КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.56K subscribers
792 photos
129 videos
1 file
120 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотта оқу экскурсиясы аясында Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық Университеті заң факультетінің екінші курс студенттеріне арналған ашық есік күні өтті.

🔹Сапар студенттермен кездесуден және сот ғимаратында өзін ұстау ережелері бойынша қысқаша нұсқаулық өткізуден басталды. Одан әрі білім алушылар кеңсе жұмысымен танысып, оларға өтініштер мен шағымдарды қабылдау және тіркеу тәртібі, сондай-ақ сот істерінің кейінгі қозғалысы түсіндірілді.

🔹Экскурсияның жалғасы ретінде студенттер сот отырыстары өтетін залдарға барып, сот процесінің құрылымы, қатысушылардың орналасуы және істерді қарау ерекшеліктері туралы ақпарат алды. Тәжірибелік бақылауға ерекше назар аударылды: студенттердің бір бөлігі сот отырыстарына қатысса, екінші топ күту залының жұмысымен және тараптарды процеске шақыру тәртібімен танысты.

🔹Экскурсия соңында жалпы талқылау өткізіліп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сапар қорытындысын жасады.

🔹Бұл іс-шара болашақ заңгерлерге теориялық білімдерін бекітуге, құнды практикалық тәжірибе алуға, сондай-ақ сот жүйесінің жұмысын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты
👍5🔥1
В Кассационном суде по административным делам состоялся день открытых дверей для студентов второго курса юридического факультета Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилёва в рамках учебной экскурсии.

🔹Визит начался с встречи студентов и проведения краткого инструктажа по правилам поведения в здании суда. Далее обучающиеся ознакомились с работой канцелярии, где им разъяснили порядок поступления и регистрации заявлений и жалоб, а также дальнейшее движение судебных дел.

🔹Продолжением экскурсии стало посещение залов судебных заседаний, где студентам рассказали о структуре судебного процесса, расположении участников и особенностях рассмотрения дел.

🔹Особое внимание было уделено практическому наблюдению: часть студентов присутствовала на судебных заседаниях, в то время как другая группа ознакомилась с работой зала ожидания и порядком приглашения сторон в процесс.

🔹По завершении экскурсии состоялось общее обсуждение, в ходе которого студенты задали интересующие вопросы и подвели итоги визита.

🔹Мероприятие позволило будущим юристам закрепить теоретические знания и получить ценный практический опыт, а также лучше понять организацию работы судебной системы.

Кассационный суд по администравтивным делам
👍8🔥1🤩1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Назарларыңызға іс шарадан бейнебаян ұсынамыз
***
⚜️Представляем вашему вниманию видеоролик с мероприятия
🔥7🤩1
Қылмыстық топқа қатысушыға 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

🔹 2022 жылғы қазан айынан 2023 жылғы сәуір айына дейін Т. Астана, Қарағанды және Көкшетау қалаларында Telegram арқылы ұйымдастырылған интернет-дүкендер желісі арқылы гашиш таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған. Ол ірі көлемдегі есірткі заттарын алып, оларды ұсақ дозаларға бөліп, жасырын орындарға орналастырып, сатып алушыларға олардың орналасқан жері туралы мәліметтерді беріп отырған.
Бұдан бөлек, Т. басқа адамдармен бірлесіп, жәбірленушіге қатысты күш қолданып, оның ұялы телефонын ашық түрде иеленген.

🔹 Бірінші сатыдағы сот Т.-ны ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізгені және тонау жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Апелляциялық сатыдағы сот бұл үкімді өзгеріссіз қалдырды.

🔹 Кассациялық шағымда қорғау тарапы Т.-ның қылмыстық топқа саналы түрде қатысқаны дәлелденбегенін көрсетіп, оны осы эпизод бойынша ақтауды, сондай-ақ оның әрекеттерін неғұрлым жеңілірек бапқа қайта саралап, жазаны төмендетуді сұрады.

