Orientalist's Notes
10.8K subscribers
117 photos
42 videos
14 files
127 links
Download Telegram
Балалы болғалы бері өте көп ойланамын. Бара тәрбиесі турасында. Қалай дұрыс, не дұрыс емес, қайтсек мықты тұлға тәрбиелейміз деген сынды ойлар…

Сол нәрсеге мүдделіміз. Көзі ашық, оқыған, білім алған азаматтар ретінде мықты тұлға тәрбиелей білуіміз қажет. Елге жасаған ең үлкен қызметтердің бірегейі де сол болмақ.

Қазіргі таңда мүмкіндік кең. Алайда осындай кеңшілік заман екен деп, баланы бетімен жіберуге қарсымын.

Қазіргі таңда ұсынып жүрген “білгірлердің” көптеген құралдарымен келісе алмаймын. Басында әдемі естіледі. Бірақ бала тәрбиелеп отқан адам ол нәрсенің шынайы практикалық жағын біледі.

Әлсіз, енжар, керенау, бойкүйез, сүлесоқтарды шығармауымыз керек. Өмірдің, қоғамның қатыгездігіне де дайындай білу қажет деген ойға қалдым соңғы уақыттағы көріп-білген, оқып-түйгендерімнен.

#ой_түймекке
❤100👍25🔥10💯5👏2
Балаларымның тағдырын 15 жасымнан бері ойлаймын. Өмір туралы шынайы қашан ойланып бастадым, үлкен дайындық жолында екенімді сол кезден қабылдадым.

Менің өмірім - тек менің өмірім емес.

Денсаулығымды күткенім — болашақ баламның да денсаулығын ойлағаным.

Параллель группаның студенттері кальян шегуге шақырғанда бармағаным — болашақ баламның тағдырын ойлағаным.

Кітап оқуға әдеттенгенім — болашақта балаларыма дұрыс мұра қалдырғым келгені.

Сабағымды жақсы оқығаным — кәсіби өмірімді сапалы қалыптастырып, балаларыма дұрыс жағдай жасай алу мүмкіндігіне жеткім келгені.

Осылай тізе берсек әкете беруге болады…

Яғни айтпағым, “в моменте”, тек үйленетін кезде н/е тек балалы болған шақта емес, алдын-ала ойлануға үндеу.

Өміріміз бастан-аяқ байланысты. Қазіргі жасаған қандай да бір таңдаудың жай кетпейтінін білсек дегенім.

#ой_түймекке
👍109❤85🔥15💯11👏5
"МЫ ВАМ ГОРОДА СТРОИЛИ" синдромы

Көше, село атауын өзгертпек болсаң, жиі еститін аргументің осы: "- Сендерге қала салып бердік. А вы неблагодарные, біздің аталарымыз соғып берген, өздеріңе бір тиын қатыстарың жоқ қалаларды қазақша атағыларың келеді. Не имеете право!"

Хе-хе! Арнайы қазақ үшін, - деп кім қала соғып беріпті? Совет Одағы ма? Иә, комунистердің кезінде 40 кент салынған. Дені әскери, өндірістік жабық қалашықтар. Ол қалаларда кім тұрды, - деп статистикасына қарасаң: "Мы вам города строили" деген сөз анық артық болады.

Ары кетпей Шымкенттің өзіне қазақтар 2000-жылдары кіре бастады. Қалада бір туыс табылса, 5–6 студент соның үйінде жатып оқитын. Аяққа тұрған соң, олар келесі толқынды қабылдайтын. Осылай ғана қалалық болдық.

СССР кезінде қазақ 10 жылдап пәтер кезегінде тұрғанда, Пермь, Туладан келгендер бірден үйлі болатын, - деп әкем талай айтқан. Бертінге дейін, бір басында 2-3 үйі бар, аренда ақшасын Ресейдегі қыз-ұлына жіберіп отыратын тетя Галя, тетя Зиналар баршаның есінде шығар?!

