ҚазАвтоЖол | КазАвтоЖол | 1403
32.4K subscribers
5.14K photos
6.86K videos
3.18K links
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы
Жаңалықтар, баспасөз релиздер мен оқиғалар

+7 (7172) 64-87-57
www.qaj.kz
info@qaj.kz
1403

***

Официальный канал АО «НК «ҚазАвтоЖол»
Новости, пресс-релизы и события

+7 (7172) 64-87-57
www.qaj.kz
info@qaj.kz
1403
Download Telegram
🔹 В ДЭУ-86 открыли Аллею ветеранов дорожной отрасли

26 сентября 2026 года на территории ДЭУ-86 в Астане в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» состоялся субботник с участием ветеранов дорожной отрасли. Центральным событием мероприятия стало открытие Аллеи ветеранов дорожников.

Ветераны отрасли вместе с руководством и работниками АО «НК «ҚазАвтоЖол» высадили молодые деревья, заложив новую зеленую зону на территории дорожно-эксплуатационного участка.

Аллея создана как знак уважения к людям, которые десятилетиями трудились в дорожной отрасли и внесли вклад в развитие транспортной инфраструктуры страны. Высаженные ветеранами деревья станут живым символом преемственности поколений дорожников и сохранения профессиональных традиций.

Председатель Правления АО «НК «ҚазАвтоЖол» Дархан Иманашев поблагодарил ветеранов за многолетний труд и активное участие в жизни отрасли.

«Сегодня мы не просто высаживаем деревья. Мы закладываем Аллею в честь людей, чей труд стал частью истории дорожной отрасли Казахстана. Многие дороги, которыми сегодня ежедневно пользуются тысячи наших граждан, создавались при вашем непосредственном участии. Вы передавали свой опыт следующим поколениям, формировали профессиональные традиции, учили ответственности за свою работу. Для нас важно сохранять эту связь поколений и помнить людей, которые стояли у истоков развития отрасли. Желаю каждому из вас крепкого здоровья, благополучия и долгих лет жизни», — отметил Дархан Иманашев.


Мероприятие прошло в преддверии Международного дня пожилых людей и стало возможностью вновь выразить благодарность ветеранам, посвятившим значительную часть своей жизни дорожному хозяйству страны.

Сегодня в дорожной отрасли меняются технологии, развивается цифровизация, вводятся новые стандарты строительства и содержания дорог, однако опыт старшего поколения остается важной частью профессиональной школы дорожников. Знания и традиции, сформированные ветеранами, продолжают передаваться молодым специалистам.

Участники субботника также провели работы по благоустройству и озеленению территории ДЭУ-86.

Проведение таких мероприятий в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» объединяет сразу несколько важных направлений — заботу об окружающей среде, благоустройство объектов дорожной инфраструктуры и сохранение уважения к людям труда.

Отныне Аллея ветеранов дорожников в ДЭУ-86 будет напоминать новым поколениям специалистов о людях, посвятивших свою жизнь дорогам Казахстана. Каждое высаженное здесь дерево — это знак благодарности за их труд, опыт и вклад в развитие страны.
🔹 ЖПБ-86 аумағында жол саласы ардагерлерінің аллеясы ашылды

2026 жылғы 26 қыркүйекте Астанадағы ЖПБ-86 аумағында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жол саласының ардагерлері қатысқан сенбілік өтті. Іс-шара барысында Жол саласы ардагерлерінің аллеясы ашылды.

Ардагерлер «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылығы және қызметкерлерімен бірге жас көшеттер отырғызып, жол пайдалану учаскесінің аумағын көгалдандыруға атсалысты.

Жаңа аллея саналы ғұмырын жол саласына арнап, еліміздің көлік инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан азаматтарға деген құрметтің белгісі ретінде ашылды. Ардагерлер отырғызған әрбір ағаш – жолшылар буынының сабақтастығын, еңбек дәстүрінің жалғасын білдіретін естелік.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев ардагерлерге ұзақ жылғы еңбегі мен сала өміріне белсенді араласып келе жатқаны үшін алғыс білдірді.

