Forwarded from 🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ
Риэлторлар мәселесін «май шаммен» қарайтын күн жақын
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов риэлторлық қызметті реттейтін арнайы заң бабы әзірленіп жатқанын жазыпты.
Қазір, мысалы, пәтеріңді сатуға шығарасың. Саған ең бірінші хабарласатын клиент емес — риэлтор. Толассыз қоңыраулар мен SMS-шабуылдар басталады. Таныс жағдай ғой? Осындай делдалдардың «агрессив» тәсілдері көпшіліктің қытығына тиетіні рас.
Шарт тұзақ болмасын!
Мәжілісмен мысал еткен сарапшы Қанат Оспанов бұл жүйенің «құлдық» сипатын ащы да болса ашып айтқан. Оның пікірінше (негізінде солай ғой), риэлторлар көбіне «эксклюзив шарт» жасасуға дайын тұрады. Бірақ ол шарттың талаптары біржақты келеді.
Сондағы «тұзақ» мынау: Егер пәтерді өз бетіңізше өткізсеңіз немесе оны туысыңыз сатып алса да, сіз бәрібір делдалға комиссия төлеуге міндеттісіз.
Ал, егер риэлтор белгіленген мерзімде үйді сата алмаса, ол ешқандай шығын өтемейді. Шаруасы түгел адам боп қала береді. Есесіне, үй иесі уақыт пен ақшасын жоғалтады.
Әділдік қайда?
Сарапшының уәжі орынды-ақ. Иә, неге тек үй иесі ғана тәуекелге баруы керек? Неге барлық жауапкершілік қожайынға ғана жүктеледі? Екеуара келісімшарт жасалса, ол қос тарапқа да әділ болуға тиіс. Сата алмадың ба, клиенттің босқа кеткен уақыты мен шығынын өте! Әділ емес пе?
Заң не дейді?
Енді осы «бассыздыққа» заң деңгейінде тосқауыл қойылатын шығар. Мәжілісмен Мұрат Әбеновтің айтуынша, «Тұтынушының құқығын қорғау туралы» Заң аясында риэлторлық қызметті реттейтін жеке бап әзірленіп жатыр.
Ойын ережесі өзгергені дұрыс. Егер риэлтор жалдау мәселесін ойлап жүрсеңіз, міндетті түрде шартын сұраңыз. Оларда оның электрондық үлгісі болады. Міндетті түрде бір оқып шығыңыз. Шарттың (құқықтық) тілін түсінбесеңіз, ЖИ (АІ) қолданыңыз. «Шартты толық сканерлеп, клиентке қандай қауіп жолдары барын көрсет» деп промт (тапсырма) берсең, әлдеқайда жұмысты жеңілдетеді. Ең оңай жолы сол. Олар ұсынған шартта: «егер сатып алушы алғашқы жарнасын төлейтін болса, риэлторлық қызметке төленетін комиссияның 50 немесе одан да көп процентін төлеуге міндеттісің» деген жолдар кездеседі. Ол да қауіпті. Өйткені үй заң жүзінде толық сатылып болған жоқ. Неше түрлі жағдай болады. Күні ертең белгілі бір себептермен сатып алушы ойынан айнып қалуы мүмкін. Тіпті сіз де үйді сатпайтын болсаңыз, бәрібір риэлторға комиссияны толық төлейсіз. Осындай нюанстарды білу үшін риэлторлық агенттік ұсынған шартты міндетті түрде оқып шығыңыз.
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
https://t.me/qarzhylyq_sauat

👍3❤1
Аида Балаева Алакөл жағалауының жазғы туристік маусымға дайындығымен танысты
Премьер-министр орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Жетісу облысындағы туристік инфрақұрылымның жазғы маусымға дайындығымен танысып, Алакөл жағалауындағы негізгі нысандардың жай-күйін тексерді.
Жұмыс сапарына орталық мемлекеттік органдардың, Үкімет аппаратының, салалық ведомстволардың өкілдері, сондай-ақ Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қатысты.
