KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.39K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
480 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
ДӘН ӨСУІ ҮШІН НЕ ІСТЕЙДІ?

Ауылда өскен соң көптеген жайдан хабардар боласың. Дәнді дақыл, көкөніс пен жидектің қалай өсетінін көресің. Тұқым дейді, ұрық дейді, жалпы осы дәннің бәрі өспейді. Байқасаңыз, топыраққа түскені ғана өседі. Топыраққа түскен соң не болады сонда? Топыраққа көміледі. Жоқ болады. Алдымен өзін сырттан қоршап тұрған, өсуіне кедергі боп тұрған қауызынан құтылады. Соны шірітеді. Сосын барып тіршілік белгісі пайда болады. Қос құлақ жапырағы бар жіңішке өскін өсіп шығады жер бетіне, жарыққа.

Ал топыраққа түспеген дән өспей қалып, тауық не құмырсқаға жем болады.

Түйін: адам баласы топырақтан жаралған. Қайтадан сол топыраққа айналмай, өсуі мүмкін емес. Топырақ мінез – ешкімді ренжітпейтін, ешкімге ренжімейтін, тышса да, сисе де бәрін көтере білетін, надандардан сырт айналатын, рухани дамитын кішіпейілділік. Сыртын қоршап тұрған тәкаппарлық, ашкөздік, көрсеқызарлық, ашу, надандық қауызынан құтылу үшін топырақ сияқты мінезді сіңіруі қажет. Сонда ғана рухани әлемнің өскіні пайда болады.

Топыраққа түспеген адам нәпсісінің жеміне айналады. Қайда сүйресе сонда баратын...
❤36👍19🔥4🆒2
ҚАҚПАНҒА ТҮСПЕЙТІН ҚАСҚЫР ТУРАЛЫ

Жасырақ кезім болатын. Әкем қасқырды кейде қақпанмен де ұстайды. Бірде әкем жаңа қақпандар сатып әкелді. Өзі жылқыда. Сол жаңа қақпандармен үлкен кісіні бір таңқалдырайын деген оймен Шөптікөлдегі ескі қораға арам өлген өгізшені сүйретіп апарып тастадым. Қораның ескі жағын өлімтікке дейінгі аралығына әрқайсысының тереңдігін жарты метрдей қылып қазып, бес қақпанды бес жерге құрдым. Әрбіреуінің бетін көлегейлеп білдірмей жаптым. Олай терең орнатқан себебім, біздің әкей айтып отыратын: "Қасқыр жіліншігінен түссе көбіне өз жіліншігін өзі шайнап кетеді" деп, соны орындағаным еді. Ал енді қалай түспес екенсің деген өзімшіл оймен бір қасқырдың менікі боларына іштей бекіп кеттім. Тек ертеңге дейін күтуім керек. Сонда қақпанды сүйретіп кеткен қасқырды соғып аламын. Сүйретіп дейтінім, қақпанның тұтқасына шынжырлап ауыр темір байланады, қазыққа бекітілмейді. Егер қасқыр қақпанға түсе қалған жағдайда аяғын үзіп кетуге пейіл, қазыққа тұтқын болмайды. Ал ауыр дүниені қақпанымен сүйретіп жүре берсе, оншалықты құтырынып аяғын шайнап тастауға бармайды, шамасы келгенше сүйретіп жүре береді.

Ертеңіне ескі қораға келсем... Өз көзіме өзім сенбедім. Қора ішіндегі жұқалап түскен қар үстінде сайраған қасқыр ізі жатыр. Есік алдынан ізді көргеннен асығып, қақпанға түскен қасқыр әлі шығып кете қоймаған екен ғой деп кіріп келсем, дәл ортада дөңкиген өгізшенің өлігі жатыр. Қасына келсем, өлімтіктің етін бір емес, бірнеше қасқыр жегенге ұқсайды. Жан-жағы опыр-топыр, арам өлген өгізшенің тіс тимеген, желінбеген жері жоқ. Яғни, қасқыр келген, және бірнешеуі келген. Із біреу-ақ. Келген де, кеткен де сол жалғыз із. Есіктен кірісімен қақпан жатқан жерлерді айналып, ирелеңдете жүріп, қауіпке соқпай өткен. Сырты мұқият жасырылған, ешбір күмән келтірерлік ағаттық жоқ. Және жасырудың мұқияттылығының үстіне қылаулап қар түсіп, қақпан жатқан жерлерді білдірмей жіберген ғой. Сонда олар қалай, осыншалықты шеберлікпен айналып өтіп отырған? Түсіне алмадым...