«Бүгін біз жай ғана ағаш отырғызып жатқан жоқпыз. Бұл аллея – Қазақстанның жол саласы тарихында өз қолтаңбасын қалдырған азаматтарға деген құрметіміздің белгісі. Бүгінде мыңдаған адам күн сайын жүріп өтетін талай жолдың салынуына сіздердің еңбектеріңіз сіңді. Кейінгі буынға тәжірибе беріп, кәсіби дәстүр қалыптастырдыңыздар, әр іске жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсеттіңіздер. Біз үшін осы ұрпақтар сабақтастығын сақтау, саланың қалыптасуына еңбек сіңірген азаматтарды ұмытпау аса маңызды. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ұзақ ғұмыр тілеймін», – деді Дархан Иманашев.


Іс-шара Халықаралық қарттар күні қарсаңында өтіп, ғұмырының елеулі бөлігін еліміздің жол саласына арнаған ардагерлерге тағы бір мәрте құрмет көрсетуге мүмкіндік берді.

Бүгінде жол саласында жаңа технологиялар енгізіліп, цифрландыру қарқын алып, жол салу мен күтіп ұстаудың жаңа талаптары қалыптасуда. Дегенмен аға буынның тәжірибесі жолшылардың кәсіби мектебінің берік негізі болып қала береді. Ардагерлер қалыптастырған еңбек дәстүрі мен жинақтаған тәжірибе кейінгі буынға жалғасып келеді.

Сенбілікке қатысушылар ЖПБ-86 аумағын абаттандырып, көгалдандыру жұмыстарын да жүргізді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай бастамалар қоршаған ортаға жанашырлықты, жол инфрақұрылымы нысандарын көркейтуді және еңбек адамын құрметтеуді бір арнаға тоғыстырады.

Енді ЖПБ-86 аумағындағы Жол саласы ардагерлерінің аллеясы кейінгі буынға Қазақстан жолдарының қалыптасуына еңбек сіңірген азаматтарды еске салып тұрады. Мұнда жайқалып өсетін әрбір ағаш – ардагерлердің еңбегіне, тәжірибесіне және ел дамуына қосқан үлесіне деген құрметтің белгісі.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 “Таза Қазақстан” экоакциясы аясында жол саласы ардагерлерінің аллеясы ашылды

🚙

🔹 В рамках экоакции «Таза Қазақстан» открыта Аллея ветеранов дорожной отрасли
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Жол жұмыстарына тиісті бақылау жүргізбеген 22 техникалық қадағалау сарапшысы жұмыстан шығарылды

2026 жылы жол жұмыстарының сапасын тексеру барысында 1 670 ақау мен кемшілік анықталды. Жұмыс сапасын тиісті деңгейде бақыламаған техникалық қадағалау мамандарына жалпы сомасы 53,4 млн теңге айыппұл салынды, ал 22 сарапшы жұмыстан шығарылды.

Жыл басынан бері «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мамандары жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасына 50-ге жуық тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде 1 670 ақау мен талапқа сәйкессіздік анықталды. Бүгінде оның 831-і, яғни 49,8%-ы жойылды. Қалған кемшіліктерді жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Анықталған ақаулардың қатарында жолдағы шұңқырлар мен ойықтар, жарықтар, асфальтбетон жамылғысының ығысуы, жолтабандар және жолдың пайдалану жағдайына әсер ететін өзге де кемшіліктер бар.

Әрбір анықталған дерек бойынша жауапты тұлғалар белгіленіп, тиісті шаралар қабылдануда. Жұмыс сапасын тиісінше бақыламаған техникалық қадағалау мамандарына жалпы сомасы 53,4 млн теңге көлемінде айыппұл санкциялары қолданылды.

Сонымен қатар 22 техникалық қадағалау сарапшысы жұмыстан шығарылды.

«ҚазАвтоЖол» жол жұмыстарының сапасына және техникалық қадағалауға қойылатын талаптарды күшейтуде. Ақаудың анықталуы – оның қабылданғанын білдірмейді. Мердігер ұйымдарға кемшіліктерді жою жөнінде талап қойылып, жауапты тұлғаларға тиісті шаралар қолданылады.

Жол нысандарының сапасын тексеру республикалық жол желісі бойынша жалғасады.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM