Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.4K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
⚡Алматыда «Қалқаман» станциясына дейін тоннель қазу жұмыстары аяқталды

Алматыда «Бауыржан Момышұлы» және «Қалқаман» станцияларын байланыстыратын ұзындығы 1593 метр оң бағыттағы тоннельді қазу жұмыстары толық аяқталды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін толық аяқталады.

Қазір жалпы ұзындығы 13,4 шақырым болатын Алматы метросында 11 станция бар.
👍8🎉1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БҚО-да қызылша жұқтырған 11 айлық нәресте көз жұмды

Бастапқыда дәрігерлер қызылша инфекциясына тән клиникалық белгілерді байқағанымен, зертханалық талдау нәтижесінде диагноз расталмады. Сәбидің туа бітті ауруы асқынған.

Өңірде жыл басынан бері 50 адам қызылшаға шалдыққан. Дәрігерлер аурудың алдын алудың ең тиімді жолы - вакцинация екенін ескертеді.
😨2❤1🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❓Бюджет қалай игеріледі?

🔺Мемлекеттен бөлінген қаржыны игеру маңызды ма, әлде нәтиже шығару ма? Қаражаттың мақсатты жұмсалмауының салдары қандай?

📺Осы және өзге де мәселелер жексенбі 20:00-де «Апта» бағдарламасында.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤4👌3❤‍🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📢 14 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына байланысты «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтеді

Онлайн марафон сағат 12:00-де басталып, 18:00-ге дейін жалғасады.

🔵Шара аясында Конституциялық комиссия мүшелері, заңгерлер, сарапшылар және азаматтық белсенділер пікір алмасу алаңында бас қосады. Конституциялық өзгерістердің әр азаматтың өміріне әсері туралы айтылады.

🔴 Онлайн-марафон республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың YouTube және Facebook желісіндегі платформалары арқылы тікелей трансляцияланады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗳 Республикалық референдумға дайындық қалай өтеді?

Жаңа Конституцияны қабылдау үшін 15 наурызда өтетін республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын ұсынамыз.

📌Айта кетейік, Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, жыл басындағы дерек бойынша елімізде 12 млн 400 мыңнан астам азамат дауыс беру құқығына ие.
❤6👍3👌1
Пара шабандоздар Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

Сауд Арабиясында шосседегі пара велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль иеленді.

Ерлер арасындағы В класы тандемдік жекелей сында Наиль Ермұханбет пен Руслан Әлиев қола, Кирилл Ильюкевич пен Глеб Бруссенский күміс жүлдеге ие болды. Әйелдер арасындағы тандемдік жарыста Жұлдыз Қайнарова мен Анжела Соловьева алтын, Анастасия Калаус пен Полина Братчикова күміс жүлде алды.

C4 класында Павел Бабенко күміс, H2 класында Берік Қартбай күміс медаль жеңіп, Қазақстан тарихында H класындағы Азия чемпионатындағы тұңғыш жүлдені еншіледі.
🔥5❤1
🏅Астаналық ұстаз дзюдодан Абу-Дабиде өткен чемпионатта алтын медаль алды

№106 жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Болат Abu Dhabi қаласында өткен дзюдодан халықаралық чемпионатқа қатысып, топ жарды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.

66 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Нұрсұлтан Болат қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алған.

📌Айта кетейік, United Arab Emirates аумағында ұйымдастырылған байрақты бәсекеге 50 мемлекеттен келген спортшылар қатысқан.
❤12🔥3
Франция мен Испанияда «Нильс» дауылы салдарынан үш адам қаза тапты

Франция мен Испанияда «Нильс» дауылы салдарынан үш адам қаза тауып, ондаған адам түрлі жарақат алған. Сондай-ақ мыңдаған үй жарықсыз қалды. Бұл туралы Deutsche Welle медиа компаниясы AFP агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

AFP агенттігінің мәліметінше, Францияның оңтүстік-батысында бір адам өз бақшасында баспалдақтан көтеріліп келе жатып, дауыл әсерінен көз жұмса, Испанияда 46 жастағы әйелдің үстіне қойма шатыры құлаған. Сондай-ақ Францияда бір күн бұрын жүк көлігінің алдыңғы әйнегіне ағаш бұтағы құлап, салдарынан жүргізуші қайтыс болған. Бұдан бөлек 5 адам ауыр, ондаған адам жеңіл түрде жарақат алған.

