелігінің негізі: халықаралық стандарттар және ұлттық сот төрелігі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

◾️ Іс-шара ЮНИСЕФ, ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисі және «Право» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.

◾️ Екі күндік форумның басты мақсаты – озық халықаралық стандарттарды ескере отырып, ұлттық сот төрелігі жүйесінде «баланың мүддесін жоғары қою» қағидатын іске асырудың біркелкі тәсілдерін әзірлеу.

◾️ Отырысты аша отырып, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов талқыланатын мәселелердің еліміздің құқықтық жүйесі үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті.

◾️ «Баланың мүддесін жоғары қоюды» қамтамасыз ету қағидаты БҰҰ- ның Бала құқықтары туралы Конвенциясында бекітілген іргелі міндеттеме болып табылады, кез келген құқықтық шешімдерді қабылдау кезінде басты өлшем болуға тиіс», - деп атап өтті БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі, доктор Рашед Мұстафа Сарвар.

◾️ Тақырыптың өзектілігін ЕҚЫҰ-ның өкілі Юрий Фенопетов және «Право» ҚҚ-ның басшысы Ольга Рыль де құттықтау сөздерінде атап өтті.

◾️ Дөңгелек үстел жұмысына шетелдік әріптестер қатысты.

◾️ Сингапурдың отбасылық сотының судьясы Кеннет Яп терапевтік сот төрелігін қолдану тәжірибесімен бөлісті.

◾️ Балалардың құқықтарын қорғауға байланысты істер бойынша сот практикасының мәселелеріне Қырғызстан Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары Нұргүл Бакирова, сондай-ақ Әзербайжан мен Өзбекстан Жоғарғы Соттарының судьялары Елшад Шамаев пен Гүлнор Мирзаева тоқталды.

◾️ Халықаралық сарапшылар – Кин Ниетта (Гаага конференциясының тұрақты бюросы), Дариуш Селицки (ЕҚЫҰ), Ирина Мацкевич және Ирина Урумова (ЮНИСЕФ) –профилактикалық сот төрелігін енгізу, баланың психологиялық жарақатын барынша азайту және сот талқылаулары барысында оның қайта жарақаттануына жол бермеу қажеттілігіне назар аударды. Қатысушылар қазақстандық практикаға ерекше назар аударды.

◾️ ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Рәзия Қуанышбаева өз баяндамасында: «Балаға қатысты әрбір құқықтық мәселені балалар психологиясының ерекшелігін түсінетін кәсіпқойлар ол үшін достық және қауіпсіз ортада қарауы тиіс», деп атап өтті.

◾️ Жоғарғы Соттың судьясы Айдын Нұрбеков кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері туралы айтып, баланың құқықтарын қорғау мен сот төрелігінің міндеттері арасындағы тепе-теңдікке баса назар аударды.

◾️ Қарағанды облыстық сотының судьясы Динара Мүтібаева мен Астана ювеналды сотының судьясы Лейла Зинашева ювеналды әділетті дамыту перспективалары мен отбасылық дауларды шешу үлгілерін таныстырды.

◾️ Баланың мүддесін жоғары қоюды қамтамасыз етудің құқық қорғау тетігін Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Бас прокуратураның прокуроры Жүсіп Берлібай, бейінді министрліктердің өкілдері Венера Калимова мен Юлия Овечкина жан-жақты ашты.

◾️ Ал заң қоғамдастығының өкілдері Ирина Осокина мен Марина Кушакова қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты нақты көзқарастарын білдірді.

◾️ Екі күндік пікірталас барысында қатысушылар «баланың мүддесін жоғары қою» қағидатын сот практикасына интеграциялау әдіснамасын, терапевтік сот төрелігі моделін, сондай-ақ балалармен жұмыс істеу кезінде психологиялық жарақатты ескеретін тәсілді енгізу қажеттілігін талқылады.

◾️ Жеке блок кибербуллинг және кәмелетке толмағандардың цифрлық құқықтарын қорғау сияқты заманауи сын-қатерлерге арналды.

◾️ Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, Н.Шәріпов ұсынылған халықаралық және ұлттық тәжірибе судьялар жұмысының жаңа әдістемелік стандарттарын әзірлеу, құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту және балалардың құқықтық және психологиялық қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін сенімді іргетас болатынын атап өтті.
👍5👏1
◾️ Форум соңында ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы А.Мерғалиевтің атынан «Право» ҚҚ-ның басшысы Ольга Рыльға отбасылық сот төрелігін дамытуға және бала құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін «Сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін» медалі салтанатты түрде табыс етілді.