🔹 Алайда кассациялық сот сот актілерін өзгеріссіз қалдырды. Сот Т.-ның иелігінен 9 дана есірткі заты салынған түйіншек табылғанын, сондай-ақ ұялы телефондардағы мессенджерлер арқылы жүргізілген хат алмасулар оның ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болғанын дәлелдейтінін атап көрсетті. Сонымен қатар, ол шетел азаматына қатысты тонау жасап, материалдық зиян келтірген. Жасалған қылмыстың ауырлығы мен кінәлі адамның жеке басын сипаттайтын мән-жайлар ескеріле отырып, тағайындалған жаза әділ деп танылды (№ 6003-25-00-1к/2921(2).

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты
👍7
15,5 лет заключения для участника преступной группы

🔹 С октября 2022 года по апрель 2023 года Т. участвовал в организованной преступной группе, которая распространяла гашиш через Telegram-магазины в Астане, Караганде и Кокшетау. Он получал крупные партии наркотиков, делил их на мелкие дозы, прятал в тайниках и передавал координаты для продажи клиентам.
Кроме этого, Т. совместно с другими лицами, он применил физическую силу к потерпевшему и открыто похитил его сотовый телефон.

🔹 Суд первой инстанции признал его виновным в участии в организованной преступной группе, незаконном сбыте наркотиков в особо крупном размере и грабежа. Ему назначили наказание — 15 лет 6 месяцев лишения свободы. Суд апелляционной инстанции поддержал это решение.

🔹 В кассационной жалобе защита просила оправдать Т. по части участия в преступной группе, утверждая, что нет доказательств его сознательного участия, и просила переквалифицировать обвинение на более мягкую статью со снижением наказания.

🔹 Кассационный суд оставил судебные акты без изменений, отметив, что у Т. было найдено 9 свёртков наркотиков, а переписки в мессенджерах сотовых телефонов подтверждали участие в преступной группе. Также он ограбил иностранного гражданина, причинив ему материальный ущерб. Наказание признано справедливым с учётом тяжести преступлений и личности виновного (№ 6003-25-00-1к/2921(2).

Кассационный суд по уголовным делам
👍8
Студенттер Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың жұмысымен танысты

🔹Оқулықтар, дәрістер мен семинарлар — бұл маңызды негіз. Бірақ мамандықты толық түсіну теория нақты практикамен ұштасқанда ғана мүмкін болады.

🔹Ашық есік күні аясында Maqsut Narikbayev University Заң факультетінің студенттері Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотқа барып, осындай бірегей мүмкіндікке ие болды.

🔹Сапар барысында болашақ заңгерлер сот отырысы залдарында болып, соттың ішкі жұмыс барысымен танысты, сондай-ақ судьялармен және департамент қызметкерлерімен кездесті. Бұл студенттер үшін кассациялық іс жүргізу туралы тек дәрістен естіп қана қоймай, оның ерекшеліктерін күнделікті нақты істермен айналысатын мамандармен тікелей талқылауға берілген сирек мүмкіндік болды.

🔹Нақты кейстерді талдау студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Дәл осындай мысалдар заң нормаларының іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін, сот қызметіндегі дәлдік, жауапкершілік пен кәсібиліктің қаншалықты маңызды екенін көруге мүмкіндік береді.

🔹Сонымен қатар, іс-шара барысында студенттер арасында «ҚР Жаңа Конституциясы» тақырыбында Kahoot ойыны өткізілді. Интеллектуалды жарыс қорытындысы бойынша жеңімпазға Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың атынан естелік сыйлық табыс етілді.

🔹Мұндай кездесулер студенттер үшін өте құнды: олар болашақ мамандықты тереңірек түсінуге, оның ауқымы мен маңыздылығын сезінуге, сондай-ақ өзінің кәсіби жолы туралы ойлануға көмектеседі.

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты
👍7❤1
Студенты увидели, как работает Кассационный суд по уголовным делам

🔹Учебники, лекции, семинары — это важная основа. Но настоящее понимание профессии приходит тогда, когда теория встречается с реальной практикой.

