ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы
3.5K subscribers
16 photos
28 videos
1 file
5 links
Download Telegram
Байлық та сынақ,жоқшылық та сынақ.
Денсаулық та сынақ,сырқат та сынақ.
❤44🔥2
Кім намазын тастаса,ол — дінін әлсіретеді.
Кім намазын түзей алса,оның қалған амалы да түзеледі.
❤26💔4🔥3
💚 Мәуліт мерекесі – жүректерге нұр, көңілдерге шаттық сыйлайтын қасиетті күн.
Бұл – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ дүние есігін ашқан мүбәрак сәті.

🌿 Ол кісі ﷺ – бүкіл ғаламға рақым етіп жіберілген ұстаз, қараңғылықта жарық, үмітсізге үміт, мұңайғанға медет.

✨ Мәуліт – тек еске алу емес, Оның ﷺ өнегелі өмірін үлгі тұтып, сүннетін дәріптеу, жүректерімізді иманмен байыту.

📿 Көбірек салауат айтып, Алланы еске алу – жүректі жұмсартып, күнәні жуып, сауап есігін ашады.


🌸 Мәуліт мүбәрак болсын!
Алла Тағала жүректерімізді иманмен, үйлерімізді берекемен, өмірімізді мейіріммен нұрландырсын 🤲
❤30🔥1🥰1😍1
🕊️ Жалған өмірдің сәні көзді арбайтын от сияқты.
Жақындасаң — өртейді,алыстан қарасаң әдемі көрінеді.
1❤32🔥3💯1
Жомарттық — мұсылманның сәні.
Берген сайын көбейеді,бөліскен сайын құт артады
❤30🔥3💔1
⚖️ Бүгінгі намаз — ертеңгі жарық.
Бүгінгі садақа — ертеңгі көлеңке.
Бүгінгі күнә — ертеңгі қара түнек.
❤32💘3😍2🔥1
Уақыт — алтыннан қымбат.
Бірақ адам оны босқа жоғалтады.
❤23🔥1💯1💘1
Қазіргі заманда адамдардың көпшілігі еркін емес.Олар телефонның,интернеттің, нәпсінің құлы.Әрбір хабарламаға тәуелді, әрбір «лайкқа» байланған.Бірақ шын еркіндік Алланың құлы болу.
❤42🔥3🕊3🥰2💘2
📚 Өмір — уақыт. Уақытыңды қалай жұмсасаң, өмірің де солай өтеді
❤30👍3🔥1
🖋️ Адам Алланың құлы болғанда ғана нәпсінің құлдығынан босайды.
❤32🔥1🕊1
⚖️ Адал мен харам — аспан мен жердей алыс.Бірақ қазіргі қоғам екеуін араластырып алды.

Харамға әдемі ат қойылады,
«бизнес» дейді,«заман талабы» дейді.

Бірақ харам — харам болып қала береді.
❤33👍1🥰1🕊1💔1
📝 Жүрек — тыныштық іздейді.
Бірақ оны дүние бере алмайды.

Ақша тыныштық бермейді,атақ тыныштық бермейді.

Жүректің тыныштығы Алланы еске алуда.
❤46🔥5🕊4
Парызсыз дін — тамыры жоқ ағаш.
Сүннетсіз дін — жемісі жоқ ағаш.
❤36💔3🔥2🕊2
Көрші ақысы — иманның белгісі.

Пайғамбарымыз ﷺ:«Көршің тоқ болып, сен аш жатпа» — деді.

Қазір адамдар көршісін танымайды.Бірақ нағыз мұсылман жақынынан бастайды.
🔥17❤8🕊2
Түнде Алламен болған жүрек Күндіз жарық шашады.

Таһаджуд
❤51🔥1🕊1
Құран — өткеннің тарихы емес, бүгінгі өмірдің нұсқаулығы.

Кім Құранмен жүреді,ол адаспайды.
❤40💘3👍1🕊1
Шайтан — адамға ең үлкен дұшпан.Ол сенің құлшылық етпеуіңді қалайды.

Бірақ ол ашық шақырмайды,
ол айламен азғырады:

– «Кейін тәубе етесің» дейді.
– «Бұл кішкентай күнә ғой» дейді.
– «Барлығы істеп жүр ғой» дейді.

Осылайша аз-аздан жүректі қарайтады.

Шайтандан құтылудың жалғыз жолы:
1️⃣ Алланы еске алу,
2️⃣ Құран оқу,
3️⃣ Дұға ету.
❤23🔥12🕊2👍1
Қазір көп үйде Құран бар,бірақ көп жүректе жоқ.
❤29💔6👍2🔥2🕊2💘1
🕊️ Бұл дүние — тұрақ емес,қонақ үй ғана.

Бірақ адамдар осы қонақ үйді мәңгі мекен деп санайды.
Үйін сәндейді,киімін жаңартады,
бірақ қабірін ұмытады.
💔19❤8🔥4🕊1
📚 Әрбір сөз,әрбір қадам,әрбір ой амал дәптеріне жазылады.

Періштелер қалдырмай тіркеп отырады.

Қиямет күні бәрі ашылады.
Сол кезде ешкім: «Мен істемедім» деп айта алмайды.
❤24💔5🕊2