Тексеру барысында Үкімет басшысының орынбасары қонақүй кешендері, кәріз-тазарту құрылыстары нысаны, Көктұма ауылындағы жағалауды бекіту учаскесі және Үшарал қаласының әуежайын аралады. Әр бағыт бойынша нысандардың қазіргі дайындығы мен жобалардың іске асу қарқыны жөнінде баяндалды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары жағалаудың жазғы маусымға толық дайындығын қамтамасыз етуді, негізгі инфрақұрылымдық жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауды, қауіпсіздік пен санитариялық күтіп-ұстау шараларын күшейтуді, демалушыларға арналған көрнекі профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жолға қоюды, сондай-ақ туристер ағынының өсуі мен ішкі туризмді дамытудың ұзақмерзімді міндеттерін ескере отырып, туристік аймақты жүйелі жаңғыртуды жалғастыруды тапсырды.

❤5
Forwarded from Кітап үзіндісі
Ұлтыңнан жерігенмен, түріңнен қашып құтыла алмайсың...
Заман Самалбекұлы «Тірілген тастың күбірі»
https://t.me/kitapuzindisi

ҚАЗАҚСТАН ЖАЛПЫ ҚАМТУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРЫП ЖАТЫР, БІРАҚ САПАНЫ КӨРСЕТЕ АЛМАЙ ОТЫР
2030 жылға қарай Қазақстан сырттай қарағанда мінсізге жақын жүйе құрып жатыр: білімге толық қолжетімділік, бәріне ортақ цифрлық мемлекеттік қызметтер, инвестицияның өсуі және басқарылатын экономика. Қағаз жүзінде бұл дайын модель сияқты көрінеді. Бірақ оның ішінде бір маңызды сұрақ ашық қалып отыр - осының бәрі қамтудан бөлек нақты не береді?
52 тұжырымдаманы бір жерге жинап қарасақ, ортақ логика анық көрінеді. Басымдық - ауқымда: көрсеткіштерді 100 пайызға жеткізу, қатысуды кеңейту, көлемді ұлғайту. Ал экономиканың өсімі көбіне бұрыннан бар секторларды үлкейтудің есебінен жүреді, технологиялық күрделену арқылы емес. Цифрландыру басқаруды және сервисті күшейтеді, бірақ өндірістік модельдің өзін өзгертпейді.
Дәл осы тәсіл адамға да қолданылады. 2030 жылғы қазақстандық жүйеге кіріктірілген, институттармен толық қамтылған, процестерге тартылған адам ретінде көрінеді. Бірақ жүйе оны нәтиже мен өнімділік арқылы емес, қолжетімділік пен қатысу арқылы өлшейді. Білім мен экономикалық нәтиженің арасындағы алшақтық сол күйі сақталады.
Механизм қарапайым: мақсаттар пайызбен қойылған, ал құралдар бөлек өмір сүреді. Инвестиция технологиялық нәтиже береді деп кепіл болмайды, ал қолжетімділікті кеңейту сапа өседі деген сөз емес. Соның салдарынан бақылауы күшейгенімен, жаңа құндылық баяу жасалатын басқарылатын құрылым пайда болады.
Мақаланы сілтеме арқылы оқыңыз: https://economykz.org/?p=25448&lang=kk
😄 ECONOMYKZ.ORG: өмір цифрлармен
Portal | Facebook | Telegram

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
EC[ON]OMY
Қазақстанның 2030 жылға арналған даму тұжырымдамасы - EC[ON]OMY
Қазақстандық 2030: 52 тұжырымдама қандай адамды қалыптастырып жатыр?
😢2❤1
Forwarded from Aibek Smadiyar
Мемлекет басшысы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын Ұлан-Батырда өткен Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады
Президент спортшыларымыз жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті.
Құттықтауда Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова секілді спортшылардың жеңіс тұғырына көтеріліп, ортақ жетістікке зор үлес қосқанына назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің әлемдік жарыстарда көк байрағымызды биікте желбірете берулеріне тілектестік білдірді.
