Narikbi LIVE
14.8K subscribers
604 photos
126 videos
17 files
525 links
🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
📍 Amsterdam, Netherlands
Download Telegram
Отток

Менің елден жырақта жүргеніме биыл алтыншы жыл болады екен. 25 жаста, бір чемоданмен Амстердамға кеткен боз бала, бүгінде 30 асқан, отбасы құрған, күйеу, әке, азамат.

Мен өмірім қиындығынан немесе күйзелістің себебінен көшпедім. Біраз достарым мен таныстарымды шетелде көріп қызығып кеттім. Бұл әлем тек Қазақстанмен шектелмейтінін түсіндім. Ғаламның ар жағын көргім келді.

Кетер сәтте мені туыстарым мен достарым қолдады, алайда көшуімнің себебін онша түсінбеді. Расы керек, мен де онша түсінбедім.

Уақыт өте келе, жырақта жүріп, өзімді тани бастағанымды түсіндім. Бүгінгі күні жүргізіп келе жатқан подкаст пен телеграм канал да осының әсері. Бәлкім елде жүргенде бұл туралы ойланбас та едім.

Бұны неге айтып жатырмын? Мен Еуропаға келгелі бері, жыл сайын көшіп жатқан отандастарымыздың саны өсіп жатқанын байқадым. Әсіресе, соңғы 2 жылда бұл үрдіс күрт байқалады.

Қателеспесем, соңғы бірнеше жылда 300 мыңға жуық қазақстандық шетел асқан. Олардың көбі жоғары білікті жас мамандар.

Осындай иммиграцияның себебі көп. Бәрін қамту қиын шығар, алайда осы тақырыпты айқындап ашатын бері бір жоба түсіргім келіп жүрген. Себебі, қайда барсам да шетелде жұмыс істеп, оқып жүрген азаматтар танысып, араласып жүрем.

Осыдан 10 күн бұрын Ханзат Кеңес атты белгілі документалист досымыз Отток атты деректі фильм шығарды. Осы тақырыпты кеңірек ашу үшін түрлі эксперттер мен иммиграциядан өздері өткен кейіпкерлер де қатысқан. Қарап шығуға кеңес беремін.

https://youtu.be/Es4mVGCXWog?si=gf6gAeve0EpzmlLN
🙏33❤‍🔥15⚡9🕊5
Енді сіздерге сұрақ: соңғы рет қашан көшуге ой келді? Не үшін? Қай елге?

Комменте талқылап көрелік.
⚡12🕊2
Migration

Эмиграция тақырыбын зерттеп жүргеніме біраз уақыт болды. Осы бағытта ойға түйгендерімді алдағы жазбаларда бөліссем деймін.

Бұл тақырып қозғалғанда жиі еститін сөздер бар: «Бәрі кете берсе, елді кім дамытады?» немесе «Ата-бабамыз бұл жерді кім үшін қалдырды?»

Осындай патриоттық ұстанымдағы пікірлер аз емес. Сол себепті әңгімені “патриот болу деген не?” деген сұрақтан бастаған дұрыс деп ойлаймын.

Мен үшін патриоттық деген – өз ісің арқылы еліңе, халқыңа қызмет ету. Назар аударсаңыз, бұл жерде “елде тұру керек” деген шарт жоқ. Адам мұндай қызметті тек бір жағдайда ғана шын мәнінде көрсете алады – егер өз мүмкіндігіне сай іс тауып, соны атқара алса.

Эмиграцияға кеткен көптеген бауырларымыздың басты себебі де осы: егер дамуға, өсуге жағдай жасалмаған болса, ең саналы шешім – сондай ортаны табу.

Brain drain (дәл аудармасы – «ақыл-ойдың ағып кетуі») деген ұғымды алғаш британдықтар қолданған. Себебі индустриялану кезеңінде олардың ғалымдары, кәсіпкерлері және жалпы элитасы жаппай АҚШ-қа қоныс аудара бастаған.

Неліктен? Өз елінде мүмкіндіктер таппаған.

