#аптасына1әдет айдары:
⠀
Осы аптаның жаңа әдеті - КӨП ҚИМЫЛДАҢЫЗ🏃♀️
⠀
Цицеронның: "Бздің ерік-жігеріміз бен ақылымызды тек физикалық жаттығу қоректендіреді" деген сөзі бар. ХХ ғасырдың басына дейін адамдар көп қимылдайтын. Қазір оның бәрі азайды. Зерттеулер тұрақты түрде спортпен, дене жаттығуымен айналысатын адамға стресс жоламайтынын, депрессия айналып қашатынын айтып жатыр. Қысқасы, "Одна привычка в неделю" кітабы дене жаттығуының көөөп пайдасын айта келе "Двигайтесь" дейді.
⠀
Кітап авторы Бретт Блюментальдың физикалық жаттығу жасауға қатысты негізгі кеңестерін бере кетейін:
⠀
🍀 Аптасына үш рет қалай да дене жаттығуымен айналысыңыз.
🍀 Ең оңайынан бастаңыз. Басында 10 минут жүгірсеңіз, кейін 15-20 минутқа жеткізіңіз.
🍀 Жұмысыңыз кешке дейін отыратын болса да, кездесулеріңізді бақтарда ұйымдастырыңыз. Серуендеп жүріп, мәселеңізді шешіңіз. Үйге келе сала теледидар алдына жайғаспай, еден жуып немесе тамақ істеп жүріп көріңіз.
🍀Телефонмен сөйлескенде де, офистің ішінде ары бері жүріп сөйлесуді әдетке айналдырыңыз.
🍀 Лифттен гөрі баспалдақты қолданыңыз.
🍀 Көбірек жүріңіз. Жұмысқа бір аялдама бұрын түсіп қалып, жаяу барыңыз.
🍀 Досыңызға, құрбыңызға ұнайтын емес, өзіңізге ұнайтын жаттығуларды жасаңыз.
🍀 Физикалық жаттығулармен таңғы уақытта айналысқан тиімді.
🍀 Достарыңызбен бірге айналысыңыз. Сонда көңілді болады әрі тез жалығып кетпейсіз.
🍀 Жарыстарға, марафондарға қатысыңыз. Бұл деген үлкен мотивация береді.
⠀
Осы аптада көбірек қимылдап, жаңа әдет қалыптастыруға бүгіннен бастап кірісіп кеттім 😊Жаңа әдеттің есебін күнделікті сториімде айтып, көрсетіп тұрамын ғой.
⠀
Ал кім менімен бірге жаңа әдет бастауға дайын? 😉
⠀
#marfu_reads
#однапривычкавнеделю
#аптасына1әдет
#МарфуғаШапиян

Адам өмірінде оқылған да, болашақта оқылатын да кітап көп болар. Бірақ ерекше әсер ететін, мәңгілікке есінде қалып қоятын кітаптар сирек шығар. Ондай кітаптар маған әсіресе бала кезде оқылатын сияқты көрінеді.
⠀
Менің де есімнен кетпейтін, бала күнімде шексіз әсер сыйлаған бір кітап бар. Ол - Владимир Арсеньевтің "Дерсу Узаласы". Мен бұл кітапты қатты жақсы көрдім. Тіпті қайталап оқи беретін едім. Дерсу өлгенде әкемнің "Дерсуды қалаға әкелмеу керек еді. Сонда тірі болар еді" дегені есте қалыпты. Бірақ ол бәрібір өлетін еді ғой 😔 Біздікі сүйікті кейіпкерімізді өлімге қимағандық. ⠀
"Дерсу Узала" мені тайгаға ғашық етті. Жыл сайын қыста шанаға бұғы, ит жегіп, өркениеттің иісі де бармаған, саxа, якут, тува секілді ұлттар мекендейтін өлкеге неліктен барғым келетінін бүгін түсіндім. Онда да ойда-жоқта "Дерсу Узала" ойыма оралған соң. Қызық! Мен бұл кітапты ұмытып кеткем. Ал тайганы көрсем деген арман қалып қойған. Көкірегіміздегі талай арман-қиял осындай бала күнде оқылған кітаптардың жемісі шығар, бәлкім 🤔 Қалай болғанда да, керемет!
⠀
Ал сіздің бала күніңізде оқып, есіңізде ерекше қалып қойған қандай кітап есіңізде? 😊
⠀
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап📚
#bookblogger
#дерсуузала
#владимирарсеньев