Президент спортшыларымыз жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін көрсеткенін атап өтті.
Құттықтауда Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова секілді спортшылардың жеңіс тұғырына көтеріліп, ортақ жетістікке зор үлес қосқанына назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің әлемдік жарыстарда көк байрағымызды биікте желбірете берулеріне тілектестік білдірді.
👍3❤1
Forwarded from Кітап үзіндісі
Ұлтыңнан жерігенмен, түріңнен қашып құтыла алмайсың...
Заман Самалбекұлы «Тірілген тастың күбірі»
https://t.me/kitapuzindisi
Заман Самалбекұлы «Тірілген тастың күбірі»
https://t.me/kitapuzindisi
👍3❤2
Forwarded from Кітап үзіндісі
Ер азамат бір ИДЕЯ үшін, ал әйел заты бір АЗАМАТ үшін өмір сүреді
Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қаныш және ғылыми майдан»
https://t.me/kitapuzindisi
Санжар Керімбай, Әділбек Нәби «Қаныш және ғылыми майдан»
https://t.me/kitapuzindisi
❤7
Forwarded from Кітап үзіндісі
Мен бір жақсы әйел болып шықтым. Мені біреу алды. Сөйтіп, ол өзін аса бақыттымын деп санады. Бұл дұрыс-ақ, болсын. Ол бақытты бола қалды. Ал, мен ше? Менің бақытым неде? Мен сол біреудің бақытты бола қалғанын қызықтап отырамын ба?
Сәуірбек Бақбергенов «Кентау»
https://t.me/kitapuzindisi
Сәуірбек Бақбергенов «Кентау»
https://t.me/kitapuzindisi
👍4
Оқу-ағарту министрлігі выпускной кештерді қадағалайды
Қазақстанда мектеп бітіру кешіне қойылатын талаптар нақтыланды. Енді аттестат табыстау рәсімі тек білім беру мекемесінің өз ғимаратында өтуі тиіс.
Оқу-ағарту министрлігі мен Ішкі істер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мектеп бітіру кешін ұйымдастыру тәртібіне нақты өзгеріс енгізді. Осынау өзгерістер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қабылданған.
Министрлік мектеп бітіру кештерін басқа жерде жасауға қатаң тыйым салды. Сондай-ақ түлектерден, олардың ата-аналары мен заңды өкілдерінен қаржы немесе басқа да материалдық құндылықтар жинауға үзілді-кесілді жол берілмейді.
Жергілікті атқарушы органдарға ешқандай қаржылық шығынды қажет етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру міндеті жүктелді. Сонымен қатар түсіндіру жұмыстары күшейтілмек.
Ал ішкі істер органдары бітіру кештері кезінде қоғамдық тәртіп пен түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдауы тиіс.
Бұған дейін алматылық ата-ана президент Тоқаевқа үндеу жолдап, мектеп бітіру кешіне қатысты масқараны жайып салған еді. Шағым авторының айтуынша, әр түлектен бітіру кешіне 200-300 мың теңге көлемінде ақша жинау қалыпты жағдайға айналған.

❤3👍2
Forwarded from DALA INSIDE
🚑 Көктасжалды құтқару операциясы. Түріктер былықтырып кеткен өндірісті отандық компания жаңғыртпақ
Жер асты кені бар, бірақ жылдар бойы тиімді игеріле алмаған Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы "Көктасжал" мен "Қызылшоқы" кен орындарына жаңа отандық инвестор келді. Жергілікті халықтың асыға күткені осы еді. Қазақстандық "Altyndara" компаниясы тез арада 500 миллион доллар инвестиция құйып, жаңа кен-алаңдарын іске қосып, Қызылшоқыда тау-кен байыту комбинатын салмақ. Осы арқылы жергілікті халық үшін 800 жұмыс орны ашылайын деп тұр. Және инвестор әкелетін құрылғылардың барлығы қатаң экологиялық стандарттарға сай болғандықтан, енді осы өңірдің экологиясы жақсаратын болды. Қанша дегенмен, отандық кәсіпкерлердің өз жеріне жаны ашиды.
