Narikbi LIVE
14.8K subscribers
604 photos
126 videos
17 files
525 links
🎙 Кәсіби және рухани даму жайлы подкаст
📍 Amsterdam, Netherlands
Download Telegram
Темірлан Бейсенбай (Ratovich): заманауи музыканттың бейнесі / Narikbi LIVE #76

Бүгінгі подкаст қонағы белгілі пианист - Темірлан Бейсенбай. Әлеуметтік желіде Ratovich атымен белгілі Темірлан осы подкастта музыкаға келген жолын, Австриядағы оқуы, үлкен концертті қою процессі және т.б. тақырыптар қозғалды.

https://youtu.be/OirPoUIuwSQ
😍34🕊5❤‍🔥2
Асқар Сабдин: Палестина, діни ағымдар, Қазақстандағы ислам / Narikbi LIVE #77

Бүгінгі подкаст қонағы белгілі исламтанушы, теолог - Асқар Сабдин. Бұл шығарылымда біз қазіргі еліміздегі діни ахуал, елдегі экстремисттік ағымдар және олардан қорғану тәсілдері, Палестина жағдайы және т.с.с өзекті тақырыптарды қозғадық.

https://youtu.be/oMjJ85cG2wk
⚡41❤‍🔥10🤣1
Асқар Сабдин ағамызбен подкастты көптен жазғым келіп жүрген еді. Бүгінгі күні қоғамда жиі талқыланатын радикализм тақырыбын терең қазбалап көрдік. Оның тарихы қандай, не себепті адам баласы осындай ағымдарға түсіп жатады? оны қалай анықтауға болады?
Одан бөлек Палестинада бар діни топтарды сараптауға тырыстық.

Асқар аға секілді адамдар біздің қоғам есту және тану керек азаматтар деп сенемін. Сондықтан, мүмкін біз подкастқа өте танымал кісілерге қарағанда, тыныш қана өз ісінің шебері болған азаматтарды шақырамыз. Біздің принципіміз осы десе болады.

Осы ісімізді жалғастыра бергенімізді қаласаңыз - комментарий мен лайк қалдыруды ұмытпайық. Ютуб осы видеоны басқаларға ұсыну үшін ол өте маңызды. Рахмет.
⚡147❤‍🔥36🙏11🕊10😍2
Санжар Керімбай: бір жылдан кейінгі кездесу / Narikbi LIVE #78

Подкастымыздың бүгінгі қонағы белгілі журналист, автор - Санжар Керімбай ағамыз. Санжар аға қазақ тілді "Отбасы хрестоматиясы" жинақтарының авторларының бірі. Одан бөлек "Яссауи феномені", "Сияр Шәріп", "Өмірге ғашық болу" кітаптарының авторы.

Бұл шығарылымда адам Өзбекәлі Жәнібеков атамыздың өмірін талдап, харассментпен күресу жолдары және т.б. тақырыптарын талқыладық.

https://youtu.be/-N0j0wgSmnw
😍47❤‍🔥9🕊6⚡2🤣2
Абзал Нарымбетов: мұнайдың болашағы, экспортқа шығу және ішкі нарық / Narikbi LIVE #79

Подкастымыздың бүгінгі қонағы белгілі бизнес-сарапшы, мұнай-газ саласының эксперті - Абзал Нарымбетов ағамыз.

Біз Абзал мырзамен мұнай мен газ саласының болашағы, елімізді болып жатқан экономикалық өзгерістер, бизнестегі аналитиканың маңызы және т.б. маңызды тақырыптарды қозғадық.

https://youtu.be/AgswUj-eE1Y
😍40❤‍🔥9⚡4🕊4🙏2
Достар, салем. Бұл баяғыдай Нәрікби. Әдетте, қазақ тіліндегі осы подкасттар көп қаралым жинамай жатады. Бұл өте өкінішті-ақ.

Себебі, бүгінгі подкастқа нағыз халықаралық маман, сарапшы Абзал ағаны шақырдық. Абзал мырза секілді мамандар тек біздің елде емес, жалпы әлемде өте тапшы, алайда ол кісілер сонысымен де бағалы.

Біз әдетте сөйлескенде, тұжырым жасағанда аналитиканың қолданбай жатамыз. Осы шығарылымда Абзал мырза аналитиканы пайдаланып экономикамызды, елімізді, жалпы әрқайсысымыздың өмірін жақсартуға болатынын айқын дәлелдеді.

Ең бастысы, мұнай мен газдың, агро, білім саласының болашағын тереңірек түсіне бастаймыз. Пайдалы болады деген үміттемін. Көп рахмет.
🕊87❤‍🔥39⚡24😍20🙏3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
#Talk: Өз ортамды қалай табамын?