🔹Именно такую возможность получили студенты юридического факультета Maqsut Narikbayev University, посетив Кассационный суд по уголовным делам в рамках Дня открытых дверей.

🔹Во время визита будущие юристы побывали в залах судебных заседаний, познакомились с работой суда изнутри, встретились с судьями и сотрудниками аппарата. Для студентов это была редкая возможность не просто услышать о кассационном производстве на лекции, а обсудить его особенности напрямую с теми, кто ежедневно работает с настоящими делами.

🔹Особое внимание студентов привлек разбор реальных кейсов. Именно такие примеры позволяют увидеть, как юридические нормы работают на практике, насколько важны точность, ответственность и профессионализм в судебной деятельности.

🔹Кроме того, в ходе мероприятия среди студентов была проведена игра Kahoot на тему «Новая Конституция РК». По итогам интеллектуального состязания победителю был вручен памятный подарок от имени Кассационного суда по уголовным делам.

🔹Такие встречи особенно ценны для студентов: они помогают лучше понять будущую профессию, почувствовать ее масштаб и значение, а также задуматься о собственном профессиональном пути.

Кассационный суд по уголовным делам
👍7
Қарыз шарттарының формалды өзгерістері кредиторларды құтқармайды

🔹Кассациялық сот азаматтардың соттан тыс банкроттыққа құқығын растап, формалды «жақсартылған» несиені қайта құрылымдауға тап болғанымен, іс жүзінде қарызын өтей алмаған Б.-ның мүдделерін қорғады.

🔹Б. мемлекеттік кірістер органдары оған соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тартқаннан кейін сотқа жүгінді. Бас тарту кредитор микронесиенің шарттарын өзгерткендігімен негізделген: өсімпұлдың бір бөлігін кешірген, төлемді кейінге қалдырған және қарызды қайтару мерзімін ұзартқан. Алайда іс жүзінде қарыз алушы тарапынан қаражат төленбеген, сондықтан берешек өтелмеген күйінде қалған.

🔹Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар бұл бас тартуды заңсыз деп таныды, ал кассациялық сот осы қорытындыларды толықтай қолдады. Сот қарыздың 12 ай бойы нақты өтелмеуі соттан тыс банкроттықтың негізгі шарты екенін атап өтті, әрі кредитордың біржақты әрекеттері – айыппұлдарды есептен шығару, мерзімді ұзарту, қайта құрылымдау – нақты төлемнің орнын алмастырмайтынын көрсетті.

🔹Сондай-ақ сот қарыз алушы ұсынылған «қайта құрылымдаудан» бас тартып, заңды бұзбай банкроттық рәсімін жалғастыра алатынын атап өтті.

🔹Осылайша, кредиторлардың формалды әрекеттері қарыз алушыларды заңмен қорғалатын құқықтарынан айыра алмайды.

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты
🔥4
Формальные изменения займа не спасают кредиторов
​
🔹Кассационный суд подтвердил права граждан на внесудебное банкротство, защитив интересы Б., которая столкнулась с формальной «улучшенной» реструктуризацией кредита, но фактически продолжала оставаться должником.

🔹Б. обратилась в суд после того, как органы государственных доходов отказали ей в применении внесудебного банкротства. Отказ был мотивирован тем, что кредитор изменил условия микрокредита: частично списал пени, предоставил отсрочку и продлил срок возврата займа. На деле же денежные средства заемщиком не были внесены, и долг оставался непогашенным.

🔹Суды первой и апелляционной инстанций признали отказ незаконным, а кассационный суд полностью подтвердил эти выводы. Суд подчеркнул, что фактическое непогашение долга в течение 12 месяцев является ключевым условием для внесудебного банкротства, и любые односторонние изменения условий кредитором – списание штрафов, продление срока, реструктуризация – не заменяют реальную оплату задолженности.

🔹Суд также отметил, что заемщик вправе отказаться от предложенной «реструктуризации» и продолжать процедуру банкротства, не нарушая закон.

🔹Таким образом, что формальные действия кредиторов не могут лишать заемщиков законной защиты.

