Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.4K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍3🔥1👌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🤖Елімізге мамыр айында робот таксилер келеді

Тұрғындар енді жүргізушісі жоқ көлікке отырып, діттеген жеріне жете алады. Жоба әуелі Астана және Алматы қалаларында пилоттық режимде іске қосылмақ. Қандай маркадағы машина сатып алынатыны әзірге белгісіз.

🚘Көлік жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді. Барлық бағдаршамдарға чип салынады. Олар көлікке белгі беріп отырады. Сондықтан қауіпсіздік жағына алаңдамауға болады, дейді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Соңғы үлгідегі технологиямен жұмыс істейтін мұндай такси қызметі қымбат болмай ма? Видеодан біле аласыз.
❤8👍5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🦊Қостанай облысында тұрғын үйге түлкі кіріп кеткен

Қостанай облысы Рудный қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріне түлкі кіріп кетті. Тұрғындардың бірі жабайы жануарды видеоға түсіріп алған. Бірақ ветеринария қызметіне қоңырау түспеген.

🖇Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда азаматтар жергілікті атқарушы органдарға, әкімдікке хабарласа алады. Сондай-ақ сақтық шараларын ұстанып, жабайы жануарлардан құтырма ауру жұғуы мүмкін екенін ескертеді.

📌Еске салсақ, бұған дейін Әулиекөл ауданы Сосновка ауылына сілеусін кіріп кеткен еді.
🤷‍♂5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⛷XXV қысқы Олимпиадада 30-ға жуық рекорд тіркелді

Милан қаласында XXV қысқы Олимпиаданың шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метрге іріктеу жарысы аяқталды. Енді спортшыларымыз Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша ширек финалда өнер көрсетеді.

🖇Олимпиада ойындарындағы әсерлі сәттер мен қызықты ақпараттарға тілші Азамат Бейбітұлы шолу жасайды.
❤12
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🐶«Balapan» қосылмайынша тыныштық жоқ»: Майлыбек атты иттің әсерлі видеосы жұртты тәнті етті

Желіде Майлыбек атты иттің «Balapan» арнасынан әлди-әлди көріп отырған видеосы тарады. Бұл көрініске желі қолданушылары: «ақылды сондай, тек қазақша көреді», «алыстау тұрсын экраннан, көзін құртады», «Майлыбектің көзін айтсаңшы, адамның жүрегін елжіретіп жібереді» деген пікір қалдырған.

Видео: papa_mailo
👍18❤5😁3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Лондон орталығы Рамазанға орай безендірілді

Лондонның орталығында қасиетті Рамазан айының басталуына орай жарықшамдар жағылды. Әйгілі Coventry Street геометриялық пішіндегі арнайы шамдармен безендіріліп, көшеге «Рамазан құтты болсын!» деген жазу ілінген.

Шам жағу рәсіміне қала мэрі Садик Хан қатысқан. Шарада ол Лондон төрт жыл бұрын мұсылмандар үшін қасиетті айдың құрметіне орталық көшесін безендіре бастаған алғашқы батыс қаласы екенін айтқан.

Безендіруге шамамен 31 мың жарықдиодты шам қолданылған. Иллюминация 19 наурызға дейін жанып тұрады.
❤16👏9❤‍🔥4👍2
☀️ Оңтүстікте күн 20 градусқа дейін жылынады

🔵«Қазгидромет» алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағынан циклон жылжып, салдарынан күн жауын-шашынды болады. Жел күшейіп, боран соғады, сондай-ақ көктайғақ болады.

📍Алайда 18 ақпаннан бастап еліміздің солтүстігінде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын біртіндеп тоқтайды. Республиканың солтүстігінде түнгі уақытта ауа температурасы 18-23 градус аязға дейін төмендейді.

Ал оңтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы 15–20 градусқа дейін жылынады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥰7👏4❤‍🔥3❤1🤩1😍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Не пропустите!

📺 Скоро в эфире телеканала «Qazsport» - эксклюзивное интервью с олимпийским чемпионом по фигурному катанию Михаилом Шайдоровым.

🇰🇿🥇В интервью спортсмен поделился эмоциями после триумфа и рассказал о планах на будущее.
🎉7❤2
🚙Қытай көліктеріне жаңа талап: Қазақстан автонарығына әсері
Қытайда көліктің тұтқасын жасыруға тыйым салынбақ.

⚽️«Ордабасы» футбол клубы жекенің қолына өтті

Клуб президенті болып тәжірибелі спорт менеджері Дархан Қызайбаев тағайындалды.

🔝Олимпиадада 30-ға жуық рекорд тіркелді
Бразиялия тарихта алғаш рет Олимпиададан алтын алды.

🏭Елімізде баламасы жоқ ерекше зауыт ашылды
Кәсіпорын жасымық, зығыр, асбұршақ, жүгері және қарақұмық секілді өнімдерді өңдейді.

❌Атырау облысында 5 ауылдық округте карантин жарияланып, ет сатуға тыйым салынды
Індет Құрманғазы ауданында өршіп тұр.

🚖Елімізге мамыр айында робот таксилер келеді
Жоба әуелі Астана және Алматы қалаларында пилоттық режимде іске қосылмақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤2
Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Наурыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер 15-25 ақпан аралығында қабылданады.

Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Тестілеу 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.
❤3
✈️Әуе билеттеріндегі екі әріпке дейінгі қате енді тегін түзетіледі

2026 жылдың басынан бастап аты-жөніндегі екі әріпке дейінгі қателерді тегін түзетудің жаңа тәртібі енгізілді. Бұл шешім азаматтардың шағымдарын талдау нәтижесінде қабылданды.

«Азаматтардың өтініштерін талдау барысында әуе билеттерін рәсімдеу кезінде тегінде, есімінде және әкесінің атында кеткен елеусіз қателер үшін көптеген айыппұл салынғаны анықталды. 2025 жылы «Qazaq Air» АҚ (қазіргі атауы — Vietjet Qazaqstan) әуе компаниясы 3 815 жолаушының деректерін түзеткен, олардың басым бөлігі — екі әріпке дейінгі қателер»,-деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.


Астана қаласының авиациялық көлік прокуратурасы әуе компаниясымен кездесу өткізіп, нәтижесінде жаңа тәртіп енгізілді.
🤝11❤1
«Бозжыра» шатқалында батпаққа батқан 6 адам құтқарылды

ТЖМ қызметкерлері Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы «Бозжыра» шатқалы аумағында балшыққа батып қалған жолаушыларға көмек көрсетті.

Алты адам мінген көлік батпаққа батып қалған. Құтқарушылар өтімділігі жоғары техниканың көмегімен автокөлікті жолдың қауіпсіз бөлігіне сүйреп шығарды.

Жолаушылар сапарларын әрі қарай жалғастырып, медициналық көмек қажет болмаған.
❤8⚡1
✉️Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇨🇳Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің Жаңа жылы – Чуньцзе мерекесімен құттықтады.

– Мызғымас достық пен тиімді ықпалдастыққа негізделген сан қырлы қарым-қатынасымыздың тың қарқынмен дамып келе жатқаны қуантады. Осы игі іске Сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қазіргідей құбылмалы кезеңде өзара қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейде үйлесімді әрекет ете отырып, ортақ мүдделерімізді қорғаудың, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор. Бұл бағыттағы Сіздің берік ұстанымыңызды толық құптаймын, – деп жазылған жеделхатта.


Президент ҚХР Төрағасының жаһандық бастамаларына сәттілік, ал Қытай халқына бақ-береке тіледі.
❤6⚡1
Burger King-тегі жағдай министрлік бақылауында

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған жағдай ведомствоның бақылауында екенін мәлімдеді.

Алматы қаласының мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратай қызметкердің отбасымен байланысқа шығып, еңбек заңнамасындағы кепілдіктер мен өтініш беру тәртібін түсіндірді.

«Жұмыс берушіден алынған ақпаратқа сәйкес («QSR» ЖШС (Burger King)), ұйым ішінде қызметтік тексеру жүргізілуде. Тексеру кезеңінде басшылардың бірін уақытша қызметінен шеттету туралы шешім қабылданды»,-делінген министрлік хабарламасында.
👍6
🇰🇿🇻🇳Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесінің Жаңа жылы – Тет мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастырып, өзара достық пен түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге айрықша мән беретінін жазған.

Сонымен қатар ортақ күш-жігер жұмылдыру арқылы сан қырлы ықпалдастықты жаңа белеске көтеруге ниетті екенін жеткізген.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның аса жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Михаил Шайдоров: Алғашқы құттықтау Президенттен келді

Арнамызға Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ел қоржынына тарихи алтын медаль сыйлаған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров сұхбат берді.

Олимпиада чемпионының айтуынша, жеңістен кейінгі алғашқы құттықтау Мемлекет басшысынан келген.

Миланда жүрген тілшіміз Азамат Бейбітұлы чемпионнан сұхбат алды.
❤13
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 Халық пікірі: Заң баптары түсінікті жазылған

Конституциядағы өзгерістер шын мәнінде қоғамдық пікір мен талқылауларға негізделгені байқалады,-дейді тұрғындар.

Сондай-ақ ел тұрғындары адамның жеке деректері мемлекет тарапынан сенімді қорғалуы тиіс деп есептейді. Қандай мекеме пайдаланса да жеке мәліметтер сыртқа шықпауға тиіс деген ұстанымда.
❤1🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚬 Түркістан облысында қауіпті темекі өнімдерін өндіретін 3 жасырын цех анықталды

Келес және Ордабасы аудандарында қауіпті темекі өнімдерін шығаратын үш заңсыз цех әшкереленді.

Күн сайын шамамен 20 адам жұмысқа тартылып отырған. Тыйым салынған өнімдер еліміздің барлық өңірлеріне жүйелі түрде таратылған.

Тексеру нәтижесінде заңсыз айналымнан 1 млн-нан астам дайын өнім және 30 тонна темекі тәркіленді.
⚡1
Олжас Бектенов қолжетімді полимер шикізатын жеткізудің ашық әрі тұрақты шарттарын қамтамасыз етуді тапсырды

Олжас Бектенов Үкімет отырысында Энергетика және өнеркәсіп министрліктеріне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп отандық компанияларға полимер шикізатын жеткізудің ашық әрі тұрақты шарттарын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, Өнеркәсіп министрлігіне полимер өнімдерін өңдеуге арналған жобалардың нақты пулын ұсыну міндеттелді.

Премьер-министр еліміздегі мұнай-газ химиясы өнімдерін өңдеу деңгейін көтеру өнеркәсіптің жаңа бағыттарын дамытуға негіз болатынын атап өтті.
⚡1