Ал Францияның оңтүстігінде шамамен 450 мың үй жарықсыз қалды. Кейбір аудандарда су тасқыны жалғасуда, Француз Альпілерінде көшкін жүру қаупі бар. Оңтүстік Франциядағы Сет порт қаласында 550 тонна салмақтағы кран жүк кемесіне құлаған.

Француз метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, 25 департамент үшін әлі де ауа райы бойынша қызыл немесе қызғылт сары деңгейіндегі қауіптілік сақталуда.
❤4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Михаил Шайдоровты қолдауға келген Италиядағы қазақстандық студенттер

⛸ Отандасымыз Милан-Кортинадағы қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарламада өнер көрсетеді.

🏆 Михаил Шайдоров мұз айдынға 20-шы болып шығады.

💪 Сәттілік тілейміз!
🎉20❤16💘2❤‍🔥1👍1
🇰🇿 Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарының чемпионы

🥇 Отандасымыз Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан бірінші орынға ие болып, Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды.

⛸ Құттықтаймыз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤63🔥14👍4
Forwarded from QAZSPORTTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Алтынға қол жеткізген сәт

🥇 Михаил Шайдоров Қазақстан мәнерлеп сырғанау тарихындағы алғашқы тарихи алтын медальді жеңіп алды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤57🔥15👍1
🌡Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады.

🔹15 ақпаннан бастап республиканың батысына солтүстік-батыс циклоны ығыса бастайды. Ол шығыс бағытқа қарай жылжиды, салдарынан жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түсіп, кей аумақтарда боран соғуы ықтимал.

🔹Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да атмосфералық фронтальды толқындардың өтуіне байланысты жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түсіп, ауа райы тұрақсыз болады. Ал 14-15 ақпанда қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

📌Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болады және тұман түседі.
👍1
🗺Елімізде алғаш рет эпидемиологиялық онлайн-карта әзірленді

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері интерактивті жүйе арқылы әлемдегі эпид ахуалды бақылау өте қолайлы дейді. Әсіресе шетелге саяхаттауға, жұмыс сапарымен баратын отандастарымыз үшін таптырмас құрал.

✔️Азаматтар барғысы келген елдегі жағдайды, қандай ауру тарап, вакцина салдыру шарты бар-жоғын алдын ала біле алады.

📌Сонымен қатар елдегі жағдайды да карта арқылы көруге болады. Аурудың қандай түрлері, штамдары тарап жатқаны туралы деректер жарияланып тұрады.
❤9
⚡️Бүгін «Референдум-2026» онлайн-марафоны өтеді

Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң. Марафон 6 сағатқа созылады. Басталуы – 12:00. Шара аясында 100-ге жуық сарапшы, заңгер, қоғам белсендісі мен мемлекет қайраткерлері сөз сөйлейді.

📺«Референдум-2026» онлайн-марафонынан «Ақпарат» жаңалықтар топтамасы сағат сайын тікелей қосылымдар мен репортаждар ұсынады.

Сондай-ақ республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың YouTube және Facebook желісіндегі платформалары арқылы тікелей трансляцияланады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады.

Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді.

Президент Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі.
👍14🤝13❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
✔️Бүгін Астанада жаңа Конституция жобасына байланысты «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтеді

Онлайн марафон сағат 12:00-де басталып, 18:00-ге дейін жалғасады.
Шара аясында Конституциялық комиссия мүшелері, заңгерлер, сарапшылар және азаматтық белсенділер пікір алмасу алаңында бас қосады. Конституциялық өзгерістердің әр азаматтың өміріне әсері туралы айтылады.

📌Онлайн-марафон республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың YouTube және Facebook желісіндегі платформалары арқылы тікелей трансляцияланады.
❤4👎3