Қайтыс болғаннан кейін ағзаларыңызды донорлыққа беруге келісесіз бе?
Anonymous Poll
26%
Иә, келісемін
37%
Жоқ, қарсымын
28%
Әлі шешім қабылдамадым
16%
Бұл туралы көбірек білгім келеді
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент: Каспий ахуалы әлемдік қоғамдастыққа да зардабын тигізеді
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий экология саммитінде айтты.

«Каспий – бірегей табиғи қазына, миллиондаған адамның тіршілік көзі, күллі Еуразия құрлығындағы негізгі көлік және энергетика торабы. Сондықтан теңіз экожүйесін сақтауға, ең алдымен, біздің мемлекеттеріміз мүдделі болуы керек. Осы орайда, мұны тек экологиялық дағдарыс емес, салдары өте қауіпті экономикалық ахуал деп бағалаған Иран Президенті Масуд Пезешкиан мырзаның пікірін құптаймын. Егер қазір жедел әрі батыл шаралар қабылданбаса, экологиялық жағдай күрт нашарлауы ықтимал. Бұл Каспий маңында орналасқан елдердің халқына ғана емес, әлемдік қоғамдастыққа да зардабын тигізеді», - деді Мемлекет басшысы.
❤8
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
365 мыңнан астам жеткіншек Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы Президенттің тапсырмасымен 2024 жылы іске қосылды. Осы уақыт аралығында 6 млн 918 мың баланың шотына 2,5 миллиард долларға жуық қаражат аударылған. Айта кетерлігі, кәмелет жасқа жетіп, жинағын өз керегіне пайдаланып, жобаның игілігін көріп үлгергендер де бар. Тіпті жиналған қаражатты мұраға қалдыруға болады.
Тақырыпты тілшіміз Ақниет Балтанова тарқатсын.

👍9
❇️Күнді жағымды жаңалықтармен қорытындылайық
⚽️Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін ағылшынның «Бернли» клубымен бірге жаттығуға кірісті. Бұл туралы клубтың бас бапкері Никки Хайен мәлімдеді.
💪61 жастағы әйел планкада 5 сағат тұрып, әлемдік рекорд орнатты
Канадалық Донна Джин Уайлд 61 жасында планка жаттығуын 5 сағат бойы орындаған. Осылайша ол әйелдер арасында әлемдік рекорд орнатты.
💉Кейбір медициналық қызметтерге МӘМС мәртебесі қажет болмауы мүмкін
Келесі жылдан бастап кейбір медициналық қызмет түрлері МӘМС-тің бар-жоғына қарамастан, тегін көрсетілуі мүмкін. Атап айтқанда, жалпы қан талдауын тапсыру, қан қысымын өлшеу, электрокардиографиядан өтуге, қандағы оттегі деңгейін тексеруге және флюорографиядан өтуге болады.
✈️Астана мен Алматыдан Оманға тікелей рейстер ашылады
23 қазаннан бастап Қазақстанның екі қаласынан Оман Сұлтандығына тікелей әуе рейстері қатынай бастайды.
💡Қызылордалық оқушы инсульт алған адамды сауықтыратын құрылғылар ойлап тапқан
Қызылордада мектеп оқушысы инсульт алған науқастарды оңалтуға арналған инновациялық құрылғылар жасап шығарды.
🎭Театр көрермені көбейіп келеді
Былтыр өнер ордасына келушілер саны бір жылда 2,5 пайызға артқан.

Telegram
QAZSPORTTV
🇰🇿 Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін ағылшынның «Бернли» клубымен бірге жаттығуға кірісті. Бұл туралы клубтың бас бапкері Никки Хайен мәлімдеді.
«Дастан оралды. Ол толыққанды жаттығу…

👍10🎉2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
Almaty SuperSki жобасы Көкжайлау шатқалында жүзеге асырылып жатыр. Курортта қыста тау шаңғысы мен сноуборд, ал жазда треккинг, тау велосипеді және басқа да спорттық бағыттар ұсынылмақ.
Жоба аясында шамамен 60 шақырым тау шаңғысы трассасы, 11 аспалы жол салу жоспарланған. Жаңа курорт тәулігіне 10 мыңнан астам адамды қабылдай алады.
Трассалардың 70 пайызы балаларға, орта деңгейдегі және енді бастаған шаңғышыларға арналады.

👍8❤2🎉1
Аптаны жағымды жаңалықтармен қорытындылайық!
🎞 Джеки Чан түскен киножобаның Қазақстандағы түсірілімі аяқталды
«Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің қалған бөлігін түсіру - Қытайда жалғасады.
👩🏫 Физиканы қызықты тәсілдермен түсіндіретін ұстаздар
🥇 Ұшақ бортында Азиада чемпионы Айбек Оралбайға құрмет көрсетілді
🎙 Ерекше дуэт: Әнші Еңлік АҚШ елшісімен бірге ән айтты
📚 Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
💍 50 жылдан кейін жарына неке жүзігін сыйлаған ата көпті таңғалдырды
👧🏻 Үш қызын бірдей құшағына алған әкенің видеосы көпшілікті сүйсінтті
⚽️ Лионель Месси Аргентина құрамасындағы соңғы ойынын өткізді
💍 Парижден келген турист Бозжырада сүйіктісіне ұсыныс жасады

❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎬 Джеки Чан Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасымен танысты
Әлемге әйгілі актер Джеки Чан 6500-ден астам экспонаты бар Nomad Century музейін аралады. Музей коллекциясы Қазақстанның, Ұлы даланың және Ұлы Жібек жолының көпғасырлық тарихына арналған.
Мұнда зергерлік бұйымдар, қару-жарақ үлгілері, ежелгі шеберлердің туындылары, дәстүрлі киімдер мен тұрмыстық заттар қойылған.
📹 : salem.entertainment

❤11
🕊 Нобельдің бейбітшілік сыйлығы құқық қорғаушы Нави Пиллэйге берілді
Нобель комитеті 2026 жылғы Бейбітшілік сыйлығын Оңтүстік Африка Республикасынан шыққан заңгер әрі құқық қорғаушы Наванетхем «Нави» Пиллэйге табыстады. Ол бұл марапатқа «бейбітшілік пен халықаралық құқықты ілгерілетуге қосқан үлесі үшін» ие болған.
⚖️ Нави Пиллэй 2003–2008 жылдары Руанда жөніндегі халықаралық қылмыстық трибуналды басқарған. Ал 2008–2014 жылдары БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары қызметін атқарып, Гаагадағы БҰҰ Халықаралық сотының судьясы болды.

❤9
11-14 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп және Патшайым Матильда «Қазақстан-Бельгия» іскерлік кеңесінің 4-отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.
Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.

Ырғыз-Торғай көлдерін мекендейтін Қызыл кітапқа енген қоқиқаздар
«Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватының көлдер жүйесінде ҚР Қызыл кітабына енгізілген қоқиқаздар (Phoenicopterus roseus) бейнетаспаға түсірілді.
📹: @aqtobe_oblysy_akimdigi

🔥6
🌿 «Таза Қазақстан»: Экологиялық бастамаға 7 миллионнан астам адам қатысты
Биыл Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы іс-шараларға 7 миллионнан астам азамат атсалысты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
📌 Негізгі нәтижелер:
▪️ Елді мекендерде 7 миллионнан астам ағаш отырғызылды;
▪️ 9 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды;
▪️ 3,8 миллион тоннаға жуық қоқыс жиналды;
▪️ TazaQazBot арқылы тазалық пен абаттандыру мәселесіне қатысты 57 мыңнан астам өтініш түсті.
♻️ Астана, Алматы және Жамбыл облысында жалпы құны 300 млрд теңгеден асатын қоқыс өңдеу кешендері салынып жатыр.
Сондай-ақ соңғы алты жылда орманды қалпына келтіру аясында шамамен 1,7 млрд ағаш отырғызылған.

🔥7
Цифрландыру - мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді басымдығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабынан
Соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық қызметтердің қолжетімділігі артты.
Елдегі мемлекеттік қызметтердің 90,3%-ы электронды форматта көрсетіледі. Ал халықтың 97,5%-ы интернетке қол жеткізе алады. Бұл көрсеткіш соңғы жеті жылда 9,9%-ға өскен.

👍7
🥋 Дзюдодан 2027 жылғы Әлем чемпионатының туы Қазақстанға табысталды
🇰🇿 Қазақстан 2027 жылы өтетін дзюдодан Әлем чемпионатының туын ресми түрде қабылдады. Салтанатты рәсім Бакуде өтті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
📍 Келер жылы 7–14 маусымда Астанада әлемнің үздік дзюдошылары бас қосады. Олар 2028 жылғы Олимпиадаға қажетті рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынайды.
Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев Әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастыруға және ұлттық құраманың дайындығына басымдық берілетінін айтты.
🥈 Айта кетейік, Бакудегі Әлем чемпионатында қазақстандық Шерзод Давлатов 60 келі салмақта күміс жүлдегер атанды.
Қазақстан бұған дейін дзюдодан Әлем чемпионатын 2015 жылы қабылдаған болатын. Осылайша әлемдік дода араға 12 жыл салып Астанаға қайта оралады.

👍21
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❓Зейнетке шыққанда зейнетақыны тиісті мөлшерде ала алмауға не себеп?
💸 Кейбір жұмыс берушілер неліктен зейнетақы жарналарын төлемейді? Жалақыны қолма-қол ақшамен алудың салдары қандай?
📺 Осы және өзге де өзекті мәселелер бүгін 20:00-де «Апта» бағдарламасында.

👍8🎉1
Жастарымыз отаншыл, білімпаз, еңбекқор, үнемшіл, әділ әрі жанашыр болуы қажет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабынан.
Бүгінде Қазақстанда 6 миллионға жуық жас тұрады. Жастардың білім алуына және кәсіби тұрғыдан дамуына жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Соңғы жеті жылда Қазақстанда жоғары білім алуға арналған 655 680 мемлекеттік грант бөлінген. Оған бюджеттен 1,5 трлн теңге қарастырылған.

❤23🎉3👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан қарсы алды.
Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан Астанаға дейін Король мен Патшайым мінген бортқа қапталдаса ұшты.
Мәртебелі меймандарды салтанатты түрде қарсы алу үшін ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр сап түзеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8