Кейіннен осы жайларды әкеме айттым.
- Е, е қасқыр айлалы хайуан. Оған қоса оның иіскеу, есту мүшелері жақсы жетілген, - деді әкем. - Қасқыр темір иісін алыстан сезеді. Сондықтан одан алысырақ жүруге тырысады. Олар қораға кірмей де кетуі мүмкін еді, тек аштық қысқан соң арланы қауіпке бас байлап кірген ғой, өзі аман өткен соң ғана басқаларына сол ізбен кіруге белгі берген. Шығарда да сол тәртіп сақталған.

Мен әкемді таңдана тыңдаймын.
- Ал, сіз қалай қақпанмен ұстап жүрсіз?
- Е, е оның мәнісі басқа. Мен қақпанды қиға, жылқының тезегіне қайнатамын. Сонда темір иісін қидың иісі жояды да, одан мал иісі шығып тұратын болады. Сен пайдаланған қақпанды әлі қайнатып үлгермегенмін. Ендігәрі бұл есіңде болсын.

Ия, мен одан кейін қақпанмен талай қасқыр ұстадым. Әкемнің көп жылдық тәжірибесі көмектесті, өзім де әр кезде аңғарғанымды түйе жүретінмін.

"Азулы арлан" кітабынан. Ол кітап сатылымда жоқ, әуре боп неғымаңыздар. Оқимын десеңіздер, кітапханаларда бар ескі мұқабамен. Жәй, бойыңызда жасырынып жатқан аңшылық түйсігіңізді оятайын деп сол...

А так қасқыр, аңшылық туралы кітаптар бар сатылымда. Кімге хабарласуды білесіздер уже: 8-777-572-22-33
❤28👍11😍3😁1💊1
Ішіңді немен толтырсаң, сыртына сол шығады.

Кейбіреудің арызқой екенін көрсең, іші негативке толы екенін біл.

Ылғи күлімдеп жүретін адамның ішкі әлемі жақсы энергияға толы.

Пайдалы кітап оқығандар миын қажетті ақпаратпен толтырады.
❤65👍16🥰6👏3🐳1🤗1
Kitapaclub презентациясы.pdf
3.4 MB
Kitapal Club 2024-2025 жоба маусымына тіркеу ашық🚀😍🔥

презентацияны оқып, танысып, тіркеле беріңіздер!
👍12❤7😍1
Адамдар жыланды жек көріп жиырылады, уы бар, шағады деп көрген жерде өлтіруге ұмтылады. Қуып жүріп өлтіреді. Шындап келгенде, адам жыланнан сан есе улы, сан есе қауіпті.

Білемін, әдептісің. Бірақ әдептілік пен жасқаншақтықтың арасалмағы бөлек екенін түсінгін, - деді.

Алысып-берісу - сыйластыққа бет тұздық қана. Ешкім алғаннан - бай, бергеннен - кедей болмайды. Әркімнің өз пешенесіне құдай жазбаса, біреуден бір асаған қайсыбір несібе дейсің?! Алыс-беріс деген - көңіл сыйластығына дәм кіргізетін дәнекер.

"Шыққан қыз шиден тысқары", сенің түпкілікті тұрағың, түтінін түтетіп, тілеуін тілейтін үйің - анау күйеуіңнің үйі. Бір еркектің ыстық-суығына төзе алмасаң, кедір-бұдыр мінезін кешіруге кеңдігің жетпесе, жоғын бар етіп, ашылғанын жаба алмасаң әйелдің ақ жаулығынан садаға кет!

