Narikbi LIVE
14.8K subscribers
604 photos
126 videos
17 files
525 links
🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
📍 Amsterdam, Netherlands
Download Telegram
Осыдан тура 10 күн бұрын өмірімізге кішкентай періште — Рабиа есімді қызымыз дүниеге келді 👶✨

Шіркін, қыз бала — әке үшін мүлде бөлек әлем екен ғой… Неге бұны ертерек айтпағансыңдар? 🫢❤️

Аллаға мың да бір шүкір.
#Rabia #Isa
15.10.2025
1❤‍🔥275😍63🕊26⚡9🙏4
Бүгін ютуб арнамыз 90к жетіпті.
Жыл соңына дейін күміс батырмаға (100к) жете аламыз ба?)

Ал негізі, бізге тіркелген адамның саны емес, шығарылымның сапасы мен көтерген тақырыбы маңыздырақ. Subscribes деген осының нәтижесі ғой.

#silverbutton #youtube
❤‍🔥153⚡24🕊14😍5
Мыңжылқы Бердіқожаев: мединица неге қолжетімсіз? / Narikbi LIVE #130

🎙️ Бүгінгі подкасттың қонағы — елімізге белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев.
Ол — Астанадағы Президент ауруханасында директордың орынбасары болып қызмет атқарған, Орта Азияда миға ең көп (7500-ден астам) ота жасаған сирек мамандардың бірі.

🧠 Бұл сұхбатта біз ми, медицина және өмірдің мәні туралы терең әңгімелестік:
• Қазақстанда сапалы ота алу қаншалықты қолжетімді?
• Жаңа технологиялар дәрігерді толық алмастыра ала ма?
• Неліктен қытай халқы ұзақ өмір сүреді?
• және де адам денсаулығы мен саналы өмірге қатысты басқа да өзекті тақырыптар қозғалды.

https://youtu.be/beW4NFN4O9c
❤‍🔥37😍8⚡7🕊4
Narikbi LIVE
Мыңжылқы Бердіқожаев: мединица неге қолжетімсіз? / Narikbi LIVE #130 🎙️ Бүгінгі подкасттың қонағы — елімізге белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев. Ол — Астанадағы Президент ауруханасында директордың орынбасары болып қызмет атқарған, Орта Азияда миға ең…
Салем, достар.
Біз Мыңжылқы ағамен жаңа шығарылым жасадық. Біздің алғашқы подкастымыз медицина саласындағы ең қаралымы көп болған подкасттардың бірі болыпты.

Енді осы деммен біз біле бермейтін жаңа тақырыптарды ашуға тырыстық. Негізі Мыңжылқы ағаны уақыты өте тығыз екен. Біз екі рейс арасындағы уақытың "ұрлап", осы түсірілімді жасадық.

Еңбегімізді бағалап, коммент, бөлісіп жіберсеңіздер.
😍71❤‍🔥22⚡7🕊5
Ануар аға: қажылықтың шын мағынасы / Narikbi LIVE #131

Қажылық — мұсылман үшін парыз етілген ұлы сапар, жүректі жаңартатын үлкен мектеп. Бірақ бүгінде біз кейде оның сыртқы көрінісіне ғана мән беріп, шын әрі терең мағынасына үңіле бермейміз. Шынымды айтсам, бұл жағдай менің де басымнан өткен.

Осы шығарылымда біз қонағымыз — тәжірибелі қажы-гид Ануар ағамен бірге қажылықтың жолын толық талқылаймыз: ниеттен бастап, ихрам, тауаф, сағи, Арафат, Муздалифа, Мина секілді кезеңдердің әрқайсысы нені білдіреді? Қажылық адамның ішкі дүниесіне қалай әсер етеді? Бұл сапардан “қажы” атағымен емес, қандай жүрекпен оралу керек?

https://youtu.be/P1qAvQLc7lo?si=Ca0vkd98TcjKK209
😍42❤‍🔥13🕊5
2026 жылдың басы суық хабармен басталды. Бірнеше күн бұрын белгілі аритмолог, дәрігер, ғалым - Төлепбергенов Ғани Құнанбайұлы Раббысына қайтты.