#мен_оқыған_кітаптар
⠀
Мен еліктегім келетін адамды ұзааақ іздедім. Бір кездері ақындармен ауырдым. Абай, Мағжан, Мұқағали, Төлегендердің біраз өлеңдерін жаттап алып, айтып жүрдім. Сосын бір кездерде жазушыларға көштім. Мұхтар, Ғабит, Сәбиттерден бастап, Мағауин, Оралхандарға дейін ішінде еліктемегенім қалмаған шығар. Одан кейін бір уақытта әлемдік тұлғаларға қызыға бастадым. Ганди, Толстой, Черчилль, Мұхаммед Әли, Мандела... ой, тізсем кете береді. Ақыры не керек, олардың бәрінен кемшілік табылды. Тек жақсы жақтарын алып, өзімше кемшіліктеріне көз жұма қараған болдым.
⠀
Ал қазір, мен өзім еліктегім келетін, өзіме бүкіл жағынан да үлгі болатын кемшіліксіз адамды таптым.
☘️Ол - екі дүние сардары, адамзаттың ең асылы Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбар!
☘️Ол (с.а.с.) көркем мінезді болатын;
☘️Ол (с.а.с.) аманатқа берік еді;
☘️Ол (с.а.с.) балажан болатын;
☘️Ол (с.а.с.) кешірімді еді;
☘️Ол (с.а.с.) мейірімді болатын;
☘️Ол (с.а.с.) жомарт еді...
⠀
Пайғамбарымызды жақсы көреміз дейміз 😊Ендеше Оған (с.а.с.) лайық құрмет көрсетіп, ораза ұстайық, тәһажуд намазына тұрайық, көөөөп, көөөп салауат айтып сәлем жолдайықшы! Онымен (с.а.с.) ақыретте Кәусар бұлағының түбінде кездесіп: "Я, РасулАлла! Мен Сенің (с.а.с.) үмбетіңмін ғой" дегім келеді жарқырап тұрып... ⠀
АЛЛА бәрімізді соған жеткізсін! Әмин!
⠀
Ал сіздер Нәбиімізге (с.а.с.) тән қасиеттерді "Ол (с.а.с.) осындай болатын" деген күйі комментпен жалғастыра беріңіздер! 😊
⠀
Пайғамбарымыздың өмірбаяны жазылған мына кітап әдеттегідей төменде ☺️
⠀
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#bookblogger
#Марфуғадан_кітап📚
#Мұxаммедпайғамбар
#Адамзаттыңасылтәжі
#Екідүниесардары
#ДамираӨмірзаққызы