... Әйелі сыйламаған еркектің жолы болғанын көргенім жоқ. Талай марқасқа сарбаз жігіттердің табанын тайдырып, басындағы бағын шайқалтатын сол күйеуін қадірлей алмайтын бейбақтар емес пе?!

Менің еркектерге жаным ашиды, әйелдерге билігін берді, жұмысын берді, бөркін берді, арағы мен темекісінен де айырылды, қалғаны шалбар еді, оны да шешіп берді. Енді несі қалды әйелдер алмаған?

Зейнеп Ахметова, "Бабалар аманаты" кітабынан үзінді
❤36👍9👀9💯3
БАУЫРЫҢА ҚАРСЫ ШАЙТАНҒА КӨМЕКТЕСПЕ

Бауырыңды сыртынан жамандама. Оған тек жақсылық тіле. Мейлі ол саған жамандық жасасын, сен оған адалынан бер. Оның бір күнәсін көріп, жеке басын жек көріп кетпе. Тек күнәсін жек көр. Ол тәубе етсе, күнәсінен айығады. Сол күнәмен сені сынаса, одан бетер төменге құлдырап кетуің мүмкін.

Оған сыйлық жаса. Жағдайын біліп жүр. Мына өмір ренжісіп өту үшін тым қысқа. Біз бойымыздағы сансыз таланттарды бауырымызбен ұрсысуға емес, қоғамда жақсылықтың жайылуына жұмсауымыз қажет.

Жұманың берекесіне бөлене беріңіздер. Бүгін Құран кітаптарға жеңілдік бар. Уатсап менеджер: 8-777-572-22-33
❤40😍6👍4💊3
Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болу - бәрімізге парыз. Оның басты құралы - кітап. Алғашқысы әліппе болса, ары қарай тереңдеу әрбірімізге міндет. Кітап оқымаған адамға ешқашан қайта оқу, жалғастыру кеш емес. Надандық - қараңғылық, түнекте неше түрлі жамандық жасалады, адастырады. Ал білім - нұр, жарығымен тура жолды табасың.
🔥38👍14❤13
Пайғамбар жасына жақындасам да, кейде менің бала болып кеткім келеді. Өзім құралпы, өзімнен кіші, көңілі жақын жандармен алысып-жұлысып, күресіп, белдесіп ойнағым келеді. Кейде тіпті ауылға барғанда, кішкентай балалармен кәдімгідей асыққа таласқым да кеп кетеді.
Мұным қалай деп өзіме-өзім тыйым саламын. Бірақ кейде өз құрбы-құрдастарыммен қалай алыса түскенімді байқамай қалатынмын.

Жатып алып ойласам: мұның бәрі өмір заңының бұзылуынан екен. Өмір заңы: бала бала болуы керек. Балаға тән аз дәуренді басынан кешіру керек. Егер балалық дәуренің шала болса, сол жетіспей қалған сыбағаңды кейін есейгенде аңсап тұрасың. Ал жалпы, қай жаста болсаң да кей-кейде бала болып, балалық шаққа оралғанның ерсілігі жоқ па деймін. Сәби шағын мүлде ұмытып кеткендер, артына бұрылып бір қарамағандар – тегін білмес топастар ма деп қаламын. Олар туған анасын да, Отанын да тез ұмытып кететін опасыздар сияқтанады да тұрады.

Шерхан Мұртаза "Ай мен Айша". Бұл кітапты оқымасаңыз, білмейм енді. Бірден тапсырыс беріп оқып бастаңыз: 8-777-572-2233
❤33🥰4
АРМАНДАҒАНҒА ЕШКІМ ШТРАФ САЛМАЙДЫ

Лимонды ойлағанда қышқылдығын сезініп, тіліңнің астынан сілекей бөлінетінін білесің бе? Дәл қазір істеп көр. Ойша жартысынан кесілген лимонның тілімін тіліңмен жалап алшы. Қалай ащы ма екен? Аузыңнан су бөлініп жатқанын байқадың ба? Бұл не сонда? Лимонды шынайы жегендей, нәтиже шығып жатқаны қалай?

