Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.4K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
«Референдум–2026» онлайн марафонынан

Суреттер осында: https://disk.yandex.kz/d/GWRgjlCdA770Ew
👍4🤷‍♂1👌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекеттің балаларды күнделікті қорғауы Конституцияда көрініс тапқан

Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Закиева «Референдум–2026» аясындағы талқылауға қатысты.

Жаңа Конституция жобасында неке, ана мен әке болу және балалық шақ мемлекеттің қорғауында болатыны нақты бекітілген. Балаларды қорғау – кең ұғым. Ол әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік бағыттарындағы құқықтарды қамтамасыз етуді қамтиды.

Сонымен қатар балаларға қатысты құқықбұзушылық фактілеріне жедел әрекет ету, құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету де осы ұғымға кіреді.

Мысалы өткен жылы тәуекелдің ерте алдын алу және профилактика бағытында 50 мыңға жуық жағдай бойынша жұмыс жүргізілген.
👍3❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Енді ешкімді сот шешімінсіз үйінен қуып шығара алмайды»

Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов «Референдум–2026» онлайн-марафонына қатысты. Жаңа Конституция жобасында тұрғын үй қатынасына байланысты маңызды норма бар. Ешкімді сот шешімінсіз үйінен қуып шығара алмайды. Бұл Ата заң деңгейінде әр азаматтың құқығын толық қамтамасыз етуге көмектеседі.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚР ПІБ Парламентаризм институтының бас маманы Сәулен Нұржан «Референдум–2026» онлайн-марафонында жаңа Конституция жобасының тұрғын үй қатынасына байланысты пікір білдірді

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
👍4❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Мемлекет әр азаматтың ұстанымы мен сеніміне қолайлы жағдай жасайды»

«Референдум–2026» онлайн-марафонында Мәжіліс депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Серік Егізбаев мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынас жайында айтты.

«Жаңа Конституция жобасының 7-бабы 1-тармағында нақты жазылған: дін мемлекеттен бөлек. Қазір Франция, Германия, Түркия, Қырғызстан елдерінің Конституцияларында да нақты секуляризм деген принцип бар. Секуляризм – мемлекет өз ұстанымдарын дін қағидаттарына емес, зайырлы, құқықтық нормаларына негізделіп, мемлекетті басқаруды сол принциптермен ұйымдастырады деген ұстаным. Бұл туралы Конституцияның 4-бабында мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынастар нақты көрсетілген. Еліміздегі діни бірлестіктердің жанында 14 оқу орындары жұмыс істейді. Мемлекет әр адамның ұстанымы мен сеніміне қатысты қолайлы жағдай туғызады. Бірақ мемлекет ісіне, білім беру жүйесіне оны араластырмайды. Білім беру жүйесі тек зайырлы принциптермен жұмыс істейді», - дейді депутат.



#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
👍7
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Тарихи жеңіс: Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарының чемпионы

Қазақстан Ұлттық құрамасы араға 32 жыл салып Қысқы Олимпиада ойындарында алтын жеңіп алды. Мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан төртжылдықтың басты бәсекесінде чемпион атанды.

✔️Сонымен бірге еркін бағдарлама мен қоссайыс бойынша жеке рекордын жаңартты.

Толығырақ тілші бейнематериалынан көріңіз.
❤8👏8
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📝Шайдоровтың жеңісін шетелдік БАҚ жарыса жазып жатыр

New York Times басылымы Михаил Шайдоровтың өнерін анимациялап, спортшының ұпайды қалай алғанын көрсетті. Атлеттің секірген кезде неше рет айналғанын, сондай-ақ оның орындаған аксель, эйлер, сальхов және лутц сынды техникалық элементтерін анық бейнеледі.

The Washington Post, The Guardian және Reuters қазақстандық спортшының көрсеткен өнерін жан-жақты талдып, егжей-тегжейлі саралап шыққан. Кейбір басылымдар жазғандай, Шайдоров әсіресе өзінің батылдығы мен шеберлігінің арқасында ұпай бойынша алға суырылып, өзгелерден басым түскен.

Ал ауқымды материал шығарған BBC Sport мақала соңында қиын элемент саналатын төрт айналып секіруді меңзеп, Шайдоровты «төрттіктің жаңа патшасы» деп атап, аса құрмет білдірген.
❤13🎉2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎵Тұсаукесер: Бүгін «Көкжиектен асқан үн» халықаралық шоуы көрсетіледі

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасында жаңа музыкалық жобаның тұсаукесері өтеді. Бүгін сағат 21:20-да әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген продюсерлік еткен «Көкжиектен асқан үн» халықаралық шоуының көрсетілімі басталады.

Жоба – түрлі мемлекеттен келген таңдаулы вокалистер қатысатын ауқымды музыкалық бағдарлама. Көрермен алты елден жиналған сегіз дарынды орындаушының өнерін тамашалайды.

Бағдарлама барысында қатысушылар Түркістан, Ақмола, Маңғыстау және Алматы облыстары мен Алматы, Астана қалаларын аралап, еліміздің табиғаты мен мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттайды.

12 бөлімнен тұратын жоба үш ай бойы әр сенбі сайын эфирге шығып, көрерменге музыкалық бәсекемен қатар Қазақстанның көрікті өңірлерін таныстырады.

Айта кетейік, жобаның Қытайдағы алғашқы көрсетілімі бір тәулік ішінде 102 миллионнан аса қаралым жинап, рекорд орнатқан еді.
❤4👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті

✍️Шара аясында Конституциялық комиссия мүшелері, заңгерлер, сарапшылар мен азаматтық белсенділер пікір білдірді.

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
👍3👎2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚘Димаш Құдайберген: Михаил Шайдоровқа көлік сыйлаймын

Әнші Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты тарихи жеңісімен құттықтап, көлік сыйлайтынын мәлімдеді.
👍23❤7
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✔️«Референдум–2026» онлайн-марафонынан

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
👍6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📝«Референдум-2026» онлайн-марафонына 100-ден астам сарапшы қатысты

Бүгін Астанада жаңа Ата заң жобасын кеңінен талқылауға арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтті. Жаңа құжат ашық әрі жан-жақты сараланды. Шара отандық телеарналар мен ірі интернет-порталдардың ресми сайттарында және әлеуметтік желідегі парақшалар арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
👍6❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📝«Референдум-2026» онлайн-марафонына 100-ден астам сарапшы пікір білдірді

#Референдум2026 #Референдумонлайнмарафон2026
👎1