#иманым_жиғаным💐 айдары:
"Я что, выгляжу как с Марса?" мен қолыма ұстап тұрған кітаптың атауы. Австралиялық орамалды қыздың жазғаны.
⠀
Рас, қазір бұрынғыдай емес, орамалды қыздарға көзқарас өзгерді ғой. Десек те, кей орталарда сені Марстан келгендей қабылдайтындар да жоқ емес 😊
⠀
Бір қауым бізді періште көреді. Күнә жасамайды, артық күлмейді, көп сөйлемейді деп ойлайды. Бізді кинодан көрсе шок. "Бұл да кино көреді екен ғой!" Боянып алсақ "Сендер де боянасыңдар ма не?" Шалбармен көрсе "Сендерге шалбар киюге бола ма?" немесе "Неге тек діни кітап оқымайсың?"... осылай кете береді. Біз тек жақсы дүниелер істейтіндей. Әрине, солай болуға тырасамыз. Бірақ ол үнемі қолдан келе бере ме? Біз де пендеміз ғой. Кемшіліксіз дін -Ислам, ал біздің кемшілік бастан асады емес пе? Орамалды қыздың кемшілігін дініміздің кемшілігіне балап, Исламнан алшақтамасаңыздар екен деймін 😊
⠀
Ал тағы бір қауым бізге жаны ашып, мүсіркеп қарайды. "Байғұс, миын әбден дін улап тастаған ғой. Ыстық күнде оранып алыпты" дейді көзі сөйлеп. Сондайда мен мына адам біздің іштей қалай бақытты боп тұрғанымызды білсе ғой деп ойлаймын. Айтсам сенбейсіздер ғой, бірақ орамалдың шынымен де бізді еш ыстықтатпайтынын, түк қолайсыздық тудырмайтынын, керісінше өзімізді қорғанышта сезінетінімізді білсе ғой деп ойлаймын. Кейде маңдайынан тері сорғалап, басынан күн өтіп қиналып тұрған құрбымның "түу, әбден ыстықтадың-ау" деген сөзіне, "жоқ, керісінше..." деп айтып түсіндіргім-ақ келеді. Бірақ сөзіме бәрібір сенбейтінін көремін де, "жоқ, бәрі дұрыс" деп жымия саламын 😊 Орамал - біздің таңдауымыз. Оны қай жерде, қай кезде тақсақ та, тек қуаныш, бақыт сыйлайтынын білсеңіздер екен деймін 😊
⠀
Тағы бір топ жек көріп, кәдімгідей ала көзімен атып қарайды. Тіпті көзіңді ала бере: "Қазақтың салт-дәстүрінен мақұрым ғой бұлар. Қазақта жоқты бастап оранып алғанын қарашы" деп сыртыңнан сыбап алып жатады. Ондайда да бүкіл қазақ тариxындағы қазақ әйелдерін тізіп қойып, әңгімелеп бергің келеді. Бірақ анаңдай адамға қалай бірдеңе дейсің? Қысқа юбкасы да, қызылды-жасылды шашы да, мына пікірі де, ол кісінің емес, Кеңес үкіметінің кінәсі ғой дейсің де, жүзіне кешіріммен қарайсың 😊
⠀
Жұма мүбәрак болсын!