ҚАЛАЛАР КІМНІҢ АҚШАСЫНА САЛЫНДЫ?

Мысалы, Рудный 1957 жылы кенішке жұмысшы керек болғандықтан салынды. Сөйтіп, қазақ жерінен қазылған миллиондаған тонна кен 40 жыл Магнитогорск пен Челябинскіге тасылды. Совет Өкіметі жыл сайын пәленбай миллиард пайда көрді. Ең бастысы, Рудный қаласын соғу үшін Мәскеуден біреу арнайы ақша әкелген жоқ. Қала сол кеніштен түскен қаржыға салынды. Тағы бір факт: Рудныйды салуға Шымкенттің «СМУ-4», «ССТМО ЮКО» бригадалары да қатысқан. Сондықтан "мои деды строили вам города" – түбірімен қате.

ДЕКОМУНИЗАЦИЯ ПРОЦЕССІ

Коммунистік атаулардан арылуды біздегі кейбір азаматтар «орысқа қарсы қадам»,-деп шу көтереді. Бұл ісі қып-қызыл қате әрі қылмыс!
Әйтпесе Ресей 1991 жылы-ақ жүзден астам қаланың, миллионнан астам көшенің атауынан Советтік сарқыншақты алып тастаған.

Мысалға:

Сталинград – Волгоградқа ауыстырылды.
Ленинград - Санкт-Петербург деген тарихи атауын қайтарып алды.
Куйбышев қайтадан Самара болды,
Свердловск - Екатеринбург атын қайтарып алды.

Яғни Ресейдің өзінде «советтік» атаулардан бас тарту – тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, - деп түсіндірілді.

Ал, Қазақстандағы дәл осындай процесс неге «орысқа қарсы» акция боп шыға келуі керек?

(c) Нұрбек Бекбау ағамның жазбасынан

#ой_түймекке
❤136🔥27👍19💯9👏7✍2
Ғабит Мүсіреп атамыздың айтқан, қазақтың оқуда кеткен есесі жайлы сөзі бар еді ғой, сол өте қажетті ұстаным болып тұр бүгінгі таңда.

"Қазақтың оқуда кеткен есесі көп. Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы!" - демейді ме?!

Шыны керек, Рудныйдағы жаңалықтарды көріп отырып біраз шатыр қайнап, ызаға бой алдырғаным бар. Есі дұрыс, жүрегінде еліне деген махаббаты бар кез келген азаматта солай болды деп ойлаймын.

Барып біреуді төңкеріп, ұрып-соғып қажет емес. Біліммен қарулану керек. Бүгінгі таңдағы ең маңызды құрал сол болмақ.

Есеміз әбден кеткен...

Өз заманыңда қолыңнан келгенді жасап, кейінгі ұрпаққа сол руханият мұрасын сіңдіріп, құндылық ретінде дарыта алмасаң, отансүйгіштігімізге үлкен сын болады деп білемін.

#ой_түймекке
❤110👍18🔥15💯10
Менің инстаграм парақшамдағы "Қазақша акцент" деген кешегі видео-рилсты қарап көрсеңіздер болады. Астында пікірлерде айқай-шу, төбелес болып жатыр. Көпшілігі өзіміздің қазақтар...

ТМД кеңістігінен де көптеген пікірлер және оқырмандар келіп жатыр. Қырғыз біртуғандар қолдау сөздерін айрықша білдіруде. Біздің халықпен тағдырлас ұлыстар көбірек түсінеді, жалпы.

Бізде қазақтардың ішінде орыс тілін акцентсіз сөйлейтіндер жетерлік. Ол кемшілік емес, керісінше, артықшылық. Алайда автордың ол жердегі сөзінің түпкі мағынасы тек акцентте емес. Көпшілік тек сол акцент деген жеріне ғана қадалып қалуда.

