Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.4K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️ШҚО-да көктайғақ салдарынан көшеде жарақат алғандар көбейді

Өскеменде ақпан айының басынан бері 700 адам түрлі жарақатпен жедел жәрдемге жүгінген. Соның 500-ге жуығы көшедегі көктайғақ салдарынан зардап шеккен.

Соңғы 2-3 тәулікте жарақат алғандар саны бірнеше есе артқан.

Тұрғындар қардың дер кезінде шығарылмай жатқанына шағымдануда. Ал коммуналдық қызмет өкілдері техника жетіспейтінін және жол бойына қойылған көліктер қар тазалауға кедергі келтіретінін айтады.
🤯2🔥1
📲 Алаяқтар кәсіпкерлерді арбауға кірісті

Алаяқтар өзін салық органдарының қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерді алдаудың жаңа тәсілін қолдануда.

Олар «жаңа салық кодексіне көшу қажет» деген сылтаумен жеке деректерді сұрап алады. Қолға түскен мәліметтер арқылы шоттағы қаражатты жымқырып, тіпті кәсіпкердің атына несие рәсімдеуі мүмкін.

❗️Ескерту!

▫️Күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеңіз;
▫️Ақпараттың рас-өтірігін «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы тексеру қажет.
🤯4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⛓️‍💥Алматыда ірі алаяқтықпен айналысқан күдікті ұсталды

Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті заңсыз инвестициялық қызметке байланысты алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Күдікті 2013-2021 жылдары «Partners & Consultants» атты «Өмірді сақтандыру» жобасы арқылы азаматтарды инвестиция салуға үгіттеп, олардың қаражатын иемденген. Ақша «Evroasia Global Investment» АҚ және «Evropa Investment» ЖШС есепшоттарына аударылып, жылына 12%-ға дейін табыс уәде етілген.

Салдарынан 270 жәбірленушіге 620 млн теңгеден астам залал келтірілген.

Заңсыз сатып алынған мүлікке шектеу қойылып, күдікті қамауға алынды.
🤯4😐1
Қазақтың дәстүрлі «Ою-өрнегі» ресми түрде ИСЕСКО-ның Ислам әлемі мұралары тізіміне енді

11 ақпанда өткен ИСЕСКО Ислам әлемі мұралары комитетінің 13-сессиясында тиісті шешім қабылданған. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Айта кетейік, 2023 жылы ИСЕСКО тізіміне түркі өркениетінің басты нышандарының біріне айналған дәстүрлі «Тоғызқұмалақ» ойыны қосылған еді.
❤15
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📝 12 млн 400 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие

Жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум 15 наурыз күні өтеді. Дауыс беру таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Үгіт-насихат жұмыстары 12 ақпан мен 14 наурыз аралығында жүргізіледі. Ал 14 наурыз «тыныштық күні» болып белгіленіп, бұл күні агитация жасауға тыйым салынады.

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, жыл басындағы дерек бойынша елімізде 12 млн 400 мыңнан астам азамат дауыс беру құқығына ие.
🤯7
🇰🇿 Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар:

 ⏰ 15:35 - Шаңғы жарысы: Наиль Башмаков, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало.

⏰ 17:60 - Биатлон: Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев.

⏰ 22:55 Мәнерлеп сырғанау. Еркін бағдарлама. Ерлер: Михаил Шайдоров.

📺 Барлық жарыстарды «Qazsport» телеарнасы және сайтынан көре аласыздар.

🔥 Сәттілік тілейміз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5🥴1😐1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 Жаңа Конституция жобасы қоғам пікірімен үндеседі

Конституцияның жаңа жобасына адам құқығы мен елдік мүддеге бағытталған бірқатар жаңа нормалар енгізілген.

Тұрғындардың айтуынша, құжат бостандық, тәртіп, заңдылық және өзара жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

Сауалнамаға қатысқандар экология мәселесінің ұлттық қауіпсіздік деңгейіне көтерілгенін атап өтті.
❤5👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астаналық мұғалім Еуропадағы қазақ балаларына ана тілін тегін үйретеді

Гүлжазира Бекболатқызы 2024 жылы Германияда біліктілігін арттыру барысында шетелдегі қандас балалардың қазақ тіліне қызығушылығын байқап, осы бастаманы қолға алған. Қазір Нидерланды мен Германиядағы оқушыларға қазақ тілі мен ұлттық мәдениетке арналған сабақты онлайн өткізеді.

Педагог бұл еңбегін азаматтық әрі кәсіби парызы санайды. Сабақтарда балалар тілмен қатар салт-дәстүр, ауыз әдебиеті мен тарихты меңгеріп, шығармашылық тапсырмалар орындайды.
👍8❤6
🦠 Елімізде жыл басынан бері 1900-ден астам адам қызылшамен ауырған

Науқастардың басым бөлігі Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Атырау облыстарында тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сырқаттанғандардың арасында балалар көп және олардың дені екпе алмаған.

📈 Дегенмен қызылшаға шалдығу деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда 85%-ға төмендеген.
❤5
Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады

🟦Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның 2025 жылы атқарған жұмысы мен биылғы міндеттері жөнінде мәлімет берілді.