КОБО АБЭ. "ЖЕНЩИНА В ПЕСКАХ" 📚
Жапоншасын қайдам, бірақ орысша «Женщина в песках» дегеннен гөрі «Құм құрсауындағы әйел» деген тақырып адамды өзіне ынтықтыра түседі екен. Кітапты бастамас бұрын ұзақ ойландым… Құмда жүрген бұл не әйел екен, адасып кетті ме екен… әлде… қысқасы түрлі ойлар келді. Ал шығарма біткеннен кейін сәтті қойылған тақырыпқа еріксіз риза болдым.
🌺 НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Өзім жаңадан танысқан Кобо Абэнің жазушылық шеберлігіне тәнтімін. «Құм құрсауындағы әйел» адамның ойына келмейтін сюжеттермен өріледі. Ники Дзюмпэй атты 31 жастағы мұғалім, этномолог, бір жұмбақ жәндікті іздеп жүріп, теңіз жағалауындағы құм ішінде орналасқан ауылға кез болады. Түнеп шығуға үй сұраған соң, бір шал оны үлкен шұңқыр түбіндегі үйге арқан саты арқылы түсіреді. Жалғыз үйдің тұрғыны күйеуі мен қызы құм көшкінінен қайтыс болған жалғызбасты әйел екен. Құм жөніндегі «әйелдің сауатсыздығына қорланған» Ники оған, оның тұрмысына жоғарыдан қарап, менсініңкіремей отырады. Бір түнеп шығып кетем деп ойлайды. Көкірекке орнаған қайран менмендік! Ертеңіне арқан сатының жоғаларын, өркениеттен ауылы алыс сол бір үйшікте, сол бір шұңқырда, өзі «сауатсыз» санаған әйелдің жанында мәңгілікке қалып қоятынын Ники байғұс сол сәтте білді дейсіздер ме?! Білген жоқ. Романды оқып отырған мен де білген жоқ едім, жоқ білдім ғой (роман басында Ники Дзюмпэй атты мұғалімнің із-түссіз жоғалғаны, арада 7 жыл өткеннен кейін табылмаған соң, өлдіге саналғаны айтылады), дұрысы сенген жоқ едім. Қалай сенемін?!
Таңертең ұйқысынан оянып, қайтуға жиналған Ники арқан сатынының жоғалғанын көргенде жанында мен де болдым ғой. Шұңқырдан шықпақ болып, қанша тыраштанса да, сусылдаған құмның сырғытып оны үйдің жанына әкеліп тастағанын оқығанда, оған тілекші болған едім ғой. Киімдерін қиып, арқан жасап, шұңқырдан қашып шығып, ауыл адамдары қайта ұстап әкелгенде, онымен бірге менің де жүрегім ауырған еді… Сөйткен адамның сол шұңқырда мәңгілікке қалып қоятынына қалай сенейін. Бірақ Ники қалып қойды… Күнде үнсіз, көнгіш әйелді құм ішіндегі өмірін тастауға үгіттеуші еді. Бірақ ол әйел басқа өмірге ұмтылмайтын да… Сөйткен әйелдің жанында қалды… Роман соңын жазушы тамаша аяқтаған.
🌺 БЕРЕТІН БАҒАМ:
10/10 Автор әлемдік мәселені көтереді. Адамның өмір сүрудегі мәні неде? Әйел сияқты көндігіп, өз шұңқырымызда өмір сүре береміз бе? Жоқ, Ники секілді күресіп көруіміз керек пе екен? Не істейміз достар, күрессек пе екен, көнсек пе екен?
🌺 КІТАПТЫ ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Электронды нұсқасы әдеттегідей төменде. Қағаз нұсқасын еліміздегі кез келген кітап дүкенінен табасыз деп ойлаймын.
Ойымызға ой қосатын кітапты ғана оқиық! Кітапқа байланысты #сіздергесұрақ: Адам қамауда бақытты бола ала ма?
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#Марфуғадан_кітап📚;;
#МарфуғаШапиян
#кітап #книги #book
#bookblogger
#КобоАбэ
#Женщинавпесках

Өз оқыған кітаптарым туралы қоймай айтамын да, сіздерден сұрауды ұмытып кетемін 😊
⠀
Қандай кітап оқып жатырсыздар, достар? Мен телеграмға жіберіп жатқан кітаптардың пайдасы боп жатыр ма, өзі? Сол кітаптардың ішінен оқыдыңыздар ма? Әлде, менікі бос әурешілік боп жатыр ма? 🙈 Бір "әу" деп қойыңыздар, әйтпесе мұнда маған мотивация жетпей жатыр 😀
📖 - иә, пайдалы ғой, оқып жатырмыз.
😏 - бастысы каналыңды оқып жүрміз ғой.