Мұның бәрі – мидың жұмысы. Миға қияли образ берсең, шынайы реакция береді. Оған лимонның бар-жоғы маңызды емес. Мұны біз қалай пайдаға асыруымыз керек?

Миға жақсы қиялдар беруіміз керек. Ең тәтті қиял не? Ол – арман, армандау. Ешкім армандауға тыйым салмаған (ата-анаң, ұстазыңнан басқа). Ендеше отырып алып арманда. Әлемді шарла, Игуасу сарқырамасына бар, Швейцарияның тауларын кез, Египеттің пирамидасының шыңына шық, Анталияның жағажайына шомыл, Феррариді сағатына 400 км-мен айда, ахалтеке тұлпарына мініп, кең далада көсіліп шап, ең сұлу, ақылды, бай, көркем мінезді жармен отау құр, Қағбада намаз оқып, Мединада пайғамбарымызға зиярат ет, армандаған кітабыңды жаз, физикадан Нобель сыйлығын ал, балалардың білімін жетілдіру орталығын аш, студенттерге 5 жұлдызды қонақ үйден артық жатақхана сал, ата-анаңды Көлсайдың бетінде қайықпен серуендет, парашютпен секір...

АРМАНДА! ШАРШАДЫҢ БА? ШАРШАМАҒАНЫҢДЫ АРМАНДА!
❤44😍11👍6✍1
БАСҚА АДАМДАРДЫҢ ӨМІРІН ЖАҚСАРТ

Байқайсың ба, қандай данышпанды алсаң да, соларды данышпан қылған – миссиясы. Олардың миссиясы – басқалардың өмірін жақсартуға ұмтылыс. Адам баласы өзгенің бақыты үшін күрескенде өзі де бақытты болады. Қандай қызық, ә? Өзіңнің бақытың үшін күрессең, бақытсыз боласың. Себебі біз бақытты ақша, мансап, сұлу жар, танымалдылық деп ойлаймыз. Соларға қол жеткізгенде қандай бақытсыз екенімізді кеш түсінеміз. Ал айналаңдағы адамдардың бақыты үшін күрессең, бақытты болатының қызық. Былай қарасаң, ақылға сыйымды. Құдай Тағала бізді өзімшіл боп кетпесін деп, бақытымызды өзгенің бақытына байлап қойған болар. Әйтпесе, әркім өзі үшін күресіп кетер еді. Өзге үшін ешкім басын бәйгеге тікпес еді.

Махатма Ганди бір оқсыз, адам шығынысыз миллиард халқы бар Үндістанды озбыр Ұлыбританияның басқыншылығынан алып шықты.
Әлихан атамыз: «Тірі тұрғанда қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» дегенін білесіздер.
Бенджамин Франклин америкалықтар үшін жүйелі басқару жүйесін қалыптастырған.
Мен де...әлі қатырып дым істемедім. Бақытты болуыма даңғыл жол дайын тұр.

Ал сіз бақытты болғыңыз келе ме?

Былай, "Бақыт формуласы" кітабын оқысаңыз да болады. Тапсырыс: 8-777-572-22-33
👍22❤7😍4
ҰМЫТҚЫҢ КЕЛГЕН НӘРСЕ ЕСТЕН КЕТПЕЙДІ. ЖАТТАҒЫҢ КЕЛГЕН НӘРСЕ ТЕЗ ҰМЫТЫЛАДЫ.

Мидың қызметі қызық осы. Ұмытқың келетін істер – әдетте көңіліңде із қалдырған, аяқталмаған істер. Оны Зейгарник эффекті деп те атайды. Бітпеген іс жанып-өшіп тұрған шам сияқты сигнал беріп тұрады. Автопилот режимінде энергияңды шетінен кертіп жей береді. Оны ұмытқың келсе де ұмыта алмайсың.

Мұндайда не істеу керек? Мидағы мәселені мида емес, қағазда ұстау керек. Яғни, қағазға түсіріп, басты босату қажет. Ондай проблемалар қағазға түскенде үшке бөлінеді автоматты түрде. 1) жауабы өздігінен шығатын мәселелер; 2) ешқашан шешілмейтін мәселелер. Оны уайымдап та қажеті жоқ; 3) шешуге болатын мәселелер. Міне, осы соңғысымен айналысуға болады.

