Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📲Алаяқтар шетелден хабарласса да, неге қазақстандық нөмір көрсетіледі?
Кейде бейтаныс нөмір қоңырау шалады. Жауап беруге үлгермей қалып, қайта хабарлассаңыз, «мұндай нөмір тіркелмеген» деген жауап естисіз.
Мамандар мұны SIM-box құрылғыларымен байланыстырады. SIM-box деген - бірнеше SIM-карта арқылы қоңырауларды бағыттауға мүмкіндік беретін құрылғы. Былайша айтқанда, алаяқтар жиі қолданатын тәсіл.

👍3❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты
🔹Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттер басшыларымен бірге Ереванда Карен Демирчян атындағы спорттық-концерттік кешенде ұйымдастырылған COP17 қарсаңындағы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылу салтанатын тамашалады.
🔹Іс-шара аясында мәртебелі меймандарға Жер шарының биоалуантүрлілігін сақтау және табиғатты аялау сияқты жаһандық мәні зор тақырыпқа арналған көрнекті интерактивті шоу көрсетілді.

Бүгінгі күннің басты жаңалықтарын ұсынамыз
🏠 «Отбасы банк»: 6 ай күтпей баспана алуға болады
«Отбасы банк» баспана алудың жаңа тетігін іске қосты. Енді қазақстандықтар депозиттегі ақшасының бағалау көрсеткіші талапқа сай болуын 6 ай күтпей-ақ, серіктес құрылыс компанияларынан пәтер сатып ала алады. Жаңа механизм бүгіннен бастап қолданысқа енгізілді.
🏊 Астанада жүзуден Әлем кубогы басталды
«World Aquatics – Astana 2026» турниріне 750 спортшы қатысып жатыр. Қазақстандық 17 спортшының үшеуі жарыстың алғашқы күнінде финалға жолдама алды. Бұл - елімізде жүзуден Әлем кубогы кезеңінің алғаш рет өтуі.
🧪 Алматылық оқушылар банан қабығынан қан тоқтататын ұнтақ әзірледі
Олар әзірлеген BananaPatch ұнтағы қанмен жанасқанда гельге айналып, жараның бетін жауып, қанды тоқтатады. Жас өнертапқыштар әзірлемені зертханада үш түрлі әдіспен сынақтан өткізген.
🏗️ Елімізде 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Елде былтыр 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – рекордтық көрсеткіш, яғни соңғы жылдардағы ең жоғары нәтиже. Нақтырақ айтсақ, құрылыс қарқыны 2019 жылмен салыстырғанда 55%-ға артқан.

🤖Еуропада гуманоид роботтар супермаркеттерде жұмыс істей бастады
Данияда супермаркет сөрелеріне тауар орналастыратын гуманоид роботтар сынақтан өткізілуде. Бұл тәжірибе Копенгаген қаласының маңындағы дүкендердің бірінде жүзеге асырылып жатыр.
Қазіргі уақытта оның әрбір әрекетін адам басқарып отыр. Оператор жасанды интеллектіні тауарларды ажыратуға үйретуде. Роботтарды жасаған компания 2027 жылдың басында оларды өздігінен жұмыс істеуге бейімдеуді көздеп отыр.
Жобаның негізгі мақсаты – дүкен қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп, уақытын үнемдеу. Роботтар негізінен түнгі уақытта, дүкендер жабық болған кезде жұмыс істеп, өнімдердің жарамдылық мерзімін бақылауға, бос қалған сөрелер мен дұрыс қойылмаған тауарларды анықтауы тиіс.
Алайда қазіргі кезде роботтар адамдарға қарағанда баяу жұмыс істейді әрі үнемі бақылауды қажет етеді. Сонымен қатар, қолданыстағы жергілікті заңнамаға сәйкес олардың толықтай дербес жұмыс істеуіне әзірге рұқсат жоқ.