Мен де басқа шеттілдерін үйренген адаммын, соларды қазақ баласына үйретіп, ақша тауып жүргендердің бірімін. Native Speaker сынды сөйлеу деңгейіне жете білу - өте мақтарлық іс, артында үлкен еңбек барын көрсетеді.

Енді осы орайда біздің кей орыстілділерге де айтам ғой, өзге шеттілін акцентсіз үйренуге күш салғаныңдай, қазақшаңды акцентсіз үйренуге неге күш сала алмайсың?!

Көпшілік қазақ тіліне келгенде "окунуш орай" деп жүре береді, ал бірақ басқа тілге келгенде "Ол деген үлкен еңбек қой" дейді.

#ой_түймекке
❤94👍30👏14⚡8💯4🔥3😱1
Студенттік шақ — адамның қалыптасатын кезеңі деп білемін.

Негізі бар ғой, ғажап нәрсе. Қоғам боп саған қалыптасуға бір кезең беретін секілді.

Ертең тап сондай кезең қайта келмеуі мүмкін, ондай уақыт қеңдігі болмауы мүмкін.

“Студентке кеңес” деп кітап жазғанымыздың да бірден-бір себебі осы-тын.

Мен өзім студенттік шақтан көп пайда алдым, осы кезеңде қалыптастым, бүгініме әсер еткен көптеген нәрсе кештім.

Адам өзі бірнәрсеге жеткен соң, өзгеге де соны жеткізгісі кеп тұрады.

#студентке_кеңес
❤75👍13🔥4🤯3👏2💯1
Қолымда кітап қалмады. 📚✅

Енді тек каспи-дүкеннен ала аласыздар.

Каспи-дүкенде біздің магазин (TilBil Academy) және KitapAl магазинінен алсаңыздар болады.
❤55👏14👍7🤝3⚡2🔥1
Жоспар құру – оңай нәрсе емес. Бұл – миға күш түсіретін, уақыт пен энергияны талап ететін процесс. Бірақ кайдзен қағидасы бойынша дәл қазір уақыт пен күш салсақ, болашақта энергияны көп үнемдейміз.

(с) Студентке кеңес кітабынан үзінді
❤97👍17🔥3💯2
Бір тәжірибеммен бөлісе кетейін. Бүгінгі таңда бәрін табуға болады, білім іздеген адамға көп мүмкіндік бар. Мысалы, мен 2018 жылы түрік тілін үйреніп бастағанымда, Инстаграмнан қарапайым түрік қолданушыларды тауып, 20-30 шақты адамға достық жіберіп, жекелеріне хат жолдайтынмын.

Олардың ішінде достықты қабылдайтыны бар, қабылдамайтыны
бар. Бірақ нәтижесінде маған да достық жіберіп, хатыма жауап жазған адамдар болды. Олармен ұзақ уақыт сөйлесіп, тіпті жақсы достық қарым-қатынас орнатып алдық. Әлі күнге дейін жылы лебіздерімізді білдіріп, хабарласып тұрамыз.

(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді

#студентке_кеңес
❤74👍19💯6👏4🔥2🤩2
«Руханият» сөзіне назар салсақ, түбірі – «рух», яғни адамның жаны. Бұл – адамның ең шынайы болмысы. Тән бар, жан бар. Адамның шынайы болмысы – оның жаны. Тән топырақтан жаратылған, ал жан Жаратушының ұлы сыры ретінде биіктен берілген. Сондықтан адамның рухы да биік, асқақ. Ол әрдайым ұлы істерге ұмтылады, биік мақсаттарды аңсайды.

(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді

#студентке_кеңес
❤70👍22🔥3⚡2💯2🥰1
Бала күнімде алғаш компьютер алған кезде оны бағдарламалауды, ішіне ойын жүктеуді білмейтінмін. Ішінде тек Word, Excel сынды стандартты қосымшалар ғана болатын. Бала ретінде компьютердің алдында отыру қызық көрінетін.

