Orientalist's Notes
10.7K subscribers
117 photos
42 videos
14 files
127 links
Download Telegram
Кітап жинап, жеке кітапхана қорын қалыптастыру – рухани байлығыңның, ішкі мәдениетіңнің көрінісі. Мен өзім студенттік өмірге қадам басқанға дейін де кітап жинауға, жеке кітапхана қалыптастыруға құштар болдым.

Бала күнімде 10-15 шақты кітабым болса, он бірінші сыныптан бастап кітап санын жүйелі түрде көбейтуге, арнайы тізім құруға кірістім. Жеке кітапқа ие болудың өзі үлкен жауапкершілік: оны қадірлейсің, ұқыппен оқисың, біреуге берсең де, қайтаруын қадағалайсың.

Әр кітапқа белгі қойып, өз ізіңді қалдырасың. Ертең ұр-
пағың сол кітапты парақтап отырып: «Әкеміз (немесе
атамыз) оқыған екен
» деп ой түйсе – дүниеден өткен
соң да бере білген тәліміміз болады.

Шынында, жеке кітапханамыз – біздің интеллектуалдық әрі рухани мұрамыз. Қайта парақтаған сайын өзіңнің өткен ойларыңа, сезімдеріңе көз жүгіртесің. Әр кітап – бір кезеңнің, бір күйдің куәсі.

(с) Студентке кеңес, Жеке кітапхана бөлімінен үзінді

#студентке_кеңес
❤112👍19👏8🔥6✍2
Қоғамда жиі айтылатын: «Балам өзі не істегісі келсе, соны істесін» деген көзқарас – көбіне ата-ананың жауапсыздығын, балаға дұрыс көңіл бөле алмауын бүркемелеудің тәсілі сияқты көрінеді.

Үйінде ата-анасы кітап оқып отырғанын көріп өскен баланың болмысы да, ойлауы да мүлде бөлек боларына сенемін. Үш атасынан бері оқымысты, зиялы әулеттер бар – бұл өмірде мүмкін нәрсе. Міндетті түрде «етікшінің баласы етікке жарымай қалуы» шарт емес.

(c) Студентке кеңес, Жеке кітапхана бөлімінен үзінді

#студентке_кеңес
❤104👍23✍2💯2
Кітап оқуға қатысты жиі айтылатын бір сылтау бар: «Мен аудиалмын, кітап оқи алмаймын. Ақпаратты тек тыңдап немесе көзбен көріп қабылдаймын».

Бұл да түсінікті. Бірақ осылайша өзіміздің кітап оқымайтынымызды ақтамауымыз керек. Себебі біз – «Иқро!» үмметіміз. Бізге түскен Құранның ең алғашқы аяты: «Оқы!» деген әмірмен басталды.

Демек, оқу – тек әдет емес, бұл – рухани жауапкершілік, білімге жеткізетін жолдың бастауы.

(c) Студентке кеңес, Кітап оқу дағдысын қалыптастыру бөлімінен

#студентке_кеңес
❤114🔥18👍10✍4
«Мактуб» дейді, шыны сатушысы романда. Яғни «маңдайға жазылған тағдыр». Мен де өмірімдегі маңызды кезең – отбасын құру тұсында осы кітаптың қолыма түскенін мактубке баладым. Кейіннен өмірлік серігім де тұңғышымызға аяғы ауыр кезінде осы кітапты оқып шықты. Ол үшін де өмірдегі маңызды сәттердің бірі – балалы болу кезеңінде романның қолына түсуін мактуб дедік. Енді, міне, бұл кітап сіздің де өміріңіздің маңызды кезеңінде – студенттік шағыңызда – қолыңызға тиіп жатса, демек, ол да мактуб.

(c) Студентке кеңес, Студентке мен оқуға ұсынатын 3 кітап бөлімінен

#студентке_кеңес
❤83👍12🥰4❤‍🔥3😍3✍1
Шынында, жетістік тек санаулы адамға ғана бұйырған бақ емес. Біз мұсылман ретінде білеміз, Алла Тағала еңбек еткен пендесінің ризығын азайтпайды. Мұсылман болсын, мұсылман болмасын, дүниеде еңбегіне сай жемісін, қарымтасын береді. Сол нәрсені осы романнан да көре аламыз.

(c) Студентке кеңес, Студентке мен ұсынатын 3 кітап бөлімінен

P.s. Кітапта "мына кітапты оқы, ананы оқы" деп қоя салмадық, мейлінше ұсынған кітабымызды не үшін оқу керегін талдап көрсеттік. Біздің түсіндірмені бір оқып шығып, сосын айтылған романдарды оқып шығып, кейін біздің талдауды тағы бір оқысаңыз, сөзсіз, тереңірек түсінесіз.

