Серікжан Біләшұлы
2.45K subscribers
2.83K photos
3.04K videos
32 files
4.23K links
Download Telegram
Аталған төрт белсенді және ұйымның басқа да мүшелері 2025 жылғы 13 қарашада Қазақстан–Қытай шекарасына жақын жерде Қытайдың Қазақстан азаматы, жүк көлігінің жүргізушісі Әлімнұр Тұрғанбайды заңсыз қамауына қарсы наразылық білдіру кезінде Қытай туын және Қытай басшыларының портреттерін өртеген. Осыдан кейін Қытай Сыртқы істер министрлігі ресми нота жолдап, Қазақстан билігі 19 белсендіні (оның 17-сі осы ұйымның мүшелері) қамауға алған. Бастапқыда олар әкімшілік құқықбұзушылық бойынша жауапқа тартылғанымен, кейін іс Қылмыстық кодекстің 174-бабы 2-бөлігі «ұлттық немесе мемлекетаралық араздықты қоздыру» бабы бойынша қылмыстық іске ауыстырылған. Бұл бап бойынша ең жоғарғы жаза — 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Қазіргі уақытта 13 адам әлі де сотқа дейінгі қамауда отыр. Іс жабық режимде қаралуда, ал адвокаттарға істің мән-жайын жариялауға тыйым салынған.
Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары бұл істі сөз бостандығы мен бейбіт жиналыс еркіндігін өрескел бұзу деп бағалап, айыптауларды дереу алып тастауды және қамаудағыларды босатуды талап етіп отыр. Қазақстанның сот жүйесі ұзақ уақыттан бері тәуелсіздігіне қатысты сынға ұшырап келеді, ал елдің жалпы басқару жүйесі кеңінен авторитарлық сипатта деп есептеледі.

ChinaAid қауымдастығы

https://www.chinaaid.net/2026/02/blog-post_3.html

Таратыңыздар.
👍12😱12⚡2
Таратарсыздар.
Қазақстандағы «Атажұрт» ұйымының қамаудағы бірнеше белсендісінің денсаулығы күрт нашарлады
03.02.2026 Тұрсынбек Қаби және жұбайы Оралхан Әбен