Бұрын бұл жобаны түрік инвесторлары атынан «Алтай Полиметаллы» компаниясы жүргізген болатын. Ол кәсіпорын 2024 жылдың қорытындысы бойынша 18,2 миллиард теңге шығынға батқан. Ал қарыздары 305 миллиард теңгеден асып, күйреу сатысына тез жетті. Барлық активтеріне кепілзат ретінде шектеу қойылған. Еуропалық қайта құру және даму банкіне 17,9 млрд теңге қарыз, APM Holding пен басқа кредиторларға миллиардтаған қарыздары болды. Оның істіне АХҚО соты Сингапур арбитражының шешімін мойындап, компанияға 14 миллион долларлық айыппұл ілді.
Дәл осындай жағдайда түрік инвесторларының Көктасжалға көңіл бөліп, кәсіпорынды жаңғыртуы мүмкін емес еді. Инфрақұрылым тозып, байыту фабрикасы тоқтап, шығарындыларды сақтау жүйесі істен шықты. Экология бойынша заңбұзушылықтар тіркеліп, тұрғындардың сенімі толық жоғалды. Сондықтан кен орны дер кезінде отандық инвесторға қайтып отыр.
Соңғы 3 жылда шетелдіктер тұралатып кеткен ірі кәсіпорындарды өзіміздің компаниялар қолға алып, жұмысын жаңғыртып, экологиясын реттеп, өндірістегі қауыпсіздікті жақсартып, адам шығынын тоқтатты. Әйтпесе жылына бірнеше адам өлетін Миттал кейсі есімізде болар. Түрік инвесторлары да алатынын алып, ақыр аяғында Қазақстан экономикасына еш пайда әкелмегенін білеміз. Мысалы, Теңіз кенішіндегі жағдайдың өзі бізге үлкен сабақ болуы тиіс еді.
Отандық инвесторлардың бір жақсы жері – олар ресурсты алып кетуге емес, ел ішінде құндылық тізбегін құруға, қысқа пайданың орнына ұзақ циклға жұмыс істейді. Сондықтан "Altyndara" компаниясы өзі өндірген өнімді шетелдік биржаларға апарып сатудың орнына отандық автопром мен машина жасау тізбегіне іліндіруге ниетті. Бұл өте жағымды және біздің экономикаға көмек беретін ұзақ мерзімді стратегия.
Бізге енді тез пайда тапқысы келетін шетелдік инвестор емес, елін ойлайтын және экономикаға жұмыс істейтін ұлттық инвесторлар буыны көбірек қажет.
https://t.me/dalainside

Көктасжал кен системасында 50 миллион тоннадан астам руда қоры, оның ішінде 500 мың тонна мыс бар. Мұнда өндіріс көптеген жылдар бойы тұралап тұрды.

❤5🔥3
Forwarded from UKIMET
Құрылыс, көлік және өңдеу өнеркәсібі I тоқсанда экономиканың өсуіне түрткі болды
📌 Ұлттық экономика министрлігі ұсынған деректерге сәйкес, қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ-нің нақты өсуі 3%-ды құрады, бұл ретте қызметтер өндірісіндегі өсім 3,7%-ға, ал нақты секторда 2,1% - ға жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.
Салалар арасында ең жоғары өсімді құрылыс – 14,8%), көлік қызметтері – 12,8% және өңдеу өнеркәсібі – 8,5% көрсетті. Жылдың алғашқы екі айында сыртқы сауда айналымы $21,7 млрд құрады, мұнда $2,4 млрд – оң сальдо.
— деді Азамат Әмрин.
➖
Строительство, транспорт и обрабатывающая промышленность стали драйверами роста экономики в I квартале
Согласно представленным Министерство национальной экономики данным, реальный рост ВВП за январь-март составил 3%, при этом рост в производстве услуг достиг 3,7%, а в реальном секторе – 2,1%. Об этом на заседании сообщил первый вице-министр нацэкономики Азамат Амрин.