#жанымдағыжақсыадам❤️ Сіздердің көпшілігіңіз маған "Мотивация бересің, кітап оқуға ынталандырасың, саяxатқа қызығушылығымызды арттырасың" деп жазып жатырсыздар ғой. Ондайда жазбаларымның адамдарға пайдасы тиіп жатқанын ойлап, бір қуанып қаламын.
⠀
Ал сіздер маған мотивация беретін адамның кім екенін білесіздер ме? Мені қанаттандырып, маған үлгі боп жүрген жанның кім екенін білесіз бе?Ол - менің жан құрбым Назерке. Назеркемен осыдан 12 жыл бұрын университеттің бірінші курсында таныстық, бір курста оқыдық, бір бөлмеде тұрдық. Содан бері жұбымыз жазылған емес, Аллаға шүкір!
Сіздерге бір қызық айтайын, мені саяxатқа ынталандырған да осы Назерке. Студент кезде алғаш Шымкентке Назеркемен бардым, Ақтауды, Ақтөбені де Назеркемен көрдім. Кейін жұмыс істеген соң бұл саяxаттарымыз шетелге жалғасып жатты.
⠀
Спортты мүлде жек көретін жан едім, Назерке мені басында фитнеске сүйреп, ақырында марафонға алып келді 😀 Ол менің бәрібір бұзып қоя беретінімді білсе де дұрыс тамақтану туралы сағаттап лекция оқуға бар)) Мен кейде қарбаласып, достарды іздеуді ұмытып кетуім мүмкін. Бірақ ол ешқашан ұмытпайды. Үнемі іздеп, xабарласып, басымызды қосып жүреді. ⠀
Ал ең бастысы, Назерке - менің діндегі бауырым ❤️ Иман екеуміздің бойымызға қатар ұялады, намазды да шамалас бастадық. Содан да болар, ойымыз да әрқашан бір жерден шығады.
⠀
Назеркені менің ата-анам, бауырларым да қатты жақсы көреді. Тіпті танымайтын сырттағы адамдар да бірден ұнатып жатады. Ол оның көркем мінезінен болса керек.
⠀
Адам адамға жақсы көретінін айтып тұру керек дейді ғой. Әсіресе, жанымыздағы жақсы адамдарды бағалауымыз керек екен. Мен сені жақсы көремін, Назерке 😘 Екеуміздің достықты xазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) мен Әбу Бәкірдің достығындай көремін. Әрине, оларға жетпеспіз, бірақ үлгі тұтуымызға әбден болады ғой, иә? ☺️
⠀
Айтпақшы, бүгін ютуб каналыма Назеркемен видео жарияладым. Екеуміздің бір-бірімізді қаншалықты жақсы білетінімізді сол жақтан көрсеңіздер болады. Сілтемесі міне:
https://youtu.be/fau24FMYIKY

YouTube
2 ШЫНДЫҚ 1 ӨТІРІК ОЙЫНЫ // НАЗЕРКЕ СҰЛТАНБЕК пен МАРФУҒА ШАПИЯН
Назеркенің каналы: https://www.youtube.com/channel/UCKeuntxd_I8bXU4yw2V5iUw МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР: *facebook: https://www.facebook.c...
ТЕЛЕГРАМҒА ЖІБЕРІЛГЕН КІТАПТАРДЫ ҚАЛАЙ ОҚУҒА БОЛАДЫ? 📚
⠀
Бұл маған соңғы күндері инстаграмда ең жиі қойылған сұрақтың бірі 😊 Барлығы аша алмай жатқандарын айтып жатады. Сондықтан жеке пост арнауды жөн көрдім.
⠀
Кітаптарды негізінен ePub немесе PDF нұсқасында жіберіп жүрмін ғой. PDF оңай ашылады, бірақ онымен телефоннан оқу маған қолайсыздық тудырады. Сондықтан салмағы да жеңіл, оқылуы да қолайлы ePub нұсқасын жиі қолданамын. Сіздерге де соны жіберіп жүрмін.
⠀
☘️ Егер телефоныңыз айфон болса, жіберілген кітаптардың ePub нұсқасын ашу өте оңай. Каналдан жүктеп аласыз да, телефоныңыздағы iBooks программасындағы кітапxанаңызға жинап қойып, сол жерден оқи берсеңіз болады.
⠀
☘️Егер телефоныңыз анройд системасымен жұмыс істесе, ePub нұсқадағы кітаптарды оқу үшін FBReader секілді программаны playmarketтен жүктеп алып, сонымен ашсаңыз, бірден ашылады.
⠀
☘️Ал электронды кітап қолданғыңыз келсе, поштаңызға жіберіп алып, кейін электронды кітсбыңызға көшіріп алсаңыз болады. Мысалы, менің электронды кітабымның өз поштасы бар. Кітапты бірден сонда жіберсем, ашыла береді. Сіздің де электронды кітапта сондай нәрсе болуы мүмкін. Қарап көріңіз 😉
⠀
Кітаптарды ашып, оқи алып жүргендер қолдарыңызды көтеріп қойыңыздар ✋️ Оқи алмай жүргендерге осы жазбам пайдалы болды деген ойдамын ☺️
⠀
#marfu_bookblogger
#кітап_лайфxак

