Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.4K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
⚡️Бүгін «Референдум-2026» онлайн-марафоны өтеді

Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң.

Марафон 6 сағатқа созылады. Басталуы – 12:00. Шара аясында 100-ге жуық сарапшы, заңгер, қоғам белсендісі мен мемлекет қайраткерлері сөз сөйлейді.


Сондай-ақ республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың YouTube және Facebook желісіндегі платформалары арқылы тікелей трансляцияланады.

▶️ Онлайн трансляция 𝐪𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧.𝐭𝐯 сайты мен 𝐅𝐚𝐜𝐞𝐛𝐨𝐨𝐤, 𝐘𝐨𝐮𝐓𝐮𝐛𝐞, Instagram, TikTok желісіндегі ресми аккаунттарымызда жүргізіледі.

✈️ Марафон ақпараттары https://t.me/referendum_2026 Telegram-арнасында жарияланады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9
⚡️Сәлден соң «Референдум-2026» онлайн-марафоны басталады

Марафон 6 сағатқа созылады. Шара аясында 100-ге жуық сарапшы, заңгер, қоғам белсендісі мен мемлекет қайраткерлері сөз сөйлейді.

Сондай-ақ республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың YouTube және Facebook желісіндегі платформалары арқылы тікелей трансляцияланады.

▶️ Онлайн трансляция 𝐪𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧.𝐭𝐯 сайты мен 𝐅𝐚𝐜𝐞𝐛𝐨𝐨𝐤, 𝐘𝐨𝐮𝐓𝐮𝐛𝐞, Instagram, TikTok желісіндегі ресми аккаунттарымызда жүргізіледі.

✈️ Марафон ақпараттары https://t.me/referendum_2026 Telegram-арнасында жарияланады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤1
Live stream started
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴«Референдум-2026» онлайн-марафоны басталды

Марафон 12:00-18:00 аралығында өтеді. Шара аясында 100-ге жуық сарапшы, заңгер, қоғам белсендісі мен мемлекет қайраткерлері сөз сөйлейді.

▶️ Онлайн трансляция 𝐪𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧.𝐭𝐯 сайты мен 𝐅𝐚𝐜𝐞𝐛𝐨𝐨𝐤, 𝐘𝐨𝐮𝐓𝐮𝐛𝐞, Instagram, TikTok желісіндегі ресми аккаунттарымызда жүргізіледі.

✈️ Марафон ақпараттары https://t.me/referendum_2026 Telegram-арнасында жарияланады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Референдум–2026» онлайн-марафоны: «Жаңа Конституция: өзгерістердің мәні» тақырыбы бойынша талқылау басталды

Спикерлер:


Айдос Сарым - ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі;

Индира Рыстина - саясаттанушы;

Айдарбек Қожаназаров - ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия
мүшесі.

▶️ Онлайн трансляция 𝐪𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧.𝐭𝐯 сайты мен 𝐅𝐚𝐜𝐞𝐛𝐨𝐨𝐤, 𝐘𝐨𝐮𝐓𝐮𝐛𝐞, Instagram, TikTok желісіндегі ресми аккаунттарымызда жүргізіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Айдос Сарым: Қазақстан келесі дәуірге аяқ басты

ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Айдос Сарым жаңа Конституция жобасындағы өзгерістердің мəнін түсіндірді. Оның пікірінше, Қазақстан жаңа бір дәуірге аяқ басты. Бұл кезеңде егемендіктің қайнар көзі – халық.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
❤2👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Айдарбек Қожаназаров: Цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін Ата заңымызда белгілеу маңызды болды

«Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Айдарбек Қожаназаров көпшіліктен келіп түскен цифрлық дербес деректерді қорғау, жекеменшік мүлікті қорғау және ашықтық жайында пікірлер мен ұсыныстар жайында айтты.

«Ұсыныстар қатарында көп қозғалған әрі бұған дейін де бірнеше рет көтерілген мәселе - цифрлық деректерді қорғау мәселесі болды. Азаматтың құқығы тек офлайн ғана емес, онлайн да қорғалуы керек екенін де айтып келе жатырмыз. Мәжілісте Цифрлық кодексті де енгіздік. Оны Ата заңымызда белгілеу маңызды болды. Екінші мәселе – азаматтардың жекеменшік үйін қорғау, соттың шешімінсіз жүзеге асырылмайтынын бекіту. Желілерде түрлі оқиғаларды көрдік, соған жол бермес үшін осындай шешім қабылданды», - дейді Айдарбек Қожаназаров.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
❤2👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
100-ге жуық спикер жаңа Ата заң жобасын талқылап жатыр

«Қазмедиа орталығында» Конституциялық реформаға арналған онлайн-марафон өтіп жатыр. Алаңда комиссия мүшелері, заңгерлер, сарапшылар мен қоғам белсенділері жаңа Ата заңға енгізілетін өзгерістерді талқылауда.