Среди отраслей наиболее высокий рост демонстрируют строительство – 14,8%), услуги транспорта – 12,8% и обрабатывающая промышленность – 8,5%. Внешнеторговый товарооборот за первые два месяца года составил $21,7 млрд с положительным сальдо в $2,4 млрд.
— сообщил Азамат Амрин.
📱 @KZgovernment

«Өткен жылы экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,7%-ға дейін өсті, осылайша екінші жыл қатарынан тау-кен өнеркәсібінің (2025 жылы – 11,9%) деңгейінен асып түсіп отыр. ЖІӨ-дегі мұнай секторының үлесі екі есе қысқарды. 2010 жылы ол 16,5% болған болса, 2024 жылы 8,1%-ға дейін түсті. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі әртараптандыруға баса назар аудару қажет, бұл "орташа табыс тұзағынан" шығуға мүмкіндік береді»,
— деді Азамат Әмрин.
➖
Строительство, транспорт и обрабатывающая промышленность стали драйверами роста экономики в I квартале
Согласно представленным Министерство национальной экономики данным, реальный рост ВВП за январь-март составил 3%, при этом рост в производстве услуг достиг 3,7%, а в реальном секторе – 2,1%. Об этом на заседании сообщил первый вице-министр нацэкономики Азамат Амрин.
Среди отраслей наиболее высокий рост демонстрируют строительство – 14,8%), услуги транспорта – 12,8% и обрабатывающая промышленность – 8,5%. Внешнеторговый товарооборот за первые два месяца года составил $21,7 млрд с положительным сальдо в $2,4 млрд.
«В прошлом году доля обрабатывающей промышленности в экономике увеличилась до 12,7% и второй год превышает долю горнодобывающей отрасли (в 2025 году – 11,9%). Доля нефтяного сектора в ВВП сократилась вдвое. С 16,5% в 2010 году до 8,1% в 2024 году. Для обеспечения устойчивого развития важно продолжать упор на дальнейшую диверсификацию экономики, что позволит выйти из ловушки среднего дохода»,
— сообщил Азамат Амрин.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Қазақша кітаптар
Болат Жайдары - Қазақ деген кім
Бұл кітапта Қазақтың идеологиясы қандай болу керек деген сауалға жауап беріледі. Болашағын ойлап жүрген, білімге құмар, көздері ашық оқырмандарға арналады.

❤5👍1
Forwarded from Қазақша кітаптар
Қазақ деген кім.epub
4.9 MB
Forwarded from Кітап үзіндісі
Ғылым мен өнер адамы үшін фәниден бақиға барар жол біреу-ақ – жұмыс істеу; басқаның бәрі алдамшы. Осыны жадыңа тұт.
Мұхтар Мағауин «Көк мұнар»
https://t.me/kitapuzindisi
Мұхтар Мағауин «Көк мұнар»
https://t.me/kitapuzindisi
❤3
ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ БЮДЖЕТТІҢ ШЕГІНЕ ТІРЕЛІП ОТЫР
Қазақстанда әлеуметтік шығындар өсіп жатыр, бірақ оны кірістер бұрынғыдай жауып үлгермейді. Бюджет негізгі міндеттерді әрең ұстап тұр, бірақ жедел әрі нақты көмек керек жағдайларда жиі кешігеді.
Мысалы, шұғыл ем керек кезде немесе қиын жағдайға түскен адамдарға көмекте жүйе ақсай бастайды. Сырттай бәрі жұмыс істеп тұрғандай көрінеді, бірақ ең маңызды жерлерде үзіліс бар.
Мемлекеттен тыс қолдау жүйесін дамыту ұсынысы қисынды көрінеді. Логикасы қарапайым - жүктемені бөлісу. Қауымдастық қорлары жылдам шешім қажет жерлерді алады, себебі олар жергілікті жағдайды жақсы біледі. Ал ру-тайпалық қорлар ұзақ әрі қымбат мәселелерді жабады - білім, емдеу, адам капиталына инвестиция. Бұл мемлекет баяу әрі икемсіз болатын тұстарды толықтыру әрекеті.
