KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.39K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
480 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
Адам ағзасын емдеу үшін ұйықтатып ота жасау керек, ал рухын емдеу үшін ояту керек.

© Лев Толстой


Қалай оятамыз? Не үшін деген сұрақтан бастаңыз. Не үшін мен Қазақстанда дүниеге келдім? Не үшін ұл (немесе қыз) боп тудым? Не үшін менің бойымда сурет салуға (есеп шығаруға, спортқа, өлең жазуға, архитектураға, дизайнға, үйретуге) бейімділік бар? Не үшін өмір сүріп жүрмін: қарақан басымды ойлау үшін бе әлде қоғамға бойымдағы қабілетіммен пайдалы болу үшін бе? Не үшін мұғалім болмақпын: ақшасы үшін бе әлде ұлт ұстазы болу үшін бе? Не үшін кеш тұрамын? Не үшін ерте тұруым керек? Не үшін тәкаппармын? Не үшін менмендігімді жеңе алмай жүрмін? Не үшін айфон 16 алғым кеп жатыр: өзгелерге затыммен мойындату үшін бе әлде шынымен керек пе?

Бұған бастайтын құрал - кітап. Кітап оқыңыз, тапсырыс беріңіз. @kitapal_bot арқылы кітап алсаңыз, сыйлыққа кітап беріледі.
❤51❤‍🔥6😍5👍3🏆1
Егер сен түстен кейін сағат төртте келетін болсаң, мен сағат үштен бастап-ақ бақытқа бөленемін. Уақыт жақындаған сайын мен өзімді бақытты сезіне бастаймын. Сағат төртте тіпті асып-сасып, қобалжи түсемін; бақытымның бағасы сонда белгілі болады! Бірақ сен ойыңа келген уақытта келе беретін болсаң, қай уақытты жүрегімді жылылыққа толтыратынымды білмей қаламын... Салтты сақтау керек.

© Кішкентай ханзада
👍30❤16😍1
Күз келді. Оқу маусымы басталды. Жарысатын сәт туды. Өзгеретін кез. Үш айдан соң жыл бітеді. Үлгеріп қалу керек. Жыл басында берген уәделердің тым болмаса үш-төртеуін бітіру керек. Ең бастысы, кітап оқу, кітап талқылау, кітап сыйлау, кітаптың кеңесін өмірге енгізу, кітаптан конспект жасау.

Кітап оқысаңыз, уәде берем, тіл үйренуге, спортпен айналысуға, дамуға, үйренуге, адаммен танысуға, сөйлесуге, ерте тұруға, бақытты болуға қалауың ашылады.

Дәл қазір кітапқа тапсырыс беріп қой. @kitapal_bot арқылы тапсырыс бер, тегін кітап беріледі.

Кім қандай кітап оқып жүр? Чатқа жаза аласыз.
❤25💊5🍓3👍2😍1
СІЗ ТУҒАН ЖЫЛЫ ҚАЙ КІТАП БЕСТСЕЛЛЕР БОЛҒАНЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

Туған жылыңызда халықты шулатқан кітапты сатып алып, оқып көріңіз. Сол жылы халықтың қандай күйде болғанын біле аларсыз мүмкін.