#студентке_кеңес
❤82👏5⚡3👍2🏆2❤‍🔥1🥰1💔1
СТУДЕНТТІҢ УНИВЕРСИТЕТТІК ӨМІРІ:
АКАДЕМИЯЛЫҚ ТАБЫСТЫҢ 10 ҚАДАМЫ

1. Алғашқы қадамыңды сеніммен баста.
2. Syllabus – сенің жол картаң.
3. Тапсырманы соңғы уақытқа қалдырма.
4. Үлкендерден үлгі ал.
5. Сұрақ қоюдан ұялма.
6. Жалқаулыққа жол берме.
7. Сабаққа деген ниет – ең мықты құрал.
8. Өзіңді өзгемен салыстырма.
9. Сапалы білім – болашақтың іргетасы.
10. Жауапкершілікті өз мойныңа ал.

(c) Студентке кеңес кітабынан

P.s. Бұл жерде әр тақырыпқа жеке тоқталдық. Жалпы кітаптың жазылу стилі былай: тақырыптарды қысқа емес, ұзақ емес, орта деңгейде ашып отырдық. Бұрыннан кітап оқуға бейімделмеген адамды шаршатпайды, ал енді бұрыннан кітап оқып үйреніп қалған адамды ренжітпейді деп сенеміз.

Кітапты алу үшін менеджерге "предзаказ" деп жазыңыз
❤90🔥8👏3🏆2💯1
Академиялық дәреже алған кейбір адамдарда менмендік мінез байқалады. Шын мәнінде, бұл – үлкен сын. Соңғы жылдары мұндай адамдарға ренжімеуді үйрендім. Себебі ғылыми атақ пен шынайы білім – екі түрлі дүние. Адам білімі артқан сайын тәкаппар бола түссе, онда ол білімнің шынайы мәнін терең түсіне алмаған деген сөз.

(c) Студентке кеңес кітабынан

#студентке_кеңес
❤99👍15👏6✍3❤‍🔥2
Бір мысал келтіре кетейін. Менің бір ұстазым университетте сабақ берумен қатар Президент әкімшілігінде жұмыс істеді. Соған қарамастан асханада студенттермен қатар кезекке тұрып, әдеп сақтайтын. Ал бірде басқа кафедраның оқытушысы асханада студентке «Маған неге кезек бере салмайсың?» деп ұрысып жатқанын да көрдім. Иә, үлкенге құрмет – парыз.

Алайда адам құрметті өзі талап етпейді, оны істерімен иеленеді. Осындай сәттерде шынайы білімді адам мен білімді болып көрінгісі келетін адамның ара-жігі анық байқалады. Егер осындай менмен ұстаз кездессе, мүмкіндігін­ше жанжалдан қашыңыз. Себебі мұндай адамдар жеңілуге көнбейді және өз беделін қорғау үшін студенттің жолын бөгеп, кедергі келтіруі ықтимал.

(c) Студентке кеңес, Студент және ұстаз бөлімінен үзінді
❤99👏24🔥12👍6🤝3
Білім алу кезінде тек оқумен шектелу жеткіліксіз. Егер үйренгеніңді тәжірибемен бекітпесең, бәрі бекер. Қайталап оқып, үздіксіз еңбектенбесең, нәтиже де, ілгерілеу де болмайды. Бұл – тура көлік жүргізуді үйрену сияқты: жол ережесін оқып қана қоймай, рөлге отырып көлікті өзің жүргізіп көруің керек.

(c) Студентке кеңес, Білім алудағы практикалық кеңестер бөлімінен
❤99👍21🔥13👏4
Қиындық деген – анық әрі шешілетін нәрсе. Ештеңе де мәңгілік «қиын» болмайды. Сен формуланы емес, сеніміңді өзгертіп көр.

Ал егер пәнге деген қызығушылығың мен өзіңе деген сенімің болса – кез келген тақырыпты меңгеру мүмкін!

Кітапты ашып, оқуға кіріспестен бұрын, үстел басына жайғасып алып, өз-өзіңе мына сұрақтарды қойып көр:

– Мен не үшін оқып отырмын?
– Бұл пән маған не үшін қажет?
– Ол мені қандай жетістікке жеткізеді?
– Бұл білімді шынайы өмірде қалай қолдана аламын?
– Бұл тарау осы пәнді терең түсінуіме қалай ықпал етеді?
– Қазір мен осы тақырып жайлы нені білемін?
– Ал нені білмеймін?
– Бұл тараудан не үйренуім керек?
– Бұл білімді өмірімде немесе болашақ мамандығымда қалай іске асырамын?
– Осы пәннен алатын нақты практикалық дағды қандай?
– Автормен бірге жүріп келе жатқан негізгі ой не?
– Автор не айтқысы келеді?

