КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.57K subscribers
775 photos
128 videos
1 file
120 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
Национальное правосудие и международные стандарты: защита интересов детей
 
◾️ В Верховном Суде прошел международный круглый стол на тему «Наилучшие интересы ребенка как фундамент правосудия: международные стандарты и национальное правосудие».

◾️ Мероприятие организовано совместно с ЮНИСЕФ, Офисом программ ОБСЕ и Общественным фондом «Право».

◾️ Главной целью двухдневного форума стала выработка единых подходов к реализации принципа «наилучших интересов ребенка» в национальной системе правосудия с учетом передовых международных стандартов.

◾️ Открывая заседание, председатель судебной коллегии по гражданским делам Верховного Суда Нурсерик Шарипов подчеркнул стратегическую важность обсуждаемых вопросов для правовой системы страны.

◾️ «Принцип обеспечения наилучших интересов ребенка является фундаментальным обязательством, закрепленным в Конвенции ООН о правах ребенка, должен служить главным критерием при принятии любых правовых решений», - отметил представитель Детского фонда ООН (ЮНИСЕФ) в Казахстане доктор Рашед Мустафа Сарвар.

◾️ Актуальность темы в своих приветственных словах также отметили представитель ОБСЕ Юрий Фенопетов и руководитель ОФ «Право» Ольга Рыль.

◾️ В работе круглого стола приняли участие зарубежные коллеги.

◾️ Судья Семейного суда Сингапура Кеннет Яп поделился опытом применения терапевтического правосудия.

◾️ Вопросы судебной практики по делам, связанным с защитой прав детей, осветили заместитель Председателя Верховного Суда Кыргызстана Нургуль Бакирова, а также судьи верховных судов Азербайджана Елшад Шамаев и Узбекистана Гулнора Мирзаева.

◾️ Международные эксперты — Кин Ниетта (Постоянное Бюро Гаагской конференции), Дариуш Селицки (ОБСЕ), Ирина Мацкевич и Ирина Урумова (ЮНИСЕФ) – акцентировали внимание на необходимости внедрения превентивного правосудия, минимизации психологической травмы ребенка и предотвращения повторной травматизации детской психики в ходе судебных разбирательств.

◾️ Особое внимание участники уделили казахстанскому опыту.

◾️ Судья Верховного Суда РК Разия Куанышбаева в своем докладе подчеркнула: «Каждый правовой вопрос, затрагивающий интересы ребенка, должен рассматриваться в дружественной и безопасной для него среде профессионалами, понимающими специфику детской психологии».

◾️ Судья Верховного Суда Айдын Нурбеков рассказал об особенностях уголовного судопроизводства в отношении несовершеннолетних, сделав акцент на балансе между защитой прав ребенка и задачами правосудия.

◾️ Перспективы развития ювенальной юстиции и модели разрешения семейных споров презентовали судья Карагандинского областного суда Динара Мутубаева и судья ювенального суда Астаны Лейла Зинашева.

◾️ Правозащитный механизм обеспечения наилучших интересов ребенка подробно раскрыли Уполномоченный по вопросам семьи Снежанна Имашева, Уполномоченный по правам ребенка Динара Закиева, прокурор Генеральной прокуратуры Жусип Берлибай, представители профильных министерств Венера Калимова и Юлия Овечкина.

◾️ Свои подходы к рассматриваемой теме обозначили представители юридического сообщества Ирина Осокина и Марина Кушакова.

◾️ В ходе двухдневных дискуссий участники обсудили методологию интеграции принципа «наилучших интересов ребенка» в судебную практику, модели терапевтического правосудия, а также необходимость внедрения травмоинформированного подхода при работе с детьми. Отдельный блок был посвящен современным вызовам, таким как кибербуллинг и защита цифровых прав несовершеннолетних.

◾️ Подводя итоги, Н.Шарипов отметил, что представленный международный и национальный опыт послужит фундаментом для разработки новых методических стандартов работы судей, усиления профилактики правонарушений и совершенствования законодательства в сфере правовой и психологической безопасности детей.
👍5
◾️ В завершение от имени Председателя Верховного Суда РК А.Мергалиева руководителю ОФ «Право» Ольге Рыль вручена медаль «Сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін» за значительный вклад в развитие семейного правосудия и защиту прав ребенка.