✅Осы постты бөлісіп жібер. Басқаларға пайдалы болсын
👌Реакция аямаймыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍35❤20🐳5💊4🥰3🤔1
КІМ БОЛҒЫҢ КЕЛЕДІ МЕН КІМ БОЛҒАНЫҢНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚ

Осы айырмашылық көп болса, сорың да көп. Аз болса, қасіретің де аз. Адамды депрессияға ең көп түсіретін – осы. Неге біз арманымызды қумаймыз? Ғарышкер болам, әлемдегі ең бай болам, көрінбейтін адам болам дейтін арманыңды қу демеймін (бұлардан да бас тартуға болмайды). Жалпы ішіңде маздап жанып тұратын армандарың бар ғой, соларды орындауға ұмтылып көрші.

Мұғалім болам, үй саламын, кітап жазамын, ағаш ұстасы боламын, мектеп ашамын, француз тілінде сөйлеймін, бір баланың стипендиясын көтеремін, жүз түп ағаш отырғызамын, мұқтаж адамға сол затын жасырын түрде сыйлаймын – армандар кете береді. Бұларды орындауға болады.

Ішіңе бір арман келді ме, ол тектен-текке келген жоқ. Сен орындай алатын болғасын келді. Періште әдейі санаңа салып жатқан болуы мүмкін. Армандай алатын адамдарға қуану керек. Армандай алмайтын адамдарды аяу керек.

Арманыңды жүзеге асыруға шабыт керек пе? Онда пайдалы кітаптар оқы. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33 немесе сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3

✅Осы постты бөлісіп жібер. Басқаларға пайдалы болсын
👌Реакция аямаймыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤37👍10🐳1
🚌ЖЫЛЖЫМАЛЫ УНИВЕРСИТЕТ

Алматылықтар жұмысқа баруға 1 сағат, қайтуға 1 сағат жұмсайды. Мектеп басталып, кептеліс көбейгелі бұл 1,5-2 есе артып кетеді. Басқа қалаларда 20-30 минут шығар. Күніне екі сағат дегенің жылына бақандай 30 күн (720 сағат) екен. Осынша көп уақытты радио, музыка тыңдамай, әлеуметтік желі қарамай, білім алуға жұмсаса қалай болар еді?

Қазір аудио форматында пайдалы кітаптар, подкасттар, бағдарламалар өте көп. Тыңдаймын десеңіз, кез келген тақырыпта эксперттердің тәжірибесін табуға болады. Позитивті көңіл-күй, уақытты жүйелеу, қаржы қағидалары, өнімділікті арттыру, әдет қалыптастыру дейсің бе, толып жатыр. Соның біреуін таңертең тыңдасаңыз, шабытыңыз артар еді. Радиодан түкке тұрғысыз жаңалық тыңдап, жауыр музыкадан құлағыңызды ауыртқанша, мынау әлдеқайда жақсы таңдау емес пе?

Табыс, жетістік, ұтыс – күн сайын қайталанатын ұсақ пайдалы әдеттер жиынтығы. Білім алу да соның бірі. Ендеше автобусты, метроны, көлікті, жаяу жүруді білім алатын жылжымалы университетке айналдыр.

KITAPAL мобильді қосымшасынан біршама аудиокітаптарды тыңдай аласың.

⭐️Пайдалы болғың келсе, жазбаны бөлісіп жібер.
❣️Реакция атсайш, бро.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤72❤‍🔥12👍10👏3😍3
ӨЛГЕНДЕ ҰЙЫҚТАП ҮЛГЕРЕСІҢ

«Өлгенде ұйықтап үлгересің» деп, ұйқысының сапасына мән бермейтіндер сол өлімді жақындатып жатқанын білмейді.

