Бүгінгі күннің басты жаңалықтары
📚 Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» жинағы ағылшын тіліне аударылды
Бүгін Стэнфордта Сан-Диего университетінің оқытушы-профессоры Джейк Завлацки Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» жинағының ағылшын тіліндегі тұңғыш аудармасын көпшілікке таныстырды. Аудармашының айтуынша, ол қазақ мәдениетімен танысқаннан бері Алаш қозғалысына ерекше қызығушылық танытып келген.
💻 Елімізде қызметтердің 92 пайызы электронды форматқа көшірілді
Бүгінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынатын 49 мемлекеттік қызметтің 45-ін онлайн алуға болады. Азаматтар қажетті қызметтерді электронды үкімет порталы, Enbek.kz еңбек биржасы, eGov Mobile қосымшасы және екінші деңгейлі банктердің мобильді сервистері арқылы рәсімдей алады.
🌉 Қазақстандағы ең биік көпір: Рахман қайнарына апарар жол дайын
Көпір тау шатқалынан 175 метр биіктікте орналасқан. Нысан Шығыс Қазақстанның көрікті мекендерінің бірі – Рахман қайнарына жаңа жол ашты. Көпір сегіз тірек пен жеті аралықтан тұрады.
🏓 Алан Құрманғалиев Бейжіңдегі турнирде күміс жүлдегер атанды
Ол жарыс барысында алты кездесуде жеңіске жетіп, финалға шықты. Шешуші бәсекеде қытайлық Тан Ижэньге есе жіберіп, турнирді екінші орынмен аяқтады.
🏠 Проблемалық ипотека бойынша көмек мерзімі ұзартылды
Құжатқа сәйкес, қарыз алушылар 2027 жылғы 1шілдеге дейін банктерге, Қазақстан тұрғын үй компаниясына және бағдарламаға қатысатын өзге де ұйымдарға жүгіне алады.
⚽ Англияда Дастанның кішкентай жанкүйері көпті сүйсінтті
«Бернли» мен «Уотфорд» арасындағы матч кезінде алматылық жас жанкүйер әкесімен бірге Дастан Сәтпаевқа қолдау көрсетті. Ол плакатқа «Жейдеңді сыйға берші!» деп жазып, отандасымыздың назарын аударуға тырысқан.

❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⛈Жаңбыр, қар және көктайғақ: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады?
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, қар түсуі ықтимал. Шығыста және солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде күн ашық болады. Еліміз бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
♨️ Ауа температурасының көрсеткіштері төмендегідей:
Солтүстік-батыста: күндіз +10…+22°С;
Солтүстікте: түнде -1…-6°С, күндіз +3…+13°С;
Орталықта: түнде -6…+3°С, күндіз +4…+15°С;
Шығыста: түнде -5…+5°С, күндіз -1…+9°С;
Оңтүстік-шығыста: түнде +5…+10°С, таулы аудандарда -2…+3°С, күндіз +10…+22°С, таулы аудандарда +5…+10°С.

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1
🏕️ Ел ішінде саяхаттайтын қазақстандықтардың саны артқан
📈 7 жылда ішкі туризм 3,37 млн адамға артты. 2019 жылы Қазақстандағы орналастыру орындарының қызметін 5,29 млн ішкі турист пайдаланса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 8,66 млн адамға жетті. Осылайша 7 жыл ішінде ел ішінде саяхаттайтын азаматтар саны 3,37 млн адамға артып отыр.
Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында ішкі туристер санын 11 млн адамға жеткізу міндеті белгіленген. Осы мақсатта туристік саланы дамытудың жаңартылған тұжырымдамасы аясында алты бағыт бойынша 66 іс-шараны жүзеге асыру көзделген.
Негізгі басымдықтар - туристік инфрақұрылымды жетілдіру, инвестиция тарту, туристік өнімдерді дамыту және қызмет көрсету сапасын арттыру.

❤6
2026 жылғы 11 қазанда «Яндекс Go» сервисі уақытша жұмыс істемей қалды. Соның салдарынан inDrive қызметіне сұраныс артып, нәтижесінде кейбір сапарлардың бағасы үш есеге жуық қымбаттаған. Осы жағдайға байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі inDrive сервисіне ескерту жолдаған.
📌Агенттіктің мәліметінше, мұндай әрекеттер бәсекелестік туралы заңнаманы бұзуы және тұтынушылардың құқықтарын шектеуі мүмкін. Сондықтан inDrive-ке заңбұзушылыққа әкелуі ықтимал әрекеттерге жол бермеу туралы алдын ала жазбаша ескерту берілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯10❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Францияда миллиондаған еуроның азық-түлігі бүлінді
Франциядағы жүздеген супермаркетке кибершабуыл жасалып, тоңазытқыштар мен мұздатқыштардағы температура тым жоғарылап кеткен. Соның салдарынан миллиондаған еуро тұратын азық-түлік жарамсыз болып қалды.
Хакерлер сауда орындарындағы тоңазытқыштардың температурасын реттейтін бағдарламалық жабдықтауды бақылауға алған. Олардың әрекетінен кей тоңазтқыштарда температура 50 градусқа дейін көтерілді.