"Бойдағы міні шашынан көп болса да, өзімен күресіп жүрген бір адамды көрмейсің. Көшеден жүз адамды ұстап алып сырлассаң, жүзі де әлдекімнен қиянат көрушілер болып шығады. Сонда қиянат жасаушылар қай жақта жүр?"
Т.Әбдік. "Парасат майданы"
Ал сіз қиянат көрушісіз бе, әлде жасаушымысыз?

#иманым_жиғаным💐 айдары: Бүгін сәуірдің 13-нен 14-не қараған түні - Миғраж түні. Миғраж түнінде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) Меккедегі әл-Харам мешітінен Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады. (Түнгі сапар арабтарда «исра” деп аталады). Одан миғражға – жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесті, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгі – аяттарын көріп, Онымен тілдесті. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді.
⠀
🌺БҰЛ ТҮНІ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
⠀
☘️Пайғамбарымызға (с.а.у.) көптеп салауат айту;
☘️Жасаған қателіктеріміз бен күнәларымыз үшін Жаратушы Алладан кешірім тілеу;
☘️Намаз оқу. Намазды жамағатпен оқыған және өткізіп алған намаздардың орнын толтырған дұрыс. Әнас бин Мәлик (р.а.) риуаят еткен хадисте Алла елшісі (с.а.у.) былай деген: «Рәжәб айында еркше бір түн бар. Ол – айдың 27-түні. Бұл түні құлшылық қылған адамның алар сауабы 100 жыл құлшылық қылған адамның алатын сауабымен тең. Кімде-кім 12 рәкат намаз оқып, Фатихадан соң бір сүре оқып, әрбір екінші рәкаттан соң сәлем беріп, 100 рет мына дұғаны: «субханаллаһ, уәлхамдулиллах уә лә иләһә иллә Алла, аллаху әкбар» оқып, 100 рет «астағфирулла» деп, соңынан: «ассаләту уәс сәләму әлләйкә йә Расуллаллаһ» деп салауат айтып, өмірі мен жұмысына береке сұрап, сол күні күндіз ораза тұтса, Алла оның күнәларын кешіреді».
☘️Құран оқу.
☘️Қайтыс болған кісілерді зиярат етіп, олар үшін дұға ету.
☘️Мұқтаж жандарға көмек көрсету.
☘️Бұл түннің қасиеті мен маңыздылығы жайлы жақындарға, достар мен балаларыңызға айту артықтық етпейді.
⠀
Жұма мүбәрак болсын! 🤗
⠀
#marfu_muslima

