Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.4K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа Конституция жобасына байланысты «Референдум–2026» онлайн-марафоны жалғасуда

Осыған орай «Qazaqstan» телеарнасында сағат сайын «Ақпарат» бағдарламасы тікелей эфирде көрсетілуде.

Сондай-ақ онлайн трансляция qazaqstan.tv сайтында және Facebook, YouTube, Instagram, TikTok желілеріндегі ресми аккаунттарда жүргізіліп жатыр.

Шара аясында Конституциялық комиссия мүшелері, заңгерлер, сарапшылар мен азаматтық белсенділер пікір алмасуда.

Айта кетейік, марафон сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
👍3❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Білім мен ғылым – мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты

Жаңа Конституция жобасы талқыланып жатқан онлайн-марафон жалғасуда. Қазір спикерлер білім мен ғылымды дамыту мәселесін көтеріп жатыр.

Жобаға сәйкес, білім, ғылым және инновация мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілмек.

Сарапшылардың пікірінше, бұл норма адами капиталды күшейтіп, елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға жол ашады. Онлайн-марафон аясында ғалымдар мен депутаттар аталған баптың маңызын талқылауда.
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алатау – жаңа мүмкіндіктер қаласы

Қалада заманауи инфрақұрылым, жоғары технологиялар мен цифрлық шешімдерге негізделген жаңа өмір салты қалыптасады.

Конституцияның жаңа жобасында қалаға арнаулы мәртебе беру туралы норма да енгізілген.
👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📣«Референдум–2026» онлайн-марафоны өтуде

«Референдум–2026» онлайн-марафоны сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Марафон аясында Конституциялық комиссия мүшелері, заңгерлер, сарапшылар мен азаматтық белсенділер пікір алмасуда.

📲Онлайн трансляция qazaqstan.tv сайтында, сондай-ақ Facebook, YouTube, Instagram, TikTok желілеріндегі ресми аккаунттарда жүргізіледі.
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 Сарапшы: Қазақстан көрші мемлекеттерді де жаңғыруға ынталандырып отыр

Армениялық сарапшы Джонни Меликян Қазақстандағы реформалар өңір елдеріне де оң ықпал етіп отырғанын айтты.

Оның сөзінше, Қазақстан өзін көптеген мемлекеттер үшін сенімді серіктес ретінде танытып, шетелдік инвестицияға қолайлы елге айналды.
❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
👩‍👧‍👧Отбасының беріктігі – мемлекеттің тұтастығы

Жаңа Конституция жобасында неке мен отбасы ең жоғары құндылық ретінде бекітілді. Құжатқа сәйкес, мемлекеттік органда ресми тіркелген неке ғана заңды деп танылады. Ал отбасы – ер мен әйелдің ерікті, тең құқықты одағы ретінде айқындалады.

Тұрғындар бұл шешімді дәстүрлі құндылықтарды құқықтық деңгейде қорғауға бағытталған маңызды қадам деп бағалап отыр.
👍4❤1
«Референдум–2026» онлайн-марафон жалғасып жатыр

▶️ Онлайн трансляция 𝐪𝐚𝐳𝐚𝐪𝐬𝐭𝐚𝐧.𝐭𝐯 сайты мен 𝐅𝐚𝐜𝐞𝐛𝐨𝐨𝐤, 𝐘𝐨𝐮𝐓𝐮𝐛𝐞, Instagram, TikTok желісіндегі ресми аккаунттарымызда жүргізіледі.

Марафон ақпараттары https://t.me/referendum_2026 Telegram-арнасында жарияланады.

Суреттер осында: https://disk.yandex.kz/d/GWRgjlCdA770Ew
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қарақат Әбден: Халық кеңесі саяси басымдылыққа ие болады

«Референдум–2026» онлайн марафонына ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Қарақат Әбден қатысты.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бибігүл Жексенбай: Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлін айқындамақ

«Референдум–2026» онлайн-марафон алаңында Ұлттық заңнама мен Халықаралық шарттардың арақатынасы талқыланды. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай осы тақырып аясында пікір білдірді.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Конституция – біз үшін ең маңызды құқықтық құжат»

«Референдум–2026» онлайн-марафонына қатысқан заңгер Нұрғазы Әнуарбеков осылай деді.

Оның айтуынша, Конституция – ең жоғары заңды күші бар негізгі құжат. Барлық нормативтік-құқықтық актілер соған сәйкес болуы тиіс.

Халықаралық шарттар да осы талаппен қаралады. Бұл Қазақстан халықаралық міндеттемелерден бас тартады дегенді білдірмейді. Конституциялық сот шарттардың Ата заңға сәйкестігін тексереді. Сәйкес деп танылған жағдайда ғана олар ел ішінде қолданылады.
👍4❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қоғамдық диалогтың маңызы қандай?

Бұл сұраққа «Референдум–2026» онлайн-марафонында «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры, Конституциялық комиссия мүшесі Дихан Қамзабекұлы жауап берді.

«Жаңа Ата заң жобасында қоғаммен диалог – Қазақстан мемлекетінің негізгі құндылықтар қатарында көрсетіліп отыр. Оның негізгі бағдары – қоғам мен билік арасында алтын көпір болуы. Мұның түрлі сатысы бар. Қоғамдық билік – атқарушы және заң шығарушы билік деп қарастырамыз. Заң шығарушы биліктің де қоғамдық диалогта өзіндік орны бар», - дейді Дихан Қамзабекұлы.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Қазақстан өзінің бейбітсүйгіштік, бітімгерлікке шақыратын рөлін нығайта түседі»

«Референдум–2026» онлайн-марафонында заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жамаладен Ибрагимов айтты.
«Біздің мемлекет әлемдік кеңістікте Орта держава ретінде өз орнын алып қойған орташа күш. Преамбулада белгіленген құндылықтар еліміздің көптеген мемлекетпен қарым-қатынасын, татулығын көрсетеді. Болашақта осы жоба қабылданғаннан кейін Қазақстан әлемге өзінің бейбітсүйгіштік, бітімгерлікке шақыратын рөлін нығайта түседі. Болашақта бұл принциптер еліміздің халықаралық қатынастардағы саясатын анықтап, кез келген дау туындаған мәселені бейбіт жолмен шешетіндігін көрсетеді», - дейді Жамаладен Ибрагимов.



#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
👎2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Табиғат мәселелеріне көңіл аударуымыз керек - Депутат

ҚР Сенат депутаты Әсем Рахметова табиғатқа алаңдаушылығын білдірді.

«Табиғатты біз қаншалықты сыйлап жүрміз? Бұл мәселеге толық тоқталатын уақыт келген сияқты. Ата-бабамыз табиғатты қастерлеп, барлық игілікті содан алған. Ал бүгінгі технология дамыған, жасанды интеллект кеңінен енген заманда біз керісінше табиғатқа зиян келтіріп жатқан жоқпыз ба?»,-деді депутат.


Депутаттың айтуынша, дамуға ұмтылған кезде экология мәселесін екінші орынға ысырып қоймай, табиғатты қорғауға басымдық беру қажет.
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Табиғатты аялау – Ата заң деңгейіндегі жауапкершілік»

ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Жарқынбек Амантай «Референдум–2026» онлайн-марафонында экологиялық мəдениет пен жауапкершілік жайлы пікір білдірді.

«Табиғатты қорғау әр азаматтың тек жауапкершілігі ғана емес, конституциялық міндеті болады. Ірі өндіріс иелері мен инвесторлар да экологияға зиян тигізсе, жаңа Заң жобасы бойынша қатаң жазаланады», - дейді депутат.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
👍2