Qazaqstan.tv
✔
41.4K subscribers
20.7K photos
21.5K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
❓МӘМС жүйесінде қандай олқылықтар бар?

💬Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің мәліметінше, 768 мыңнан астам ер адам жатыр мойны обырына скринингтен, ал 619 ер адам маммограммадан өтті деп көрсетілген. Нәтижесінде 1,9 млрд теңге аударылған.

❗Қорға қатысты тағы қандай заңсыздықтар анықталды?

📺«Апта» бағдарламасының толық нұсқасы «Qazaqstan TV»YouTube арнасында.
❤5🔥1
Елнұр Бейсенбаевтың Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды

Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды. Осы аптада ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
⚡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Елімізде газды тұтыну тәртібі өзгеруі мүмкін

Мәжілістің жалпы отырысы басталды. Бүгін депутаттар газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтынуға қатысты жаңа заң жобасын талқылайды.

Құжатта газ ресурстарын тиімді пайдалану, ішкі нарықты тұрақтандыру және жеткізу тетіктерін жетілдіру мәселелері қарастырылған.
❤3⚡1
✉️Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇮🇷Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтады.

Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1😱1
🏫 Кей өңірлерде оқушылар қашықтан оқып жатыр

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда.

Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында 0–9 сынып оқушылары сабаққа үйден қатысып жатыр. Ақтөбеде барлық сыныптар, ал Павлодарда бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқуға ауыстырылды.

Синоптиктер бүгін елдің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, боран, көктайғақ және тұман болады деп болжайды. Кей өңірлерде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін.
❤1🔥1
🇰🇿 Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар:

⏰ 13:55 ⏰ 17:35 - Шаңғы қоссайысы. Тұғырдан секіру / Шаңғы жарысы. 10км: Шыңғыс Рақпаров

⏰ 14:55 - Фристайл-могул. Іріктеу. Әйелдер: Анастасия Городко, Аяулым Әмренова, Юлия Галышева.

⏰ 18:05 - Биатлон. 15км Әйелдер: Милана Генева, Айша Рақышева

📺 Барлық жарыстарды «Qazsport» телеарнасы және сайтынан көре аласыздар.

🔥 Сәттілік тілейміз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😎4❤2🙏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркістан облысында жол қозғалысына шектеу қойылды

Облыстық ПД мәліметінше, қалың қар мен көктайғақ салдарынан Шымкент-Түркістан бағытынан Тараз-Алматы бағыттарына қарай жүк көліктеріне шектеу қойылды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет режиміне көшкен.
🔥1
🎒Астанада екінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқиды

Бұл туралы Астананың Білім басқармасы хабарлады.

«2026 жылғы 11 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Білім басқармасының хабарламасында.
🔥1
🚉 «Астана–Талдықорған» бағыты бойынша пойыз қатынайды

Сәуір айынан бастап Талдықорған–Астана бағытында жолаушылар пойызы қатынайды.

Бұған дейін тұрғындар елордаға жету үшін Семей–Астана пойызына қосылған вагондармен немесе Алматы арқылы қатынауға мәжбүр болатын.

Бұл жолаушылардың Астанаға қысқа уақытта жетуіне мүмкіндік береді.
❤16
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Канададағы мектепте атыс: 10 адам қаза тапты

Канаданың Британдық Колумбия провинциясында орналасқан мектепте болған атыс салдарынан 10 адам қаза тапты.

Мәліметке сәйкес, қаза болған алты адамның мәйіті орта мектеп ғимаратынан табылған. Тағы бір адам ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Екі адам тұрғын үйден анықталған.

Тағы 25 адам жарақат алды. Алдын ала ақпарат бойынша, атыс ұйымдастырды деген күдікті өзіне қол жұмсаған. Оның әрекетінің себебі әзірге белгісіз.
😭11❤1🤬1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Отбасы құндылықтарына айрықша мән берілген»

Жаңа Конституция жобасында отбасы құндылықтарына ерекше назар аударылып, ана, әке мен баланың мемлекеттің қорғауында екендігі нақты көрсетілген.

Тұрғындардың айтуынша, бұл ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталған маңызды қадам.
❤7👎1
📩 Конституция жобасы бойынша 10 мыңнан астам өтініш түсті

Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның ХІІ отырысында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұсыныстар комиссия мүшелерінен, азаматтардан, азаматтық қоғам өкілдерінен, сарапшылар қауымдастығынан және бизнес құрылымдарынан түскен.

Барлық материалдар жүйеленіп, тақырыптық бағыттар бойынша топтастырылған.
❤9👎1
«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын референдумға шығаруды ұсынды

Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қазақстандықтарды жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырды.

Оның айтуынша, партия аймақтарда құжатты түсіндіру мақсатында ауқымды қоғамдық талқылау жұмыстарын ұйымдастырып, бірқатар өңірде халықпен кездесулер өткізген.

Оның сөзінше, ауыл тұрғындары енгізіліп жатқан өзгерістерді күнделікті өмірге әсер ететін нақты тетіктер ретінде қабылдап отыр.

Осыған байланысты «Ауыл» партиясы Конституция жобасын жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынып, барша азаматтарды құжатты қолдауға шақырды.
❤7
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

🟦Ақордада Қазақстан Президентіне екі мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

🟦Сенім грамоталарын Грек Республикасының елшісі Антониа Кацуру мен Португалия Республикасының елшісі Жозе де Каштру Атаиде Амарал тапсырды.

🟦Мемлекет басшысы Қазақстан бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті.

🟦Президенттің айтуынша, қазір әлемде орын алған барлық проблема тек бейбіт жолмен, яғни дипломатиялық арналар мен құралдар арқылы шешілуге тиіс.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия және Португалия елдерінің басшылары мен премьер-министрлеріне ыстық ықыласын жолдап, оларды Астанаға сапармен келуге шақырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Жаңа Ата заңды «халықтық Конституция» деуге толық негіз бар – Ерлан Қарин

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция мәтіні заңгерлер мен тіл мамандарының бірлескен жұмысы нәтижесінде оқуға жеңіл, түсінуге оңай әрі құқықтық тұрғыдан нақты құжатқа айналғанын айтты.

Бұл туралы ол Конституциялық комиссияның XII отырысында мәлімдеді.

Жоба жарияланғаннан кейін де келіп түскен ұсыныстар негізінде қосымша нормалар енгізіліп, редакциялық-стилистикалық өзгерістер жасалған.

Ерлан Қарин қоғамнан түскен сын-пікірлер мен сұрақтарға Комиссия мүшелері жедел жауап беріп отырғанын атап өтті.

Осылайша Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты аясында азаматтардың ұсыныс-пікірі барынша ескерілген.
❤4🔥1