👍5👎1😁1
Ұлттық банктің хабарлауынша, алаяқтар азаматтарға арналған цифрлық үкімет сервисінің немесе екінші деңгейдегі банктердің атынан азаматтың атына «цифрлық сенімхат» ресімделгені, оны үшінші тұлғалар пайдаланып жатқаны немесе кредит алуға өтінім мақұлданғаны және көрсетілген нөмірге қоңырау шалу туралы жалған СМС жібереді.
Хабарламада көрсетілген нөмірге қоңырау шалған адамға алаяқтар өзін Ұлттық банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, ақшасын «қорғауды» ұсынады. Олар SMS-кодтарды, банк картасының деректерін сұрап, күмәнді қосымшаларды орнатуды немесе ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды талап етуі мүмкін.
❗️Ұлттық банк ескертеді:
- мемлекеттік органдар мен банк қызметкерлері SMS-кодтарды, PIN-кодтарды сұрамайды және ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды ұсынбайды;
- күмәнді хабарламалардағы нөмірлерге қоңырау шалмаңыз, сілтемелерге өтпеңіз және бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамаңыз. Ақпаратты тек банктің немесе цифрлық үкімет сервисінің ресми арналары арқылы тексеріңіз;
- Алаяқтыққа тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына жүгініңіз. Кеңес алу үшін Ұлттық банктің 1477 қысқа нөміріне хабарласуға болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6
🍞Бүгін – Халықаралық нан күні!
Нанның тарихы қанша мыңжылдықты қамтиды? Әлемде нанды ең көп тұтынатын ел қайсы?
Атаулы күнге орай нан туралы қызықты әрі көпшілік біле бермейтін деректерді ұсынамыз.
🌾Нан егіншіліктен де бұрын пайда болған
Иорданиядағы археологиялық қазба кезінде шамамен 14 400 жыл бұрын дайындалған нан қалдықтары табылған. Бұл адамдардың егіншілікпен кеңінен айналысуынан бірнеше мың жыл бұрын нан пісіргенін көрсетеді.
💰 Ежелгі Мысырда нан еңбекақы ретінде берілген
Ежелгі Мысырда жұмысшыларға азық-түлік, соның ішінде нан мен сыра үлестірілген. Олар еңбек ақысының бір бөлігін осылай алған.
🇹🇷Нанды ең көп тұтынатын елдердің бірі – Түркия
Guinness World Records дерегінде Түркия 2000 жылғы көрсеткіш бойынша жан басына шаққандағы нан тұтынудан рекорд орнатқан. Ол кезде бір адамға жылына орта есеппен 199,6 келі наннан келген.
🫓Ғарышкерлер кәдімгі нанның орнына көбіне тортилья жейді
Себебі нанның үгінділері салмақсыздықта жан-жаққа ұшып, ғарыш аппараттарының жабдықтарына зиян келтіруі мүмкін. NASA мәліметінше, 1985 жылдан бері тортилья ғарышкерлердің негізгі нан өнімдерінің біріне айналған.
🥖 Нан жасау дәстүрі көптеген халықтың мәдени мұрасына айналған
Француз багеті – ЮНЕСКО тізіміне енген нақты мысал. Оның дәстүрі қамыр илеу, ашыту, қолмен пішіндеу, пісіру және наубайшылық шеберлікті ұрпақтан ұрпаққа жеткізу тәсілдерін қамтиды.

👍10❤5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚗 Қазақстандағы жаңа зауыттар жылына қанша көлік шығара алады?
Елімізде көлік өндірісі кеңейіп жатыр. 2025 жылы Алматыда Chery, Changan және Haval көліктерін шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Қостанай облысында да KIA көліктерін шығаратын зауыт ашылды.
Егер екі кәсіпорын да толық қуатында жұмыс істесе, жылына қанша көлік шығара алады?

👍6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏓Бүгін қазақстандық спортшылар пара үстел теннисінде бақ сынайды
Бүгін Жапонияның Нагоя қаласында V Азия Пара ойындары аясындағы алғашқы жарыстар басталады. Қазақстандық спортшылар пара үстел теннисінен жекелей сында бақ сынады.
Қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін жарыстарды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

👍5❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Хуситтер Адендегі президент сарайына зымыранмен соққы берді
Йемендік хуситтер елдің оңтүстігіндегі Аден қаласындағы президент сарайына зымыранмен соққы берді. Йемен ақпарат министрлігінің дерегінше, бес ракета әл-Маашиқ резиденциясына тигенде көп адам жараланды. Екі қауіпсіздік қызметкері мерт болған.