Асхат Хасенов былтыр Қытайдың CNOOC және Sinopec компанияларымен Атырау облысындағы Жылыой және Батыс Қазақстан облысындағы Березовский жобалары бойынша жер қойнауын пайдалану келісімшарттары жасалғанын айтты.

🟦Turkish Petroleum Corporation, BP, Хорват көмірсутегі агенттігі секілді ірі халықаралық кәсіпорындар еліміздегі перспективті учаскелерді зерттеуде.

➤ «ҚазМұнайГаз» компаниясы бұған дейін кең көлемде зерттелмеген және жіті көңіл бөлінбеген аумақтарда геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойғаны жөнінде баяндады.

🟦2025 жылы 8 іздеу ұңғымасын бұрғылау аяқталды, ал 2029 жылға дейін тағы 24 іздеу ұңғымасын бұрғылау жоспарланған. Жалпы инвестиция көлемі 900 миллион доллардан асады.

➤ 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнай мен конденсат өндіру көлемі 26,2 миллион тоннаға жеткенін мәлімдеді.

🟦Былтыр «ҚазМұнайГаздың» үш мұнай өңдеу зауытында 17,5 миллион тонна шикізат өңделді.

➤ мұнай-газ химиясы мен газ өңдеу саласындағы жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысымен таныстырды.

🟦Маңғыстау облысында қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын «Кендірлі» теңіз суын тұшыту зауыты пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысы геологиялық барлау жұмыстарын жандандыруға және ірі инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыруға қатысты міндет жүктеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏔️ Алматы әлемдегі үздік 25 қаланың қатарына енді

2025 жылы Алматы қаласы туризм саласында тұрақты өсім көрсетті. 9 айда қалаға 1,87 млн турист келген. Оның ішінде 563 мың шетелдік және 1,3 млн ішкі турист бар.

Сондай-ақ қала Bloomberg тізімінде әлемнің үздік 25 қаласының қатарына еніп, Орталық Азиядағы ең қарқынды дамып келе жатқан 10 туристік бағыттың бірі атанды.

Қала инфрақұрылымын дамыту аясында туристік маршруттар жаңартылып, «Алма-Арасан» термалды бұлағы қайта жөнделді.

Видео: airastana
❤10👏3
✔️Сертификатсыз әкелінген 19,2 тонна алмұрт Бельгияға кері қайтарылды

Маңғыстау облысындағы Құрық портында Бельгиядан жеткізілген салмағы 19,2 тонна алмұрт фитосанитарлық сертификаттың болмауына байланысты кері қайтарылды.

Өнім Қазақстан аумағына міндетті құжаттарсыз әкелінген. Заңнама талаптарының бұзылуына байланысты импорттаушыға әкімшілік айыппұл салынды.
👍10
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏙 Alatau City-де әлемдік деңгейдегі алғашқы зәулім ғимарат салынады

Alatau City-де Iconic Towers көпфункционалды кешенінің құрылысы биыл мамыр айында басталады.

💸 Жобаның жалпы құны 800 млн АҚШ долларын құрайды. Дизайнын британдық және америкалық сәулет бюролары әзірлеген.

Кешен биіктігі 272 метр болатын екі мұнарадан тұрады. 56 қабатты ғимаратта А санатты кеңселер мен заманауи пәтерлер орналасса, 80 метрлік мұнарада бес жұлдызды қонақ үй ашылады. Жалпы аумағы – 276 мың шаршы метр.

Нысанды пайдалануға беру 2029 жылдың соңына жоспарланған.
👏6❤1
🚊 Наурыз мейрамы қарсаңында пойыздарға қосымша орындар қосылды

Наурыз мейрамы қарсаңында жолаушылар ағынының артуына байланысты сұранысы жоғары бағыттағы пойыздарға 230-ға жуық тіркеме вагон қосылады. Нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын беріледі. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Қосымша пойыздар қозғалысы:

✔️№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»

✔️№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»

✔️№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»
👍5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбеде жатақханадан өрт шықты

Ақтөбе қаласындағы Маресьев көшесінде орналасқан жатақханадан өрт шығып, 27 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Қазір өрттің нақты себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.
😱3❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Қазгидромет» ауа райын дәл болжау үшін суперкомпьютерді іске қосты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында жұмыс істейтін жаңа технология миллиондаған деректі бір мезетте өңдеп, су тасқыны, боран, дауыл сияқты қауіпті құбылыстарды алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.

Мамандар жүйе тұрғындардың қауіпсіздігін күшейтуге және экономикалық шығындарды азайтуға септігін тигізеді дейді.
❤1
🇰🇿🇺🇸Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады

✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

✔️Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайтудың, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сапалы іске асырудың маңызына назар аударды.

✔️Елші Президент Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізіп, Құрама Штаттардың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін айтты.

✔️Джули Стаффт елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумның табысты өтуіне тілектестігін білдірді.

✔️Әңгімелесу барысында Бейбітшілік кеңесі аясындағы қарым-қатынас перспективасы қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған құрылым тұрақтылықты нығайтуға, бейбітшілік пен халықаралық диалогты ілгерілетуге арналған тиімді алаңға айналуы қажет деп санайды.
❤4