Кассациялық соттар департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік пәтерлердің кілттері табысталды
🔹 Кассациялық соттар департаментінде мемлекеттік қызметшілерге қызметтік пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
🔷 Іс-шара барысында үш мемлекеттік қызметшіге қызметтік пәтерлердің кілттері табысталды.
🔹 Кассациялық соттарда еліміздің әртүрлі өңірлерінен қоныс аударып келген мемлекеттік қызметшілер қызмет атқаратындықтан, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі күні ерекше маңызға ие.
🔷 Департамент басшылығы қоныс иелерін құттықтап, оларға отбасылық амандық, жаңа қоныстарында жайлылық және қызметтік міндеттерін атқаруда табыс тіледі.
Кассациялық соттардың баспасөз қызметі

👍4👏2🔥1
Государственным служащим Департамента кассационных судов вручены ключи от служебных квартир
🔹 В Департаменте кассационных судов состоялась торжественная церемония вручения ключей от служебных квартир государственным служащим.
🔹 Поскольку в кассационных судах работают государственные служащие, преимущественно переехавшие из регионов страны, вопрос обеспечения их жильем сегодня имеет особое значение.
🔷 Руководство Департамента поздравило новоселов, пожелав им семейного благополучия, уюта и дальнейших успехов в профессиональной деятельности.
Пресс-служба кассационных судов

👍9🔥3
Қызы, тұрғын үйдің меншік иесі бола отырып, әкесін үйден шығаруды талап етті
🔹Талап қоюшы тұрғын үйге меншік құқығы өз атына тіркелгенін негізге ала отырып, әкесін үйден шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінді.
🔹Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырды.
🔹Алайда апелляциялық сатыдағы сот бірінші саты сотының шешімін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.
🔹Жауапкер талап қоюшының туған әкесі болып табылады. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабына сәйкес, тұрғын үй меншік иесінің отбасы мүшелері тұрғын үйді меншік иесімен тең дәрежеде пайдалануға құқылы.
🔹Осылайша, жауапкер 2022 жылғы қыркүйек айынан бастап даулы тұрғын үйде заңды негізде тұрып келген және қазіргі уақытта да тұрып жатыр. Сонымен қатар, талап қоюшы осы уақыт аралығында оның үйде тұруына қарсылық білдірмеген.
🔹Жауапкердің жалғыз баспанасына қатысты құқықтарының бұзылғанын ескере отырып, апелляциялық сот оны тұрғын үйден шығару туралы талап қоюшының талабын заңсыз деп таныды.
🔹Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот апелляциялық саты сотының қорытындыларымен келісіп, олардың Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына сәйкес келетінін атап өтті және апелляциялық қаулыны өзгеріссіз қалдырды.
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты

👍4👏3
Дочь, являясь собственником жилья, выселила своего отца из дома.
🔹Истец обратилась в суд с иском о выселении отца, мотивируя свое требование наличием зарегистрированного за ней права собственности на дом.
🔹Суд первой инстанции иск удовлетворил.
🔹Апелляционной инстанцией решение суда отменено, в удовлетворении иска отказано.
🔹Ответчик является родным отцом истца. В соответствии со статьей 68 Закона Республики Казахстан «О жилищных отношениях», члены семьи собственника жилого помещения имеют право пользования данным жилым помещением наравне с собственником.
🔹Таким образом, ответчик проживал и проживает в спорном имуществе на законных основаниях с сентября 2022 года, при этом истецвсе это время не возражала против его проживания в доме.
🔹Учитывая допущенные нарушения прав ответчика на единственное жилье, апелляционный суд признал незаконными требования истца о его выселении.
🔹Кассационный суд по гражданским делам согласился с выводами суда апелляционной инстанции, признав их соответствующими нормам Закона Республики Казахстан «О жилищных отношениях», оставил апелляционное постановление в силе.
Кассационный суд по гражданским делам

👍10
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотта 2026 жылдың бірінші жартыжылдық жұмыс қорытындылары бойынша кеңес өтті
🔹Кеңес жұмысына ҚР Жоғарғы Сотының басшылығы және Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың судьялары қатысты.
🔹Кеңесті Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы А.С. Смайылов ашып, сот практикасының бірізділігін қамтамасыз ету, сот төрелігінің сапасын арттыру және соттардың қызметін одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
🔹ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.К. Шәріпов атқарылған жұмыстың негізгі қорытындыларына тоқталып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындады.
🔹2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотқа 5 835 шағым келіп түсті. Оның ішінде 2 069 шағым (35,4%) қайтарылып, 3 010 іс мәні бойынша қаралды.
🔹Істерді қарау нәтижелері бойынша:
2 434 сот актісі (80,8%) өзгеріссіз қалдырылды;
402 сот актісінің (13,3%) күші жойылды;
174 сот актісі (5,8%) өзгертілді.
🔹Күші жойылған және өзгертілген сот актілерінің жиынтық үлесі 19,1% құрады.
🔹Кеңес барысында судьялар Г.Б. Бастубаевтың, Ш.М. Нүсіпованың, К.С. Манакаеваның және Ж.К. Рүстембековтің баяндамалары тыңдалды. Олар азаматтық істердің жекелеген санаттары бойынша сот практикасына талдау жасап, құқық қолданудың өзекті мәселелерін атап өтіп, істерді қарау тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.
🔹Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар есепті кезеңдегі жұмыс нәтижелерін қорытындылап, сот қызметін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындады және азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірледі.

👍5