1950 – «Лев, колдунья и волшебный шкаф», Клайв Стейплз Льюис
1951- «Над пропастью во ржи», Джером Сэлинджер
1952 – «Старик и море», Эрнест Хемингуэй
1953 – «451 градус по Фаренгейту», Рэй Бредбери
1954 – «Властелин Колец», Джон Р.Р. Толкин
1955 – «Лолита», Владимир Набоков
1956 – «Падение», Альбер Камю
1957 – «Как Гринч Рождество украл», Доктор Сьюз
1958 – «Завтрак у Тиффани», Трумен Капоте
1959 – «Жестяной барабан», Гюнтер Грасс
1960 – «Убить пересмешника», Харпер Ли
1961 – «Чужак в стране чужой», Роберт Хайнлайн
1962 – «Излом времени», Мадлен Л’Энгл
1963 – «Под стеклянным колпаком», Сильвия Плат
1964 – «Чарли и шоколадная фабрика», Роальд Даль
1965 – «Ариэль», Сильвия Плат
1966 – «Цветы для Элджернона», Дэниэл Киз
1967 – «Сто лет одиночества», Габриэль Гарсия Маркес
1968 – «Мечтают ли андроиды об электроовцах?», Филип К. Дик
1969 – «Бойня номер пять, или Крестовый поход детей», Курт Воннегут
1970 – «Чайка по имени Джонатан Ливингстон», Ричард Бах
1971 – «Страх и отвращение в Лас-Вегасе», Хантер С. Томпсон
1972 – «Обитатели холмов», Ричард Адамс
1973 – «Принцесса невеста», Уильям Голдман
1974 – «Шпион, выйди вон!», Джон Ле Карре
1975 – «Сёгун», Джеймс Клавелл
1976 – «Песни Перна», Энн Маккефри
1977 – «Сияние», Стивен Кинг
1978 – «Мир глазами Гарпа», Джон Ирвинг
1979 – «История, конца которой нет», Михаэль Энде
1980 – «Имя розы», Умберто Эко
1981 – «Дети полуночи», Салман Рушди
1982 – «Дом духов», Исабель Альенде
1983 – «Цвет волшебства», Терри Пратчетт
1984 – «Невыносимая легкость бытия», Милан Кундера
1985 – «Парфюмер», Патрик Зюскинд
1986 – «Оно», Стивен Кинг
1987 – «Хранители», Алан Мур
1988 – «Алхимик», Паоло Коэльо
1989 – «Клуб радости и удачи», Эми Тан
1990 – «Парк юрского периода», Майкл Кричтон
1991 – «Мир Софии», Юстейн Гордер
1992 – «Тайная история», Донна Тартт
1993 – «Девственницы-самоубийцы», Евгенидис Джеффри
1994 – «Хроники Заводной Птицы», Харуки Мураками
1995 – «Слепота», Жозе Сарамаго
1996 – «Игра престолов», Джордж Р.Р. Мартин
1997 – «Гарри Поттер и философский камень», Дж.К. Роулинг
1998 – «Часы», Майкл Каннингем
1999 – «Хорошо быть тихоней», Стивен Чбоски
2000 – «Жизнь Пи», Янн Мартел
2001 – «Тайная жизнь пчел», Сью Монк Кидд
2002 – «Милые кости», Элис Сиболд
2003 – «Жена путешественника во времени», Одри Ниффенеггер
2004 – «Облачный атлас», Дэвид Митчелл
2005 – «Книжный вор», Маркус Зусак
👍25❤11👀9😍1
Қырғызда Мырзабек Тойбаев деген жазушы-драматург болды. Сол кісі өзіміздің Дулат аға Исабековпен біраз араласқан. Кейде Ыстықкөлге Дүкеңді бүкіл отбасымен шақырып, қонақ қып жібереді екен. Әйелдер, балалар рақаттанып суға түсіп, демалып жүргенде, қос жазушы әжік-күжік әңгіме қылады, әрине, сырласады, пікір алмасады.
Тайлақбай айтпақшы, «адам ақылды бола беруден де шаршайды ғой». Бір мезет әзілдесіп те қояды.

Сондай бір сәтте Мырзабек бәйке:
– Қане, қырғыз тілі бай ма, қазақ тілі бай ма – тексеріп көрейік, – деп қарап отырмай қалжың бастапты.
– Оны қалай анықтаймыз?
– Бір сөзді алайық та, соның синонимдерін тізейік, қайсымызда көп шықса, сол жеңген болсын.
– Жақсы.
Сосын екеуі отырып, «ақымақ» деген сөзді таңдап алады да, соның синонимдерін ақ қағазға асықпай тізе бастайды ғой: «ақымақ», «топас», «ноқалай», «деліқұлы», «милау», т.б. Дулат аға 22 сөзді есіне түсіріп, жазып шығыпты. Қараса, қырғыз жазушысының қағазында – 23 сөз бар екен!
Масайраған Мырзабек бәйке:
– Көрдің бе әне? Ал? Бұл нені білдіреді? – деп мойындау күткен ғой.
Сөйтсе, Дулат аға:
– Е, бұл нені білдірсін... Демек, қырғызда қазақтан гөрі бір ақымақ артық та! – деген екен.
– Ойында мен жеңгендей болсам да, ойдан сен жеңіп кеттің ғой, бауырым-ай! – деп Мырзекең Дүкеңнің қолын алып, риза болған екен.

(с) Сәкен Сыбанбай

Дулат Исабековтың "Гауһартас", "Бонапарттың үйленуі", "Қарғын" романдарын сатылымда бар. Тапсырыс беру үшін @kitapal_bot немесе уатсап менеджер 8-777-572-22-33 жазыңыз.
👍33😍15❤11😁8💊1
БІРДЕҢЕ БҮЛДІРСЕМ, ӨЗІМДІ ЖАМАН СЕЗІНЕМ. ЕНДІ НЕ ІСТЕЙМІН?

