Налып жүрген бір қоғам...
Студенттер оқуына разы емес, жұмыс істейтіндер жұмысына разы емес, кәсіпкерлер кәсібіне разы емес, отбасылылар отбасына разы емес...
Байлық = қанағат. Осы рас ей кәдімгідей. Қаншалықты қанағатшылсың, соншалықты бай-бақуатты екенсің.
Құдайдың бергеніне емес, бермегеніне қарай береміз-ау...
Бергенін санасаң, санына жете алмай шатасасың.
100 жыл бұрынғы ең бай деген адамның үйінде кранды бұраған кезде жылы су ақпаған төбесінен. Условно, біз қазір 100 жыл бұрынғы байдан да жақсы өмір сүреміз деген сөз.
Шүкірлік етсең арттырады!
#ой_түймекке

❤148👍41💯10✍5🔥4🐳1
Мұсылман ретінде бәрі Алланың қалауымен жүзеге асатынын білеміз. Дегенмен біз себептерін жасауға міндеттіміз. Жақсы ниет, айқын мақсат пен әрекет – дұғаның серігі. Егер өз қалауыңызды анық білмесеңіз, не тілейсіз, қалай сұрайсыз?
«Дұға – білім» деген сөз бар. Бұл – кімнен сұрап жатқаныңды, не сұрап жатқаныңды саналы түрде ұғыну дегенді білдіреді. Сондықтан өмірлік мақсаттарымыз ұлы әрі биік болуы тиіс. Адам өз деңгейін арманының ауқымымен анықтайды.
(c) Студентке кеңес, Студенттің жоспар құруы бөлімінен үзінді
P.s. Жоспар құру туралы талдап, қолданбалы тәсілдер ұсындық. Дұрыс ниетпен амал ететін болса, табысты студентке айналады. Жүйелі, жоспар-мақсаты бар адам әрдайым қызығушылық тудырады, жетістікке жетеді.
#студентке_кеңес

❤82👏16🔥8💯4🐳1
Қыз бала өмірлік серігін таңдағанда да, жігіттің сондай қасиетіне қарауы керек деп пайымдаймын. Егер жігіттің өмірлік мақсаттары болмаса, жоспары болмаса, басты алып қашу керек ондай адамнан.
Қайдан қайда бара жатқанын ойлап жүретін, тек жеке емес, отбасылық стратегиясы бар адамнан көп игілік күтуге болады.
#ой_түймекке
Қайдан қайда бара жатқанын ойлап жүретін, тек жеке емес, отбасылық стратегиясы бар адамнан көп игілік күтуге болады.
#ой_түймекке
❤137👍27💯17👏7🫡3⚡2🔥2
Көп адамдар қателік жасаудан қорқады және сәтсіздікті жеке кемшілік ретінде қабылдайды. Алайда қателіктер мен сәтсіздіктер – адамның дамуының, жетілуінің және табысқа жетуінің маңызды бір бөлігі. Бәрібір қателік жасаудан қашып құтыла алмаймыз. Қателіктер арқылы адам өз шекараларын, қабілеттерін және шындықты түсінуге мүмкіндік алады. Қателіктерді тек теріс тәжірибе ретінде емес, керісінше, адамның тұлғалық дамуына ықпал ететін мүмкіндік ретінде қабылдаған жөн.
(c) Студентке кеңес, Қателіктерді қабылдау бөлімінен
(c) Студентке кеңес, Қателіктерді қабылдау бөлімінен
❤102👍16🤯7🔥5🤝1
Кейде бір жыл үзіліс он жылдық жаңғырудың бастауы болуы мүмкін. Мен де бакалавриатты аяқтаған соң бірден магистратураға оқуға түсе қоймадым. Батыс елдеріндегі дәстүр бойынша өзіме gap year жарияладым. 20 жасқа дейін өз деңгейімде бірқатар жетістіктерге жеткен соң, бір жыл үзіліс алуға моральдық құқығым бар деп есептедім. Сол бір жылда көп саяхаттадым, бойымдағы кемшіліктерді түзеп, тәжірибе жинауға, ата-анама көмектесуге тырыстым.
Gap year жарияладым дегенді әр адамға жеке түсіндіруге тура келетін. Бірақ бұл – өзімді тыңдаған, дұрыс шешім қабылдаған
сәттерімнің бірі еді. Осы кезде алған тыныш ойдың, ішкі еркіндіктің арқасында отбасын құруға саналы түрде қадам жасадым. Үйленгеннен кейін ғана магистратураға оқуға түстім.
(c) Студентке кеңес, Gap Year бөлімінен үзінді
P.s. Кітапта өз тәжірибемізді жазуымыздың себебі - оқырманға жақын болу. Сол арқылы оқып отырған адам өзін көре алатындай сезім ұялату. Әрбір студент, әрбір адам дұрыс кеңес алуға лайықты.