Кассационный суд по административным делам
👍10🔥2
Кассациялық сот билік өкіліне қатысты жасалған күш қолдану әрекеттері туралы қылмыстық істі қайта қарады

🔹2023 жылғы 1 қыркүйекте Үржар ауданы бойынша шекара басқармасының қызметкері Д. қызметтік міндетін атқару барысында жүк автокөлігінің жүргізушісі К.-ның тарапынан жасалған әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, оған ескерту жасаған.

🔹Алайда сол түні К. мен А. алкогольдік масаң күйде Д.-ның үйіне әдейі келіп, оны сыртқа шығарып, өмірлік маңызды ағзаларына соққы жасаған, жәбірленуші қашып құтылмақ болған кезде оны қуып жетіп, күш қолдануын тоқтатпаған. Соның салдарынан жәбірленушінің жақ сүйегі мен мұрын сүйегі сынған.

🔹Кассациялық сот ҚК-нің 380-бабы 6-бөлігі 4) тармағы бойынша К. мен А.-ны амнистия актісі қолданылып, 8 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға соттауды негізді деп таныды. Бұл қорытынды төмендегі мән-жайларға байланысты жасалды:

🔹1. Шабуыл кездейсоқ болмаған: сотталғандар алкогольдік масаң күйде жәбірленушінің үйіне қасақана келіп, кек алу ниетімен әрекет еткен, бұл олардың қылмыстық пиғылы болғанын растайды;

🔹2. Өмірге қауіпті күш қолдану фактісі тек келтірілген зардаптың ауырлығымен ғана емес, кінәлілердің әрекет сипатына қарай да айқындалады. Өмірлік маңызды ағзаларға соққы жасау, оның ішінде жәбірленуші қашуға әрекеттенген кезде де күш қолдануды жалғастыру, денсаулыққа іс жүзінде жеңіл зиян келтірілгеннің өзінде, жәбірленушінің өміріне нақты қауіп төнгенін көрсетеді. Жәбірленуші бірнеше рет стационарлық ем қабылдап, хирургиялық операциялардан өткен;

🔹3. Сотталғандардың аса ауыр қылмыс жасағаны туралы құқықтық баға дұрыс деп танылып, тағайындалған жаза әділ әрі жасаған әрекеттеріне сай деп танылды (№ 6003-25-00-1к/2997).

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты
👍5👏4
Кассационный суд пересмотрел дело о насильственных действиях в отношении представителя власти

🔹Сотрудник пограничного управления по Урджарскому району Д. 1 сентября 2023 года при несении службы выявил административное правонарушение со стороны водителя грузового автомобиля К. и сделал ему замечание.

🔹Однако той же ночью К. и А. будучи в состоянии алкогольного опьянения, специально приехали к дому Д. Последнего вывели на улицу, били по жизненно важным органам, преследовали, когда он пытался убежать, и не прекращали насилие. В результате потерпевшему были причинены переломы челюсти и носовой кости.

🔹Кассационный суд признал обоснованным осуждение К. и А. по статье 380 части 6 подпункту 4) УК с учетом амнистии к 8 годам 4 месяцам лишения свободы по следующим причинам:

🔹1) нападение было не случайным: осуждённые в состоянии опьянения целенаправленно приехали к потерпевшему домой и действовали из мести, что подтверждает наличие преступного умысла;

🔹2) опасность насилия для жизни определяется не только тяжестью наступивших последствий, но и характером действий виновного. Нанесение ударов по жизненно важным органам, в том числе при попытке потерпевшего скрыться, свидетельствует о реальной угрозе для жизни, даже если фактически был причинен лишь легкий вред здоровью. Потерпевший неоднократно проходил стационарное лечение и перенёс хирургические операции.

🔹3) правовая оценка о совершении виновными особо тяжкого преступления признана верной, а назначенное наказание соразмерным (№ 6003-25-00-1к/2997).

**Изображения сгенерированы ИИ чат-ботом Chat GPT

Кассационный суд по уголовным делам
👍6