Қаби Шыңжаңдағы концлагерьден босап шыққаннан кейін түсірілген сурет (Алматы)
Қазақстандағы «Атажұрт» ұйымының қамаудағы бірнеше белсендісінің денсаулығы күрт нашарлады
(Қазақстан – 2026 жылғы 3 ақпан)
Қазақстанда тіркелмеген, бірақ кеңінен танымал адам құқықтарын қорғау ұйымы — «Атажұрт» (сондай-ақ Nagyz Atajurt немесе «Нағыз Атажұрт еріктілері» деп аталады) құрамындағы бірнеше қамауға алынған мүшенің денсаулығы күрт нашарлаған. Туыстарының айтуынша, олар сотқа дейінгі қамау немесе үйқамақ жағдайында ауыр медициналық мәселелерге тап болып отыр.
Қамауда отырған белсенділердің бірі — Тұрсынбек Қаби — есту қабілетін қатты жоғалтқан, бүкіл денесі мен аяқтары үздіксіз қатты ауырады. Оның адвокаты сотқа медициналық анықтама тапсырып, бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыруды сұраған, алайда судья өтінішті қанағаттандырмаған. Қаби 2018 жылы Қытайдың Шыңжаң аймағындағы бір қамау орнында азаптауға және соққыға ұшырап, соның салдарынан екі құлағының да дабыл жарғағы жарылған. Бастапқыда бұл зақымды алты ай ішінде операция арқылы қалпына келтіруге болатын еді, алайда уақыт өтіп кеткендіктен, қазір оны емдеу мүмкін емес. Ол қазіргі кезде тек есту аппаратының көмегімен ғана әрең ести алады.
Туыстарының айтуынша, Қаби ұзақ уақыт бойы суық цемент еденде жатуға мәжбүр болғандықтан, созылмалы ауырсынудан зардап шегуде. 2019 жылы Қазақстанға оралғаннан кейін көп ұзамай ауруханаға жатқызылып, дәрігерлер ауызша түрде «белгісіз уытты заттан туындаған сепсис болуы мүмкін» деген диагноз қойған, алайда ресми жазбаша қорытынды беруден бас тартқан. Содан бері оның қанындағы уыттылық деңгейі әр үш ай сайын бақылауды қажет етеді. 2021 жылдан бастап сол жақ тізесінің үстінде қайта-қайта сұйықтық жиналып, жүруі қиындап, балдақ қолдануға мәжбүр болған. Бір тексеріс кезінде дәрігерлер сол тізесінің ішінен белгісіз металл бөгде зат тапқан, кейін оны операция арқылы алып тастаған. Сонымен қатар, оның шүйде тұсында зақым мен патологиялық өзгерістер бар екені анықталған. Қаби қамау лагерінде белгісіз вакциналар мен инъекциялар салынуы салдарынан бала сүю қабілетінен айырылған.
Тағы бір қамаудағы азамат — Батырбек Байғазы — ауыр көру қабілеті бұзылысына шалдыққан. Медициналық қорытындыға сәйкес, оған шұғыл түрде көзге операция жасау қажет, алайда қамауда болғандықтан, бұл емді ала алмай отыр. Соның салдарынан оның көру қабілеті дерлік толық жоғалуға жақындаған. Ол да денсаулығына байланысты үйқамаққа ауыстыруды сұраған, бірақ сот бұл өтінішті де қабылдамаған.
Ербол Нұрлыбаев жалғыз адамдық камерада ұсталып отыр, оның екі бүйрегінде ауыр сырқат бар және шұғыл мамандандырылған ем қажет. Ол Қазақстанның оңтүстігіндегі «Атажұрт» ұйымының ең белсенді мүшелерінің бірі болған, Қытаймен визасыз режимге және жер мен стратегиялық нысандарды Қытайлық компанияларға ұзақ мерзімге жалға беруге қарсы бейбіт наразылықтарға бірнеше рет қатысқаны үшін әкімшілік қамауға алынған. Қазіргі таңда ол психологиялық қысымға ұшырап, бұл оның ауруын одан әрі асқындырып отыр.
Ұйымның заңгері Нәзигүл Мақсұтқан қазіргі уақытта сегіз айлық жүкті, әрі екі жасар баласы бар. Соңғы екі жарым ай ішіндегі қылмыстық айыптаудағы, тұрақты түрде тергеуге, үйін тінтуге, аяққа тағылатын электронды бақылау құрылғысына, мәжбүрлі жауап алуларға және түрлі психологиялық қысымға ұшыраған. Оның күйеуі Ерзат Болатханның айтуынша, бұл қысымдар Нәзигүлге іштегі нәрестенің қалыптан тыс, тоқтаусыз қимылдауына және аяқтарының қатты ісінуін, бүйрек тұсының қатты шәншіп ауыруын, үздіксіз бас ауруын және ауыр ұйқысыздықты туындатқан. Ол шұғыл медициналық көмекке мұқтаж, алайда саяси белсенділердің Қазақстандағы ауруханаларда күмәнді жағдайларға тап болуы мүмкін деген қауіптен емханаға баруға қорқады. Ол Алматы маңында тұратындықтан, сотқа қатысу үшін шамамен 300 шақырым қашықтықтағы Талдықорғанға баруға мәжбүр. Әрбір сот отырысында кемінде үш сағат бойы қозғалыссыз отыру оның жүктілік кезіндегі денсаулығына үлкен қатер төндіреді.
😱15😢2
Аталған төрт белсенді және ұйымның басқа да мүшелері 2025 жылғы 13 қарашада Қазақстан–Қытай шекарасына жақын жерде Қытайдың Қазақстан азаматы, жүк көлігінің жүргізушісі Әлімнұр Тұрғанбайды заңсыз қамауына қарсы наразылық білдіру кезінде Қытай туын және Қытай басшыларының портреттерін өртеген. Осыдан кейін Қытай Сыртқы істер министрлігі ресми нота жолдап, Қазақстан билігі 19 белсендіні (оның 17-сі осы ұйымның мүшелері) қамауға алған. Бастапқыда олар әкімшілік құқықбұзушылық бойынша жауапқа тартылғанымен, кейін іс Қылмыстық кодекстің 174-бабы 2-бөлігі «ұлттық немесе мемлекетаралық араздықты қоздыру» бабы бойынша қылмыстық іске ауыстырылған. Бұл бап бойынша ең жоғарғы жаза — 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Қазіргі уақытта 13 адам әлі де сотқа дейінгі қамауда отыр. Іс жабық режимде қаралуда, ал адвокаттарға істің мән-жайын жариялауға тыйым салынған.
Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары бұл істі сөз бостандығы мен бейбіт жиналыс еркіндігін өрескел бұзу деп бағалап, айыптауларды дереу алып тастауды және қамаудағыларды босатуды талап етіп отыр. Қазақстанның сот жүйесі ұзақ уақыттан бері тәуелсіздігіне қатысты сынға ұшырап келеді, ал елдің жалпы басқару жүйесі кеңінен авторитарлық сипатта деп есептеледі.

ChinaAid қауымдастығы

Таратыңыздар.
Ағылшынша түпнұсқа:
https://chinaaid.org/news/the-health-of-several-detained-activists-from-kazakhstans-atajurt-organization-has-deteriorated-significantly/

Таратыңыздар.
😢24👍9⚡1