Бұл сұрақтарға шын ықыласпен, терең ойланып жауап беруге тырыс. Өзіңе қойған бұл кішігірім сұрақтар сабаққа деген көзқарасыңды өзгертіп, пәнге қызығушылығыңды арттырады. Ең бастысы бұл оқу үдерісін саналы әрі мақсатты етеді.

(c) Студентке кеңес, Білім алудағы практикалық кеңестер бөлімінен
❤103👍18🔥2⚡1💯1
Студентке кеңес (гайд).pdf
885.9 KB
"Студентке кеңес" кітабының ықшамдалған гайд нұсқасы.
❤46🔥10✍2👍2🐳2⚡1🏆1
Егер де менеджер жауап бермей жатса, сабырмен күтуді сұраймыз, себебі бірден жауап беруге үлгермеуі мүмкін, алайда міндетті түрде жауап беретін болады 🤝
👍34❤20🔥2👏2😱2🫡1
Ардақ Назаров ағамыз депутаттық мінберден анасын құттықтаймын деп басы бәлеге қалды. Мен де құптамаймын. Себебі қазіргі қазақ — бұрынғы көңілі кең қазақ емес. Аямайды. Сабап жібереді.

Қателік қой. Бірақ сол қателігін қатты кешіре алмай жатыр. Керісінше, батырмақшы. Оқыған мамандығын, қай жылы университет бітіргені жайлы ізденіп кеткен кейбірі.

Сорлы бір қоғам болдық осы күнде…

#ой_түймекке
❤161💔44😢28💯13🔥6✍2👍2😱2
Бұрында тек беделі бар, сауаты бар, соған лайықты дәрежесі бар адам сөз сөйлейтін, пікір білдіретін. Сондай адамдар Role Model болатын. Соларға қарап бой түзедік, сондай болсақ қой деп еліктедік.

Қазір кім көрінген пікір білдіреді. Сауаты бар, сауаты жоқ, маңызсыз.

Қалыптасқандарды білмеймін, бірақ кейінгі буынға қиын секілді. Себебі алдыңғы буын тексіздіктің түр-түрін көрсетіп болды. Кейінгі буынға Role Model қалдырмады. Әйтеуір сау адам қалмады ғой. Бәрінің бір жері "қисық" н/е қисық қып көрсетіп берді.

Бұрын дін ұстаздарына тіл тигізбейтін халық. Арабша жазуы бар тұмарды жоғары іліп қойғаны секілді, арабша білетін ұстазды төбесіне көтеретін. Қазір оларды да жермен жексен етіп боқтайтын болған.

Төбемізден тас жаумаса болғаны деп тілеймін кейде...

#ой_түймекке
❤131💔43😢27👏8💯5🔥2✍1🤯1😍1
Түркияда оқып жүргенде бір ұстазым:

«Қандай да бір істі тастағың келсе, соңына дейін жеткізіп барып таста!» – деген еді.

Неге? Себебі әр шешім келесі бір жағдайға әсер етеді. Егер «ұнамады» деп оқуды, «менікі емес» деп жұмысты немесе «қолымнан келмейді» деп жобаны аяқтамай тастай берсеңіз, өзіңізге деген сенімді де жоғалтуыңыз мүмкін. Бір рет сеніміңізді жоғалтсаңыз, оны қайта қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет. Өзіңізбен жұмыс жасамасаңыз ол әдетке айналып, өзіңізге деген сенімді біржолата жоғалтуыңыз да әбден мүмкін.

Сондықтан бастаған істі жалғастырғыңыз келмесе, «бұны жасай алмайтын сияқтымын», «қолымнан келмейді-ау», «менікі емес секілді» деген ғамғамды (арабша – «міңгірлеу») қою керек. Ол істі жарты жолда тастамай, сәтті аяқтап, ризашылықпен қоштасқан дұрыс.

(c) Студентке кеңес, Ұнамайтын мамандық бөлімінен

#студентке_кеңес
❤141👍20🔥19
Orientalist's Notes
Түркияда оқып жүргенде бір ұстазым: «Қандай да бір істі тастағың келсе, соңына дейін жеткізіп барып таста!» – деген еді. Неге? Себебі әр шешім келесі бір жағдайға әсер етеді. Егер «ұнамады» деп оқуды, «менікі емес» деп жұмысты немесе «қолымнан келмейді»…
Осыған қатысты бір оқырман пікір жазыпты.

"Егер адам ол мамандықпен бәрібір жұмыс жасамайтын болса, бірден басқа қалаған оқуыңа түскен дұрыс секілді" деген.

Жалпы бітірген мамандығымен жұмыс жасап жатқан адам аз шығар. Университет - тек мамандық игеріп, сонымен жұмыс жасау жайында ғана емес.

Менің ұстанымымда былай, оқудан шығып кетіп, выгорать етіп, не істерін білмей, бос уақытын игере алмай жүргеннен, ұнамайтын мамандықта оқыса да сол университеттің рутинасында болған абзал.

