Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті
Мемлекет басшысы Король мен Патшайымның елімізге сапары Қазақстан-Бельгия қарым-қатынасын одан әрі нығайту тұрғысынан тарихи мәнге ие екеніне назар аударды.
Король Филипп қонақжайлық көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ертеңгі жоғары деңгейде өтетін келіссөздер табысты болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ екі елдің сан қырлы серіктестігін тереңдетудің маңызын атап өтті.
Мемлекет басшысы Король мен Патшайымның елімізге сапары Қазақстан-Бельгия қарым-қатынасын одан әрі нығайту тұрғысынан тарихи мәнге ие екеніне назар аударды.
– Қазақстанға қош келдіңіздер. Сапарларыңыз мемлекетіміздің дамуындағы өте маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Жалпы, еліміз өркендеп, экономикасы ілгерілеп келеді. Сіздердің сапарларыңыз екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін береді деп айтуға болады, – деді Президент.
Король Филипп қонақжайлық көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ертеңгі жоғары деңгейде өтетін келіссөздер табысты болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ екі елдің сан қырлы серіктестігін тереңдетудің маңызын атап өтті.
– Ұшақ трапынан қазақ жеріне қадам басқан сәттен бастап көрсетілген сый-құрмет үшін Сізге алғыс айтамын. Үш күндік сапармен келгенімізге қуаныштымыз әрі еліңізбен жақынырақ танысамыз деп сенемін, – деді Король Филипп.
❤5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапары басталды
🎉11❤6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» синоптиктері тұман, жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі туралы ескертті.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +15...+17°C.
Алматыда күн ала бұлтты. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +17...+19°C. Күндіз жаңбыр жауады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9
🏆FIRST Global Challenge 2026: Қазақстан құрамасы үздік төрттікке енді
Қазақстан құрамасы Корея Республикасының Инчхон қаласында өткен FIRST Global Challenge 2026 халықаралық робототехника чемпионатында 185 елдің командасы арасында төртінші орын алды. Оқушылар іріктеу кезеңіндегі 11 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алған.
Құрама сапында Алматы қаласындағы М. Ганди атындағы №92 мектеп-лицейі мен Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназиясының оқушылары бар.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ұлттық құрама «Дарын» орталығы мен USTEM Foundation қоры ұйымдастырған іріктеу нәтижесінде жасақталды.

👍10❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴Алматыда 61 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды
Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің жеке басы және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін екені анықталған. Төрт күдіктінің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Қазіргі уақытта қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Forwarded from QAZSPORTTV
🏓🥈 Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев Қытайда өткен WTT China Youth Smash турнирінде екінші орын иеленді.
19 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түскен отандасымыз финалға дейін алты қарсыласынан басым түсті. Жартылай финалда қытайлық У Ифэйді 4:3 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды.
Ал финалда тағы бір қытайлық спортшы Тан Ижэньмен кездесіп, қарсыласына есе жіберді. Осылайша, Алан Құрманғалиев турнирдің күміс жүлдегері атанды.

👍7👏3
Мемлекет басшысы Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен консультациялар өткізді
🔹 Мемлекет басшысы Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізді.
🔹 Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау үшін мәслихаттардың толыққанды жұмысының маңызды екенін атап өтті.
🔹 Президент депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтетініне сенім білдірді.
🔹 Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес жүргізілген консультациялар барысында Премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай қарастырылып отырған мәселеге қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.
🔹 Кездесу қорытындысы бойынша Президент Конституцияның негізгі ережелеріне толық сәйкес және айтылған пікірлерді ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайтынын айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
Қазақстан World Population Review халықаралық статистикалық платформасы жариялаған Most Powerful Countries 2026 рейтингінде 100 елдің арасында 34-орынға ие болды. Еліміз бірқатар Еуропа, Азия және Таяу Шығыс мемлекеттерінен жоғары орналасқан.
Рейтингте Қазақстан Дания, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы , Норвегия, Сауд Арабиясы сияқты елдерден алда тұр. Ал посткеңестік мемлекеттер арасында Қазақстан Ресейден кейінгі екінші нәтижені көрсетті.

👍11❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қандай өзгерістер әкелді? Қызметкерлерге қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі? Олардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін қандай шаралар қолға алынады?
Осы және өзге де маңызды сұрақтарға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай жауап береді.
📺 «Бас тақырып» бағдарламасы 13 қазан 14:35-те көрсетіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✈️ Үндістанда пауэрбанк өртеніп, ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды
11 қазанда Делиден Ченнаиге бағыт алған IndiGo әуе компаниясының ұшағында жолаушылардың біріне тиесілі пауэрбанк өртеніп кеткен.
Осыған байланысты ұшқыштар бағытты өзгертіп, ұшақты Хайдарабад қаласындағы халықаралық әуежайға шұғыл қондырды.
🔥 Бортсеріктер өртті сөндіріп үлгерген. Оқиға 6E 6115 рейсінде болған.

Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияны Қазақстанның Еуропадағы уақыт сынынан өткен сенімді серіктесі деп санайтынын жеткізді.
Король Филипп пен Патшайым Матильда қонақжайлығы және сый-құрметі үшін Қазақстан Президентіне шынайы ризашылығын білдірді
Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияны Қазақстанның Еуропадағы уақыт сынынан өткен сенімді серіктесі деп санайтынын жеткізді.
– Келесі жылы елдеріміздің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толады. Осы жылдарда шынайы достық пен өзара құрметке негізделген тығыз қарым-қатынасты жолға қойдық. Үздіксіз саяси диалог ынтымақтастығымыздың берік тұғыры іспеттес. Біз жетістіктеріңізді ұдайы қарап отырамыз. Бұл шын мәнінде таңғалдырады. Сіздерден үлгі алып, тәжірибелеріңізді үйренуіміз қажет. Бельгияға бес жыл бұрын жасаған сапар барысындағы мазмұнды келіссөздерді ықыласпен еске аламын. Биыл маусым айында Бельгияға барған сапарымда Премьер-министр Барт де Вевермен келіссөз жүргізіп, серіктестікті нығайтуға қос тарап та бейіл екенін растадық, – деді Мемлекет басшысы.
Король Филипп пен Патшайым Матильда қонақжайлығы және сый-құрметі үшін Қазақстан Президентіне шынайы ризашылығын білдірді
– Қазақстан – біз үшін қарқынды дамып келе жатқан өте маңызды ел. Жалпы, Бельгия тұтас Орталық Азия өңіріне айрықша қызығушылықпен қарайды. Бұл өңірдің мәні зор. Менімен бірге үлкен делегация келді. Әлбетте, біз бір-бірімізді өте жақсы білеміз. Елдеріміз 35 жыл ішінде жақсы қарым-қатынас орнатты. Біз осы тарихи межені бірге атап өтуге ниеттіміз. Сонымен қатар ынтымақтастығымызды жаңа сапалы деңгейге көтеретінімізге сенімдімін. Менімен бірге келген делегация құрамына келешекке бағдарланған түрлі саланың өкілдері кірді. Президент мырза, бізбен бірге жүру үшін жұмыс кестеңізді өзгерткеніңізді білемін. Осы ықыласыңызға тәнтіміз. Сондықтан алтын уақытыңызды бөліп, құрмет көрсеткеніңізді жоғары бағалаймыз, – деді Бельгиялықтар Королі Филипп.
👍6❤1
Соңғы үш жылда Қазақстанда интернет-алаяқтық деректері 40%-ға азайып, қылмыстардың ашылу көрсеткіші 29,9%-ға өсті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
2025 жылы 27 892 факті тіркеліп, зардап шеккендерге 5 млрд теңге қайтарылса, биыл жыл басынан бері 14 414 дерек тіркеліп, жәбірленушілерге 5,9 млрд теңге өтелген.
- 2024 жылы – 4 409 факт ашылды, 1 564 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды;
- 2025 жыл – 6 016 қылмыс ашылды, 1 750 адам жауапқа тартылды;
- 2026 жылдың 8 айы – 3 977 интернет-алаяқтық ашылды, 1 128 адам жауапкершілікке тартылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⭕️Семейде қауіпті дрифт жасаған жүргізуші 5 тәулікке қамауға алынды
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер Семей қаласында BMW 520 автокөлігімен жол үстінде қауіпті маневрлер жасаған жүргізушіні анықтаған.
20 жастағы азамат полиция бөліміне жеткізіліп, сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бес тәулікке қамауға алынды.

👍7
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қазақстан Бельгияны Еуропадағы уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстан Бельгияны Еуропадағы уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті.
«Келесі жылы мемлекеттеріміздің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толады. Сапарыңыз осы айтулы меженің дайындығына тың серпін береді және ынтымақтастығымызды нақты нәтижелермен толықтыра түседі. Бельгия Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің қатарына кіреді. Сонымен қатар еліңіз Қазақстан экономикасына қаржы құйған ең ірі он инвестордың бірі саналады. Мұны Қазақстан экономикасының келешегіне деген сенімнің айқын көрінісі деп бағалаймын», – деді Президент.
👍3
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды.
Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды.
Жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5🎉2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» жинағы ағылшын тіліне аударылды
Қазақстан Республикасының Сан-Францискодағы Бас консулдығының хабарлауынша, бүгін Стэнфордта Сан-Диего университетінің оқытушы-профессоры Джейк Завлацки Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» жинағының ағылшын тіліндегі тұңғыш аудармасын көпшілікке таныстырды.
Аудармашы Орталық Азия мәдениетін ұзақ жылдар зерттеп, бұған дейін Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолияда тұрып, өңірдің тарихы мен әдебиетіне қызығушылық танытқан. Оның айтуынша, ол қазақ мәдениетімен танысқаннан бері Алаш қозғалысына ерекше қызығушылық танытып келген. Сондықтан Алаш қайраткерлерінің бірінің шығармасын ағылшын тіліне аударуды мақсат еткен.
Джейк Завлацкидің сөзінше, «Маса» жинағын аудару барысында бірқатар қиындықтар кездескен. Әсіресе қазақ поэзиясындағы тілдік ерекшеліктер мен көне сөздердің молдығы жұмысты күрделендірген. Алайда автор бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпаған шығарманы шетел оқырманына таныстыруды жөн көрген.

❤10