Қазіргі таңда Еуропадағы эмиграция мынадай көрініс алып отыр:

- Украиндар Шығыс Еуропаға (Чехия, Польша, Венгрия және т.б.) көшіп жатыр;

- Поляк, чех және болгар азаматтары өз елінде табыс таба алмай, Батыс Еуропада жұмыс іздеуде;

- Ал Батыс Еуропалықтар қымбатшылық пен салықтың көптігінен, жалақының аздығынан Британ аралдарына немесе АҚШ-қа қоныс аударып жатыр;

- Бразилиялықтар – Португалияны, аргентиналықтар – Испанияны паналауда;

- Өз кезегінде испандар, италиялықтар мен португалдар Швейцария, Германия және Нидерландыда жұмыс іздеп жүр;

- Түркия азаматтары болса, Германияда ең көп диаспора құрып үлгерген.

- Жалғыз швейцарлар өз елінен кетуге құмар емес;

Көріп тұрғанымыздай, халықтың бәрі жақсы өмір іздеп, өз орнын табуға тырысуда. Әр адам өзінің білім-білігіне сай орта іздейді – бұл өмір заңдылығы.

Бұл елдерден шыққан көптеген әріптестеріммен сөйлескенде, ешкім «патриоттық сезім» жайлы сөз қозғамайды.

Неге кеттің? - деп сұрасаң да, өз елінің проблемалары мен істеп жатқан саласының қиындықтарын алға тартады.

Өз басы тек қазақ бауырларды жолықтырғанда ғана: «Бір күні елге қайтам, елді көтеру керек қой…» деген сынды ойларды естисің.

Бәлкім, бұл сөздер мен сезімдерді тек көші-қонды бастан өткерген соң ғана шынайы ұғынасың.

Жалғасы ертең..
😍80❤‍🔥32🕊13🙏8
Садық Шерімбек: анамды жаяу Меккеге алып бардым / Narikbi LIVE #121

Бүгінгі подкаст қонағы - Садық Шерімбек: жазушы, аудармашы, технократ, IT маманы және Qalan Publishing баспасының негізін қалаушы.

Білмегенге, Садық мырза қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік контентті дамытуға белсенді атсалысып, «JÜZ», «SAFAR» сияқты кітаптардың авторы. Сонымен қатар, балаларға арналған «AjA Kids by Qalan» журналы мен «Әл-Жәбірдің атасы» ғылыми журналының шығарушысы.

Біз Садықтың анасымен жаяу 40 күнде Меккеге дейінгі саяхатын талқылап, сол жолда орын алған оқиғалар мен өмірлік сабақтарды талқылап, саралап көреміз.
- Ол сапар қалай Садыққа өзін-өзі табуға көмектесті?
- Түркілер мен арабтардың ерекшеліктері неде?
- Иранда қалайша тегін саяхаттауға болады?
және т.б. тақырыптарда қозғалған.

https://youtu.be/p13V_Q24ASY
⚡32🕊8😍5
Достар, бұл мен үшін өте ерекше әрі жылы шыққан шығарылым.
Мен Садық мырзаны біраздан бері танимын. Оның түрлі құбылыстардан, өзгерістерден бас кешкенін де өз көзіммен көрдім, естідім.

Содан да бүгінгі қонағымызға бөлек дайындықпен келген едім. Біз Садық мырза екеуміз 3 сағаттан артық өте терең тақырыптарды талқыладық.

Подкаст ұзақ қой деп қорықпаңыз. Асықпай көре бастаңыз, ары қарай өзіңіз қалай уақыттың өтіп кеткенін байқамай қаласыз)

https://youtu.be/p13V_Q24ASY?si=IR3TSpJGMxLBeTu0
😍45🕊12❤‍🔥9⚡4
31

Бүгін отыз бірінші көктемімді көру нәсіп еткен екен.

Бір түйген ойым: бұл ғалам сені таң қалдыра беретіндей өмір сүру қажет. Алайда, оны байқай алатын көз де, сезе алатын жүрек те болуы керек екен.

Жақында таң қалдырғандардан: Лиссе қаласындағы мына түрлі түсті қызғалдақтар.