Салем достар, біздің кезекті аудио подкастымыз жарыққа шықты.
#Talk айдарында біз қоғамдағы өзекті мәселелерді тұрақты 3 резидентімізбен бірге талқылаймыз. Олар:
- Ескендір Бестай - коуч-педагог;
- Данияр Жігітбек - кітаптар авторы;
- Әбілқайыр Мәдиұлы - белгілі исламтанушы;

Бүгінгі тақырып - Өз ортамды қалай табамын?

🎧 Подкаст тыңдау үшін төмендегі сілтемелерден өтіңіз 👇🏻
Apple Podcasts - https://apple.co/384PlgX
Google Podcasts - https://cutt.ly/nQ5X61g
Яндекс Музыка - https://cutt.ly/dQ5CwF9
Spotify - https://cutt.ly/DQ5CrcM
Castbox - https://cutt.ly/xQ5CtAh
Stitcher - https://cutt.ly/2Q5CpR1
Сайт арқылы тыңдау - http://narikbi.podbean.com
😍41❤‍🔥16🕊4
Арман Батаев: инфляция, жеке қаржыны басқару, инвестиция, үй алудың тиімді жолдары / Narikbi LIVE #80

Бүгінгі подкаст қонағы белгілі қаржыгер, Harry Qelm Baabsman фондының және Finmentor жобасының негізін қалаушы - Арман Батаев.

Бұл подкастта біз қаржылық білімге байланысты көптеген тақырыптарды қозғауға тырыстық:
- елде инфлияция неге жоғары?
- үйді несиеге алу тиімді ме?
- инвестицияны дұрыс жасаудың жолдары
- балаңыздың оқуына қалай ақша жинау қажет
- жеке қаржыны басқару және т.б.

https://youtu.be/RjCPYQQZqOI
❤‍🔥27⚡13😍13
Салем! Телеграмда біздің контентті таратуға жақсы құрал - сторис форматы пайда болыпты. Тексеріп көрдім, керемет құрал екен.

Алайда, оның бір ерекшелігі - сіздердің boost, яғни қолдауларыңыз қажет. Ол үшін сізде премиум аккаунт болу керек қателеспесем.

Қысқасы, сілтемеге өтіп, қолдап кетсеңіздер:
https://t.me/narikbi_live?boost

Рахмет 🙏
⚡32
Мені біраздан бері оқып жүрген кісілер мен еліміздің көптеген білікті ұстаздарымен араласып, сұхбат жүргізуге тырысатынымды біледі.

Солардың бірі - Олжас Ханафин ұстазымыз. Естеріңізде болса, біз Олжекемен Mihrab подкасында бірге болғанбыз. Олжеке ислам жолына қалай келіп, білім жолындағы өтіп шыққан қиыншылықтарын баяндап берген болатын.

Түсірілімнен кейін де әңгімесін жалғастырып, мен Олжекенің осы жолдағы қайсарлығын көріп, сондай бір ерекше жігерленіп шыққан едім.

Олжеке ол қайсарлығын қазір де көрсетіп жатыр. Ұстаз қатты ауруға шалдығып, оқып жатқан оқуын тастауға мәжбүр болды. Өте шұғыл ота жасалайын деп жатыр екен.

Осы бір келер жаңа жылда жұмыла көмек беріп жіберсек. ИншаАллах ұстаз емделіп, біздің подкасттың талай қонағы болады.

Реквизиттер төменде. Алла разы болсын.

4400 4302 4097 7360
+7 747 681 9163 Сая Т.
🕊63🙏27❤‍🔥18⚡6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
#Talk: 2024 қалай жоспарлаймын?

Жаңа 2024 жыл келіп те қалыпты, ал осы кезең сол жылды жоспарлауға керемет уақыт деп есептеймін. Сол үшін біз кезекті аудио подкастымызды осы тақырыпқа арнадық.

Әдеттегідей біздің резиденттеріміз:
- Ескендір Бестай - коуч-педагог;
- Данияр Жігітбек - кітаптар авторы;
- Әбілқайыр Мәдиұлы - белгілі исламтанушы;

🎧 Подкаст тыңдау үшін төмендегі сілтемелерден өтіңіз 👇🏻
Apple Podcasts - https://apple.co/384PlgX
Google Podcasts - https://cutt.ly/nQ5X61g
Яндекс Музыка - https://cutt.ly/dQ5CwF9
Spotify - https://cutt.ly/DQ5CrcM
Castbox - https://cutt.ly/xQ5CtAh
Stitcher - https://cutt.ly/2Q5CpR1
Сайт арқылы тыңдау - http://narikbi.podbean.com
❤‍🔥41🕊8😍6⚡3
Narikbi LIVE
Бір күнде 10 жылға қартайып кеттім ғой 😔
Осы жазбама бүгін тура 2 жыл болыпты. Бұл екі жылда не өзгермеді.

Алайда, бұл күндері шынымен не болғанын білмей өтетін шығармыз.

Қаңтарда қаза болған отандастарымызға дұға, жақындарына көңіл айтамыз.

#қаңтар2022
🙏75🕊14