Бәріміз сүрінеміз, құлаймыз. Бірдеңе бүлдіреміз. Нәпсімізге беріліп, өз-өзімізге зиян келтіреміз. Сондайда өзімізді әлемдегі ең бейшара, ақымақ, нашар адамдай сезінеміз. Ешқандай жақсылыққа лайық еместей боламыз. Өзімізге ренжиміз. Тіпті жазалағымыз кеп тұрады. Сенімділігіміз түсіп кетеді сондай сәттерде. Тура қамыт кигендей басымыз салбырап, кеудемізді көтере алмай жүреміз. Бұл дұрыс па? Мұндайда не істеу керек?

Адам – қателескіш. Сонау Адам атадан бастап, ұмытшақтық қасиетіміз бар. Әлсізбіз. Артықшылығымыз – сүрінген сайын қайта тұрамыз. Бүлдіргенімізді қалпына келтіреміз. Құдайдың алдына қайта барып, тәубе есігін қағамыз. Кешірім сұрап, тірлікті қайта жалғастырамыз. Бірақ бұрынғыдан жақсырақ, мықтырақ, ақылдырақ болуға сөз береміз. Сол уәдеде тұруға тырысамыз. Біз ылғи үйренеміз, жаңарамыз, қателіктен сабақ аламыз.

Қалай сабақ аламыз? Бүлдіретін жағдайға келесі жолы жетпеуге, жақындамауға, алыс жүруге тырысамыз. Алдын аламыз. Ойланамыз. Жақсы адамдармен жолдас боп, ізгі амалдар жасаймыз.

Біз күн сайын жақсырақ болуымыз керек. Әйтпесе, әлемде онсыз да жамандық толып жатыр. «Мен жаманмын» деп әрекетсіз қалып қойғанша, құлаған жерден қайта тұрып, жақсылықтың көбеюі үшін жұмыс істейміз.

Жақсылық жасауға шақыратын, мінезді көркемдейтін, иманды қуаттайтын, руханиятты әсемдейтін кітаптарға тапсырыс беріңіз. @kitapal_bot және уатсап: 8-777-572-22-33

🔔Постты бөлісіп жіберіңіз. Жан дүниесі қиналып жүрген адамдарға шипадай әсер етсін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤36👍6💊3😍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
СПЕЦЭФФЕКТІ БАР КІТАП

Біреулер кітап оқығанды, енді біреулер аудиосын тыңдағанды жақсы көреді. Күнделікті тіршілікте қолы босамайтын, бірақ құлағы бос адамдар үшін бұл тіпті жақсы нәрсе. Құр музыка тыңдап, шаршап кеткеннен гөрі, пайдалы кітаптың аудиосын тыңдаған әлдеқайда жақсы.

Kitapal дүкенінде алғаш рет екі кітапқа аудио жасалған болатын: Құран және пайғамбар өмірбаяны жайлы кітап. Құранды көп адамның көлікте, үйде қосып қойып, қазақшасын, арабшасын тыңдап жүргенін көрдік.

Ал «Адамзаттың асыл тәжі», «Мұхаммед пайғамбар өмір жолы» кітаптарының аудиосы мүлде ерекше. Екеуі де жақсы кітап. Мұның ішінде екінші кітаптың аудиосында құр баяндау емес, оқиға желісіне сай аттың шапқаны, қылыштың соғылғаны, желдің уілдегені, судың аққаны естіліп тұрады. Тұп-тура кино көргендей күйде боласың. Көру былай тұрсын, соның ішінде жүргендейсің. Оң жағыңда пайғамбардың сұқбатын тыңдап, сол жағыңда Омардың батырлығын тамашалайсың.

Неге сираны (пайғамбар өмірбаяны) оқыңдар деп айта береміз? Себебі оның бойындағы қасиеттер бізге жұғады.

Тапсырыс беру үшін @kitapal_bot арқылы істейсіз. Әр тапсырысқа ТЕГІН КІТАП беріледі.
Уатсап арқылы: 8-777-572-22-33
❤31😍6🐳1
ДӘЛ УАҚЫТЫНДА АЙТЫЛҒАН 15 ТЕГІН АҚЫЛ
(оқып болғасын бірден бөліс)

Бұрын кітапта оқитын едік. Бір кісі шенеуніктерге ақыл сатады екен. Олар сол сәтте ақылды қымбатқа сатып алғандай болғанмен, қиындыққа тап болғанда өзін құтқарады. Қайта ақылды арзанға алғандай қуанады. Дәл сондай ақылдар топтамасын ұсынамыз. Бірақ ТЕГІН! «Арзанның сорпасы татымас» деп мұрныңызды шүйірмей, пайдаланыңыз. Пайдалы болсын! Шабытыңыз оянсын!