Бірақ дәл осы жерде жүйелік тәуекел пайда болады. Егер нақты ереже болмаса, мұндай механизмдер бір-бірін қайталайды, ресурстар үшін таласады, жауапкершілік бұлдырайды. Тағы бір маңызды қауіп - көмек жүйесінің өзгеруі. Яғни барлығына бірдей қолжетімділік емес, байланысқа қарай бөліну басталуы мүмкін.
Шешім идеяның өзінде емес, оны қалай құруда. Бірыңғай цифрлық платформа болмаса, ашық есеп беру болмаса, тиімділікке емес, жиналған ақша көлеміне ғана қаралса - бұл модель кеңейе алмайды. Керісінше, ол жүйені бөлшектеп жібереді, мемлекетке көмектеспейді.
Бұл тақырып бойынша толық талдау, шектеулер мен нақты қандай жағдайда жұмыс істей алатыны туралы сараптаманы колонкадан оқуға болады.
Даулет Жамбайбеков, тәуелсіз сарапшының пікірін сілтеме арқылы оқи аласыз: https://economykz.org/?p=25521&lang=kk

❤2👍2
Forwarded from Кітап үзіндісі
Мен бақыттымын, сенің де бақытты болғаныңды қалаймын. Мен өте бақыттымын. Мен сенің жаныңда оянып, сенің жаныңда көз ілемін. Басқа ештеңені білгім де келмейді. Екеуміз туралы ойлаған кезде менің санамда күміс қоңырау сыңғырлайды, кейде тіпті скрипка ойнайды. Біз екеуміз-ақ мына көшені толтырып тұрамыз, бізбен бірге ол әуенге толып тұрғандай болады, кей уақытта жұрттың дауысы да еміс-еміс естіледі және кинодағыдай кадрлар жүріп жатады, бірақ әуен өшпейді. Ол әрдайым менің жадымда.
Эрих Мария Ремарк «Салтанат қақпасы»
https://t.me/kitapuzindisi
Эрих Мария Ремарк «Салтанат қақпасы»
https://t.me/kitapuzindisi
❤9
Forwarded from Кітап үзіндісі
Қадірлі, оқырмандар!
Сіздерді жырмен өрілген әсерлі кешке шақырамыз. Сағат 22:00-де бас қосып, жүрекке жақын өлең жолдарымен бөлісіп, көркем сөздің құдіретін бірге сезінейік. Кеш барысында жыр оқылып, әр шумақтан ерекше әсер ала аласыздар. Ал өлең оқып, өнерін паш етемін деген жандар болса мархабат. Жыр кешінде жүздескенше!📖
p.s.Өлең оқығаны ұнаған бір адамға “Белгісіз&ұлы” егізкітабын тарту етемін, бұйырса.
Сіздерді жырмен өрілген әсерлі кешке шақырамыз. Сағат 22:00-де бас қосып, жүрекке жақын өлең жолдарымен бөлісіп, көркем сөздің құдіретін бірге сезінейік. Кеш барысында жыр оқылып, әр шумақтан ерекше әсер ала аласыздар. Ал өлең оқып, өнерін паш етемін деген жандар болса мархабат. Жыр кешінде жүздескенше!
p.s.Өлең оқығаны ұнаған бір адамға “Белгісіз&ұлы” егізкітабын тарту етемін, бұйырса.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from Кітап үзіндісі
❤1
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның тегеурінді, парасатты әрі көреген басшылығымен БАӘ қауіп-қатерді еңсеріп, қарқынды стратегиялық даму бағдарын жалғастыратынына сенім білдірді.
Қазақстан Президенті дипломатия және сындарлы диалог ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізудің ең сенімді құралы екенін тағы да атап өтті.
Мемлекет басшысының бұл хаты өзара сенімнің жоғары деңгейін, ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын және Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері халықтарының арасындағы шынайы бауырластық қарым-қатынасты растайтынын көрсетеді.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👎1