Қолымда кітап қалмады. 📚✅
Енді тек каспи-дүкеннен ала аласыздар.
Каспи-дүкенде біздің магазин (TilBil Academy) және KitapAl магазинінен алсаңыздар болады.

❤55👏14👍7🤝3⚡2🔥1
Жоспар құру – оңай нәрсе емес. Бұл – миға күш түсіретін, уақыт пен энергияны талап ететін процесс. Бірақ кайдзен қағидасы бойынша дәл қазір уақыт пен күш салсақ, болашақта энергияны көп үнемдейміз.
(с) Студентке кеңес кітабынан үзінді
(с) Студентке кеңес кітабынан үзінді
❤97👍17🔥3💯2
Бір тәжірибеммен бөлісе кетейін. Бүгінгі таңда бәрін табуға болады, білім іздеген адамға көп мүмкіндік бар. Мысалы, мен 2018 жылы түрік тілін үйреніп бастағанымда, Инстаграмнан қарапайым түрік қолданушыларды тауып, 20-30 шақты адамға достық жіберіп, жекелеріне хат жолдайтынмын.
Олардың ішінде достықты қабылдайтыны бар, қабылдамайтыны
бар. Бірақ нәтижесінде маған да достық жіберіп, хатыма жауап жазған адамдар болды. Олармен ұзақ уақыт сөйлесіп, тіпті жақсы достық қарым-қатынас орнатып алдық. Әлі күнге дейін жылы лебіздерімізді білдіріп, хабарласып тұрамыз.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес

❤74👍19💯6👏4🔥2🤩2
«Руханият» сөзіне назар салсақ, түбірі – «рух», яғни адамның жаны. Бұл – адамның ең шынайы болмысы. Тән бар, жан бар. Адамның шынайы болмысы – оның жаны. Тән топырақтан жаратылған, ал жан Жаратушының ұлы сыры ретінде биіктен берілген. Сондықтан адамның рухы да биік, асқақ. Ол әрдайым ұлы істерге ұмтылады, биік мақсаттарды аңсайды.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤70👍22🔥3⚡2💯2🥰1
Бала күнімде алғаш компьютер алған кезде оны бағдарламалауды, ішіне ойын жүктеуді білмейтінмін. Ішінде тек Word, Excel сынды стандартты қосымшалар ғана болатын. Бала ретінде компьютердің алдында отыру қызық көрінетін.
Компьютерде ойындар болмағандықтан, сөремде тұрған мультфильм DVD-дисктерінің артындағы мазмұндарын мәтін ретінде теріп жазатынмын. Қайта-қайта жаза бергеннен жазу қабілетім шыңдалып, үйдегілердің бүкіл мәтін теру жұмыстарын басып беретін болдым. Бүгінде осы кітапты теріп отырып, бала күннен қалыптасқан бір қабілеттің пайдасы екенін түсініп отырмын.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
Компьютерде ойындар болмағандықтан, сөремде тұрған мультфильм DVD-дисктерінің артындағы мазмұндарын мәтін ретінде теріп жазатынмын. Қайта-қайта жаза бергеннен жазу қабілетім шыңдалып, үйдегілердің бүкіл мәтін теру жұмыстарын басып беретін болдым. Бүгінде осы кітапты теріп отырып, бала күннен қалыптасқан бір қабілеттің пайдасы екенін түсініп отырмын.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤80👍17👏10
Астанадағы оқиғаны естідіңіздер, жаңалықтардан көрдіңіздер ғой.
3.5 жасар Зере есімді қыздың тісін наркозда емдеу барысында оянбай көз жұмғаны жайында. 💔
Алла бетін аулақ қылсын, бүлдіршініміздің жаны жай тапсын.
Сотта видео көрсетілген. Видеода ата-анасын ішке шақырады, баласы жатыр, көз жұмған, сол кездегі ата-анасының реакциясы, хәлі…
Дүние астан-кестең ғой ондай жағдайда… Алла Алла…
Комментарийлерде “Ата-анасы кінәлі, кішкентай баланың тісін емдегендері не?” деп ақылсынып жатыр адамдар. Ата-анасына онсыз да қиын, ал мына жақта пікір білдіргіш, ақыл айтқыштар шыға келеді.
Құдай басқа салмасын! Басқа салмасын!
Комментарий жазатын әрбір адам мен үшін “бездельник”. Сенің эксперттік пікірің ешкімге керек емес.
Онсыз да қайғырып жатқан ата-ананы мүлдем кінәламау керек!
#ой_түймекке