◾️ В рамках мероприятия также состоялась гостевая лекция судьи из Сингапура Кеннета Япа для судей ювенальных судов Казахстана.
 
👍5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Ұлттық сот төрелігі және халықаралық стандарттар: балалардың мүдделерін қорғау

🎥 телеканал «Хабар»
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Национальное правосудие и международные стандарты: защита интересов детей
 
🎥 телеканал «Хабар»
Кассациялық сотта білім беру саласындағы алаяқтық туралы іс қайта қаралды

🔹Ж. есімді азамат Астана қаласындағы екі білім беру орталығына іс жүзінде басшылық жасап, жеке басын байыту мақсатында үш қылмыстық схеманы іске асырған.

🔹 1. Инвестициялық алдау: Ж. бизнесті кеңейту сылтауымен екі азаматтан 38 млн теңге тартқан. Уәде етілген дивидендтер төленбеген, ал ақшалай қаражат иемденілген.

🔹 2. Үлесті заңсыз сату: сотталған адам жәбірленушіден білім беру орталығындағы 20% үлес үшін 32 млн теңге алған. Бұл ретте Ж. басқа құрылтайшылардың келісімінсіз мұндай мәміле жасауға құқығы жоқ екенін алдын ала білген.

🔹 3. Жалған халықаралық білім: Ж. әлеуметтік желілердегі жарнама арқылы Қазақстанның түкпір-түкпірінен 49 азаматқа британдық үлгідегі сертификаттар алуға уәде берген. Бұл құжат оқушылардың шетелдік жоғары оқу орындарына қосымша тілдік курстарсыз автоматты түрде қабылдануын қамтамасыз етуі тиіс болған. Осы эпизод бойынша келтірілген шығынның жалпы сомасы 103 млн теңгеден асты.

🔹 Кассациялық шағымда қорғау тарапы бұл даулардың азаматтық-құқықтық сипатта екенін және оларды азаматтық сот тәртібімен қарау керек екенін көрсетті.

🔹 Алайда кассациялық сот келесі себептерге байланысты қорғау тарапының уәждерімен келіспеді. Ж.-да әуел бастан міндеттемелерді орындау ниеті болмаған. Жасалған келісім-шарттар формалды сипатта болып, азаматтарды адастыру құралы ретінде ғана қызмет еткен.

🔹 Алынған ақша оқу процесіне немесе бизнесті дамытуға жұмсалмай, сотталған адамның жеке қажеттіліктеріне пайдаланылған.

🔹 Осыған байланысты кассациялық сот Ж.-ның іс-әрекеттерін аса ірі мөлшердегі алаяқтық ретінде саралаудың дұрыстығын растады. Сотталған адам 6 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуді жалғастыруда (№ 6003-25-00-1к/1750(2).

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты
👍6❤1
В кассационном суде пересмотрено дело по мошенничеству в сфере образования

🔹 Ж. фактически руководила двумя образовательными центрами города Астаны, в ходе чего реализовала три преступных схемы для личного обогащения.

🔹 1. Инвестиционный обман: под предлогом расширения бизнеса Ж. привлекла от 2 граждан 38 млн тенге. Обещанные дивиденды выплачены не были, денежные средства присвоены.

🔹 2. Незаконная продажа доли: осужденная получила 32 млн тенге от потерпевшей за 20% доли в образовательном центре. При этом Ж. заведомо знала, что не имеет права на сделку без согласия других соучредителей.

🔹 3. Фиктивное международное образование: Ж. через рекламу в социальных сетях 49 гражданам со всего Казахстана обещала получение сертификатов британского образца. Данный документ обеспечил бы автоматическое зачисление учащихся в зарубежные вузы без дополнительных языковых курсов. Общая сумма ущерба по этому эпизоду превысила 103 млн тенге.

🔹 В кассационной жалобе защита настаивала на том, что данные споры являются гражданско-правовыми и должны решаться в гражданском суде.

🔹 Кассационный суд не согласился с доводами защиты по следующим основаниям. Ж. изначально не намеревалась исполнять обязательства. Заключаемые соглашения носили формальный характер и служили лишь инструментом для введения граждан в заблуждение. Полученные деньги не направлялись на учебный процесс или развитие бизнеса, а использовались осужденной для личного обогащения.

🔹 В связи с чем Кассационный суд подтвердил правильность квалификации действий Ж. как мошенничества в особо крупном размере. Осужденная продолжает отбывать наказание в виде 6 лет лишения свободы (№ 6003-25-00-1к/1750(2).

**Изображения созданы с помощью искусственного интеллекта

Кассационный суд по уголовным делам
👍6
Жоғарғы Сот еліміздің барлық соттарына ЖИ-аналитикалық жүйесін кеңейтті
 
◾️ Жоғарғы Сот Қазақстанның барлық соттарында азаматтық істер бойынша «Судьяның цифрлық көмекшісі» сервисін – сот жүйесінің маңызды цифрлық жобасын енгізуді аяқтайды.

◾️ Жоба Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің тапсырмасы бойынша іске асырылды және сот төрелігін цифрлық трансформациялау бағытының жалғасы болды.

◾️ Жаңа сервис Жоғарғы Сот басшылығының, Сот әкімшілігінің және өңірлер соттарының қатысуымен өткен кеңес барысында ұсынылды.

◾️ Кеңесті аша отырып, Жоғарғы Сот Төрағасы сот жүйесіндегі цифрлық шешімдерді дамыту Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында қойған міндеттеріне сәйкес келетінін атап өтті.

◾️ Соңғы жылдары соттарда электрондық істер, аумақтан тыс соттылық, материалдарды автоматтандырылған бөлу және жекелеген процестерді роботтандыру енгізілді.

◾️ Цифрландырудың жаңа кезеңі сот практикасын талдаудың зияткерлік құралдарын енгізумен байланысты.

◾️ Бір жарым жыл ішінде жүйе Астана, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының соттарында сынақтан өткізілді. Пилоттық жоба қызмет көрсетудің жоғары практикалық тиімділігін және судьялар арасында сұранысты көрсетті.

◾️ Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров атап өткендей, жаңа жүйе судьяға жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, қаралатын әрбір дау бойынша тиісті сот практикасын қалыптастыруға, сондай-ақ ұқсас сот шешімдерін талдау негізінде істің ықтимал нәтижесін болжауға мүмкіндік береді. Зияткерлік іздеу талап қоюдың мазмұнын, тараптардың дәлелдерін және істің өзге де өлшемдерін ескере отырып, жұмыс істейді.

◾️ Сонымен қатар технологиялық инфрақұрылым айтарлықтай жаңғыртылды. Бүгінгі таңда сервис алдыңғы 4 миллионның орнына шамамен 15 миллион бірлік машинада оқылатын ақпаратты өңдей алады және бір уақытта 1000 сұранысты орындай алады.

◾️ Жүйенің функционалдық мүмкіндіктері де кеңейтілді: ЖИ талап қоюды автоматты түрде құрылымдайды, дау-дамайды қалыптастырады, тараптардың дәлелдерін бөліп көрсетеді және құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде өңдейді.

◾️ Наиль Ахметзакировтың айтуынша, сондай-ақ сот практикасының мониторингі жүйесі құрылып, статистикалық есептілік жаңартылды. Бұл қалыптасқан практикадан шығатын шешімдерді анықтауға және сот қызметін одан әрі жетілдіру үшін аналитикалық материалдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

◾️ Кеңес барысында технология сот жүктемесіне және дауларды шешу сапасына практикалық әсер ететіні атап өтілді. Мәселен, елорда соттарында пилоттық енгізу кезеңінде тараптардың татуласу деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары болды. Бұған процеске қатысушыларға ұқсас істер бойынша ақпарат беру және сотталқылауы басталғанға дейін даудың ықтимал құқықтық салдары ықпал етті. Бұл тәсіл тараптарғаістің болашағын объективті бағалауға және қосымша уақыт пен қаржылық шығындарсыз жиі ымыраға келуге мүмкіндік береді.

◾️ Астана қалалық сотының төрағасы Айдар Смағұлов цифрлық құралдар сот қалауын алмастырмауға, соттың аналитикалық мүмкіндіктерін күшейтуге және сот практикасын неғұрлым біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге көмектесетінін атап өтті.

◾️ Жоғарғы Сот жасанды интеллектті қолдану халықаралық тәсілдерге сәйкес келетіндігін атап өтті: іс бойынша барлық шешімдерді тек судья қабылдайды, ал цифрлық қызметтер көмекші және аналитикалық функцияны орындайды.

◾️ Қазіргі уақытта әкімшілік сот ісін жүргізуге ұқсас ЖИ-технологияларды енгізу аяқталуда.
👍4
Верховный Суд масштабировал систему ИИ-аналитики на все суды страны

◾️ Верховный Суд завершает внедрение во всех судах Казахстана значимого цифрового проекта судебной системы – сервиса «Цифровой помощник судьи» по гражданским делам.

◾️ Проект реализован по поручению Председателя Верховного Суда Асламбека Мергалиева и стал продолжением курса на цифровую трансформацию правосудия.

◾️ Новый сервис был представлен в ходе совещания с участием руководства Верховного Суда, Судебной администрации и судов регионов.

◾️ Открывая совещание, Председатель Верховного Суда отметил, что развитие цифровых решений в судебной системе соответствует задачам, поставленным Главой государства в Послании «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта». За последние годы в судах уже внедрены электронные дела, экстерриториальная подсудность, автоматизированное распределение материалов и роботизация отдельных процессов.

◾️ Новый этап цифровизации связан с внедрением интеллектуальных инструментов анализа судебной практики.

◾️ В течение полутора лет система тестировалась в судах Астаны, Жамбылской, Карагандинской и Мангистауской областей. Пилот показал высокую практическую эффективность сервиса и востребованность среди судей.

◾️ Как отметил Руководитель Судебной администрации Наиль Ахметзакиров, новая система позволяет формировать для судьи релевантную судебную практику по каждому рассматриваемому спору с использованием технологий искусственного интеллекта, а также прогнозировать возможный исход дела на основе анализа схожих судебных решений.

◾️ Интеллектуальный поиск работает с учетом содержания иска, доводов сторон и иных параметров дела.

◾️ Одновременно была существенно модернизирована технологическая инфраструктура. Сегодня сервис способен обрабатывать около 15 млн единиц машиночитаемой информации вместо прежних 4 млн и одновременно выполнять до 1000 запросов.

◾️ Расширены и функциональные возможности системы: ИИ автоматически структурирует иск, формирует фабулу спора, выделяет аргументы сторон и обрабатывает документы на казахском и русском языках.

◾️ По словам Наиля Ахметзакирова, параллельно выстроена система мониторинга судебной практики и обновлена статистическая отчетность. Это позволит выявлять решения, выбивающиеся из сложившейся практики, и формировать аналитические материалы для дальнейшего совершенствования судебной деятельности.

◾️ В ходе совещания отмечено, что технологии уже оказывают практическое влияние на судебную нагрузку и качество разрешения споров. Так, в судах столицы в период пилотного внедрения уровень примирения сторон оказался выше среднереспубликанского показателя. Этому способствовало предоставление участникам процесса информации по аналогичным делам и возможным правовым последствиям спора еще до начала судебного разбирательства.

◾️ Такой подход позволяет сторонам объективнее оценивать перспективы дела и чаще приходить к компромиссу без дополнительных временных и финансовых затрат.

◾️ Председатель суда города Астаны Айдар Смагулов отметил, что цифровые инструменты помогают не заменять судебное усмотрение, а усиливать аналитические возможности суда и обеспечивать более единообразное применение судебной практики.

◾️ В Верховном Суде подчеркнули, что использование искусственного интеллекта соответствует международным подходам: все решения по делу принимает исключительно судья, тогда как цифровые сервисы выполняют вспомогательную и аналитическую функцию.

◾️В настоящее время уже завершается внедрение аналогичных ИИ-технологий в административное судопроизводство.
👍7❤1
Кассациялық сот: экологиялық залал бойынша азаматтық істегі шешімді қайта қарауға негіз жоқ деп тапты

🔹Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот шешімдерін қайта қараудың нақты әрі шектеулі негіздері көзделген.

🔹2015 жылы сот үкімімен С. және Б. есімді азаматтар экологиялық тұрғыдан қауіпті химиялық заттармен жұмыс істеуге байланысты экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі деп танылған.

🔹Апелляциялық сатыдағы сот қаулысымен үкім өзгертіліп, аталған тұлғалар қылмыстық жауаптылықтан ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатылған.

🔹2017 жылы заңды күшіне енген сот шешімімен жауапкерлер С. мен Б.-дан мемлекет кірісіне 150 миллион теңгеден астам мөлшерде залал өндірілген.

