Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
Президенттің айтуынша, ертеңге жоспарланған Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесі, Ректорлар форумы және аса маңызды материалдар бойынша дөңгелек үстел ортақ мақсаттар мен нақты нәтижелерге қол жеткізетін маңызды алаң болмақ.
– Аса мәртебелі Король, Сіздің парасатты әрі батыл басшылығыңыздың арқасында Бельгия өзінің бірегей саналуандығын сақтаған әрі әлемге ашық ел ретінде белгілі болып отыр. Халқыңызға адалдығыңыз бен Бельгиядағы түрлі қауым арасындағы өзара түсіністікті нығайту жолындағы табанды еңбегіңіз Тәждің ынтымаққа бастар рөлін айқындайды. Осы күрделі кезеңде адами қадір-қасиеті биік, перзенттік парыздың парқын сезінетін тұлға екеніңізді көрсеттіңіз. Бұл ерекше сенім ұялатады әрі зор құрметке лайық. Ұзақ жылдар бойғы достығыңызға және Қазақстанмен байланыстарды нығайту ниетіңізге ризамын. Бүгін осы ықпалдастықты тереңдетуге бірлесе үлес қосатынымызға қуаныштымын, – деді Президент.
Президенттің айтуынша, ертеңге жоспарланған Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесі, Ректорлар форумы және аса маңызды материалдар бойынша дөңгелек үстел ортақ мақсаттар мен нақты нәтижелерге қол жеткізетін маңызды алаң болмақ.
❤4
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгиялықтар Королі Филипп Бірлескен мәлімдеме қабылдады
👏6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✈️ Алматыдан Ханой мен Прагаға жаңа рейстер ашылды
Vietjet әуе компаниясы Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша рейстерді іске қосты. Алғашқы рейсті Алматы халықаралық әуежайында дәстүрлі су аркасымен қарсы алды.
Жаңа бағыт Қазақстанды Оңтүстік-Шығыс Азия және Еуропамен байланыстырады.
🗓Рейстер аптасына екі рет, 377 жолаушыға арналған Airbus A330-300 ұшағымен орындалады.

👍7
🔹Король Филипп: Сапарымыз Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанына қуаныштымын
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифингте осылай деді.

«Президент мырза, Сіз Брюссельге келген кезіңізде бізді еліңізге мемлекеттік сапар жасауға шақырған едіңіз. Бұл ұсынысты бірден қабыл алдық. Сапарымыз Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанына қуаныштымын. Осы үш күн ішінде елдеріміз арасындағы ынтымақтастыққа жол ашатын мүмкіндіктермен жақын танысамыз», - деді Бельгиялықтар Королі.
👍3
Qazaqstan.tv
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді – Аса мәртебелі Король, Сіздің парасатты әрі батыл басшылығыңыздың арқасында Бельгия өзінің бірегей саналуандығын сақтаған әрі әлемге ашық ел ретінде белгілі болып отыр. Халқыңызға…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі мен Патшайымының Қазақстанға жасаған тарихи мемлекеттік сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа парағын ашатынын және қос халық арасындағы достықты нығайта түсетінін атап өтті.
Аталған іс-шаралардың қорытындысы бойынша серіктестікті дамытуға тың серпін беретін ондаған келісім мен құжатқа қол қойылады.

Король Филипп: Қазақстан цифрландыру саласында көш бастап тұр
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді.
Брифингте Бельгиялықтар Королі Қазақстанның халықаралық аренада беделі артып келе жатқанына және экономиканың барлық саласында қарқынды өсім байқалатынына назар аударды.

«Қазақстан цифрландыру саласында көш бастап тұр, әсіресе, жасанды интеллект бағытында бірегей шешімдер әзірлеуде. Alem.AI орталығына барып, елдеріміз арасындағы синергияны ілгерілету мүмкіндіктерін талқылауға қызығушылық танытып отырмыз», – деді ол.
👍5❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
😍Англияда Дастанның кішкентай жанкүйері көпті сүйсінтті
«Бернли» мен «Уотфорд» арасындағы матч кезінде алматылық жас жанкүйер әкесімен бірге Дастан Сәтпаевқа қолдау көрсетті. Ол плакатқа «Жейдеңді сыйға берші!» деп жазып, отандасымыздың назарын аударуға тырысқан.
Ал матчтан кейін Дастан Сәтпаев әлеуметтік желідегі парақшасында: «Қолдауларыңызға рақмет, Қазақ елі!» - деп жазба жариялады.
Видео: @qsportinternational

