🏡 Конституция жобасында тұрғын үйге қолсұғылмаушылық кепілдіктері күшейтілді
Конституция жобасының 28-бабы 1-тармағына сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға ғана емес, тұрғын үйден шығаруға да жол берілмейтіні туралы толықтыру енгізілмек. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның ХІІ отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Конституциялық комиссияға азаматтардан, қоғам қайраткерлерінен, құқықтанушылар мен ұйымдардан түрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Соларды зерделеу нәтижесінде жобаға қосымша нормалар енгізілген.
Тұрғын үйге қолсұғылмаушылық кепілдіктерін күшейту мәселесі бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында да көтерілген.

❤7
Qazaqstan.tv
«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын референдумға шығаруды ұсынды Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қазақстандықтарды жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырды. Оның айтуынша, партия аймақтарда құжатты түсіндіру мақсатында…
Конституция жобасын референдумға шығару үшін Президент қарауына ұсынуға болады – Айдос Сарым
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның XII отырысында комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық референдумға шығару үшін Президент қарауына ұсынуға болатынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, құжатта заңдылық пен тәртіп қағидаттары, сондай-ақ азаматтардың қоршаған орта үшін ортақ экологиялық жауапкершілігі ұлттық басымдық ретінде айқындалған. Сондықтан бұл жоба – бостандықтың, тәртіптің және өзара жауапкершіліктің Негізгі құжаты.
Айдос Сарым комиссия аясында ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтіп, жобаны осы күйінде референдумға ұсынуға толық негіз бар екенін айтты. Сонымен қатар, азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық штаб құруға дайын екенін жеткізді.

❤6
Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді. Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен он екі отырысының нәтижесінде жаңа Ата Заңның қорытынды жобасы әзірленгенін баяндады.
Жаңа Конституция мәтіні азаматтар мен сарапшылардың былтыр қазан айынан бастап eGov және e-Otinish порталдарына жолдаған бастамалары негізінде дайындалды. Сондай-ақ жобада Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қазан-қаңтар айлары аралығында жинақтаған тәсілдер де ескерілді.
Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның өте ауқымды әрі маңызды жұмыс атқарғанын атап өтті. Президенттің пікірінше, жаңа Конституция ережелері мемлекетіміздің институционалдық негізін трансформациялау үдерісі толығымен аяқталып, мүлде жаңа конституциялық үлгіге көшетінін көрсетеді.
Президент маңызды жұмысты кәсіби тұрғыда атқарған Конституциялық комиссия мүшелеріне ризашылығын білдірді.
📎 Қасым-Жомарт Тоқаев таяу арада жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
🖋Референдум 15 наурызда өтеді
Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды. «Ақорда» сайтында референдум өткізу жайында қаулы жарияланды.

«2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын. Осы Жарлық пен Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын», - делінген құжатта.
❤11🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⛷ХХV қысқы Олимпиада: Фристайл-могулдан спортшыларымыз финалға өтті
Қазақстандық фристайл-могулшылар Милан Кортина Олимпиадасының финалына жолдама алды. Юлия Галышаева, Анастасия Городко мен Аяулым Әмренова іріктеудің екінші кезеңінен сәтті өтті.
Спортшыларымыз кешегі жарыста үздік ондыққа кіре алмаған еді. Бүгін олқылықтың орнын толтырды. Атлеттеріміз жүлдеге таласу үшін үздік сегіздікке кіріп, супер финалға жолдама алуға барын салады.
📌Финал Қазақстан уақытымен 18:15-те басталады. Жарысты «Qazsport» телеарнасынан 📺тікелей эфирден көруге болады.

❤5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📌Пітір мөлшері 735 теңге болып белгіленді
Бір аптадан кейін қасиетті Рамазан айы басталады. Ал наурыздың 16-нан 17-не қараған түн - Қадір түні.
Осыған байланысты Бас мүфти кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз көтермеуге және Құрбан айт қарсаңында халыққа жеңілдіктер жасауға шақырды.

🤝12❤5
🔹Президент азаматтардың құқығын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиын өткізді
🖇Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі және құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты.
🖇Жиында елімізде азаматтардың заңды құқықтарын қорғау және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
🖇Сондай-ақ Президент кеңеске қатысушыларға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша жұмыс істеген Конституциялық комиссия қызметінің қорытындысы жөнінде мәлімет берді.

❤5👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Канадада мектептегі атыстан 10 адам қаза тапты
Британдық Колумбия провинциясының Тамблер-Ридж қалашығында мектепте болған атыстан 10 адам қаза тауып, 25 адам жарақат алған. Қаза болғандардың бірі - шабуыл жасаған әйелдің өзі.
Қазір шабуылдың себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

😢4❤3
🎒Ертең Астанада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Бұл туралы Астананың Білім басқармасы хабарлады.

«12 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.
🤝9👍3❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎼«Ǵashyqtyq»: Димаш Құдайберген жаңа композициясын ұсынды
Димаш Құдайберген Hunan TV телеарнасымен бірлесе жүзеге асырған «Көкжиектен асқан үн» жобасына қолдау көрсеткен тыңдармандарына алғыс ретінде «Ǵashyqtyq» атты жаңа композициясын шығарды.
Әннің Mood-бейнебаяны әншінің ресми YouTube арнасында жарияланды.
Айта кетейік, халықаралық телевизиялық жобаны 14 ақпан «Қазақстан» телерадиокорпорациясы көрсетеді.