❤93🔥14👍11✍3🫡1
Мухаммад Али (Алла рақымына алсын) кезінде Эрнимен шыққан кезде "Менің атымды айт" деп төбелеген еді ғой. Себебі Эрни Террелл Алиді Кассиус Клей деп бұрынғы атымен атайды.
Ал Али ол есімді ақтардың құлдарға қойып берген есімі деп қабылдайды. Сондықтан үзілді-кесілді өзін Мухаммад Али деп атауын талап етеді бәрінен. Өз есімімен сондай дәрежеде мақтанған, құрмет тұтқан.
Желі қолданушыларының бірі осыған қатысты мынандай пікір қалдырыпты:
Meanwhile the Mohammads of today want to be called "Mo"...
Ал бүгінгі Мұхаммедтер (өз атынан ұялып) "Мо" деп аталғысы келеді...

👏78❤52👍20😢12💯8🔥3
Forwarded from dapterone
«Бездельник считает, что наслаждается жизнью, но рано или поздно ему придется столкнуться с разочарованием».
©️Фаусто Черчиньяни
©️Фаусто Черчиньяни
❤108👍22😢18💯4
dapterone
«Бездельник считает, что наслаждается жизнью, но рано или поздно ему придется столкнуться с разочарованием». ©️Фаусто Черчиньяни
Жандос бауырымның арнасын тұрақты оқып тұрамын.
Сыни пікірі бар, терең ойлана алатын азаматтардың қатарынан деп танимын.
Сыни пікірі бар, терең ойлана алатын азаматтардың қатарынан деп танимын.
❤80👍15🤝11🫡1
«Руханият» сөзіне назар салсақ, түбірі – «рух», яғни адамның жаны. Бұл – адамның ең шынайы болмысы. Тән бар, жан бар. Адамның шынайы болмысы – оның жаны.
Тән топырақтан жаратылған, ал жан Жаратушының ұлы сыры ретінде биіктен берілген. Сондықтан адамның рухы да биік, асқақ. Ол әрдайым ұлы істерге ұмтылады, биік мақсаттарды аңсайды.
Лас жерде немесе төмен ортада жүрсек, жанымыз қиналып, оған дақ түсіреміз. Ал үлкен мақсаттар қойып, сол армандарға ұмтылсақ, жанымыз шаттанып, шынайы болмысымыз азықтанады.
Әлсіздік, жалқаулық, еріншектік басқан кезде, бірден жан азығын беруді азайтып қойғанымызды түсінуіміз керек.
Адамның рухани жан-дүниесі тазарғанда ғана ойы да, ісі де
түзеледі. Тіпті көптеген аурулар да рухани әлсіздіктің салдарынан болады. Сондықтан жанымызды үнемі тәрбиелеп, биік ойларға, ізгі ниетке бағыттай білейік.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді

❤91🔥18👍10⚡5
Бүгінгі заман – көпқабілеттілікті талап етеді. Жасанды интеллектінің дамуы көптеген салаларға орасан зор өзгерістер алып келуде. Кейбір мамандықтар жойылып, жаңа мамандықтар пайда болуда. Осындай аласапыран кезеңге бейімделе білу – табыстың басты кілтіне айналды.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤98👍11🔥7💯3
Стив Джобс колледжде оқып жүрген кезінде қатысқан каллиграфия сабақтары кейін Apple өнімдерінде әдемі шрифтердің пайда болуына себеп болды. Яғни оның жастайынан үйренген қабілеті текке кеткен жоқ, сол уақытта үйренгені пайдасына жарап, мол табыс әкелді.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤90🔥15👍13
Өмірде кейбір нәрселер қандай берекесімен білмейміз. Мысалы, менің өмірімде үйренген әр тілімнің жеке-жеке оқиғасы бар. Бала күнде оқыған ағылшын тілі АҚШ-қа баруыма себеп болды. Араб тілін білгендігімнің арқасында көптеген араб елдеріне сапар шектім, гранттар ұтып алдым. Түрік тілін білгендіктен, оқуымды аяқтамай жатып лауазымды қызметке
шақырту алдым.
Нәтижесінде сол жұмыста жүріп бүгінгі бажаммен таныстым. Ол өзінің балдызымен таныстырып, қазір үйлі-отбасылы болып отырмын.
Жаратушы өмірде бүкіл нәрсенің себебін жаратып қойған, біз тек амал-әрекет етуді тоқтатпауымыз керек.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
шақырту алдым.
Нәтижесінде сол жұмыста жүріп бүгінгі бажаммен таныстым. Ол өзінің балдызымен таныстырып, қазір үйлі-отбасылы болып отырмын.
Жаратушы өмірде бүкіл нәрсенің себебін жаратып қойған, біз тек амал-әрекет етуді тоқтатпауымыз керек.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤117👍29🔥12❤🔥5👏2✍1
Біреуге түсіндірген кезде, өзіңіз де тақырыпты тереңірек меңгересіз. Бірінші курста Құран жаттап тапсыратын ұстазым: «Білім алушы әрдайым – «алушы» және «беруші» болуы тиіс», – дейтін. Яғни бір жағынан білім алып, екінші жағынан оны өзгеге жеткізген кезде есте сақтау қабілетің артады.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤101👍23🔥10💯6
Кітап бойы тек қана «оқы-оқы» деп кеңес беріп жатыр деп ойламаңыз. Оқудың да тиімді тәсілі, жолы болады. Алдыңызға келгеннің бәрін оқып, қажеті де, қажетсізі де жатталса, көп ұзамай ми шаршап, шатыса бастайды. Себебі, тек жаттау – білім емес. Көп нәрсені жатқа білетін адам – міндетті түрде данышпан деген сөз емес.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤85👍13🔥12
Университетте әр пәннің оқытушысы саған қалың кітаптар мен ұзақ тізім бере салуы мүмкін. Оқулықты ашып, кейде 3-4 бет оқыған соң-ақ шаршап қаласың. Шынында, ондай кітаптарды бірден меңгеру қиынға соғады. Сол себепті бір пән бойынша бірнеше кітап пен дереккөзді пайдалан. Кейбір авторлар бір тақырыпта мықты болады да, келесі бір тақырыпта әлсіз боп жатады. Сондай жағдайда бір кітаптан таба алмағаныңызды, келесі бір кітаптан таба аласыз.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤90👍12💯8🐳6🫡4
«Мен жаттай алмаймын» деп айтпа! Әр оқыған нәрсеңнің саған пайда беріп, жадыңды дамытып жатқанын біл. Адамның ішкі бағдарламасы да сабақ түсінуде үлкен көмек береді. Бірден бәрін жаттауға тырыспа, ол – ең соңғы қадам. Әуелі сабақты түсініп ал.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤124👍19🔥8🫡5
Студенттік өмірде адам сабақтардан қатты шаршағаннан стреске түсіп кетуі мүмкін. Жанында демейтін, қолдау білдіретін жанашыр табылмаса, уайымы көбейіп, одан сайын күйзеліске ұшырап қалу қаупі бар.
Иә, сабақты жақсы оқы, алайда ол нәрсені қуанышпен, жарқын көңілмен жасай біл. Ол үшін ойыңды түзе. Қазір алып жатқан білім мен төзімділік, ертеңгі жарқын келешек үшін екенін жете түсін. Өмірде біз әсер ете алатын және әсер ете алмайтын нәрселер бар.
Кей мұғалімнің тәсілін, оның саған деген қарым-қатынасын өзгерте алмауың мүмкін. Егер ол төмен баға қойса, қатты уайымдама, керісінше, өз денсаулығыңды ойла.
Шынайы өз бағаңды біл! Мұғалімнің қойған бағасы 100%-дық көрсеткіш емес. Кей кезде өмірде аса маңызды болмаған нәрселерге қатты маңыз беріп жібереміз де, нәтижесінде стреске түсіп жатамыз. Аздап ойланып көр, қазір стреске түсіп, денсаулығыңды құртуың, осы уайымдаған нәрсеңе тұрады ма?!

❤91👍18🔥11👏1
Стресс сәттерінде ішімдік, шылым, есірткі сынды нәрселерге жолама. Дұрыс, тиімді шығу жолдарын қарастырып көр. Жаман әдет – өмір бойы жаныңнан қалмайтын, өнімділігіңді азайтатын, келешегіңе кері әсерін тигізетін құбылысқа айналуы мүмкін.
Басыңа қандай қиындық туса да, оның шешімі бар екенін біл. Бірде ұстазым былай деп айтып еді: «Адамдар биік тауды асу үшін де жол табады, тіршіліктегі қиындықтар да тура сол секілді, міндетті түрде айналма немесе кесіп өтер жолы болады».
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
Басыңа қандай қиындық туса да, оның шешімі бар екенін біл. Бірде ұстазым былай деп айтып еді: «Адамдар биік тауды асу үшін де жол табады, тіршіліктегі қиындықтар да тура сол секілді, міндетті түрде айналма немесе кесіп өтер жолы болады».
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤96👍15🔥8👏6
Бір адам сүрінді екен деп таң атуын, күн батуын тоқтатпайды. Әлем тіршілігі тоқтамайды, өмір жалғасады. Сен бар болсаң да, жоқ болсаң да ештеңе өзгермейді. Сондықтан өзіңді құрдымға жіберме, сүрінсең қайта тұр! Өміріңді қараңғылық басса, терезенің перделерін аш! Күн сәулесін сезін.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤119👍12🔥11🕊9👏1
Оқудағы стрестен бөлек біреудің ата-анасы ажырасайын деп жатады, біреудің жақыны қайтыс болады, біреу сәтсіз махаббаттан күйзеледі, біреудің денсаулығында қиындықтар кездеседі. Сол әр адамның көзімен қарағанда қаншалықты қиын жағдайда екенін түсінуге болады.
Бірақ осы бөлімді жазудағы басты мақсат – өмірдің әлі аяқталмағанын түсіндіру. Өзгелердің таңдауына, өмірлік ұстанымына, қабылдаған шешіміне, тағдыр ісіне араласа алмаймыз. Кей нәрселерді қабылдауымыз қажет, ары қарай жүруіміз керек.

❤92👍16🔥7💔7🕊3