Qazaqstan.tv
✔
41.4K subscribers
20.7K photos
21.5K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌧️ Бразилияда нөсер жауын жауып, туннельде кептеліс болды
 
Нөсер жауын Бразилияның Сан-Паулу қаласында да құйып, туннель іші әп-сәтте суға толды. Санаулы минутта 40 милиметр жауын жауған.

Туннельде көлік кептелісі болып, адамдар арасында үрей туындады.
🤯2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қытайда мұздықтар жылдам еріп жатыр
 
Оның көлемі кейінгі жарты ғасырда 24 пайызға дейін азайып кеткен. Бұл құбылыс экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына соқтырды. Тянь-Шань жотасындағы жағдай да мәз емес. Тау басында ауа температурасы бірнеше есе жоғарылап мұздықтардың қоры сарқыла бастаған. Мұның салдары Қазақстанға да тиіп отыр.
🥴3👍2😡2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Жалған құжатпен шекараны кесіп өтпек болған 19 шетел азаматы анықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2026 жылдың қыркүйек және қазан айларында Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Қазақстан шекарасын жалған құжаттармен кесіп өтуге әрекет жасаған 19 шетел азаматы анықталған.

Құқық бұзушылардың басым бөлігі жалған визаларды және үшінші тұлғалардың анықтау деректері көрсетілген құжат бланкілерін пайдаланған.

🔹Аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Жалпы, 2026 жылдың басынан бері шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында осындай 358 фактінің жолы кесілген.
👍3
💰Субсидия қаржысына үй сатып алған: БҚО-да 251 млн теңге субсидияны жымқыру дерегі тергеліп жатыр
 
Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінген 251 млн теңге бюджет қаражатының жымқырылуын анықтады.
 
Тергеу мәліметінше, күдікті жалған құжаттар арқылы суару жүйелерін салуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін екі ЖШС арқылы инвестициялық субсидия алған.
 
Қаражат серіктестіктердің есепшоттарына аударылғаннан кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған. Сот шешімімен аталған мүлікке тыйым салынды.
 
Тергеу жалғасып жатыр.
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⛴️ Ормұз бұғазында екі кемеге снаряд тиіп, суға батты
 
Контейнер тасығыш бірінші кеме бұғазға кіре бергенде шабуылға ұшыраған. Ал екінші жүк кемесіне снаряд тигенде бір адам қаза тапты. Қалған экипаж мүшелері қауіпсіз жерге көшірілген. Әзірге бұл кемелерді кімдер атқылағаны белгісіз.
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесу өткізді

Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Израиль қарым-қатынасы қарқынды сипат алғанына тоқталды. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа ден қоя отырып, маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады.

Израиль Президенті де Қазақстанға сапарын ризашылықпен еске алды. Оның пікірінше, еліміздің көптеген салада алға басуы екіжақты ықпалдастықты ілгерілетуге жол ашады.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы шиеленісті бәсеңдетіп, қақтығыстарды дипломатия құралдары арқылы реттеу қажеттігін жеткізді және Қазақстанның осы қағидатты берік ұстанатынын айтты.
👎3🥴3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚌Астанада автобус жолақысы 150 теңге болады

Астана әкімдігі қалалық және қала маңындағы автобустарға сараланған жолақы тарифтерін бекітті. Жаңа тарифтерді 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.

📌Жаңа тариф бойынша бағалар:
Қалалық автобус: электрондық төлем – 150 теңге, қолма-қол төлем – 300 теңге.
Жедел қалалық автобус: электрондық төлем – 300 теңге, қолма-қол төлем – 400 теңге.
Қала маңындағы автобус: электрондық төлем – әр километрге 13 теңге, қолма-қол төлем – 19 теңге.
Әлеуметтік маңызы бар бағыттар: электрондық төлем – 150 теңге, қолма-қол төлем – 300 теңге.
Жеңілдігі бар картамен төлеу – тегін.

❗️Жолақыны электрондық төлеу жүйесі істен шыққан жағдайда жолаушылар тегін жүре алады.

Әкімдіктің мәліметінше, соңғы 12 жылда елордада жолақы құны бір рет қана өзгерген.

📹Видео: Baktison (YouTube), astana_ avtopark01 (TikTok)
👍3👎1🤬1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Astana Media Week медиа апталығының екінші күні өтіп жатыр

Бүгінгі сессияда «Қазақстанның ақпараттық саясатындағы жаңа ережелер» тақырыбы қозғалды.

PR және медиа мамандары қауымдастығының төрайымы Ақерке Берлібайдың айтуынша, кездесуде мемлекет, редакция және маман – осы үш тараптың көзқарасын ортақ диалогқа келтіру мақсаты болды. «Және бұл келіссөздер алдағы уақытта жалғасады», - дейді сарапшы.

