Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.5K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️БҚО-да сталкинг жасаған 2 ер адам сотталды

Біріне 346 мың теңге айыппұл салынса, екіншісі 100 сағат қоғамдық жұмысқа міндеттелді.

Ақсайда ер адам бұрынғы танысын аңдып, күш көрсеткен. Бейнебақылау жазбалары негізінде сот оған айыппұл салды.

Бөкей ордасы ауданында тағы бір тұрғын бұрынғы жұбайына қудалау жасағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды.
🤯5❤1
🇰🇿 Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар:

⏰ 15:20 - Тау шаңғысы. (Әйелдер). Финал: Александра Скороходова

⏰ 16:10 - Фристайл-могул. Финал. Ерлер: Павел Колмаков

⏰ 16:50 - Шаңғы жарысы: Надежда Степашкина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина

⏰ 20:20 Конькимен жүгіру. (Әйелдер). 5000 метр: Надежда Морозова

📺 Барлық жарыстарды «Qazsport» телеарнасы және сайтынан көре аласыздар.

🔥 Сәттілік тілейміз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏆1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркістан облысында алимент төлемегендердің жалпы қарызы 167 млн теңгеден асқан

Осыған байланысты аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен «Тәртіпке бастар жол – еңбек» атты форум өтті.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында
әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларды анықтау көзделіп отыр. Алимент төлеуден жалтарған 10 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 7 адам қамауға алынды.
🤯4❤1😱1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🕌 Жаркент мешітіне келетін туристер саны артып келеді

Ұлттық құрылтайда Президент құнды жәдігерлерді ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосуды тапсырды. Мемлекет басшысы ерекше атап өткен тарихи орындардың бірі – Жаркент мешіті.

Бірде-бір шеге қақпай салынған бұл сәулет ескерткіші бүгінде Жетісудағы басты туристік нысандардың қатарында.

Тарихи мұражайға айналған мешітті тамашалауға келетін туристер саны жыл өткен сайын артып келеді.
🥰7❤4
Ресейге адыраспан әкелгендер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ресейге адыраспан алып өткен азаматтар қатаң жазаға тартылуы ықтимал. Себебі бұл өсімдік көрші елде есірткі затына теңестірілген.

Құрамында есірткі бар өсімдікті елге әкелгені үшін 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал тасымал көлемі ірі болса немесе қылмыстық топ арқылы жеткізілсе, 1 миллион рубльге дейін айыппұл салынып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
🤣9⚡1👍1👏1👌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇮🇹 Былтыр Италияға 185 млн турист келген

Ірі халықаралық жарыстар туризмді дамытуға серпін береді. Мысалы былтыр Италияға 185 млн турист келген. Бұл елдің экономикасына айтарлықтай табыс әкелген.

Қазір елде қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Оған 6 млрд доллардан астам қаржы жұмсалған. Сарапшылардың пікірінше, мұндай ауқымды шаралар елдің имиджін арттырып, туристер ағынын көбейтеді.

Тілшіміз Азамат Бейбітұлы Миланнан ақпарат таратады. Толығырақ бейнесюжетте.
❤10👍3❤‍🔥1👌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏖 Қазақстан Ыстықкөлдегі жерді 49 жылға жалға алды

Жалпы аумағы шамамен 60 гектарды құрайтын учаскелерде төрт нысан орналасқан.

Атап айтқанда, «Қазақстан» санаторийі, «Самал» демалыс үйі, «Университет» спорттық-сауықтыру лагері және «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы Қазақстанның меншігінде болады.

Құжат меншік құқығын нақтылап, құқықтық тұрғыда реттеуге бағытталған.
🤝12❤4🤔3👌2
🕌Биылғы Ораза кестесі

Рамазан айы 19 ақпанда басталады.

Қадір түні наурыздың 16-нан 17-іне қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айт наурыздың 20-сында басталып, үш күнге созылады. Ал Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді.

📌Пітір мөлшері 735 теңге болып белгіленді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤40👍5❤‍🔥4👏4🎉1👌1🏆1💘1