Компьютерде ойындар болмағандықтан, сөремде тұрған мультфильм DVD-дисктерінің артындағы мазмұндарын мәтін ретінде теріп жазатынмын. Қайта-қайта жаза бергеннен жазу қабілетім шыңдалып, үйдегілердің бүкіл мәтін теру жұмыстарын басып беретін болдым. Бүгінде осы кітапты теріп отырып, бала күннен қалыптасқан бір қабілеттің пайдасы екенін түсініп отырмын.

(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді

#студентке_кеңес
❤80👍17👏10
Астанадағы оқиғаны естідіңіздер, жаңалықтардан көрдіңіздер ғой.

3.5 жасар Зере есімді қыздың тісін наркозда емдеу барысында оянбай көз жұмғаны жайында. 💔

Алла бетін аулақ қылсын, бүлдіршініміздің жаны жай тапсын.

Сотта видео көрсетілген. Видеода ата-анасын ішке шақырады, баласы жатыр, көз жұмған, сол кездегі ата-анасының реакциясы, хәлі…

Дүние астан-кестең ғой ондай жағдайда… Алла Алла…

Комментарийлерде “Ата-анасы кінәлі, кішкентай баланың тісін емдегендері не?” деп ақылсынып жатыр адамдар. Ата-анасына онсыз да қиын, ал мына жақта пікір білдіргіш, ақыл айтқыштар шыға келеді.

Құдай басқа салмасын! Басқа салмасын!

Комментарий жазатын әрбір адам мен үшін “бездельник”. Сенің эксперттік пікірің ешкімге керек емес.

Онсыз да қайғырып жатқан ата-ананы мүлдем кінәламау керек!

#ой_түймекке
❤122💔42😭36💯9👍6🔥3
Адам бір жерде ұзақ отыра берсе тез жалығады. Батыс университеттерінде студенттер көгалда, аулада, ашық кеңістікте оқиды. Мароккода оқығанымда, біз сабақтың кейбірін аулада, таза ауада өткізетінбіз. Сен де кітапхана, балкон, мешіт, саябақ сияқты түрлі жерлерде оқып көруді әдетке айналдыр.

(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді

#студентке_кеңес
❤159👍51👏7
Кеше қайын інім айтады:

"Жезде, біздің әпкеге үйленгелі намазыңызды өткізіп алып, қаза қылған кезіңіз болды ма?"

Күшті сұрақ болды, шынымен. Солай болғанда ғой деген тілектердің үлкені дер едім.

"Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа
." - деп Бұқар жырау (Алла рақымына алсын) жазғандай-ақ.

Бұл сұрақта тағы бір мәселе бар. Жас баланың көзіндегі біздің бейне. Мені, демек, солай көріп тұрғаны.

#ой_түймекке
❤97👍30😍11
Қазір анандай екен ғой, иә?!

Намаз оқымайтын жігіт - гринфлаг.

Кей адамдар өзінің жеке тәжірибесін, қателігін жалпыға топырақ шашумен ақтағысы келеді. "Намаз оқимын" деп айтқан бір "оңбағанға" жолығуың, жалпы намазхандарды оңбаған етпейді.

Бір адамның қандай да бір тәжірибесі ортақ қағиданы қалыптастырмайды. Ондай адам өзінің жараланған сезімінен туған реакциясымен ғана өлшеп кетеді.

Ол да бір надандықтың түрі. Саналы, парасатты адам бір индивидтің қателігі себепті жалпыға топырақ шашпайды.

Осы логикамен өлшесек, "намаз оқымайтынның бәрі - жақсы" деген қағида шығуы керек. Ал енді қылмыскерлер, әйел зорлағандар, адам өлтіргендер... Соның бәрі "жақсы" категориясына жата ма?

Я болмаса, арнайы намаз оқитындарды қаралау деген саясат бар деп конспирологиялық тұжырым жасай салайын.

