Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚌Астанада автобус жолақысы 150 теңге болады
Астана әкімдігі қалалық және қала маңындағы автобустарға сараланған жолақы тарифтерін бекітті. Жаңа тарифтерді 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.
📌Жаңа тариф бойынша бағалар:
Қалалық автобус: электрондық төлем – 150 теңге, қолма-қол төлем – 300 теңге.
Жедел қалалық автобус: электрондық төлем – 300 теңге, қолма-қол төлем – 400 теңге.
Қала маңындағы автобус: электрондық төлем – әр километрге 13 теңге, қолма-қол төлем – 19 теңге.
Әлеуметтік маңызы бар бағыттар: электрондық төлем – 150 теңге, қолма-қол төлем – 300 теңге.
Жеңілдігі бар картамен төлеу – тегін.
❗️Жолақыны электрондық төлеу жүйесі істен шыққан жағдайда жолаушылар тегін жүре алады.
Әкімдіктің мәліметінше, соңғы 12 жылда елордада жолақы құны бір рет қана өзгерген.
📹Видео: Baktison (YouTube), astana_ avtopark01 (TikTok)

👍3👎1🤬1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Astana Media Week медиа апталығының екінші күні өтіп жатыр
Бүгінгі сессияда «Қазақстанның ақпараттық саясатындағы жаңа ережелер» тақырыбы қозғалды.
PR және медиа мамандары қауымдастығының төрайымы Ақерке Берлібайдың айтуынша, кездесуде мемлекет, редакция және маман – осы үш тараптың көзқарасын ортақ диалогқа келтіру мақсаты болды. «Және бұл келіссөздер алдағы уақытта жалғасады», - дейді сарапшы.
Шарада бүгін Қазақстанның ақпараттық саясаты, отандық контентті дамыту, креативті индустрияның болашағы және медиа нарықтағы жарнаманың жаңа үлгілері талқыланады.
#AstanaMediaWeek

❤5
Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі
Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев диалогтың, сенімді нығайтудың және жан-жақты ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде АӨСШК әлеуетін кеңейтуге бағытталған Әзербайжан тарапының белсенді төрағалығын оң бағалады.

❤4
🔹Президент: Вашингтонда қол қойылған Суперинтеллект бойынша келісімді құптаймыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК VII саммитінде осылай деді.

«Жақында Вашингтонда қол қойылған Суперинтеллект бойынша келісімді құптаймыз. Шын мәнінде, бұл құжат Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы халықаралық шарттың негізі бола алады. АӨСШК аталған үдеріске зор үлес қосуға қауқарлы екеніне сенімдімін. Осы саладағы жаһандық күш-жігер аясында Қазақстан Алматыда БҰҰ ЭСКАТО тұрақты даму мақсаттары үшін Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығын орналастырады», - деді Президент.
❤3
Президент: Қазақстан Ұйымға мүше 28 мемлекеттің студенттеріне шәкіртақы ұсынуға дайын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК VII саммитінде осылай деді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК VII саммитінде осылай деді.
«Бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын ұлы философ әрі ғалым әл-Фараби қоғамның қуаты оның халқының білімі мен адамгершілік қасиеттерінде екенін айтқан. Сондықтан Ұйымға мүше мемлекеттерді АӨСШК-нің адами капитал саласындағы әріптестік орнатуға шақырамын. Мақсат – жас ұрпақты технологиялық, экономикалық және геосаяси жаңғырулар екпінімен сәт сайын өзгеріп жатқан әлемге бейімдеу. Біз осы маңызды мәселені шешуге үлес қосу үшін сарапшылық тәжірибемізді, маңдайалды университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының әлеуетін ұсынуға дайынбыз. Келесі жылы қауіпсіздік пен сенімді нығайту саласындағы ғылыми зерттеуге арналған стипендиялық бағдарлама іске қосылуы ықтимал. Қазақстан Ұйымға мүше 28 мемлекеттің студенттеріне шәкіртақы ұсынуға, сондай-ақ ғалымдарға зерттеу гранттарын беруге әзір», - деді Мемлекет басшысы.
👍5
🇰🇿🇦🇿Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысуға шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтып, саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті Әзербайжан Кеңеске төрағалық еткен кезеңде нақты бастамаларды ілгерілетуге және Ұйымның халықаралық беделін күшейтуге сүбелі үлес қосқанына назар аударды.
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары өңірдегі бірегей жоба – Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосудың маңызына тоқталды. Теңіз табанымен жүргізілген желі екі елдің цифрлық байланысын күшейтіп, Еуропа мен Азия арасында тағы бір цифрлық дәліздің пайда болуына ықпал етеді. Осылайша, тұтас өңір тың мүмкіндіктерге қол жеткізеді.