❤11🙏4👌3🔥2
Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралап көрді.
Мәртебелі меймандар дамуында ауытқуы бар балаларға кешенді көмек көрсету тәртібімен танысты.
Бельгия Королі мен Патшайымына ерекше қажеттіліктері бар балалардың коммуникативтік дағдыларын, таным-түйсігін және өз бетінше әрекет ету қабілетін шыңдауға бағытталған медициналық, психологиялық-педагогикалық оңалтудың және әлеуметтік бейімдеудің заманауи әдістері туралы баяндалды.
Король Филипп пен Патшайым Матильда балалармен, олардың ата-аналарымен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, интерактивті бағдарламаға қатысты.
Бұдан кейін меймандар Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

❤9🤝2
Qazaqstan.tv
Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралап көрді. Мәртебелі меймандар…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇧🇪Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
😱Гватемалада 15 жастағы қызды тірідей жерлей жаздады
Гватемалада қайтыс болды деп есептелген 15 жастағы қыздың жерлеу рәсімі кезінде күтпеген жағдай болды. Арада сегіз сағат өткенде ол табыт ішінде есін жиған.
Қыздың жүрегі ауырып, есінен танып қалған. Әкесі тамыр соғысын сезе алмағандықтан, дәрігерге көрсетпей-ақ қызын қайтыс болды деп ойлаған. Алайда қоштасу рәсімі кезінде анасы оның қозғалғанын байқайды.
Көп ұзамай бойжеткен есін жиған. Қазір ол үйінде ем қабылдап жатыр.
🖇Дереккөз: Prensa Libre Official

😱15🤬2😢2🙏1😡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌐 Криптоинвесторлар Астананы Дубай мен Сингапурға теңеді
Астананы Дубай мен Сингапур секілді халықаралық инвестициялық орталыққа айналдыруға мүмкіндік бар. Мұндай пікірді америкалық кәсіпкер әрі инвестор Баладжи Шринивасан Сингапурда өткен The Network State Conference форумында айтты.
Іс-шараға шамамен 3,5 мың адам келген.

🔥5👏4🥴2👌1
⚠️СІМ Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға үндеу жасады
Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі аталған елде жүрген қазақстандықтарға сақтық шараларын қатаң сақтап, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауды ескертті.
Сондай-ақ азаматтарға:
🔺аса қажеттілік болмаса, әуежайларға бармауды және рейстердің мәртебесін әуе компанияларынан алдын ала нақтылауды;
🔺адам көп жиналатын орындар мен қауіпті нысандардан аулақ болуды;
🔺шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыруды ұсынады.
🔺Төтенше жағдай туындаса, Қазақстанның Эр-Риядтағы Елшілігіне немесе Жиддадағы Бас консулдығына хабарласуға болады.
📞 Жедел байланыс нөмірлері:
Эр-Риядтағы консул: +966 55 663 01 77
Жиддадағы консул: +966 53 275 80 80

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😍Павлодар аспанында солтүстік шұғыласы байқалды
Қазақстандық ұшқыш рейс кезінде Павлодар үстіндегі солтүстік шұғыласын видеоға түсірген. Ол ерекше кадрларды әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Қазақстанда сирек кездесетін бұл табиғи құбылыс көпшіліктің назарын аударды.
📸: aviatortemir

🔥15👏5❤4😍4🤩1💘1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✈️ Flydubai Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Алматы халықаралық әуежайы FlyDubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк рейсін қабылдады.
Рейстер Boeing 737 ұшағымен аптасына бір рет орындалады. Жаңа бағыт екі қала арасындағы жүк тасымалын жеңілдетіп, Қазақстан мен Таяу Шығыс арасындағы сауда байланыстарын дамытуға мүмкіндік береді.
🎬 Flyadubai

👍6🥰1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
👨🏫Елордалық оқушы 1500 бөтелке қақпағынан Мұқағали Мақатаевтың портретін жасады
Астанадағы №74 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Мирас Төлеген ақын Мұқағали Мақатаевтың портретін 1500 бөтелке қақпағынан құрастырды.
Ол бұл туындыны технология пәнінің мұғалімдерімен бірлесіп жасаған. Шығармашылық жұмысқа екі ай уақыт кеткен. Қажетті қақпақтарды мектеп оқушылары жинаған.

👍20👏6❤4🔥4