◾️ Сонымен қатар, іс-шара аясында Сингапурдан келген құрметті қонақ, судья Кеннет Яптың Қазақстанның ювеналды соттары судьяларына арналған қонақ дәрісі өтті.
 
👍5
Национальное правосудие и международные стандарты: защита интересов детей
 
◾️ В Верховном Суде прошел международный круглый стол на тему «Наилучшие интересы ребенка как фундамент правосудия: международные стандарты и национальное правосудие».

◾️ Мероприятие организовано совместно с ЮНИСЕФ, Офисом программ ОБСЕ и Общественным фондом «Право».

◾️ Главной целью двухдневного форума стала выработка единых подходов к реализации принципа «наилучших интересов ребенка» в национальной системе правосудия с учетом передовых международных стандартов.

◾️ Открывая заседание, председатель судебной коллегии по гражданским делам Верховного Суда Нурсерик Шарипов подчеркнул стратегическую важность обсуждаемых вопросов для правовой системы страны.

◾️ «Принцип обеспечения наилучших интересов ребенка является фундаментальным обязательством, закрепленным в Конвенции ООН о правах ребенка, должен служить главным критерием при принятии любых правовых решений», - отметил представитель Детского фонда ООН (ЮНИСЕФ) в Казахстане доктор Рашед Мустафа Сарвар.

◾️ Актуальность темы в своих приветственных словах также отметили представитель ОБСЕ Юрий Фенопетов и руководитель ОФ «Право» Ольга Рыль.

◾️ В работе круглого стола приняли участие зарубежные коллеги.

◾️ Судья Семейного суда Сингапура Кеннет Яп поделился опытом применения терапевтического правосудия.

◾️ Вопросы судебной практики по делам, связанным с защитой прав детей, осветили заместитель Председателя Верховного Суда Кыргызстана Нургуль Бакирова, а также судьи верховных судов Азербайджана Елшад Шамаев и Узбекистана Гулнора Мирзаева.

◾️ Международные эксперты — Кин Ниетта (Постоянное Бюро Гаагской конференции), Дариуш Селицки (ОБСЕ), Ирина Мацкевич и Ирина Урумова (ЮНИСЕФ) – акцентировали внимание на необходимости внедрения превентивного правосудия, минимизации психологической травмы ребенка и предотвращения повторной травматизации детской психики в ходе судебных разбирательств.

◾️ Особое внимание участники уделили казахстанскому опыту.

◾️ Судья Верховного Суда РК Разия Куанышбаева в своем докладе подчеркнула: «Каждый правовой вопрос, затрагивающий интересы ребенка, должен рассматриваться в дружественной и безопасной для него среде профессионалами, понимающими специфику детской психологии».

◾️ Судья Верховного Суда Айдын Нурбеков рассказал об особенностях уголовного судопроизводства в отношении несовершеннолетних, сделав акцент на балансе между защитой прав ребенка и задачами правосудия.

◾️ Перспективы развития ювенальной юстиции и модели разрешения семейных споров презентовали судья Карагандинского областного суда Динара Мутубаева и судья ювенального суда Астаны Лейла Зинашева.

◾️ Правозащитный механизм обеспечения наилучших интересов ребенка подробно раскрыли Уполномоченный по вопросам семьи Снежанна Имашева, Уполномоченный по правам ребенка Динара Закиева, прокурор Генеральной прокуратуры Жусип Берлибай, представители профильных министерств Венера Калимова и Юлия Овечкина.

◾️ Свои подходы к рассматриваемой теме обозначили представители юридического сообщества Ирина Осокина и Марина Кушакова.

◾️ В ходе двухдневных дискуссий участники обсудили методологию интеграции принципа «наилучших интересов ребенка» в судебную практику, модели терапевтического правосудия, а также необходимость внедрения травмоинформированного подхода при работе с детьми. Отдельный блок был посвящен современным вызовам, таким как кибербуллинг и защита цифровых прав несовершеннолетних.

◾️ Подводя итоги, Н.Шарипов отметил, что представленный международный и национальный опыт послужит фундаментом для разработки новых методических стандартов работы судей, усиления профилактики правонарушений и совершенствования законодательства в сфере правовой и психологической безопасности детей.
👍5
◾️ В завершение от имени Председателя Верховного Суда РК А.Мергалиева руководителю ОФ «Право» Ольге Рыль вручена медаль «Сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін» за значительный вклад в развитие семейного правосудия и защиту прав ребенка.