Осыдан бір жыл бұрын подкастқа дәрігер мамандарды іздеп жүргенімде, көп адам Ғани ағаны ұсынған еді. Кейін парақшасымен танысып, WhatsApp арқылы хабарласып, подкаст жазуға келістік.

Жазба күні кездесіп, шай ішіп отырып, бір-біріміздің хал-жағдайымызды сұрасып, жоспарды талқылап алдық. Мен талай адаммен осылай кездескенмін, кейде бір көргеннен-ақ шығарылымның қалай өтетінін сезесің.

Ғани ағаның қарапайым, еңбекқор, адал адам екені бірден байқалды. Ол өз ісі жайлы шын ықыласымен, бар ынта-жігерімен айтып берді. Мысалы, «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен бірге еліміздің түкпір-түкпірін аралап, науқастарды қабылдағанын айтты.

Сонымен қатар, науқасқа қамқор болу мен жылы сөздің маңызын ерекше атап өтті. Ең есте қалғаны — ата-анасын өте жоғары бағалап, оларды өзіне role model санайтынын айтуы.
🕊154❤‍🔥13🙏9
Подкаст шыққан бойда аса көп қаралым жинады деп айта алмаймын. Бірақ дәл осы эпизод мен үшін ең жылы, күлкілі әрі терең ой қалдырған шығарылымдардың бірі болды.

Ғани ағаның отбасысына, туыстарына және жақындарына көңіл айтамын. Қазақ медицинасы білікті маманынан, ал еліміз нағыз патриот азаматынан айырылды.

Инна лилляхи уа инна иляйхи ражиъун.

PS: Әдетте некрологта суретті ақ-қара түсте жариялайды ғой. Бірақ мен үшін Ғани аға - түрлі бояуға, позитивке толы адам болып қалды.

https://youtu.be/YQL6YR_ByqY
🙏95🕊47❤‍🔥25
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2😍71⚡62❤‍🔥47
Мират Ахметсадық: 2026 бизнесті сақтап қалу формуласы / Narikbi LIVE #132

2026 жыл енді басталса да, кәсіпкерлер үшін оңай соқпайтыны қазірден белгілі. Жаңа Салық кодексі, инфляция, жасанды интеллектінің қарқыны — осының бәрі бизнеске тікелей әсер етіп жатыр.

Дәл осы сұрақтарға жауап іздеу үшін бүгін біз студияға белгілі кәсіпкер әрі инвестор — Мират Ахметсадық мырзаны шақырдық.

Мират мырза — Өскеменнің қарапайым жігітінен еліміздегі венчурлық нарықтың көшбасшысына айналған, MOST Ventures компаниясының негізін қалаушы тұлға.

Бүгінгі шығарылымда біз экономикадағы өзгерістерді талдап, алдағы жылдары кәсіпкерлер не нәрсеге дайын болуы керектігін бүге-шігесіне дейін талқыладық.

https://youtu.be/hUNOjb07mLc?si=t6p1ZOcuS86m_3xI
🕊16⚡12❤‍🔥2
Салем, достар!

Кейде тредсте неге қазақ тілінде дұрыс контент жоқ деп жазып жатады ғой.

Біздің жобаның ерекшелігі - біліктілігі өте жоғары, алайда елімізге танылмай жүрген тұлғаларды шақыру.
Мират мырза солардың бірі деп білемін.

Қазақ ютубының өкінішті тұсы - қаржы, экономика, IT туралы видео мүлдем танымал бола алмайды. Бірақ, оларды шығармау керек деген сөз емес. Кейде бір қаралымның өзі біраз адамға әсер ете алады.