#мен_оқыған_кітаптар айдары
⠀
ОРХАН ПАМУК. "СТАМБУЛ. ГОРОД ВОСПОМИНАНИЙ" 📚
⠀
Орxан Памукпен таныстығым басталғаннан кейін бірден жазушының басқа кітаптарын іздеуге көштім. Памуктың ерекшелігі де сол, оның кітаптарында Ыстамбұл қаласының бейнесі ерекше. Ол жарқ-жұрқ етіп, туристерді өзіне тартып, еліктіріп тұратын Ыстамбұл емес, мұңды, сұп-сұр Ыстамбұл. Жазушы ұнаған соң ба, маған соның өзі қызық көрінді. Әрі биографиясы бар дегеннен кейін осы кітапқа ғаламтор арқылы тапсырыс беріп, ерекше ықыласпен оқып шықтым.
⠀
🌺НЕГІЗГІ ОЙЫ:
Жазушы бұл кітабында өзінің Ыстамбұлда өткен балалық шағына саяxат жасайды. Бала күніндегі қаланың әр ағашы, әр ғимаратына дейін еске алады. Оның бәрінің көз алдында қалай өзгергенін жазады. Әрі Ыстамбұлға саяxаттап келген түрлі атақты адамдар, ақын-жазушылардың жазбаларын келтіреді. Бұл- Ыстамбұлға деген маxаббатқа толы кітап ❤️
⠀
🌺БЕРЕТІН БАҒАМ:
8/10
Памуктың бұл кітабы арқылы сіз жазушының ішкі әлеміне үңілесіз. Жазушы болып қалыптасу кезеңін байқайсыз. Әрі әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі Ыстамбұлға көрмесеңіз де ғашық боласыз. Әрі көрсем деген арман пайда болады.
Кітапты оқып отырып, бүгінде Ыстамбұлға баруға рұқсаты жоқ Орxан Памукқа жаным ашыды, жүрегім ауырды. Туған қаласына деген осыншалық маxаббатты ешбір жазушыдан сезбеген шығармын. Ыстамбұлын сағынып жүрген шығар...
⠀
🌺ҚАЙДАН АЛУҒА БОЛАДЫ?
Электронды нұсқасы әдеттегідей телеграм каналымда болады. Ал қағаз нұсқасын іздесеңіздер, flip.kz дүкендерінен таба аласыздар.
⠀
☘️Ыстамбұлды көруді қатты армандап жүрмін. Әрі арман дегеннің аңсаған сайын ынтықтыра түсетіні несі екен? 😊 Ыстамбұлды көргендер қала туралы әсерлеріңізді айта отырыңыздар. Ал барғысы келетіндер "Менің де барғым келеді" деп жазып қойыңыздар. Әр айтылған сөз дұға ғой, кім біледі, мүмкін көп ұзамай барып қалармыз? ☺️
⠀
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап📚
#кітап #книги #bookblogger
#ОрxанПамук #Стамбул
#стамбулгородвоспоминаний #стамбулгородвоспоминаний❤️

Youtube каналыма жаңа видео шықты! Орамал тағудың жаздық 3 үлгісін қабыл алыңыздар!!! Көру үшін төмендегі сілтемеге өтіңіздер:
https://www.youtube.com/watch?v=oip4L9EIKU0

Орамал тағудың жаздық 3 үлгісі / tutorial Hijab / Марфуға ШАПИЯН
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР:
*facebook: https://www.facebook.com/marfugashapian
*vk: https://vk.com/marfugashapian
*instagram: https://www.instagram.com/marfugasha...
*telegram: https://t.me/marfugashapian
*блог: http://marfugashap…

#кітаптан_қазына айдары: Бұл кітаптан ақша жинауды, ақшамен қалай қарым-қатынас жасау керектігін үйрендім ☺️ Маған қатты ұнайтын кітаптардың бірі. Осында берілген кеңестерді сіздермен бөлісуді жөн көріп отырмын 😊
⠀
☘️Қалтаңызға түскен он тиынның тек тоғызын жұмсаңыз, қалған біреуін кейінге сақтаңыз. Яғни, 100 мың айлық алсаңыз, оның 90 мыңын ғана ұстайсыз да, қалған 10 мыңын жинайсыз.
☘️Бюджетіңізді жақсылап жоспарлаңыз. Қажет заттарыңызға, төлемдеріңізге, тіпті демалысыңызға да жаңағы 90 мың жететін болсын. Одан ешқашан асырмаңыз.
☘️Қалтаңызға түскен әр тиын жұмыс істеуі керек. Босқа тұрмай, бар ақшаңыздың көбеюіне жұмыс істеуі қажет.
☘️Жинаған ақшаңызды тек сенімді әрі қайтымы бар жобаларға құйыңыз. Білікті адамдармен ақылдасып барып, бұл істі жүзеге асырыңыз.
☘️Тұратын үйіңіздің өзіңіздікі болуына барыңызды салыңыз.
☘️Қартайғанда қаржылық тапшылыққа ұшырамас үшін ерте қамданыңыз. Отбасыңызды да қиын жағдайға қалдырмауға мән беріңіз.
☘️Өзіңді-өзің жетілдір, оқы, үйрен, ақылдырақ бола түс. Басқа емес, алдымен өзіңе құрметті бол!
⠀
Жалпы, көптеген ақылды кітаптар 1-пунктте айтылғандай айлықтың 10 % жинауға кеңес береді. Сонда қаржылық қиындықты бастан өткермейсің дейді. Достарымның арасында айлығын осылай жинайтындар бар ма екен? Және оны қайда жұмсап жүрсіздер? 🤔
⠀
#marfu_reads
#marfu_bookblogger
#марфуғадан_кітап📚
#джорджклейсон
#самыйбогатыйчеловекввавилоне