Қарапайым, бірақ көбі істемейтін амалдар:
1) Күн сәулесін қабылдау, далада сүт пісірім уақыттай серуендеп жүру. Білесіз бе, офисте, жасанды жарық астында отырғандар күн сәулесін ала алмайды. Бірақ терезеге жақын отыратындар қараңғы бөлігінде отыратындарға қарағанда көңіл-күйі жақсы, жұмысы өнімді, бақыттырақ екен.
2) Күн шығарда және батарда ояу болу. Қазір альфа, бета, гамма, тета сәулелері деп басыңды қатырмай-ақ қояйын. Сол уақытта ұйықтасаң, басың гүп боп ісіп оянатыныңды, ұйқың қанбайтынын білесің ғой онсыз да.

Осы екеуін істеші тым болмаса. Жағдайың жақсармаса, онда маған кел.

Ұйқы туралы кітаптарға тапсырыс беріп, толығырақ біле аласың. 8-777-572-22-33 немесе сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3

Осы постты бөлісіп жібер. Басқаларға пайдалы болсын

Реакция аямаймыз
❤26👍15🔥3❤‍🔥2💊2
ОЙЫҢДЫ ӨЗГЕРТ ТЕ, өміріңді өзгерт!


Айналаңды, ондағы заттарды өзгерте алмайсың. Бірақ оған деген қатынасыңды өзгерте аласың.

Өсектей беретін құрбыңды көрсең: 1) ашуланасың, өзін жамандайсың; 2) мен өсектемеуім керек деп шешім қабылдайсың.

Мади Фазлдың ағылшынша сайрап тұрғанын көрсең: 1) КТЛ-да или НЗМ-да оқыған шығар, әке-шешесі қымбат курсқа қатыстырған шығар, әйтпесе қайдан үйренсін дейсің; 2) мен де үйренемін, адамның істегенін адам істейді деп, “2 айда ағылшын тілін үйрен” кітабын сатып алып, бастап кетесің.

Эйнштейн айтпақшы “бүкіл әлем қарапайым нәрсе ғой деп өмір сүресің немесе бүкіл әлем ғажайып, сиқырлы құбылыстардан құралған” деп таңғала ғұмыр кешесің.

Таңдау сенікі.

🟢 @kitapal_bot арқылы кітапқа тапсырыс беріңіз. Әр тапсырыс үшін сізге беріледі:
1) тегін кітап (6 кітаптың ішінен таңдап аласыз)
2) кешбек

🚘 Алматы қаласы ішінде курьермен жеткізу, Қазақстан ішінде қазпочтамен жеткізу қызметі бар.
❤28👍7❤‍🔥3🥰2
🍎КҮНДІ КӨҢІЛДІ ЖӘНЕ ӨНІМДІ ӨТКІЗУДІҢ МЫҢНЫҢ БІРІ ҒАНА БІЛЕТІН ҚҰПИЯСЫ

Негізі оны естігенсіз, бірақ істемей жүрсіз. Неге солай екен? Неге өзіміз білмесек, білгеннің тілін алмаймыз осы? Баяғыда Абылай қалмақ кемпірден қарғыстың жаманы қандай деп сұрағанда: «Шөбің жапырылмасын!» — депті. «Мені кедей бол дегенің ғой. Халқым бай болса бір менің кедейлігім кемшілік емес»,— депті Абылай. Сонда кемпір: «Күлің шашылмасын»,— депті. «Балаң болмасын» дегенің ғой, өзім жақсы болсам, халықтың бәрі де менің балам»,— депті. Үшіншіде: «Өзің білме, білгеннің тілін алма» — депті. «Тфу, міне, жаман қарғыс осы, еліме айтып барармын!» — депті Абылай.

Сол қарғыс тиіп кетті ме екен әлде, а? Осы тұрғанда әрбіріміз орта ғасырдағы ең данышпаннан мықты білеміз. Бірақ білу басқа, түсіну басқа. Түсінбейміз ғой сол.

