Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.4K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Преамбула – өткен тарихымызды дәріптей отырып, болашаққа бағдарымызды анықтайтын іргетас»

Бұл туралы «Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Үнзила Шапақ айтты.

«Преамбула – өткен тарихымызды дәріптей отырып, болашаққа бағдарымызды анықтап беретін іргетас. Қолданыстағы Конституцияның преамбуласы мен жаңа преамбулада үлкен айырмашылық бар. Оған назар аудару туралы бұған дейін бірнеше рет айтылып жүрді. Біріншіден, қолданыстағы Ата заңды қабылдаған кезде азаматтардың ұстанатын құндылықтары, саналық деңгейіне байланысты жазылды. Уақыт өте келе біз өзіміздің өткенімізді зерделеп, байырғы қазақ жерінде болған мемлекеттердің мұрагері екенімізді заңды түрде бекіту үшін құжат халықтың мүддесіне бағытталып, жаңа көзқараспен жазылды», - дейді Үнзила Шапақ.
#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сарапшы: Қазақстан саяси билік институттарын жетілдіруде

Әзербайжандық сарапшы Орхан Йолчуев Қазақстандағы өзгерістер билік институттарын нығайтып, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты күшейтуге бағытталғанын айтты.

Оның пікірінше, жаңа Конституция жобасы – ауқымды реформа пакеті және бұл қадамдар тек Қазақстанға емес, бүкіл Орталық Азияға әсер етеді.
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің міндеттері көрсетілген»

Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы, Конституциялық комиссия мүшесі Серік Ақылбай «Референдум–2026» онлайн-марафонына қатысты. Заңгер жаңа Конституция жобасындағы 3-бапқа тоқталды. Бұл бапта мемлекеттің халық алдындағы міндеттері толық және анық көрсетілген.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 Жаңа Конституция – демократиялық жаңғыру кепілі

Жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаларының бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы. Бұл бастама шешім қабылдау кезінде азаматтардың пікірін ескеруді көздейді.

Құжатта адам құқықтарын қорғау мен адами капиталды дамытуға басымдық берілген. Тұрғындардың айтуынша, жаңа жоба бұрынғы нұсқамен салыстырғанда демократиялық сипатқа ие.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🟢Дәл қазір жаңа Конституция жобасына байланысты «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтіп жатыр

Шара сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Шара аясында Конституциялық комиссия мүшелері, заңгерлер, сарапшылар және азаматтық белсенділер пікір алмасу алаңында бас қосып отыр.

📌Онлайн трансляция
qazaqstan.tv сайтында, сондай-ақ Facebook, YouTube, Instagram, TikTok желілеріндегі ресми аккаунттарда.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌍 Қазақстандағы референдум әлем баспасөзінің назарында

Қазақстандағы конституциялық реформа халықаралық ақпарат құралдарының да назарын аударды.
«Рейтер» агенттігі референдумның 15 наурызда өтетінін хабарлап, өзгерістер парламент құрамын оңтайландыратынын атап өтті.

«Евроньюс» жаңа Конституция қабылданса, оның 1 шілдеден бастап күшіне енетінін жазды. Ал қырғызстандық заңгер Таттуу Ергешбаева комиссия жаңа жобаны қоғам ұсыныстарын ескере отырып референдумға ұсынып отырғанын айтты.
«Референдум–2026» онлайн марафонынан

Бүгінгі «Референдум–2026» онлайн марафоны жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң. Марафон сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Шараға сарапшы, заңгер, қоғам белсендісі мен мемлекет қайраткерлері
қатысып жатыр.

▶️ Онлайн трансляция 𝐪𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧.𝐭𝐯 сайты мен 𝐅𝐚𝐜𝐞𝐛𝐨𝐨𝐤, 𝐘𝐨𝐮𝐓𝐮𝐛𝐞, Instagram, TikTok желісіндегі ресми аккаунттарымызда жүргізіледі.

Марафон ақпараттары https://t.me/referendum_2026 Telegram-арнасында жарияланады.