🔹2024 жылы кассациялық сатыдағы сот қаулысымен С. мен Б.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім мен қаулының күші жойылып, іс апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберілген.

🔹2025 жылы істі қайта қарау барысында С. мен Б. экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, алайда ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған.

🔹Осы үкімге сілтеме жасаған С. мен Б. 2017 жылы аудандық сот шығарған залалды өндіру туралы азаматтық іс бойынша шешімді жаңадан ашылған мән-жайлар негізінде қайта қарау туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Олар АПК-нің 455-бабы 3-бөлігінің 1) тармақшасы мен 2-бөлігінің 3) тармақшасына сүйенген.

🔹Аудандық сот жауапкерлердің арызын қанағаттандырып, бұрынғы шешімнің күшін жойған. Алайда апелляциялық саты бұл ұйғарымның күшін жойып, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша шешімді қайта қараудан бас тартқан.

🔹Кассациялық сатыдағы сот та апелляциялық алқаның қорытындыларымен келісіп, АПК-нің 455-бабында көзделген негіздердің жоқ екенін атап өтті.

🔹Бұл тұжырымдар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №12 «Соттардың ҚР АПК нормаларын жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау кезінде қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 8-тармағына негізделген. Аталған тармақта АПК-нің 455-бабы 3-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес, жаңа мән-жай деп азаматтық істі қарау кезінде АПК-нің 76-бабы негізінде дәлелдеусіз қабылданған мән-жайларды белгілеген сот актісінің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот қаулысы түсіндірілген.

🔹2015 жылғы сот үкімі мен қаулыларының күшін жою фактісі, сондай-ақ 2025 жылғы апелляциялық үкім бойынша С. мен Б.-ның экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы азаматтық іс бойынша шешімді жаңадан ашылған мән-жайлар негізінде қайта қарауға негіз болмайды.

🔹Өтініш берушілердің кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Азаматтық істер жөніндегі
кассациялық соты
👍5
Кассационный суд: признал отсутствие оснований для пересмотра решения по гражданскому иску о возмещении экологического ущерба

🔹Гражданским процессуальным кодексом Республики Казахстан предусмотрен исключительный перечень оснований пересмотра решений по вновь открывшимся обстоятельствам.

🔹В 2015 году приговором суда граждане С.и Б. признаны виновными в нарушении экологического законодательства, связанного с обращением с экологически потенциально опасными химическими веществами.

🔹Постановлением суда апелляционной инстанции приговор изменен и вышеуказанные лица освобождены от уголовной ответственности, в связи с истечением срока давности.

🔹В 2017 году вступившим в законную силу решением суда с ответчиков Б. и С. в доход государства взыскана сумма ущерба в размере более 150 миллионов тенге.

🔹В 2024 году постановлением суда кассационной инстанции приговор и постановление по уголовному делу в отношении С.и Б. отменены и дело направлено на новое рассмотрение в суд апелляционной инстанции.

🔹В 2025 году при новом рассмотрении С.и.Б. признаны виновными в совершении экологического преступления и освобождены от уголовной ответственности в связи с истечением срока давности.

🔹Ссылаясь на данный приговор, С.и. Б. обратились в суд с заявлением о пересмотре решения по гражданскому делу о взыскании ущерба, вынесенного районным судом в 2017 году, по вновь открывшимся обстоятельствам по пп. 1) ч. 3 и пп. 3) ч. 2 ст. 455 ГПК.

🔹Районный суд удовлетворил заявление ответчиков и отменил решение. Апелляционной инстанцией данное определение отменено, в пересмотре решения по вновь открывшимся обстоятельствам - отказано.

🔹Суд кассационной инстанции согласился с выводами апелляционной коллегии об отсутствии оснований, предусмотренных статьей 455 ГПК для пересмотра решения по вновь открывшимся обстоятельствам.

🔹Данные выводы основаны на пункте 8 нормативного постановления Верховного Суда РК от 8 декабря 2017 года № 12 « О применении судами норм ГПК РК при пересмотре судебных актов по вновь открывшимся или новым обстоятельствам», в котором разъяснено, что под новым обстоятельством в соответствии с пп. 1) ч. 3 ст. 455 ГПК понимается вступившее в законную силу судебное постановление об отмене судебного акта, которым были установлены обстоятельства, принятые без доказывания при рассмотрении гражданского дела, на основании статьи 76 ГПК.