😱7
13 қазаннан бастап елімізде жедел жәрдем қағидаларындағы жаңа өзгерістер күшіне енді.
🔹Жедел жәрдемнің қозғалысын онлайн бақылауға болады. Қазір жүйе Ақтөбе және Шымкент қалаларында сынақтан өтіп жатыр. Әзірге ол бірінші санаттағы шақыртуларға қолжетімді.
🔹Бұрынғы төртінші санат «шұғыл жағдай» санатына жатқызылды. Оған жедел аурудан немесе созылмалы аурудың асқынуынан туындаған, ағзалар мен жүйелер қызметінің кенеттен әрі айқын бұзылуы байқалмайтын, сондай-ақ пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей немесе әлеуетті қауіп төнбейтін жағдайлар жатады. Қалаларда мұндай шақыртуларға емханалардың мобильді бригадалары қызмет көрсетеді.
🔹Жедел жәрдем қызметкерлері бейнежетондармен, ал бригадалар рациялармен және мобильді камералармен жабдықталуы тиіс. Олардың көмегімен пациентке қызмет көрсету және оны ауруханаға тасымалдау кезінде болып жатқан оқиғаларды аудио және бейнежазбаға түсіруге болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
🖊Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Ермек Беделбайұлы Көшербаев ҚР-ның Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі;
Еркін Валитханұлы Тұқымов ҚР-ның Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Ал Сәулекүл Сайлауқызы ҚР-ның Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

🚘Жүргізуші куәлігін алу: Үш рет өте алмағандарға емтихан тапсыру ақылы болады
ІІМ мәліметінше, емтиханды бірінші рет тапсыра алмаған жағдайда, келесі жұмыс күні қайта тапсыруға болады. Екінші рет те сәтсіз болса, дайындалуға 10 күн беріледі.
Теориялық немесе практикалық емтиханнан үш рет өте алмасаңыз, сол емтиханды кейін қайта тапсыру ақылы болады.
Сонымен қатар теориялық емтиханды тапсырып, практикалық емтиханнан өте алмасаңыз, теориядан алған нәтижеңіз сақталады.
❓Тағы қандай өзгерістер бар? Толығырақ видеодан көріңіз.

Қазақстанның қай өңірлерінде экономикалық өсім жоғары?
2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 71,2 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
📈 Ең жоғары өсім тіркелген өңірлер:
Ұлытау облысы – 15,3%;
Түркістан облысы – 13,3%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 11,4%;
Ал Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі ең жоғары үлес Алматы қаласына (20,2%), Астана қаласына (12,5%) және Атырау облысына (11,7%) тиесілі.

🔴«Рейчел» дауылы: Қатты толқын соғып, үйлер қирады
АҚШ-тың оңтүстік-батысын «Рейчел» дауылы әуреге салған. Reuters агенттігінің хабарлауынша, дауыл салдарынан Лос-Анджелес маңындағы Лонг-Бич қаласында алып толқындар үйлерді қиратса, Лас-Вегаста шамадан тыс мөлшерде жауған нөсерден көшелерді су басқан.
Дауылдан Лонг-Бич қаласы қатты зардап шеккен. Сондай-ақ Калифорния, Аризона және Невада штаттарына көп жауын-шашын түсіп, Лас-Вегас қаласының кейбір бөлігін су басқан. Ал Ньюпорт-Бичте төтенше жағдай режимі жарияланды.
📹: anadoluenglish

🤯4❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ұлттық парктерге келушілер саны 2,6 есе артты
Елімізде экотуризмге қызығушылық артып келеді. 2023 жылы ұлттық парктерге 2,4 млн адам барса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 3,7 миллионға жеткен.
💰 Экотуризмді дамытуға 31,6 млрд теңгеге 23 жоба жоспарланған.
🎥 Толығырақ видеодан көріңіз!

👏7❤1
📖 Германияда өткен халықаралық кітап жәрмеңкесінде Қазақстанның 300-ге жуық кітабы таныстырылды
Олардың қатарында қандай туындылар бар?
Толығырақ карусельден оқыңыз.
Олардың қатарында қандай туындылар бар?
Толығырақ карусельден оқыңыз.
👍2❤1
🇰🇿🇧🇪Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда сапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беруде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған корольдік отбасы асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады.
Король мен Патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.

👍5❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💸Түркістан облысында үйдің шатырынан 5 млн теңгеден астам ақша табылды
Қазығұрт ауданында тұрғын үйді жөндеу кезінде шатырдан бірнеше пакет ақша табылды. Жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асады.
🔹Жергілікті полиция анықтағандай, тұрғындар қарт әйелдің үйін жөндеуге көмектескен кезде ақшаны тауып алған. Үй иесінің айтуынша, ол қаражатты жылдар бойы жинаған.
Қажетті тексеру шаралары аяқталған соң ақша заңды иесіне қайтарылады.
⚠️Полиция бөтен біреудің ақшасы немесе мүлкі табылған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды ескертеді.

👍8❤2🙏1👌1
📌 Мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау 29 қарашаға белгіленді
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын 29 қарашаға белгіледі.
12 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.
Құжатқа сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс сайлауды тағайындау, оған дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру тапсырылған.

❤1👎1