Lisse, 2025
3❤‍🔥223🕊25⚡19😍18🤣2
Қуаныш Шонбай: өкінбей өмір сүре біл / Narikbi LIVE #122

Бүгінгі эпизодта — кәсіпкер және автор Қуаныш Шонбай.
⠀
Rumi ресторандар желісі, Shonbay Business School және көптеген бестселлер кітаптар – Қуаныш ағаны көпшілік осы жобалар арқылы таниды.
⠀
Бұл шығарылымда жол апатының оның өміріне қалай әсер еткені туралы айттық. Сонымен қатар, соңғы жылдары маркетинг пен бизнесте не өзгергенін, қандай ой келіп, неге басымдық бергенін нақты сұрадық.

https://youtu.be/jKQNYEe85Is
2⚡42😍11🕊9
Ақсұлтан Қалиев: контенттен концептке, өмірінің ребрендингі / Narikbi LIVE #123

Бүгінгі қонағымыз белгілі маркетинг маманы - Ақсұлтан Қалиев. Біз Ақсұлтанның танымал блогерлік/вайнерлік (xaxa show) дәуірінен бүгінгі кәсіпкерлік жолына дейін өтіп шықтық.
- Өмірдегі өзгерістерге не себеп болды?
- Контент арқылы қалай қызмет етуге болады?
- Қазақстандық маркетинг саласын талдау және т.б. тақырыптарды қозғап өттік.

https://youtu.be/5ggvjVWcpfY
❤‍🔥37⚡8😍5
Мен жиі ChatGPT сөйлесіп отырамын ғой, пікір, кеңес сұраймын дегендей.

Үйден шығып жатқанда, өзіммен не кітап аламын деп, Достоевскийдің “Идиот” шығармасына көзім түскен. Оны не үшін оқу керек деген сұрақ қойып едім, жауабындағы мына пункт расымен таң қалдырды.

Біз шынымен басқа заманға қадам бастап жатырмыз. Айтпақшы, биылдан бастап оқитын кітаптардың 70% көркем әдебиет болады.

Не ұсынасыздар?
⚡63❤‍🔥19😍13🕊2
Құрманғазы Садыбаев: Тар ойдың тұзағындамыз / Narikbi LIVE #124

Бүгінгі подкаст қонағы белгілі ұстаз, ғалым PhD - Құрманғазы Садыбаев. Біз шығарылымында Құрманғазы мырзаның жаңа Tabys атты кітабын талқылап шықтық.

Табыс деген түсінікті неге дұрыс түсінбей жүрміз? Оның қандай сиқыры бар? Табысты болу міндетті түрде бай болу дегенді білдіре ме? - және т.б. тақырыптарды терең тақылаға салдық.

https://youtu.be/Q0oMy0WYnqo
😍42🕊9⚡4❤‍🔥1
Салем достар, сәл үзілістен соң біздің подкаст қайта оралды.
Бұл пауза мен үшін өте маңызды болды. Жаңа бағыт пен тақырыптарды ойлануға мүмкіндік берді.

Ал ютубтың алгоритмдерін бізді қайта ұмытып кетпес үшін лайк, сіздер коммент жазуды ұмытпасаңыздар)
Қонаққа кімді күтіп жүрсіздер?
🙏67❤‍🔥36🕊9😍9⚡1
Азамат Скаков: орта жас кризисінен өттім / Narikbi LIVE #125

Подкаст қонағы кітап авторы әрі коуч - Азамат Скаков. Біз Азамат мырзамен әр адам баласының өмірінде өтетін экзистенциалды дағдарыс пен кризистар, оның өту жолдары мен қажет өзгерістерді талқыладық.

https://youtu.be/cjWyGyYxtr4
❤‍🔥24😍10🕊6
Мен контент мейкер ретінде шығарып жатқан дүниелерімнің артында не болып жатқанын жиі айта бермеймін. Себебі оны аса маңызды деп санамайтынмын.

Бірақ бұл жолғы подкаст басқаша. Білесіз бе, әрбір контенттің артында міндетті түрде адамдар тұрады. Ал біздің командадағы басты тұлға — Ермұрат. Мен оны көбіне қазақшалап, Ереке деп атаймын.

Ермұрат ең алғашқы видеодан бері барлық видео контентімізге жауапты адам. Ол — менің подкастты видео форматта жасай алатыныма алғаш сенгендердің бірі.

Ереке әрқашан сапаға мән беріп, видеоларды уақытында шығаруға тырысып жүреді. Бірақ бұл жолы олай болмады. Мен де бұған қарсы болмадым.

Шамамен он күн бұрын Ермұраттың туған анасы ұзаққа созылған дерттен кейін Раббысына қайтты. Анасының жағдайын үнемі уайымдап жүретін Ереке, соған қарамастан, әр істе жауапкершілікпен жұмыс істеп, бәрін уақытында үлгеруге тырысатын.