Шарада бүгін Қазақстанның ақпараттық саясаты, отандық контентті дамыту, креативті индустрияның болашағы және медиа нарықтағы жарнаманың жаңа үлгілері талқыланады.

#AstanaMediaWeek
❤5
Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі
 
Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев диалогтың, сенімді нығайтудың және жан-жақты ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде АӨСШК әлеуетін кеңейтуге бағытталған Әзербайжан тарапының белсенді төрағалығын оң бағалады.
❤4
🔹Президент: Вашингтонда қол қойылған Суперинтеллект бойынша келісімді құптаймыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК VII саммитінде осылай деді.

«Жақында Вашингтонда қол қойылған Суперинтеллект бойынша келісімді құптаймыз. Шын мәнінде, бұл құжат Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы халықаралық шарттың негізі бола алады. АӨСШК аталған үдеріске зор үлес қосуға қауқарлы екеніне сенімдімін. Осы саладағы жаһандық күш-жігер аясында Қазақстан Алматыда БҰҰ ЭСКАТО тұрақты даму мақсаттары үшін Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығын орналастырады», - деді Президент.
❤3
Президент: Қазақстан Ұйымға мүше 28 мемлекеттің студенттеріне шәкіртақы ұсынуға дайын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК VII саммитінде осылай деді.

«Бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын ұлы философ әрі ғалым әл-Фараби қоғамның қуаты оның халқының білімі мен адамгершілік қасиеттерінде екенін айтқан. Сондықтан Ұйымға мүше мемлекеттерді АӨСШК-нің адами капитал саласындағы әріптестік орнатуға шақырамын. Мақсат – жас ұрпақты технологиялық, экономикалық және геосаяси жаңғырулар екпінімен сәт сайын өзгеріп жатқан әлемге бейімдеу. Біз осы маңызды мәселені шешуге үлес қосу үшін сарапшылық тәжірибемізді, маңдайалды университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының әлеуетін ұсынуға дайынбыз. Келесі жылы қауіпсіздік пен сенімді нығайту саласындағы ғылыми зерттеуге арналған стипендиялық бағдарлама іске қосылуы ықтимал. Қазақстан Ұйымға мүше 28 мемлекеттің студенттеріне шәкіртақы ұсынуға, сондай-ақ ғалымдарға зерттеу гранттарын беруге әзір», - деді Мемлекет басшысы.
👍5
🇰🇿🇦🇿Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысуға шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтып, саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті Әзербайжан Кеңеске төрағалық еткен кезеңде нақты бастамаларды ілгерілетуге және Ұйымның халықаралық беделін күшейтуге сүбелі үлес қосқанына назар аударды.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары өңірдегі бірегей жоба – Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосудың маңызына тоқталды. Теңіз табанымен жүргізілген желі екі елдің цифрлық байланысын күшейтіп, Еуропа мен Азия арасында тағы бір цифрлық дәліздің пайда болуына ықпал етеді. Осылайша, тұтас өңір тың мүмкіндіктерге қол жеткізеді.
👍3❤2
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АӨСШК VII саммитінде сөйлеген сөзінен
❤4
🤖 Президент: Жасанды интеллектінің дамуы адамзаттың оны тиімді бақылау қабілетінен асып түспеуі керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК VII саммитінде осылай деді.
 
«ЖИ-дің мүмкіндігі молая түскенімен, оны халықаралық-құқықтық реттеу тетіктері жетіле қоймаған. Қазірдің өзінде ЖИ агенттерінің қорғау тетіктерін айналып өтіп, сыртқы жүйелерге рұқсатсыз қол жеткізу фактілері тіркелді. Егер халықаралық-құқықтық тетіктерді енгізу арқылы осы үдерістерді тоқтатпасақ, мұндай жағдайлардың салдары ауырлап, мемлекеттер арасындағы қақтығыс шиеленісе түсуі ықтимал. Жасанды интеллектінің дамуы адамзаттың оны тиімді бақылау қабілетінен асып түспеуі керек. Сондықтан сенімді нығайту шаралары цифрлық ортаға да тиесілі. Меніңше, АӨСШК қолда бар бес өлшемді алтыншы, яғни жасанды интеллектімен толықтыруы керек», - деді Қазақстан Президенті.
🇰🇿🇦🇿Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

🔹Президенттер Каспий теңізінің табаны арқылы Қазақстан мен Әзербайжанды жалғастыратын ұзындығы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салтанатты түрде іске қосты.

🔹Жобаны «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom компаниясы бірлесіп жүзеге асырды.
👍8
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бакуде ұйымдастырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақ-Қатар сан қырлы серіктестігін нығайту, сондай-ақ бірлескен инвестициялық және энергетикалық жобаларды жүзеге асыру перспективасына айрықша назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібі, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.
👍4