❤122💔42😭36💯9👍6🔥3
Адам бір жерде ұзақ отыра берсе тез жалығады. Батыс университеттерінде студенттер көгалда, аулада, ашық кеңістікте оқиды. Мароккода оқығанымда, біз сабақтың кейбірін аулада, таза ауада өткізетінбіз. Сен де кітапхана, балкон, мешіт, саябақ сияқты түрлі жерлерде оқып көруді әдетке айналдыр.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
#студентке_кеңес
❤159👍51👏7
Кеше қайын інім айтады:
"Жезде, біздің әпкеге үйленгелі намазыңызды өткізіп алып, қаза қылған кезіңіз болды ма?"
Күшті сұрақ болды, шынымен. Солай болғанда ғой деген тілектердің үлкені дер едім.
"Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа." - деп Бұқар жырау (Алла рақымына алсын) жазғандай-ақ.
Бұл сұрақта тағы бір мәселе бар. Жас баланың көзіндегі біздің бейне. Мені, демек, солай көріп тұрғаны.

❤97👍30😍11
Қазір анандай екен ғой, иә?!
Намаз оқымайтын жігіт - гринфлаг.
Кей адамдар өзінің жеке тәжірибесін, қателігін жалпыға топырақ шашумен ақтағысы келеді. "Намаз оқимын" деп айтқан бір "оңбағанға" жолығуың, жалпы намазхандарды оңбаған етпейді.
Бір адамның қандай да бір тәжірибесі ортақ қағиданы қалыптастырмайды. Ондай адам өзінің жараланған сезімінен туған реакциясымен ғана өлшеп кетеді.
Ол да бір надандықтың түрі. Саналы, парасатты адам бір индивидтің қателігі себепті жалпыға топырақ шашпайды.
Осы логикамен өлшесек, "намаз оқымайтынның бәрі - жақсы" деген қағида шығуы керек. Ал енді қылмыскерлер, әйел зорлағандар, адам өлтіргендер... Соның бәрі "жақсы" категориясына жата ма?
Я болмаса, арнайы намаз оқитындарды қаралау деген саясат бар деп конспирологиялық тұжырым жасай салайын.

❤135👍40💯11🔥6👏3
Алдыңғы аптадан әр күні оқыған кітаптарымның бет санын тіркеп, өзім үшін жазып отыруды бастадым. Өткен апта жалпы есепте 359 бет кітап оқыппын.
Апта ішінде тек бір күн ғана мүлдем кітап оқылмаған, ол күні жаназада болдым. Қалған кітап оқылмаған күн жоқ, шүкір.
Осындай даму жолын таңдадым. Енді осы апта көрсеткішті көтеруге ниеттімін.
Бірге дамиық,оқиық, өсейік! "Иқро" үмметіміз!

❤144👍36🔥13🏆5😱2
Статистика тіркеу — жақсы көмегін тигізеді екен. Өз шамаңды бақылап отырасың, ары қарай асырғың келеді.
Жоспар дәптеріме “Аптасына кемі 30 қаза намаз орындау” деп жазғам.
Намазға 15 жасымда жығылдым. Оған дейінгі, балиғатқа толғаннан кейінгі жылдарды толықтыруға ниеттімін.
Үміт қой біздікі сол. Үмітпен әрекетімізді жасай берсек, дүниеде де, ақыретте те жүзіміз жарық болса дейміз ғой.
Сосын, бұрыннан қаза кеткен намаздарды телефонның заметкісіне тіркеп отыратын әдетім бар екен. Мысалы, 12.07.2019 (екінті) деген секілді.
Бір ғана намаз болса бірден оқып тастайсың ғой, арты-артынан болып кетсе қиын-ақ.
Былайша ғибрат болсын дегенім. Мен де біреудің осындай әрекетінен тәсірленгем, сіздерден де біреу әсерленіп қалар.