Сол үшін ондай подкаст санын көтере берейік, халқымыз да, қаралымдар да тартылар.
❤‍🔥128⚡28🙏12🕊7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥59😍33⚡10🕊3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥61⚡10
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😍64❤‍🔥22⚡2
Данияр Аренов: бала - сіздің жобаңыз емес / Narikbi LIVE #133

Бұл подкасттың қонағы — белгілі балалар психологы Данияр Аренов. Біз ата-аналар мен балалар арасындағы ең өзекті әрі күрделі тақырыптарды талқыладық.

Сұхбат барысында біз мына мәселелерді қозғадық:
• Бала — сіздің «жобаңыз» емес: Неге ата-ана баланың болашағы мен тұлға болып қалыптасуына 100% жауапты бола алмайды және неге бұл жүкті иықтан түсіру керек?.

• «Піл» ме, әлде «Бөкен» бе? Балаңыздың жүйке жүйесінің түрін қалай анықтауға болады? Төзімді «піл» балалар мен сезімтал «бөкен» балалардың тәрбиесіндегі айырмашылықтар қандай?

және өзге де қазіргі ата-аналарға өзекті сұрақтарды ашып көрдік.

https://youtu.be/q_TVdOQ6E1g
❤‍🔥29🕊8😍6🙏2
Назгүл Қожабек: қазақ тілінің проблемасы - орыс тілін білмеуіміз / Narikbi LIVE #134

Бүгінгі подкастымыздың қонағы — филолог, аудармашы, тіл жанашыры және танымал «Калькасыз қазақша» @kalkastop телеграм арнасының авторы Назгүл Қожабек.

Назгүл ханым — тілі ащы, көзі қырағы редактор. Ол әлеуметтік желілердегі грамматикалық және стилистикалық қателерді атын атамай-ақ дәл тауып, жұртқа көрсете біледі. Бұл шығарылымда біз балалардың тілдік контент тұтынуы, медиадағы қазақ тілінің салмағы, аударма сапасы мен күнделікті сөйлеуде жіберетін қателіктеріміз туралы ашық әрі пайдалы әңгіме өрбіттік.

«Туылған күніңмен» бе, әлде «Туған күніңмен» бе? Неге біз қазақша сөйлегенде асығамыз? Қалай өз тілімізде сауатты әрі сенімді сөйлей аламыз?

https://youtu.be/-GX59brkY0A?si=LpHDi6GcAlLbvzqC
❤‍🔥38😍10🕊6⚡3🤣1
Ильяс Кунпеисов: өміріңді құрта бермей, өзіңді қайта таны / Narikbi LIVE #134

Бүгінгі қонағымыз ICF коуч - Ильяс Кунпеисов. Бұл шығарылым - біз бәріміздің басымызда бар «тұйық шеңберден» қалай шығу туралы еркін әңгіме. Егер сен де өміріңде бір қателікті қайталай беретініңді байқасаң, қала немесе жұмыс ауыстырсаң да паттерндерің (әдеттерің) өзгермей жатса, онда бұл подкаст дәл сен үшін.

- Жалқаулық — бұл жаман қасиет емес пе? Неге үнемі «энергиям таусылды» деп жүреміз?
- Отбасы — бұл «бизнес-жоба». Иә, естілуі суық шығар, бірақ неге біз бизнеске келісімшарт жазамыз да, өмірлік жарымызбен ашық сөйлесуден, рөлдерді бөлуден қашамыз? Фильмдердегі «мінсіз махаббат» туралы ертегілер бізді қалай алдап келгенін айттық.
- Өзіңнің талантыңды тап. Неге бір адамдарға көп сөйлеу оңай, ал екіншілеріне жалғыз отырып ойланған майдай жағады? Өзіңді қинауды қойып, табиғи талантыңды қалай пайдалану керек екенін түсіндік

https://youtu.be/6HOa0ZkMQWY
❤‍🔥33😍6🕊4