Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.4K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
🕌Биылғы Ораза кестесі

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤22👍3⚡1❤‍🔥1🤝1🆒1
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің және шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығының Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті

Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық аренада беделді әрі іргелі институттардың бірі саналатын Мұсылман ақсақалдар кеңесінің елімізде жүзеге асырып жатқан маңызды жобалары мен бастамаларына қолдау білдірді.

Президенттің айтуынша, толеранттылық және бейбіт өмір сүру қағидаттарын, сондай-ақ гуманизм құндылықтарын орнықтыруда ислам дінінің маңызы айрықша, мұндай ұстаным Қазақстанның саясатымен толық үндеседі.

Мұхаммед Әбделсалам қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Астанада ұйымдастырылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің жұмысына белсенді атсалыса беретінін айтты.

Қазақстан Президентінің Жарлығымен Мұхаммед Әбделсалам конфессияаралық диалогты және гуманитарлық құндылықтарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
❤11👍2👎1👏1
Qazaqstan.tv
⚡️Канададағы мектепте атыс: 10 адам қаза тапты Канаданың Британдық Колумбия провинциясында орналасқан мектепте болған атыс салдарынан 10 адам қаза тапты. Мәліметке сәйкес, қаза болған алты адамның мәйіті орта мектеп ғимаратынан табылған. Тағы бір адам ауруханаға…
✉️Мемлекет басшысы Канада Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇨🇦 Қасым-Жомарт Тоқаев Тамблер-Ридж қаласындағы орта мектепте болған атыс салдарынан жазықсыз адамдардың қаза табуына байланысты Канада Премьер-министрі Марк Карниге көңіл айтты.

Қазақстан Президенті Канада халқының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, қайтыс болған азаматтардың отбасыларын сабырға шақырды, сондай-ақ зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестігін білдірді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
❤10
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
✔️Биыл пітір садақа мөлшері 735 теңге болып белгіленді

🌙Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні.

20 наурыз – Ораза айт мерекесі.
❤23🙏13🥰1😍1🆒1
⚡️Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы хабарлама таратты.

«13 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❓Тұрғын үйге мұқтаждар тізіміне тұру тәртібі қандай?

Тұрғын үйге мұқтаждар тізімін «Отбасы банк» реттейді. Ол үшін orken.otbasybank.kz порталына кіріп, «өтінім беру» батырмасын басу қажет. ЭЦҚ кілті арқылы тіркеліп, жеке кабинетке кіреді. «Өз атынан өтініш беру» немесе «заңды өкіл ретінде өтініш беру» тетігінің бірін таңдайды.

📌Айта кетейік, тізімге «Алтын», «Күміс» алқалы, яғни «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналар, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, үйі апаттық жағдайда деп танылғандар ғана ене алады.

📲«Ақша әліппесі» бағдарламасының толық нұсқасы Qazaqstan TV Youtube парақшасында.
❤5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿120 келі тартатын дөңгелікті көтерген қыздар жасағы көпшілікті таңғалдырды

Қазақстан құрамасы Дубайда өткен UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ «Kazakhstan А» командасы турнирде 2-орынға ие болып, қуанышты еселей түсті.

⚡️Командалардың бірі «Tomiris» қыздар құрамасы әлем жанкүйерлерінің ерекше назарына ие болды. Олар турнирдің барлық кезеңінде әйелдер командалары арасында озық шықты әрі жалпы есепте ондаған ерлер құрамасынан басым түсті.

Қыздар жасағының 120 келі тартатын дөңгелікті 30 метр жерге көтеріп апарған видеосы желіде тарап, көпшілікті таңғалдырды.
❤23👍13👏5🔥4🥰2❤‍🔥1🎉1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴 Бортта 80 жолаушы болған: Нигерияда ұшақ қозғалтқышынан ақау шықты

Лагостан Порт-Харкортқа ұшып бара жатқан Arik Air компаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағының қозғалтқышынан ақау шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Экипаж дереу бағытты өзгертіп, ұшақты Бенин әуежайына сәтті қондырды.

🔵Бортта 80 жолаушы болған, зардап шеккендер жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤12
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿UAE SWAT Challenge-2026: Жеңімпаздар елге оралды

Дубайда өткен жыл сайынғы UAE SWAT Challenge халықаралық додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды. Оларды әуежайдан елордалықтар сән-салтанатпен қарсы алды. Биылғы жарыста ел намысын күштік құрылымдардың ең таңдаулы жауынгерлерінен құралған 5 құрама команда қорғады.

Қазақстандық мергендер мен десанттар әлемдік деңгейде айрықша нәтиже көрсетті:

Kaz SWAT Team С - 1-орын
Kaz SWAT Team А - 2-орын
Kaz SWAT Team В - 8-орын
Kaz SWAT Team D - 20-орын

Tomiris - жалпы есепте 18-орын алып, ал әйелдер командалары арасында 1-орынды иеленді.

📌Әуежайға «Qazaqstan» телеарнасының түсірілім тобы да барып, жеңімпаздармен сұхбаттасып қайтты. Толығырақ таңғы «Ақпараттан» көріңіз. Сағат 10:00-де Ұлттық арнада.
🔥24❤6👍6🥱1
Министрлік қазақстандықтарды мереке алдында алаяқтардан сақ болуға шақырды

14 ақпан қарсаңында жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар туралы ақпарат көбейеді. Осы кезеңді интернет-алаяқтар да пайдаланып, жалған сайттар ашып, әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды алдау әрекеттерін күшейтеді.

Осыған байланысты ІІМ келесі ережелерді қатаң ұстануға кеңес береді:

➖тауарды тек сенімді сайттар мен ресми маркетплейстер арқылы сатып алыңыз;

➖ күмәнді сілтемелерден өтпеңіз;

➖шектен тыс төмен баға ұсынылса, сақ болыңыз;

➖ақшаны жеке шоттарға немесе күмәнді төлем жүйелеріне аудармаңыз;

➖бөгде адамдарға пароль, SMS-код, CVV-кодты және банк картасының мәліметін бермеңіз.
❤8
Ең жоғары балл – 138: Қаңтар айындағы ҰБТ-ны 184 мың талапкер тапсырды

Қаңтар айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасында 184 мыңға жуық адам тест тапсырды.

Қатысушылардың 68%-ы шекті балл жинаған. Орташа балл - 64, ең жоғары нәтиже - 138 балл.

🔴Талапкерлердің басым бөлігі таңдаған комбинация:
▫️Математика-физика - 19,2%;
▫️Биология-химия - 16,8%;
▫️Шығармашылық емтихан - 9,8%.

ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттіліктері бар 446 талапкер қатысты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8