❤13🎉3😎1
Дәулет, Димаш және Дина:
Шымкентте үшем дүниеге келді
Шымкент қалалық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Сәбилер мен анасы бүгін үйіне шығарылды.
Ата-анасы балалардың атын Дәулет, Димаш және Дина деп қойды. Әрқайсысының салмағы екі келіден асты. Екінші және үшінші нәресте бірден реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылып, бір тәуліктен кейін негізгі бөлімшеге ауыстырылды.
Барлық үш нәресте орталық мамандарының бақылауында 11 тәулік болды.
Айта кетейік, бұл отбасыда үшемнің дүниеге келуімен балалар саны жетіге жетті.

👍20❤7🎉4😍1
🥇Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионы атанды
🇰🇿 Қазақстан құрамасы Үндістанның астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатының кезекті күнінде қоржынын 3 алтын және 2 күміс медальмен толықтырды.
50 метр қашықтықтан кіші калибрлі винтовкамен жатып нысана көздеу сайысында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев жеңіске жетті. Сол сынның өзінде Никита Шахторин күміс медальді жеңіп алды. Командалық бәсекеде Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин және Константин Малиновский үздік нәтиже көрсетіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
25 метрден жылдам атылатын тапанша жарысында Никита Чирюкин, Артемий Кабаков және Кирилл Цуканов командасы қарсыластарынан озып шығып, алтын медальді иеленді. Ал жекелей сында Никита Чирюкин күміс жүлдегер атанды.
📌Айта кетейік, чемпионат ересектер, жастар және жасөспірімдер санаттарында өтуде. Биылғы додаға құрлықтың 20 елінен 320-дан астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы үш жас санатында 47 мергенмен жарысқа түсті.

🎉13👍9❤8🕊1
Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды тапсырды
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына қатысты кеңес өтті.
▪️Өткен жылда қызылшаға шалдығу деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда 85%-ға төмендеген.
▪️Сонымен қатар жыл басынан бері ел аумағында қызылшаның 1 951 жағдайы тіркелген.
Ең жоғары көрсеткіштер Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Атырау облыстарында байқалады.
Ауруға шалдыққандардың көпшілігі – вакцина алмаған балалар, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.
Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ халық арасында иммундаудың маңыздылығы жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл бағыттағы жұмысты, ең алдымен, Маңғыстау облысында күшейту қажет екені айтылды.

Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады
Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған құраманың кәсіби, физикалық, жауынгерлік даярлығы және отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ сарбаздардың жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті.
Мемлекет басшысы 48 елден 109 команда қатысқан жарыста лайықты өнер көрсеткен арнайы жасақ жауынгерлеріне тиісті құрмет көрсетілетінін айтты.

👍14❤2
Қазақстанда жаңа Конституция жобасы жарияланды
Ата Заңға өзгертулер жалпыхалықтық референдум арқылы ғана іске асады.
Егер жаңа Конституция мақұлданса, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне еніп, Парламент өз өкілеттігін тоқтатады.
Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады.
Жаңа Ата заңға байланысты референдум 15 наурызда өтеді.

❤6👎1
UAE SWAT Challenge-2026:Президент қазақстандық командаларды құттықтады
Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады.
Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған құраманың кәсіби, физикалық, жауынгерлік даярлығы және отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ сарбаздардың жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті.
Мемлекет басшысы 48 елден 109 команда қатысқан жарыста лайықты өнер көрсеткен арнайы жасақ жауынгерлеріне тиісті құрмет көрсетілетінін айтты.
Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады.
Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған құраманың кәсіби, физикалық, жауынгерлік даярлығы және отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ сарбаздардың жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті.
Мемлекет басшысы 48 елден 109 команда қатысқан жарыста лайықты өнер көрсеткен арнайы жасақ жауынгерлеріне тиісті құрмет көрсетілетінін айтты.
❤8
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Шымкентте ағаш құлап, 10 жасар бала қаза тапты
Қалада жауған қалың қар салдарынан ағаш құлап, 10 жасар бала көз жұмды.
Дәрігерлер жеткенше бала алған ауыр жарақатынан оқиға орнында қайтыс болғаны анықталды.
Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады.

😱10❤1🤯1
Астанада Alem Tech Fest 2026 фестивалі басталды
Елордада Alem Tech Fest 2026 фестивалі өз жұмысын бастады. Бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы робототехника, жасанды интеллект және STEM бағытындағы ең ірі шаралардың бірі.
Биыл фестивальге 5000-нан астам адам қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстанмен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Гонконг және Вьетнамнан келген қонақтар бар.
Қатысушылар FIRST халықаралық бағдарламасы аясында инженерлік жобаларын ұсынып, үздік 14 команда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін әлемдік финалға жолдама алады. Фестиваль тағы екі күн жалғасады.

❤7🎉1