◾️ В рамках мероприятия также состоялась гостевая лекция судьи из Сингапура Кеннета Япа для судей ювенальных судов Казахстана.
 
👍5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Ұлттық сот төрелігі және халықаралық стандарттар: балалардың мүдделерін қорғау

🎥 телеканал «Хабар»
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Национальное правосудие и международные стандарты: защита интересов детей
 
🎥 телеканал «Хабар»
Кассациялық сотта білім беру саласындағы алаяқтық туралы іс қайта қаралды

🔹Ж. есімді азамат Астана қаласындағы екі білім беру орталығына іс жүзінде басшылық жасап, жеке басын байыту мақсатында үш қылмыстық схеманы іске асырған.

🔹 1. Инвестициялық алдау: Ж. бизнесті кеңейту сылтауымен екі азаматтан 38 млн теңге тартқан. Уәде етілген дивидендтер төленбеген, ал ақшалай қаражат иемденілген.

🔹 2. Үлесті заңсыз сату: сотталған адам жәбірленушіден білім беру орталығындағы 20% үлес үшін 32 млн теңге алған. Бұл ретте Ж. басқа құрылтайшылардың келісімінсіз мұндай мәміле жасауға құқығы жоқ екенін алдын ала білген.

🔹 3. Жалған халықаралық білім: Ж. әлеуметтік желілердегі жарнама арқылы Қазақстанның түкпір-түкпірінен 49 азаматқа британдық үлгідегі сертификаттар алуға уәде берген. Бұл құжат оқушылардың шетелдік жоғары оқу орындарына қосымша тілдік курстарсыз автоматты түрде қабылдануын қамтамасыз етуі тиіс болған. Осы эпизод бойынша келтірілген шығынның жалпы сомасы 103 млн теңгеден асты.

🔹 Кассациялық шағымда қорғау тарапы бұл даулардың азаматтық-құқықтық сипатта екенін және оларды азаматтық сот тәртібімен қарау керек екенін көрсетті.

🔹 Алайда кассациялық сот келесі себептерге байланысты қорғау тарапының уәждерімен келіспеді. Ж.-да әуел бастан міндеттемелерді орындау ниеті болмаған. Жасалған келісім-шарттар формалды сипатта болып, азаматтарды адастыру құралы ретінде ғана қызмет еткен.

🔹 Алынған ақша оқу процесіне немесе бизнесті дамытуға жұмсалмай, сотталған адамның жеке қажеттіліктеріне пайдаланылған.

🔹 Осыған байланысты кассациялық сот Ж.-ның іс-әрекеттерін аса ірі мөлшердегі алаяқтық ретінде саралаудың дұрыстығын растады. Сотталған адам 6 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуді жалғастыруда (№ 6003-25-00-1к/1750(2).

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты
👍6❤1
В кассационном суде пересмотрено дело по мошенничеству в сфере образования

🔹 Ж. фактически руководила двумя образовательными центрами города Астаны, в ходе чего реализовала три преступных схемы для личного обогащения.

🔹 1. Инвестиционный обман: под предлогом расширения бизнеса Ж. привлекла от 2 граждан 38 млн тенге. Обещанные дивиденды выплачены не были, денежные средства присвоены.

🔹 2. Незаконная продажа доли: осужденная получила 32 млн тенге от потерпевшей за 20% доли в образовательном центре. При этом Ж. заведомо знала, что не имеет права на сделку без согласия других соучредителей.

🔹 3. Фиктивное международное образование: Ж. через рекламу в социальных сетях 49 гражданам со всего Казахстана обещала получение сертификатов британского образца. Данный документ обеспечил бы автоматическое зачисление учащихся в зарубежные вузы без дополнительных языковых курсов. Общая сумма ущерба по этому эпизоду превысила 103 млн тенге.

🔹 В кассационной жалобе защита настаивала на том, что данные споры являются гражданско-правовыми и должны решаться в гражданском суде.

🔹 Кассационный суд не согласился с доводами защиты по следующим основаниям. Ж. изначально не намеревалась исполнять обязательства. Заключаемые соглашения носили формальный характер и служили лишь инструментом для введения граждан в заблуждение. Полученные деньги не направлялись на учебный процесс или развитие бизнеса, а использовались осужденной для личного обогащения.

🔹 В связи с чем Кассационный суд подтвердил правильность квалификации действий Ж. как мошенничества в особо крупном размере. Осужденная продолжает отбывать наказание в виде 6 лет лишения свободы (№ 6003-25-00-1к/1750(2).

**Изображения созданы с помощью искусственного интеллекта

Кассационный суд по уголовным делам
👍6