Бұрын мен: «Барлығы өзгереді деп үміттенемін» дейтінмін. Кейінірек түсіндім: барлығы өзгеруі үшін бір ғана жол бар – өзім өзгеруім керек екен.
© Джим Рон

Сәтсіздік – істі қайтадан жасау, бірақ бұл жолы ақылыңды қолданып бастауға мүмкіндік.
© Генри Форд

Егер мәселе шешілетін болса, ол үшін алаңдаудың қажеті жоқ. Егер шешілмейтін болса, онда соған бола алаңдаудың не мағынасы бар?
© Далай Лама

Сіз өте талантты болсаңыз да, аямай күш салсаңыз да, кейбір нәтижелерге уақыт керек: тоғыз әйелді жүкті етсеңіз де, бір айдың ішінде бала туғыза алмайсыз.
© Уоррен Баффет

Өмірде кемінде бір рет сәттілік әр адамның есігін қағады, бірақ сол кезде ол жақын жердегі сыраханада отырады да, ешқандай есіктің тықылдағанын естімейді.
© Марк Твен

Кітап оқығандардың бәрі миллиардер емес шығар, бірақ миллиардердің бәрі кітап оқитындар.
© @kitapal_bot кітапқа тапсырыс беру

Біздің ең үлкен кемшілігіміз – қолды бір сілтеп, тез беріліп қоятынымыз. Сәттілікке апаратын ең сенімді жол – тағы бір рет тырысып көру.
© Томас Эдисон

Мен өзім құлпынайды қаймақпен жақсы көремін, бірақ балық неге екенін білмеймін, құртты артық көреді. Сондықтан балық аулауға барғанда, өзім жақсы көретінді емес, балық жақсы көретін нәрсені апарамын.
© Дейл Карнеги

Таңертең оянғанда өзіңнен сұра: «Мен не істеуім керек?» Кешке ұйықтар алдында: «Мен не істедім?» деп сұра.
© Пифагор

Кедей, сәтсіз, бақытсыз және денсаулығы нашар адам – «ертең» деген сөзді жиі қолданатын адам.
© Роберт Кийосаки

Қарттар жастарға әрдайым ақша үнемдеуге кеңес береді. Бұл – жаман кеңес. Ақша жинамаңыз. Өзіңізге инвестиция салыңыз. Мен 40 жасқа жеткенше бірде-бір доллар жинаған емеспін.
© Генри Форд

Мен мұны қалаймын. Демек, бұл болады.
© Генри Форд

Күш - білімде. Білім - кітапта.
© https://t.me/kitapall

Мен сәтсіздікке ұшыраған жоқпын. Мен жай ғана жұмыс істемейтін 10 000 жолды таптым.
© Томас Эдисон

Ауыр жұмыс – сіз уақытында орындамаған жеңіл тапсырмалардың жиынтығы.
© Джон Максвелл

Өмір бойы ұстанып келе жатқан сабағым: тырысу керек, тырысу керек, және тағы да тырысу керек – бірақ ешқашан берілмеу керек!
© Ричард Брэнсон

Егер ешқашан болмаған нәрсені алғың келсе, ешкім ешқашан істемеген нәрсені жасауға тура келеді.
© Коко Шанель©
💊26❤20👍9😍3✍2🐳2🔥1
💠Арқаң емес ауырып жатқан – керісінше, арқаңа артып алған ауыр жүгің ауыртып жатыр.

💎Көзің ауырып жатса, онда бәріне ренішпен қарап жүрген шығарсың.

🟢Басың ауыра ма? Басың емес, ішіндегі ойлар ғой ауыртып жатқан.

⭐️Дамымай жатырсың ба? Сырттан біреу келіп дамытып жібермейді ғой сені. Өзің неғысайшы.
https://t.me/kitapall

💠Тамағың емес ауырып жатқан. Айтылмай кеткен сөздер немесе ашумен айтқан сөздерің шығар ауыртып жатқан.

💎Ішің ауырса, қорыта алмай жүрген нәрселерің бар.