130 адамнан тұратын комиссия 12 ашық отырыс өткізіп, 10 мыңнан астам ұсынысты қараған. Маңызды құжаттың мәтіні алғаш рет мемлекеттік тілде қайта жазылды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🟢Дәл қазір «Референдум-2026» онлайн марафоны өтіп жатыр

Онлайн трансляция qazaqstan.tv сайтында, сондай-ақ Facebook, YouTube, Instagram, TikTok желілеріндегі ресми аккаунттарда жүргізіледі.

Марафонға қатысты ақпараттар Telegram-арнамызда жарияланады.
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 Жаңа Конституция жобасы ел дамуына серпін береді

Жаңа Конституция жобасы елдегі құқықтық жүйені жаңғыртып, халықтың мүддесін қорғауды күшейтеді. Құжатта білім мен ғылымды дамыту, инновациялық әлеуетті арттыруға бағытталған тетіктер қарастырылған.

Сондай-ақ қоғам дамуына серпін беретін бастамаларға басымдық беріліп отыр. Тұрғындардың айтуынша, жаңа өзгерістер қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
👎3
«Референдум–2026» онлайн марафонынан

15 наурызда елімізде республикалық референдум өтеді. Бұл күні Қазақстан халқы жаңа Конституция жобасына қатысты өз таңдауын жасайды.

Ал бүгінгі «Референдум–2026» онлайн марафоны жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң. Марафон сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Шара отандық телеарналар мен интернет порталдардың ресми сайты мен әлеуметтік желідегі платформалары арқылы тікелей трансляцияланып жатыр.
👎3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық комиссия мүшесі: Штаб енді аймақтарды аралайды

ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Айдос Сарым «Референдум–2026» онлайн-марафонына қатысып, Конституция жобасындағы өзгерістер жайлы пікір білдірді.

«Комиссия 1000-нан аса ұсынысты қарады. Әрбір ұсыныс білдірген азаматқа біз алғыс айтуымыз қажет. Тіпті ол сыни пікір білдірсе де. Себебі ол мемлекеттің болашағына бейжай қарап отырған жоқ. Осыны түсіндіріп, азаматтармен танысу мақсатында жақында штаб аймақтарды аралауды жоспарлап отыр», - дейді Айдос Сарым.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
👎3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💰«Білім, инновация, мәдениетке инвестиция құюымыз керек»

Бұл туралы «Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Айдарбек Қожаназаров айтты.

«Ата заңымызда білім, инновация, мәдениетімізді алға шығарсақ, экономикалық жағдайымыз да жақсарады. Біз зияткер ұлтқа айналуымыз қажет. Ол үшін осы салаларға инвестиция құюымыз керек. Бұл мақсат Ата заң деңгейінде бекітілгеннен кейін мемлекеттік органдар мен ұйымдар да бұған ерекше басымдық бере бастайды», - дейді Айдарбек Қожаназаров.


#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
👎3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Ерлан Саиров онлайн марафон алаңында жаңа Конституцияның преамбуласындағы ұлттар арасындағы татулық туралы пікір білдірді.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа Ата заңның мәтіні мен мәні сарапталып жатыр

Жаңа Конституция жобасы 12 ақпанда халық назарына ұсынылып, БАҚ беттерінде жарияланды. Президент 15 наурыз күні республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Қазір спикерлер құжаттың мәтіні мен мазмұнын жан-жақты талқылап жатыр. Сарапшылар жаңа нормалардың қатарында азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау және меншіктік құқықтардың барлық түрін заңмен бекіту мәселелерін атап өтті.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа Конституция жобасында преамбула толық жаңарады

Жаңа Ата заң жобасында преамбула тұтас жаңартылмақ. Кіріспе бөлімде мемлекеттің тарихы мен бүгінгі басты бағдарлары айқын көрсетілген.

Онлайн-марафонда спикерлер преамбуланың жаңа мазмұнын талқылап жатыр. Тілшілердің айтуынша, бұл бөлім елдің мақсат-мұратын айқындайтын саяси-философиялық мәлімдеме ретінде маңызды рөл атқарады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бір палаталы Парламент пен Халық кеңесі құрылады

Жаңа Конституция жобасына сәйкес елде бір палаталы Парламент құрылып, ол Құрылтай деп аталады. Онда 145 депутат пропорционалды жүйемен бес жылға сайланады.

Сондай-ақ Халық кеңесі атты консультативтік орган құрылады. Оның құрамына этностар, қоғамдық ұйымдар және өңірлік мәслихат өкілдері кіреді.

Кеңес ішкі саясат бойынша ұсыныс беріп, қоғамдық келісімді нығайтуға, заң жобаларын ұсынуға және референдум бастамасын көтеруге құқылы.