❤4
Болашақ теле және радио мамандарына арналған медиамектепке журналистика саласы бойынша білім алып жүрген III және IV курс студенттері, сондай-ақ спорттық трансляцияларды жүргізуге қабілеті мен қызығушылығы бар 35 жасқа дейінгі өзге де үміткерлер қатыса алады.
Биыл «Медиамектеп» бағдарламасы бес кәсіби бағыт бойынша ұйымдастырылады: тележүргізушілік, журналистика, продюсерлік, режиссура және спорт комментаторлығы.
Әр бағыт бойынша 10 студенттен қабылдау жоспарланған.
Жобаға қатысуға ниетті үміткерлер мына материалдарды ұсынуы қажет:
· мотивациялық хат;
· шығармашылық жұмыс немесе портфолио;
· авторлық медиажобаның тұжырымдамасы.
Тыңдаушылар алты айдан астам уақыт бойы «Qazaqstan», «Qazsport», «Abai TV», «Balapan» телеарналары мен «Қазақ радиолары» ЖШС мамандарынан онлайн және офлайн форматта практикалық білім алады.
Оқыту ақысыз негізде өтеді. Бағдарламаны үздік аяқтаған түлектерге еңбек жолын «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жүйесінде бастауға мүмкіндік беріледі.
🔹«Медиамектеп» жобасының алғашқы бес маусымы аясында барлығы 175 студент тегін білім алды. Оның ішінде 24 түлек Корпорация құрамындағы медиа құрылымдарға жұмысқа орналасты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🥰1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Ұлттық қор – балаларға»: Пайдаланылмаған қаражат қайда сақталады?
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша жинақталған қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін бірден пайдалану міндетті емес. Ақша жинақтау шотында 10 жыл бойы сақталады. Осы уақыт ішінде азаматтар қаражатты толық немесе ішінара жұмсай алады.
Ал 10 жыл ішінде пайдаланылмаса, қаражат сол азаматтың жеке зейнетақы шотына аударылады. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады.

❤8
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр
Полиция адам өліміне әкеп соққан жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғады.
Жол-көлік оқиғасы сол жердегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қатты соққыдан 6 айлық сәбидің өмірі қиылды. Ал 2000 жылы туған анасы түрлі ауыр жарақатпен жансақтау бөлімінде жатыр.

😱3💔3👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ресейде мутацияға ұшыраған вирус көбейді
Күзгі-қысқы маусым кезінде вирустық инфекцияларды жұқтырғандардың да саны артып отыр. Осы күнде инфекциялық ауруханалардың 75 пайызы науқастарға толы. Сондықтан халықтың 60 пайызы, ал, жұқпалы аурудың қауіпті түріне шалдыққан азаматтардың кемінде 75 пайызы вакцина салдыруы тиіс.

❤2👍2
Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі
Мемлекет басшысы саммитке қатысушыларға ілтипат білдіріп, қонақжайлық танытқаны және БҰҰ Биоалуантүрлілік бойынша конференциясы аясындағы көшбасшылар саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Премьер-министр Никол Пашинянға алғыс айтты.
Президент табиғатты сақтау жөнінде келер ұрпақ алдында ортақ жауапкершілік пен халықаралық күш-жігерді үйлестіру қажет екенін еске салды.