🟢Бауырың ауырып жатқан жоқ, ашуың ауыртып жатыр.

❣️Жүрегің емес, қараусыз қалған мөлдір махаббат ауырып жатыр.

Осылай жөскі айтпаса, тыңдамайсың ғой. Осыны білу үшін кітап оқуың керек еді. Уатсап менеджер кітап таратып жатыр ақшаға: 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍36❤14😁7💯4😎2⚡1😍1🤝1
Ізгі адамдар айтқан: «Басқаға жасалған ең үлкен жамандық – күнәға қолайлы шарт жасау».

Жамандықтың жайылуы үшін жақсылық үнсіз қалып кетсе жеткілікті.

Бір жерде жамандық жасалып жатса, оған қарсы әрекет етуің керек. Себебі ол бір күні сенің үйіңе де жетеді.

Әлеуметтік желіде, тикток, инстаграм, ютубта жақсылық жайлы контент аз болса, жамандық жайлы контент көп болса, демек күнәға қолайлы жағдай туып жатыр деген сөз. Бұған әрбіріміз жауаптымыз.

«Өмір өзгереді, жүре келе түзеледі» деп жүре берсеңіз, ол өзгермейді. Алдымен сіз өзгеруіңіз керек. Арба жүруі үшін де артынан қозғау керек.

Бүгін жұма, демек Құран Кәрімге жеңілдік бар. уатсап менеджерге жазыңыз: 8-777-572-22-33
❤34👍8💔4😍1🍓1
РЕЖИССЕР ХИРУРГТЫҢ КІТАБЫН ЖАЗҒАН

немесе

БІЗГЕ КІТАП ЖЕТІСПЕЙДІ

2020 жылдары «Жүрегің ауырмасын» деген кітап жарық көрді. Жүрек ауруларын қалай емдеу туралы. Жерге тимей, бәрін талап әкетті. Авторы кім дейсіз ғой? – Режиссер! Ондай кітаптың авторы кардиохирург, кардиолог болуы керек емес пе! Қашан кардиолог жазады деп күтіп жүре бере ме енді ол режиссер? Өзі жауапкершілік алып, ізденістерін кітап қылып шығарған. Халыққа бір пайда тигізгісі келген. Ниетіне сай кітабы демде оқылды.

Одан кейін әлі жүрек туралы кітап шықпады. Қазақстанда ең көп ажал жүрек ауруынан болады. Әр 100 мың адамның 535-і өліп жатыр. Жылына шамамен 40 000 (!) адам өледі. Бұл дегенің бір ауданның халқы ғой. Оларға көмектесетін кітап жоқ әлі күнге дейін.

Сондықтан айтарым, әр маман иесі өз саласы жайлы мықты, пайдалы, түсінікті кітап жазса екен.
❤35👍19😢3😍1
Құшақтасу неге жанға жылу сыйлайтынын білесіз бе? Өйткені оң жақта жүрек жоқ және ол жер әрдайым бос. Құшақтасқанда оң жақты ОНЫҢ жүрегі толықтырады...

© Әзиз Несин

Бауыр бауырымен, туыс туысқанмен, құда құдамен, әйел байымен, бала ата-анасымен құшақтассын. Қалғаны жанға жылу емес, нәпсіге азық сыйлайды).

"Жүрек сырлары" кітабын оқу арқылы жүректің рухани азықтарын қалай беру керектігін біле аласыз. Тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33
💯28❤16👍11🤝3😍1
⚠️ ТАРИХ ҮШІН БАСЫ КЕТКЕНДЕР немесе қазақ тарихы не үшін маңызды?

Кейбір нәрселерді мәжбүрлеп жасау керек. Мысалы, тіс тазалау ешкімге ұнамайды. Бірақ гигиена үшін өте маңызды, ұнатпасаң да істейсің.

Мектепте Қазақстан тарихы пәнін де бәрі ұната қойған жоқ. Бітпейтін ғасырлар мен жылдар, адам мен жер аттары, атынан шатасатын соғыстар... Бірақ сонда да оқу керек. Неге? Себебі тарихсыз ұлт бірден жоғалып кетеді. Ұлт үшін тарих – ағаш үшін тамырдай. Тамыры суалса, қураса, алып бәйтерек бір аптада құриды. Тарихы бұрмаланған, жоғалған ұлт басқыншы (доминант) ұлттың құрамына сіңісіп (ассимиляция) кетеді. Қазір Ресейдің құрамындағы қалмақ, якут, саха сияқты ұлттардың тек түрі ғана қалған. Ал тілі, ділі, діні түгелдей орыстанған.