🔹Факт отмены приговора и постановления судов, вынесенных в 2015 году и апелляционный приговор от 2025 года, по которому С.и Б. признаны виновными в совершении экологического преступления и освобождены от уголовной ответственности в связи с истечением срока давности, основанием для пересмотра решения по гражданскому делу по вновь открывшимся обстоятельствам - не является.

🔹Кассационные жалобы заявителей оставлены без удовлетворения.

Кассационный суд
по гражданским делам
👍5
Отбасылық қатынастардың іс жүзінде тоқтатылуы
ерлі-зайыптылардың ортақ меншік режимін жоққа шығарады
 
🔹Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот С.-тің Т.-ға қарсы ортақ мүлікті бөлу туралы азаматтық ісін қарады.

🔹Талап қоюшы даулы жер учаскесін ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі деп танып, оны бөлуді сұрап, мүлік некеде тұрған кезеңде сатып алынғанына сілтеме жасаған.

🔹Апелляциялық саты келіскен бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан.
Кассациялық сот сот актілерін күшінде қалдырды.

🔹Соттар тараптардың 1992 жылдан бастап тіркелген некеде тұрғанын анықтаған. Алайда, 1995 жылдан бастап олар іс жүзінде отбасылық қатынастарын және ортақ шаруашылық жүргізуді тоқтатқан.
Жауапкердің түсініктемелерінен сол уақыттан бастап қартайған ата-анасына күтім жасау үшін ауылға көшіп барғаны анықталған. Талап қоюшы ауылға көшуден бас тартқандықтан, жауапкер 2000 жылдан бастап басқа әйелмен бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүргізген. Осы азаматтық некеден оның 2003, 2006, 2007 және 2009 жылдары туған төрт баласы бар. Бірінші некеден туған ұлына ол жылжымайтын мүліктегі өз үлесін сыйға тартқан, ал қызына Алматы қаласынан пәтер сатып алып берген.

🔹Бірінші жұбайымен некелік қатынастардың іс жүзінде тоқтатылғаны және олардың бөлек тұрғаны тұрғылықты жері туралы мәліметтермен, ауылдық округ әкімінің анықтамасымен, сотта сұралған куәнің түсініктемелерімен, жауапкердің ауылдағы шаруа қожалығындағы жұмыс орнымен және бірінші жұбайының басқа қалада тұруымен расталған.

🔹Осылайша, сот сатылары тараптардың әртүрлі елді мекендерде ұзақ уақыт бөлек тұрғанын, жауапкердің басқа отбасы құрғанын және осы азаматтық некеден төрт баласының бар екенін анықтаған.

🔹Даулы жер учаскесі жұбайымен 2009 жылы, яғни некелік қатынастар іс жүзінде тоқтатылғаннан кейін, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен сатып алынған.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 35-бабының 2-тармағына сәйкес, ерлі-зайыптылардың бөлек тұру кезеңінде, некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты әрқайсысы иеленген мүлік олардың жеке меншігі болып танылады.

🔹2000 жылғы 28 сәуірдегі №5 «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» Нормативтік қаулысының 16-тармағында, егер отбасылық қатынастар мен ортақ шаруашылық жүргізу іс жүзінде тоқтатылғаннан кейін ерлі-зайыптылар ортақ мүлік сатып алмаса, онда бөлуге тек ортақ шаруашылық тоқтатылған уақытқа дейін олардың ортақ бірлескен меншігі болып табылған мүлік қана жататыны түсіндірілген.

🔹Істі қарау барысында соттар тараптардың ұзақ уақыт бөлек тұрғанын, ортақ шаруашылық жүргізу фактісінің болмағанын, олардың дербес бөлек өмір сүргенін және отбасылық қатынастардың тоқтатылғанын растайтын дәлелдемелердің бар екенін ескерген.

🔹Тараптардың ортақ балаларға қатысты отбасылық іс-шараларға, сыныптастар кездесуіне қатысуы өздігінен ортақ отбасы бюджетін жүргізу мен бірлескен шаруашылықтың бар екенін білдірмейді.
Осы мән-жайларды негізге ала отырып, соттар даулы мүлікті ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі деп тануға негіздердің жоқтығы туралы дұрыс қорытындыға келген.
 

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты
👍7