ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы
3.5K subscribers
16 photos
28 videos
1 file
5 links
Download Telegram
الحمد لله رب العالمين

Қадірлі бауырлар, сіздердің қолдау көрсетулеріңізбен шәкіртіміз үшін 196.532 теңге жиналып, аманат иесіне табысталды. Ол қаржыны өзі қажетіне жаратып, араб тіліндегі пайдалы кітаптар алып, ілім жолына жұмсай бастады.

📖 Құранда Алла Тағала:
«Жақсылықтың қай түрін істесеңдер де, Алла оны біледі» (Бақара, 197 аят) – дейді.

🌿 Пайғамбарымыз ﷺ да:
«Адам қайтыс болғанда үш нәрседен басқа амалдары тоқтайды: садақа жария, пайдалы ілім және оған дұға қылатын салихалы ұрпақ» (Муслим) – деп сүйіншілеген.

Сіздердің жасаған көмектеріңіз – ілім жолына салынған садақа. Бұл аманат қиямет күні әркім үшін нұрға айналсын!

🤲 Барлықтарыңызға шәкірттің, ұстаздардың және біздің шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз.
Алла разы болсын!
❤17❤‍🔥3🔥1
✨ Кім Алладан сұрайды — ол ешқашан жалғыз емес.
❤40🕊4🔥1
وَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تُقْسِطُوا۟ فِى ٱلْيَتَٰمَىٰ فَٱنكِحُوا۟ مَا طَابَ لَكُم مِّنَ ٱلنِّسَآءِ مَثْنَىٰ وَثُلَٰثَ وَرُبَٰعَ ۖ فَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تَعْدِلُوا۟ فَوَٰحِدَةً أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَٰنُكُمْ ۚ ذَٰلِكَ أَدْنَىٰٓ أَلَّا تَعُولُوا۟

Қамқорлықтарыңа алған жетім қыздармен үйленген жағдайда оларға әділ бола алмаудан қорықсаңдар, өздеріңе ұнаған әрі адал болған өзге әйелдердің екеуімен, үшеуімен немесе төртеуімен үйленіп, отау құруларыңа болады. Егер бұл жағдайда да (әйелдеріңнің нәпақасын бөлуде бәріне бірдей қарайтын) әділ бола алмаудан қорықсаңдар, біреуін ғана немесе қолдарыңдағы күңдерді қанағат тұтыңдар. Әділдіктен ауытқып кетпеулеріңнің ең тиімді жолы, міне, осы.

(«Ниса» сүресі 4:3)
❤24🔥3🕊3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Авариядан кейінгі алғашқы сұхбат | Қасым Әшимов - Нұрсылтан Рысмағанбет
❤21🔥6👍2
🕊️ Өлім — ең үлкен насихат.
Одан қашқан ешкім жоқ,одан құтылған ешкім жоқ.

Бірақ қазіргі қоғам өлім жайлы ойламайды.Қабірді ұмытып,тойды еселейді.
❤32😢7🕊5🔥2👍1
Ата-ана жәннат қақпасы.
Олардың разылығы Алланың разылығы.

Бірақ ата-анасын қартайғанда
жалғыз қалдырғандар көбейді.
❤23😢8👍4🕊2
Жүректің ең үлкен дерті — қатаю.

Күнәлар көбейгенде,дүние артқанда,жүрек қатаяды.

Қазір адамдар зұлымдықты көрсе де селт етпейді,жетім жыласа да жаны ауырмайды.

Бұл — жүректің қатаюы.

Жүректі жұмсартатын үш нәрсе бар:

1️⃣ Құран оқу.
2️⃣ Өлімді еске алу.
3️⃣ Жетім мен мұқтажды қуанту.
❤29👍4💘2🔥1🕊1
🌙 Шүкір — берекенің кілті.
Нәпақа — Алланың уәде еткен несібесі.Қазір адамдар нәпақаны көбейтемін деп,шүкірді ұмытты.

Біреуде бар нәрсеге қызығып, өзіндегі нығметті көрмейді.
Ал шүкір еткеннің нығметі артады.
Шүкірсіздің қолындағы да кетеді.
❤40👍3🔥3🕊3
🕊️ Нәпсі тәтті ләззат уәде етеді,бірақ соңында у қалдырады.

Күнә тәтті көрінеді,бірақ жүректі қарайтады.
❤31🔥4👍3🕊3❤‍🔥2💔2
📚 Дін мен ғылым – екі бөлек әлем емес, бір-бірін толықтыратын қос қанат. Ғылымсыз дін – құр сенім, дінсіз ғылым – құр мақсат. Ал екеуі бірге болса, адамға бағыт, қоғамға өріс, ұрпаққа үміт сыйлайды.
❤39🕊6👍2💔2🔥1😁1
Рия — амалдың уы.
Адам көріп тұрсын деп істелген құлшылық Алланың алдында қабыл емес.
❤50🔥3🕊3
Бүгін – Алланың сыйы, оны шүкірмен өткізген жан ғана шынайы бақыт табады.
❤50🔥6🕊4👍3
Тәубе — Алланың есігі.
Ол есік қияметке дейін ашық.

Бірақ адамдартәубені кейінге қалдырады.
«Әлі жаспын» дейді,«Қартайғанда жасармын» дейді.

Бірақ ажал жасқа қарамайды.
Шынайы тәубе күнәні тастап, жүректі өзгерту.

Кім тәубе етсе —Алла оның күнәларын ізгі амалға ауыстырады. Ин ша Аллаһ
❤44🕊8😍5🔥3👏2👍1
Сабыр еткеннің жүрегі — тас ішінде де гүлдейді.
❤51🔥7👍4💔3🕊2
Қазір дүние үшін талас көп:
мансап үшін жанжал,байлық үшін ұрыс,атақ үшін бақталастық.

Бірақ дүние кімге қалды?
Патшалар да, байлар да жалаңаш топыраққа кірді.

Дүние — сынақ алаңы ғана.
Осыны ұмытпауымыз керек!
❤41👍5🔥2🕊2💯2💔1🤗1
🕊️ Әлеуметтік желіде арсыздық жайылды,жастардың қолындағы телефон жақсылыққа да, жамандыққа да есік.
❤39👏5🔥2🕊2
📚 Жомарт — Аллаға қарыз береді, Алла ол қарызды он есе, жүз есе қайтарады.
Сараң — өзіне зиян жасайды.
❤36👍9🕊4💯4🔥2😍1
🌟 Білім – жүректің тыныштығы.
Ілімсіз жүрек қараңғы қалады.
Ілім – жүрекке иман нұрын құяды, дұрыс пен бұрысты ажыратуды үйретеді.
❤44🔥4👍3
🌙 Дүние — арман,ахирет — ақиқат.
❤41👍6🕊4🔥3