Кезінде қазақ та соның кебін киюге сәл қалып еді. Бірақ құдай тағаланың мейірімі түсіп, ұлт үшін құрбан болар Алаш арыстарын туғызды. 20 жасар Ермұхан Бекмаханов Кенесары туралы жаза отырып, бүкіл қазақ тарихын қарастырды. Соңы немен бітті дейсіз ғой? 25 жылға сотталып, ГУЛАГ-қа айдалды. Осындай тұлғалар болмаса, қазір не қазақ емес, не басқа емес, дүбәра ел боп отырар ма едік.

Дәрігерлер Ермұханның жағдайының мүшкіл екенін түсініп, өмірінің соңғы күндері ең жақын адамдарынан басқа ешкімді палатаға кіргізбеген. Алайда дәрігерлер Ермұханның әйелі Халима Адамбекқызының өтінішімен 1966 жылы мамыр айының алғашқы күндерінің бірінде Бауыржан Момышұлына палатаға кіруге рұқсат еткен. Жағдайын сұрап келген Бауыржан Момышұлына Ермұхан: "Бауке, ер адам үшін 50 жас деген түк емес қой. Армандарым мен жоспарларымды орындай алмай кетіп барамын. Кешіріңіз мені" депті. Кейінірек Бауыржан Момышұлы өз естелігінде: "Ол менен өзінің тарих бойынша жазып үлгермеген ғылыми еңбектері үшін шынайы кешірім сұрады" деп жазады.

Тарих өте маңызды, жолдастар. Оны 1465 жылғы Қазақ хандығынан емес, 5-6 ғасырдағы Орхон жазбаларынан бастасаң да ұтылмайсың. Біздің тарихқа 550 жыл деп емес, еркін 2-3 мың жыл деп тарқата беруге болады. Кезінде шекара дауы туғанда қазақтың жерін балбал тастарға, обаларға, бабалар қорымына қарап анықтағанын білесіз бе? Ол да бір тұнып тұрған тарих.

Тарихи кітаптарға тапсырыс беру үшін уатсапқа жазыңыз. Тым болмаса, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» кітаптарын оқыңыз. Сол кітаптар үшін де жазушы қуғындалған болатын. Уатсап: 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍27❤8👏4😭3😍1
Адамдар кейде өз әрекеттерінің нәтижесін болжай алмайды. "Менікі дұрыс" деп асығыс шығарған шешімі қауіпке ұрындырады. Сыртқы көрініске ғана сеніп, салдарын ойламайды.

Мұны қаншама сюжетке қолдануға болады, ойлап көрші:
- қыздың сұлулығына ғана қызығып, үйленейін деп жатқан жігіт;
- ұятсыз бейнеге бір рет қана қараймын деп, ары қарай тереңінен шыға алмай қалған жастар;
- надандықпен ниеті жаман біреуге барып соқтығысу;
- қанағатсыздық, т.б.

Дүниенің жақсы тұсы мен жамандығы, надандықтан арылудың әдісі, тәкаппарлықпен күресудің жолы - мұның бәрін "Ихия улумиддин" Имам Ғазалидің кітабынан оқи аласыз. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
❤33👍5💊5😍1
Баяғыда долларовый миллионер інішегім болды. Үлкен қызметте істейді. Маған "көке-көке" дейді, өзі менімен рулас. Бір күні: ""Көке-көке" дейсің, көкеңнің Әуезов театрында "Актриса" деген премьерасы өтіп жатыр, келінді ертіп келіп көрсейші" дедім, "Ойбай, көке барамын, шопырымды жіберемін, билет жіберіңіз" деді. Билет жібердім. Артынан ызбандайды: "Көке, Әуезов театры қай жерде" деп. "Әй, бармай-ақ қой" дедім. Мен осындайларға таңғаламын.
Кейіннен жолыққанда айттым: "Сен ғой Алматыда бес жыл оқыдың. Қол ұстасып келінмен қыдырып жүрдіңдер. Сонда бір де бір рет театрға барған жоқсыңдар ма? Келін де айтпай ма театрға барайықшы деп, сонда екеуің кездескенде не сөйлесесіңдер?! Ішкен-жегендеріңді ғана айтасыңдар ма?! Жаңадан алған көйлегіңді айтасың ба? Әлде шалбарыңның балағын қысқартқаныңды не ұзартқаныңды айтасың ба?!" Міне, осындай тоғышарлар көбейіп бара жатыр. Қазіргі көптеген чиновниктер оқу бітіргенен кейін, бірде бір көркем шығарманың бетін ашпағанына кәміл сенемін.

Дулат ИСАБЕКОВ

Ессіз, рухсыз тоғышарлардың қатарын көбейтпес үшін еліңнің рухани байлығымен, төл өнерімен сусында. Театрға, мұражайға, тұлғалардың мұражай үйіне, арыстар туралы түсірілген киноға, кітаптың тұсаукесеріне барып тұрыңдар. Орысша он жыл оқысаң да, бәрібір орыс боп кете алмайсың. Ағылшынша алпыс жыл оқысаң да, ағылшын, американ боп кетпейсің. Себебі тұла бойың, түрің, ділің, тілің, нәсілің - қазақ, дінің мұсылман. Ұлттық кодыңды тұншықтырмай, ел үшін қызмет қылсаң, Абай айтқан кірпіш боп қ
аланасың.

Қазақ әдебиетінің классиктерін оқу үшін уатсапқа жазыңыз: 8-777-572-22-33
❤‍🔥26❤16👍9🔥6😍1💊1
Жүрекке әжім түспейді

Бүгін – халықаралық қарттар күні екен. Қарттарын қазынадай қадірлеген қазақтай-ақ болсын. Біздің дәстүрімізде үлкенмен сәлемдесу, алыстан келсең, арнайы барып амандасу, қолына су құю, гәлөшін реттеп беру, сөзін бөлмеу, алдын кесіп өтпеу, т.б. тамаша өнегелер бар. Бұларды жасасаң, кішірейіп кетпейсің, керісінше қарттардың батасын алып, рухани әлеміңде нұр шашырайды.

Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді. Балалы болғаннан-ақ олар көресіні көрсетеді. Кезінде біз де осылай әке-шешеміздің нервына тиген шығармыз деп ойлап қаласың. Жалпы ата-анасының екеуі не біреуі қолында бола тұра, жұмаққа кіре алмаған адам - нағыз бейшара.

Қарттар күні құтты болсын! Қарттық жаспен өлшенбейді.
❤33⚡3😇3😍1
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.

Қанышты жай ғана ғалым деуге сыймас. Ол күн секілді көзі түскен жердің бәріне шуағын төккен. Мейлі ол геология, тарих, әдебиет, археология, биология, дәстүр болсын, бірін екіншісінен бөліп жармай, пісіріп жетілдірген.

Таңғалдыратын нәрсе – бүгін-ертең басы кететінін біліп тұрса да, өлмейтіндей еңбек еткен. Ницше айтқандай «сені өлтіре алмаған нәрсе қаһарман қылады». Өлімнен қорықпаған Қаныш құзыреті жеткен жерге дейін қазақтың бағы үшін қызмет еткен. Ұл болсаң, Қаныштай бол! Ұл тусаң, Қаныштай тұлғаны ту!

Бізге қалғаны – Қаныштай жүз ғалым қалыптастыру. Ол үшін жан алысып, жан берісетін сәтіміз келді. Бұрынғыдай басыңды қағып түсіретін КГБ жоқ, репрессия, цензура жоқ. Кітап жетеді, тұлғаның әр кірпішін қалай бер.

«Қаныш және ғылыми майдан» кітабына тапсырыс беру үшін уатсап: 8-777-572-22-33
🔥29❤9👍7😍1
БҰДАН АРТЫҚ ҚУАНБАҒАН ӘЗӘЗІЛ

…Шайтанның барлығы қандай іс жасағанын баяндау үшін Ібілістің жанына келген кезде, біреуі «Мен мынаны, мынаны істедім» дейді. Алайда Ібіліс оған: «Сенің бұл ісің түк емес» дейді. Негізі, шайтан істелген әрбір күнәға риза болады. Себебі әр күнәда күпірлікке апаратын жол бар. Әрбір күнә жүректе қара дақ түсіреді, әрі күнә істеген адам Алладан бір қадам алыстайды. Алайда шайтан жақтастарынан бұдан көп нәрсе күтеді.

Содан кейін біреуі келіп, «Мен пәленше деген адамның әйелімен ажырасқанға дейін қыр соңынан қалмадым» дейді. Ібіліс бұған қатты риза болып, оны дереу жанына шақырып: «Сен сондай сүйкімдісің» деп, ілтипат көрсетеді».66 Бұл жерде бүгін жиі кездесетін әлеуметтік-қоғамдық мәселеге ишарат бар. Демек, бір отбасының шырқының бұзылуы шайтан үшін соншалықты маңызды мәселе, ол адамдарды басқа жаман істерге итермелейтін нөкерлеріне мақтау айтпады, ал ерлі-зайыптыны ұрыстырып, ажырастырған нөкерін мақтайды, тіпті оны марапаттайды.

Ал неге бұл мәселе шайтан үшін соншалықты маңызды? Себебі ол отбасын бұзу арқылы екі адамның ғана арасын бұзбайды, сол арқылы бала-шағаның, ажырасқан ерлі-зайыптылардың ата-анасының, туған-туыстарының, жақындарының, тіпті белгілі бір мағынада бүкіл қоғамды күйретеді. Қоғамның молекуласы саналатын отбасының шырқы бұзылып, ыдыраған кезде, қоғамда жарықшақтар пайда болып, қоғам өте күрделі өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар, ажырасып, екі бөлек кеткен ерлі-зайыптылар басқаларға жаман үлгі болып, жұқпалы вирус сияқты басқа үйлерге де таралады. Көріп тұрғанымыздай, шайтан сырт қарағанда болмашы іс істеп жатқандай көрінеді, алайда ол іс істеген осы жамандығымен көп нәрсенің астан-кестенін шығарады.

Сондықтан мынаны ұмытпау керек, шайтан жұмақ бұрышы болуға үміткер бір отбасыны жаһаннам шұңқырына айналдыру үшін ерлі-зайыптыларды бір-біріне қарсы қою үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Осы мақсатта ол еркіне бағындырып, қалағанынша бағыттап отыратын шайтанға айналып кеткен адамдар арқылы да отбасы құрылымына үнемі зиян тигізгісі келеді. Шүбәсіз, жанжал, келіспеушілік, ұрыс-керістен көз ашпайтын мұндай отбасыда көбінесе балалар зардап шегеді. Себебі ұрыс-керіс, зорлық-зомбылық, келіспеушілік жиі болатын отбасыда балалардың рухани болмысының сау өсуі мүмкін емес.

Отбасы туралы кітаптарға тапсырыс бер. 8-777-572-22-33
👍18❤9😢9🤝1
80-дегі қарияның өмірден түйгені не?

Ата-анамды, бауырларымды, әпке-інілерімді, жарымды, балаларымды және достарымды сүю арқылы өзімді де жақсы көре бастадым.

Әлемді тіреп тұрған түгім жоқ екен. Өзгерте алмайтын нәрселерді қабылдадым.

Көкөніс пен жеміс сатушылармен саудаласуды қойдым. Одан тапқаным мені байытпайды, бірақ шаруа адам ұл-қызының оқуына жұмсайды.

Қарттар бір әңгімесін бірнеше рет айтса да сөзін бөлмейтін болдым. Олар сол арқылы өткенді еске түсіріп, бақытты сәттерді қайта сезінеді екен.

https://t.me/kitapall

Адамдардың титтей қатесін түзетпеуді үйрендім. Бәрін мінсіз ету мүмкін емес.

Шынайы мақтауды үйрендім. Мақтаған адамға қоса, өзімнің де көңіл-күйімді көтереді. Жай ғана «Рақмет» деудің өзі не тұрады!

Көйлектегі қыртыс не даққа мән бермеуді үйрендім. Ішкі әлем сыртқы бейнемнен гөрі маңызды.

Мені бағаламайтын адамдардан алыстаймын. Өз бағамды білемін.

Біреу болмашы нәрседе мені алдап, озып кетуге тырысқанда, сабыр сақтаймын. Олармен жарысатын тышқан емеспін және жарыспаймын да.

Өз эмоцияларымнан ұялмауды үйреніп жүрмін. Сезімдерім кім екенімді көрсетеді.

https://t.me/kitapall

Қарым-қатынасты үзгенше, тәкаппарлығымды тастаған дұрыс екенін түсіндім. Эго алыстатады, араласу жақындатады.

Әр күнімді соңғы күн сияқты өткізуді үйрендім. Ол шынымен соңғы болуы мүмкін.

Мені бақытты ететін нәрсені жасаймын. Өз бақытым үшін жауаптымын. Бақыт – таңдау. Кез келген уақытта бақытты бола аласыз, тек бақытты болуды шешіңіз.

«Өмірден мән іздеген адам» кітабы
«Бақыт формуласы» кітабы
Тапсырыс беру үшін 8-777-572-22-33
❤39👍6🤝1