#ой_түймекке
❤135👍40💯11🔥6👏3
Алдыңғы аптадан әр күні оқыған кітаптарымның бет санын тіркеп, өзім үшін жазып отыруды бастадым. Өткен апта жалпы есепте 359 бет кітап оқыппын.

Апта ішінде тек бір күн ғана мүлдем кітап оқылмаған, ол күні жаназада болдым. Қалған кітап оқылмаған күн жоқ, шүкір.

Осындай даму жолын таңдадым. Енді осы апта көрсеткішті көтеруге ниеттімін.

Бірге дамиық,оқиық, өсейік! "Иқро" үмметіміз!

#ой_түймекке
❤144👍36🔥13🏆5😱2
Статистика тіркеу — жақсы көмегін тигізеді екен. Өз шамаңды бақылап отырасың, ары қарай асырғың келеді.

Жоспар дәптеріме “Аптасына кемі 30 қаза намаз орындау” деп жазғам.

Намазға 15 жасымда жығылдым. Оған дейінгі, балиғатқа толғаннан кейінгі жылдарды толықтыруға ниеттімін.

Үміт қой біздікі сол. Үмітпен әрекетімізді жасай берсек, дүниеде де, ақыретте те жүзіміз жарық болса дейміз ғой.

Сосын, бұрыннан қаза кеткен намаздарды телефонның заметкісіне тіркеп отыратын әдетім бар екен. Мысалы, 12.07.2019 (екінті) деген секілді.

Бір ғана намаз болса бірден оқып тастайсың ғой, арты-артынан болып кетсе қиын-ақ.

Былайша ғибрат болсын дегенім. Мен де біреудің осындай әрекетінен тәсірленгем, сіздерден де біреу әсерленіп қалар.

#ой_түймекке
❤162👍27✍15💯5
Бұрынғы қазаларды орындау жайлы ғалымдарымызда түрлі пікірлер бар.

Мен сол, шама жеткенше орындау дегенге амал еткім келеді.

Ғұмыр жетсе — ғанибет.

#ой_түймекке
❤157👍40💯6🕊5
Өз практикамнан.

Жылдық жоспарларды — айларға, айлықты — апталарға, апталықты — күндерге.

Сонда үлкен мақсат майда бөліктерге бөлінеді, көзге көрінеді, орындалуы мүмкін екені сезіледі.

#ой_түймекке
❤142✍24👍16👏5
Өткен бір жолы ұлыммен дүкенге кірдім. Ұлым жүгері таяқшаларын алып беруді сұрады. Балабақшадан шыққанбыз, содан күнде әпермеймін ғой деп, сұрағанын алдым.

Жанымызда кезекте бір әйел кісі тұрған, баласы да біздің ұлмен қатар екен. Әлгі бала қолымыздағы жүгері таяқшасына қарап қалды да, анасына әпер деп байбалам салды.

Анасы дауыстап "Сен ондай нәрсе жемейсің ғой. Оған әпере береді, сен жемейсің ғой ведь, ты же у меня не такой" деп өзі сенген нәрсеге баласын сендіріп бақты.

Құры қарап тұрмай біреуге "жаман әке" рөлінде мысалға айналып қалдық. 😁 Ештеңе демедім.

Қыркүйектің басында болған. Үйге барып телеграмға түртіп қойсам деп жүріп, бүгін енді реті келді.

Олжас Сүлейменов атамның сөзі оралды ойыма:

"Возвысить степь, не унижая горы".

Балаңды өз тәсіліңмен тәрбиеле. Алайда өзгенің тәсілін кем көрме. Әркім өз парасаты жеткен нәрсені жасайды емес пе?!

Бала тәрбиесі қызық нәрсе. Бірақ ең қызығы, сол жолда өзіңді тәрбиелеуің.

#ой_түймекке
❤162🔥53👍49💔7💯5😢3👏1