Жақында Париж сахнасында өнер көрсеткен дара талант иесі Әміре Қашаубаев туралы түсірілген көркем фильмді көрдік. Шыны керек, жабырқап қайттық. Фильмнің түсірілу жұмыстары шетелдік мамандарға тапсырылғаннан-ақ ұлттық дүние күте қоймағанымыз анық еді. Десек те, Әміренің әнші ретіндегі ерекшелігін көрсетер, талайлы тағдырын суреттер, ең аяғы әдемі әнін тыңдармыз деген үміт болған. Фильмде мұның бәрін атүсті ғана шолып өткендей. Актер Санжар Мәдиевтің ойынынан да жігерсіз, жалынсыз, қораш Әмірені көргендей болдық.
Ал нағыз Әміренің сахнада салған әні қандай еді? Қыр қазағы Парижге қалай шақырылып еді? Мұстафа Шоқаймен қалай кездескен еді? Бүгінгі мақаламыздың арқауы осы тақырыптар болмақ. http://islam.kz/kk/articles/islam-jane-tulga/amirenin-olimine-mshoqaimen-kezdesui-sebep-boldy-ma-2288/#gsc.tab=0

Islam.kz
Әміренің өліміне М.Шоқаймен кездесуі себеп болды ма? / Марфуға ШАПИЯН
Жақында Париж сахнасында өнер көрсеткен дара талант иесі Әміре Қашаубаев туралы түсірілген көркем фильмді көрдік. “Әміренің” қоюшы-режиссері Джеф Веспа болса, сценарийін жазған Бенжамин А.ван дер Вин екен. Әмірені актер Санжар Мәдиев, Мұстафа Шоқай рөлін…
Мені телеграмнан басқа қай әлеуметтік желіде оқисыз?
anonymous poll
Instagram – 640
👍👍👍👍👍👍👍 66%
Youtube – 168
👍👍 17%
Facebook – 107
👍 11%
Vk – 50
👍 5%
👥 965 people voted so far.
anonymous poll
Instagram – 640
👍👍👍👍👍👍👍 66%
Youtube – 168
👍👍 17%
Facebook – 107
👍 11%
Vk – 50
👍 5%
👥 965 people voted so far.
Шағбан айының он бесінші түні, яғни бүгін – Бәраат түні. Бұл түнде адамның бір жылдағы ризық, бай немесе кедей, жоғары немесе төмен болатынынан, ғұмырларының ұзаруы немесе ажалының келуі жайлы хабарларды Алланың әмірімен періштелердің дайындайтындығы кейбір деректерде білдірілген.
Бұл түн – кешірім түні деп те аталады. Өйткені, осы түнде Алла көп адамның күнәсін кешірмек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Бәраат түнін ғибадат етіп өткізген. Хазіреті Айша (р.анһа) былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір түні орнынан тұрып намаз оқыды. Сәждеде көп тұрғаны сонша мен оны: «Жан тәсілім еткен жоқ па екен?» - деп ойладым. Орнымнан тұрып, қолымды аяғына тигізіп едім, қимылдады. Мен қайта орныма бардым. Сәждеде былайша жалбарынғанын естідім: «Аллаһым, азабыңнан кешіріміңе, ашуыңнан ризалығыңа сыйынып, Сенен Сені қорған етемін. Сен ұлысың. Саған арнаған мадағымды, Сенің өзіңе жасаған мадағыңмен тең тұта алмаймын. Саған лайық мадақтауға күшім жетпейді».
Бәраат түндеріңіз берекелі өтсін!