Суреттер осында: https://disk.yandex.kz/d/GWRgjlCdA770Ew
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа Конституция жобасында отбасы және неке ұғымдары нақтыланды

Жаңа Ата заң жобасында отбасы мен неке ұғымдары нақты айқындалды. Құжатқа сәйкес, неке – ер мен әйелдің заңға сай тіркелген, ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде бекітіледі.

Онлайн-марафон барысында бұл норма жан-жақты талқылануда. Сарапшылардың айтуынша, өзгеріс дәстүрлі отбасылық құндылықтарды жоғары құқықтық деңгейде қорғауға бағытталған.
❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Үнзила Шапақ: Жаңа Конституция жобасындағы басты құндылық – адами капитал

Бұл туралы «Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Үнзила Шапақ айтты.

«Соңғы ғылыми жетістіктерді сараласақ, ғылыми шығармалардың 27,4 пайызы коммерцияланды. Соның нәтижесінде 118 млрд-тан астам қаржы түскен. Мұның өзі дәлел болады. Ғылым, білімге капитал салсақ, біздің мемлекетіміздің байлығы адам капиталы арқылы ғана өлшенеді. Бұл Конституция жобасы - адам игіліктеріне бет бұрған жоба. Адам құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуын нақты бекіттік. Нақты құндылық – адами капитал. Адамның құндылығы – білім, ғылым, инновациялық жетістіктер», - дейді депутат.


#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жанарбек Әшімжан: Бұл - жаңа тарихи кезеңнің басталуы

«Референдум–2026» онлайн-марафонында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Жанарбек Əшімжан осылай деді.

«Жаңа Конституция жобасының 1-бабынан бастап, 11 бөлім, 95 бап, 320 тармақтың барлығы Тәуелсіздікті қорғауға бағытталған. Әдеби, мәдени ғылыми тұрғыдан бастап, экономикалық тәуелсіздік, саяси тәуелсіздік, ішкі және сыртқы тәуелсіздік, адамдардың ар-ұждан бостандығы, жалпы шекаралық тәуелсіздік барлығы осы мақсаттқа арналды. Меніңше, бұл жаңа тарихи кезеңнің басталуы деп ойлаймын», - дейді Жанарбек Әшімжан.


#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Парламенттік реформа мәселесі талқыланды

Онлайн-марафон алаңында парламенттік реформа тақырыбы қызу талқыланды. Бірінші блок аясында «Егемендік пен тәуелсіздік бәрінен қымбат», «Парламенттен Құрылтайға» және «Адам – мемлекеттік саясаттың ортасында» атты ток-шоулар өтті. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» бастамасы да көтерілді.
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Заң және тәртіптің үстемдігі» тақырыбында пікірталас басталды

Қазмедиа орталығында өтіп жатқан онлайн-марафонда жаңа талқылаулар кезеңі басталды. Қазір «Заң және тәртіптің үстемдігі, мемлекет қызметінің қағидаты» атты ток-шоу өтіп жатыр.

Алдағы сағатта сарапшылар заңның үстемдігі, адам құқығын қорғау мәселелерін қозғайды. Сонымен қатар жеке және цифрлық өмірді қорғау бойынша сараптамалық диалог ұйымдастырылады.
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 Сарапшы: Бір палаталы парламентте заң шығару процесі жылдам жүреді

Литвалық саясаттанушы Алгис Крупавичюстің айтуынша, бір палаталы парламентке көшу – жаһандық үрдіс.
Парламентаралық одақ дерегіне сәйкес, әлемдегі 188 парламенттің 107-сі бір палаталы, 81-і екі палаталы.

Сарапшының пікірінше, бір палаталы жүйеде заң қабылдау үдерісі жылдам әрі жауапкершілік айқынырақ болады.
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 Ата заң жобасы жаңа құқықтық нормалармен толықтырылған

Конституцияның жаңа жобасында заманауи талаптарға сай бірқатар құқықтық нормалар енгізілген. Құжатта қоғамдағы өзекті сын-қатерлер ескеріліп, жаңа заң тармақтары ұсынылған.

Тұрғындардың айтуынша, басты құжатта мемлекеттің мүддесімен қатар, әр азаматтың құқығын қорғауға ерекше назар аударылған.
👍3