Бұл эпизод түсірілген кезде анасы әлі тірі еді, ал монтаж жүріп жатқанда өмірден озды. Бұл жағдай маған да, сіздерге де үлкен ескерту сияқты. Жақындарымызбен жиірек байланысып тұрайық.

Ерекенің анасы Жанбота Ахметқызына бір Фатиха бағыштап қойсаңыздар, үлкен сауап болады. Рахмет!
❤‍🔥166🕊55🙏21
Данияр Жігітбек: нені құрбан ете аласың? / Narikbi LIVE #126

Біздің дәстүрлі Данияр Жігітбекпен жартыжылдық подкастымызды қабыл алыңыз. Біз джиу-джитсу, 12 апталық жылдың қорытындысы, бала әкеден қалай үлгі алатыны және т.б. тақырыптарды талқыға салдық.

https://youtu.be/JyQTiLlKoow
❤‍🔥47🤣27😍13⚡2🙏1
Ғани Төлепбергенов: энергетик, аритмия, стресс және жүрек / Narikbi LIVE #127

Бүгінгі қонағымыз – белгілі кардиолог-аритмолог, Алматы кардиология орталығының жетекші маманы, «Bolashaq» бағдарламасының (Литва) түлегі, PhD Ғани Төлепбергенов.

Бұл эпизодта біз жүрек денсаулығына қатысты маңызды сұрақтарға жауап іздедік:
- Энергетиктердің жүрекке шынайы әсері қандай?
- Стресс жүрек ауруларына қалай әкеледі?
- Жүрекке не үшін сым (кардиостимулятор) жалғанады?
- Жүрек қағысын бақылау неге маңызды?

Сонымен қатар, жүрекке қатысты тағы да көптеген қызықты тақырыптар қозғалды.

https://youtu.be/YQL6YR_ByqY
❤‍🔥49⚡2🕊1
Арын Құнанбайұлы: сөз мәдениеті, Абай vs. әл-Ғазали және ән талдау / Narikbi LIVE #128

Бүгінгі қонағымыз – белгілі филолог, KBTU және ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Арын Құнанбайұлы.

Бұл шығарылымда біз маңызды тақырыптарды талқыладық:
• Оқу және жазу мәдениеті;
• Абай мен әл-Ғазали шығармашылығының үндестігі;
• Қазақ тілінде терең ойлану мәдениетінің әлсіздігі мен себептері;
• Танымал әндердің мәтіндері мен олардың шынайы мағынасы.

Терең ой, әдеби талдау мен жаңа көзқарастарды бірге іздедік.

https://youtu.be/lTQBO0WYRhg?si=_9qFc0fX0oVlHg6J
❤‍🔥48😍14🕊6
Подкаст жүргізушісі ретінде мен көбіне бір кісілерді ұзақ тыңдап, оқып, оларға интеллектаулды әңгімеге, сұхбатқа шақырғым келеді.

Арын мырза сол тұлғалардың бірі. Жас та болса, сөзінен тереңдік сезесің. Сөз мәдениетіне қатысты өте көп үйрендім.

Подкаст ұзақ болып көрінгенімен, өз басым дайындаған сұрақтарымның жартысын да қойып үлгермедім.

Әдетте бұл тақырыптағы сұхбаттар ютубта көп жинай бермейді. Алайда, пікір білдіріп, жақындарыңызбен бөліссеңіздер, бұны шешуге болады.

Көп рахмет!
🙏76⚡32😍25❤‍🔥22🕊3🤣1
Қайрат Құрманбаев: Палестина кімдікі? / Narikbi LIVE #129

Бүгінгі қонағымыз – белгілі исламтанушы, PhD докторы, доцент, дінтанушы Қайрат Құрманбаев.

Бұл шығарылымда біз бүкіл әлемді алаңдатқан Палестина мәселесінің тарихи тереңіне үңілдік:
• Құддыс жерінің қасиеті неде?
• Неге ғасырлар бойы бұл мекен үшін соғыстар тоқтамады?
• Палестина біз үшін неге маңызды?

https://youtu.be/d0FgnJyL054?si=DCAPpisfVJstXFb1
😍39❤‍🔥19⚡4