👍3❤2
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АӨСШК VII саммитінде сөйлеген сөзінен
❤4
🤖 Президент: Жасанды интеллектінің дамуы адамзаттың оны тиімді бақылау қабілетінен асып түспеуі керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК VII саммитінде осылай деді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК VII саммитінде осылай деді.
«ЖИ-дің мүмкіндігі молая түскенімен, оны халықаралық-құқықтық реттеу тетіктері жетіле қоймаған. Қазірдің өзінде ЖИ агенттерінің қорғау тетіктерін айналып өтіп, сыртқы жүйелерге рұқсатсыз қол жеткізу фактілері тіркелді. Егер халықаралық-құқықтық тетіктерді енгізу арқылы осы үдерістерді тоқтатпасақ, мұндай жағдайлардың салдары ауырлап, мемлекеттер арасындағы қақтығыс шиеленісе түсуі ықтимал. Жасанды интеллектінің дамуы адамзаттың оны тиімді бақылау қабілетінен асып түспеуі керек. Сондықтан сенімді нығайту шаралары цифрлық ортаға да тиесілі. Меніңше, АӨСШК қолда бар бес өлшемді алтыншы, яғни жасанды интеллектімен толықтыруы керек», - деді Қазақстан Президенті.
🇰🇿🇦🇿Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты
🔹Президенттер Каспий теңізінің табаны арқылы Қазақстан мен Әзербайжанды жалғастыратын ұзындығы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салтанатты түрде іске қосты.
🔹Жобаны «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom компаниясы бірлесіп жүзеге асырды.

👍8
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
Бакуде ұйымдастырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізді.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақ-Қатар сан қырлы серіктестігін нығайту, сондай-ақ бірлескен инвестициялық және энергетикалық жобаларды жүзеге асыру перспективасына айрықша назар аударылды.
Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібі, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.

👍4
😷Алматыда уланған оқушы саны 51-ге жетті
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде жаппай уланып, ауруханаға жеткізілген оқушы саны 51-ге жетті. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлады.
⚠️Бұған дейін ішек инфекциясының белгілерімен 48 оқушы шұғыл ауруханаға жеткізілген. Артынша тағы үш баланың уланғаны анықталды.
Дәрігерлер қазір олардың жағдайы жақсы, денсаулығына ешқандай қауіп жоқ екенін айтты.

🏡«Отбасы банк»: 6 ай күтпей баспана алуға болады
«Отбасы банк» баспана алудың жаңа тетігін іске қосты. Енді қазақстандықтар депозиттегі ақшасының бағалау көрсеткіші талапқа сай болуын 6 ай күтпей-ақ, серіктес құрылыс компанияларынан пәтер сатып ала алады. Жаңа механизм бүгіннен бастап қолданысқа енгізілді.
Толығырақ видеодан көріңіз.

🔥6🥱1
Forwarded from QAZSPORTTV
📺 Негізгі құрам
🇪🇺 УЕФА Конференция Лигасы. 1 тур
«Рига» (Латвия) – «Қайрат» (Қазақстан)
📌 Тікелей эфирді 21:35-те «Qazsport» телеарнасынан және qazsporttv.kz сайтынан көріңіздер

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2
Мемлекет басшысын әуежайдан Армения Республикасы Үкіметінің ресми тұлғалары күтіп алды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2