– Біз табиғат тартуын болашаққа жеткізуді көздейтін халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында жиналып отырмыз. Яғни күрделі сын-қатерлермен бетпе-бет келуі ықтимал өскелең ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік жөнінде сөз қозғадық. Бұл – біздің өркениетіміздің аман қалуына да қатысты мәселе. Өйткені биоалуантүрлілік адамдар игілігін, экономикалық орнықтылықты және ұзақмерзімді қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өте қажет. Бүлінбеген экожүйелер азық-түлік өндірісінде, су ресурстарын қорғауда және миллиондаған адамды кіріс көзімен қамтуда маңызды рөл атқарады. Шөлейттену және су тапшылығы, басқа да экологиялық проблемалар табиғат пен адам арасындағы нәзік тепе-теңдікке орасан қауіп төндіреді. Судың жеткіліксіздігі мен жердің тозуы миллиондаған адам үшін үйреншікті жағдайға айналды. Мұның салдары тым ауыр. Себебі бұл үдерістер мемлекеттер аумағынан ары асып, орнықты дамуды тежейді әрі жаһандық тұрақтылыққа зардабын тигізеді. Мұқият ойластырылған және нақты шараларды қамтитын экологиялық күн тәртібі саяси қайшылықтарды еңсеруі қажет. Бізге шынайы серіктестікке, бөліп-жармауға негізделген, ең бастысы, нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздейтін халықаралық ынтымақтастық керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
👍4❤1
Мемлекет басшысы жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан бірегей биоалуантүрлілігімен ерекшеленетінін айтты.
«Табиғаттың осы сыйын сақтау – жұрт алдындағы борышымыз, сондай-ақ халықаралық қоғамдастық алдындағы жауапкершілігіміз. Бұл құндылықтар Қазақстанның жаңа Конституциясында айқын көрініс тапты. Ел тарихында алғаш рет жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру мемлекеттіліктің негізін құрайтын қағидаттардың бірі ретінде Ата заңымызда бекітілді. Енді азаматтар табиғат пен оның ресурстарын көзінің қарашығындай сақтауға міндетті. Бұдан бөлек, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттің маңызды мақсаттарының бірі ретінде белгіленді. Табиғат байлығын сақтау экономикалық өрлеумен қатар жүруі керек екеніне сенімдіміз. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы осы құндылықтарды арқау еткен. Бұл қозғалыс қарапайым экологиялық тазалық ауқымынан шығып кетті. Оның азаматтардың дүниетанымы мен өмір салтына ықпал ететін жалпыұлттық идеологияға айналып келе жатқаны қуантады», – деді Президент.
@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1
Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит аясында бірқатар кездесу өткізді
Ереванда өтіп жатқан COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО Бас директоры Халед Әл-Ананимен және Еуропалық комиссияның таза, әділ және бәсекеге қабілеттілікке көшу мәселелері жөніндегі атқарушы вице-төрағасы Тереза Риберамен кездесті.
Халед Әл-Ананимен кездесуде Қазақстанның ЮНЕСКО-мен білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ықпалдастық перспективасы талқыланды.

👍4😁1
Президент: Киіктің әлемдік популяциясының 98 пайызға жуығы қазақ даласын мекен етеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі.
«Мұз дәуірін өткерген ежелгі жануардың даламыздағы экологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы орны ерекше. Бүгінде киіктің әлемдік популяциясының 98 пайызға жуығы қазақ даласын мекен етеді. Егер елімізде 2003 жылы небәрі 21 мың бас киік болса, биыл көктемге қарай бұл көрсеткіш 4,7 миллионға жетті», – деді Президент.

🎉9
🌿 Президент Биоалуантүрлілік жөніндегі конвенция Хатшылығының өңірлік кеңсесін Алматыда орналастыруды ұсынды
Президенттің пікірінше, бұл кеңсе Орталық Азия елдеріне биоалуантүрлілік жөніндегі Куньмин-Монреаль жаһандық негіздемелік бағдарламасын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, ғылыми тәжірибе алмасуға және табиғатты қорғау жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ықпал ете алады.
🤖 Сондай-ақ биоалуантүрлілікті сақтау үшін озық технологияларды кеңінен қолдануға шақырды.

👍5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жиында өндіріс барысы, техникалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық мәселелері қаралды.
Сонымен қатар телеарналар контент өндіруде жасанды интеллект технологияларын қолдана бастады.
📌Айрықша айта кетерлігі, биыл бірнеше филиалдың материалдық-техникалық базасы мен инфрақұрылымы жаңартылып, көп жылдан бері өзекті болып келген мәселелер оң шешімін тапты. Аймақтық арналар өткен жылы 18 қызметтік автокөлікпен, биыл демеушілердің қолдауымен тағы 5 көлікпен қамтамасыз етілді.
Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайту, жобаларды әзірлеуде жаңашыл тәсілдерді қолдану және цифрлық кеңістіктегі белсенділікті күшейту міндеттері қойылды.
Бұған қоса мемлекеттік идеологияны ілгерілету, филиалдардың жұмыс тиімділігі мен контент сапасын арттыру бағытында бірқатар маңызды тапсырма берілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5