Әңгімені ұзаққа созып кеттім, білем. Қысқасы, құпия мынадай. Дәл қазір 5 минут отырып, бүгінгі күнді ұйықтағанға дейін жоспарлаңыз. Минут, секундына дейін ұйымдастыр демеймін, жай ғана ірі-ірілерін жазып шық. 1-2 ірі, 2-3 орташа, 3-4 ұсақ істі жазсаң жеткілікті. Орындаған сайын белінен сызып таста. Болды, сен бүгін әлемдегі миллиард адамға қарағанда өнімді боласың. Тексерілген✅

🍒Постты бөлісеміз, реакция атамыз. Басқаларға пайдалы болсын.

@kitapal_bot арқылы «Тайм-менеджмент» кітабына тапсырыс беріңіз. Әр тапсырыс үшін сізге беріледі:
1) тегін кітап (6 кітаптың ішінен таңдап аласыз)
2) кешбек

Алматы қаласы ішінде курьермен жеткізу, Қазақстан ішінде қазпочтамен жеткізу қызметі бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤32👍15🔥6
ӘР ҚҰРТТАН ІЛМЕК КӨРГЕН БАЛЫҚ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРМЕЙДІ.

©Қытай нақылы

Әрдеңеден қорқа берсең, секемшіл бір ауруға ұшырайсың. Тәуекел ет те, тас жұт!

Шыңғысхан айтқан керемет сөз бар: «Қорқасың ба? Онда істеме! Істейсің бе? Онда қорықпа!»

Қорқыныштың 99%-ы орындалмайды. Мысалы, ұшақпен ұшудан қорқатындар бар. 1 миллион сапардың біреуі ғана апатқа ұшырайды екен. Одан да жаяу жүріп өліп қалу ықтималдығың жоғары.

Қорқа берсең, қорқа бересің. Қорқынышыңмен бетпе-бет кел.

⭐️Пайдалы болғың келсе, жазбаны бөліс.
❣️Реакция жібер.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😍38👍27❤‍🔥10❤10🕊5🔥2
ҮМІТІҢДІ ҮЗБЕ

Өмірдің ең қиын шақтарында, бұл нәубет қашан бітеді деп берілмекші болғаныңда, бұдан түк шықпайды деп қолыңды бір сілтемекші болғаныңда, ешкімнен жылу көрмей, мейірім сезінбей, тастанды сезінгеніңде, сені ешкім жақсы көрмейтін сияқты көрінгенде, түннің қою қараңғылығы созылып кеткенде, өмір сүреңсіз боп, қызығынан айрылғанда, ең қымбат жандарыңды жоғалтқанда, жаның жараланып, шипа таппағанда, күнәм көп деп үрейге бой алдырғаныңда – ҮМІТІҢДІ ҮЗБЕ!

Үміт жаныңа жылу береді, жүрекке жұбаныш сыйлайды, көңілге медеу болады. Сені Жаратқан текке жаратпады, текке сынамады, қуыршақ қып ойнау үшін дүниеге жібермеді, сыртыңнан мазақ қылу үшін басыңа сынақ жібермеді. Бәрінің артында хикмет бар.

Қою қараңғы түннен соң ағарып таң атады. Жер астында ұзақ уақыт тамыр жайып алған соң ғана жарық дүниеге гүл шығады. Алтын таттан тазару үшін де отқа піседі. Ешқашан үмітіңді үзбе.

Өз өміріңе зер сал. Өзіңді жақсы жаққа өзгерт. Өзгеруге ешқашан кеш емес. Сені адамдардың сөзі ренжітпесін. Арманына жете алмаған адамның сөзіне мән берме. Олар сені де солай жете алмайды деп ойлайды.

📚Адамға үміт сыйлар "Бақыт формуласы" кітабына тапсырыс беру үшін телеграм ботты @kitapal_bot қолдан. Әр тапсырыс үшін сізге тегін кітап сыйға беріледі.

🔔Ал мына постты бөлісіп жібер. Қаншама адам үмітсіз тентіреп жүр. Соларға үміт сыйласын.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤51👏8🔥3👍1
🎬Адам өмірін құтқарған кітаптың оқиғасын тыңдаңыз

Мұхаммед пайғамбар жайлы ең көп оқылған екі кітаптың айырмашылығы

https://youtu.be/0Jv5bd4e2WI?si=BXtsOyZOkeRy6Af5
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤33✍1🤝1