Себебі сені күн сайын ұйқыдан оятатын мақсат болады: универге бару, сабақ тапсыру, рубежкаға дайындалу деген секілді.

Ал енді қалаған мамандыққа қайта түскің келсе, оқудан шығып кетіп емес, универде оқып жүріп қалаған мамандығыңа дайындал. Сөйт те кешенді тапсыр, түсіп кетіп жатсаң, тамаша. Мынау оқуың мен екі арадағы разницасын төлеп, қалаған мамандығыңда оқи бересің.

Ал егер оқудан шығып кетсең, сөйтіп қалаған мамандығыңа тағы түсе алмай қалсаң, ондай жағдайда екі есе депрессияға түсесің. Ата-ана да ренжіп қарайды.

Жалпы бар ғой, осындай жағдай студенттер арасында өте көп. Соны болдырмаудың бірден-бір жолы - мектеп кезден саналы түрде бір бағытты таңдап, анықталып, дайындалу. Ата-ана баласымен пікірлеспейді, бала да өзімшіл, ата-ана сөзіне құлақ асқысы келмейді. Екі арада мәміле болу керек. Бір-бірінің пікірін тыңдап, дұрыс шешімге келе білу керек. Ата-ана баласы үшін гэллап тесті іспетті болса, айналысса, мамандық таңдауда қиындыққа ұшырамайды деп сенемін.

#студентке_кеңес
❤107👍14🔥9💯5
Ал жалпы біздің жеткізгіміз келген нәрсе: қаша беру, бәрін тастай беру - шешім емес.

Жұмыс ұнамайды. Бастық “нәшәрлау” боп қалды. Ұнамады деп шығып кетесің.

Оқу ұнамады деп шығып кетесің.

Ертең үйленген соң (тұрмыс құрған соң) отбасылы өмір ұнамай қалса ше?

Яғни жауапсыз қадамдарды қою керек.

Әлемді өзгертетін, өзің сенетін нақты мақсатың мен жоспарың болса, “точно атады” деген идеяң болса, шық оқудан!

Басқа жағдайда Стив Джобстар үлгі емес, қарағым.

#студентке_кеңес
❤120👍20🔥17⚡2
Сосын мынандай да жағдай болады: ұнамай тұрған мамандық емес, тек универдегі алғашқы кездегі қиындықтар.

Өмірде жалпы оңай нәрсе жоқ. Оңайды іздеп жүре берсек өміріміз өте шығар.

Назарбаев атамыз айтқандай, өмір тым қысқа. Әрнәрсені бір көріп жүргенде өтіп кетуі мүмкін.

Әртүрлі саланы көру керек, өзіңе эксперимент жасау керек. Бірақ солай жүре бермеу қажет.

#студентке_кеңес
❤95🔥15👍13🫡2
Студент өзінің көркем жаратылыс екенін түсінсе, өз-өзін бағалауы да артады. Ал жетістікке жетудің алғышарты – өзін қадірлей білу. Ішімдік ішпеу, жаман ортадан алшақ болу, зиянды қарым-қатынастан аулақ жүру – бәрі де өзіңе деген құрметтің нәтижесі.

(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді

#студентке_кеңес
❤118👍22🔥3🥰3
Негізі бар ғой, адам өз өмірін қолға алмай, өзгеріске ниет етпей, ештеңе өзгере салмайды.

"Өздерін өзі өзгертпейінше, Алла Тағала ешбір қауымның жағдайын өзгертпейді" деген мағынадағы Құран аяты бар ғой.

Яғни өзгеріс қадамы бізден болмақ керек.

Бүгін жұмаға бара жатып бір кісімен ұшырасып қалдым. Әңгімесінің бәрі ірі: министрлерді де таниды, салық департаменті басшысын да таниды. Кімнің қандай айлық алатынын біледі, кішігірім өзінше "комитетчик". Блатной, уопшым.

Бір уақытта отырып алып әйелін жамандады. Мен екі бос аралықта стористер салып үлгерейін деп әңгімесін тыңдамай жатырмын, бірақ қояр емес.

Мешітке бара жатсың ба дейді. Қандай намазға? Жұма ғой десем, "aaa, жұма ма? Е, бір кіріп шығу керек еді "Боже, прости" деп, сол, уақыт жоқ қой тегі" деейді 87-жылғы көкем...

Біреуге қарап шүкір, біреуге қарап пікір қыласың. Өмірде кездестірген әрбір адамның орны бар ғой. Тарс-тұрс, ойыма келгенді тез-тез жазып қояйын дедім. Содан, жоғарыдағы Құран аяты есіме түсті.

Өзгені тураламас бұрын, өзіміз тура болайық, әуелі. Жылай бермейік! Тірлік қылайық. Әрекет бізден, берекет Алладан!

#ой_түймекке
❤140👏25👍14🔥5✍4💯2🐳1