❤162👍27✍15💯5
Бұрынғы қазаларды орындау жайлы ғалымдарымызда түрлі пікірлер бар.
Мен сол, шама жеткенше орындау дегенге амал еткім келеді.
Ғұмыр жетсе — ғанибет.
#ой_түймекке
Мен сол, шама жеткенше орындау дегенге амал еткім келеді.
Ғұмыр жетсе — ғанибет.
#ой_түймекке
❤157👍40💯6🕊5
Өз практикамнан.
Жылдық жоспарларды — айларға, айлықты — апталарға, апталықты — күндерге.
Сонда үлкен мақсат майда бөліктерге бөлінеді, көзге көрінеді, орындалуы мүмкін екені сезіледі.

❤142✍24👍16👏5
Өткен бір жолы ұлыммен дүкенге кірдім. Ұлым жүгері таяқшаларын алып беруді сұрады. Балабақшадан шыққанбыз, содан күнде әпермеймін ғой деп, сұрағанын алдым.
Жанымызда кезекте бір әйел кісі тұрған, баласы да біздің ұлмен қатар екен. Әлгі бала қолымыздағы жүгері таяқшасына қарап қалды да, анасына әпер деп байбалам салды.
Анасы дауыстап "Сен ондай нәрсе жемейсің ғой. Оған әпере береді, сен жемейсің ғой ведь, ты же у меня не такой" деп өзі сенген нәрсеге баласын сендіріп бақты.
Құры қарап тұрмай біреуге "жаман әке" рөлінде мысалға айналып қалдық. 😁 Ештеңе демедім.
Қыркүйектің басында болған. Үйге барып телеграмға түртіп қойсам деп жүріп, бүгін енді реті келді.
Олжас Сүлейменов атамның сөзі оралды ойыма:
"Возвысить степь, не унижая горы".
Балаңды өз тәсіліңмен тәрбиеле. Алайда өзгенің тәсілін кем көрме. Әркім өз парасаты жеткен нәрсені жасайды емес пе?!
Бала тәрбиесі қызық нәрсе. Бірақ ең қызығы, сол жолда өзіңді тәрбиелеуің.

❤162🔥53👍49💔7💯5😢3👏1
Бір түрік профессорының бала тәрбиесіне қатысты айтқан керемет сөзі ойымда қалды:
“Oyun onu hayata hazırlıyor.”
“Ойын оны өмірге дайындап жатыр.”
Яғни, баланың ойынға қанып өсуі маңызды дейді. Сол арқылы жетіледі, үлкен өмірге дайындалады.
Бір әке ретінде бұл сөздің ақиқатын көріп-білудемін.

👍101❤80💯14😍2🔥1
Кофеханада ішіп-жеп болған соң, артынан жинап, тазалап кететін адамдар болады ғой, солар, міне, мәдениетті жандар. Әр кофеханада қоқыс стейшні тұрады (ортасында домалақ тесігі бар).
Елдегі азаматтық деген осындай майда нәрселерден де көрініс табады. Өркениетті, парасатты, мәдениетті қоғам болуға ұмтылуымыз маңызды деп білем.
Қазақстанда кофе мәдениеті соңғы 7-8 жылдықта кең етек жайды. Кофе ішуді үйрендік, енді артымызды тазалап үйренсек.

❤165👍50💯31🔥5✍1
Студенттік шақты өздігімнен ғана дұрыс пайдаланбадым. Әуелі, Алланың тауфиғы, ризығы, кеңдігі. Мектеп бітіруге таяған шақтан Алладан көп сұрадым, дұға еттім, тіледім.
⠀
Сонда бүй дейтінмін:
⠀
"Я, Алла Тағала! Студенттік шағымда жанымда тек жақсы адамдар болса екен. Дұрыс орта нәсіп етіп, көптеген белестерді бағындыруды жазшы! Артылған үміттерді ақтауымды нәсіп ет!"
⠀
Адам нені шын жүректен қалайды, Алла Тағала пендесіне соны береді.
⠀
Студенттіктің алғашқы жылдарынан бастап үлкен-үлкен тұлғалардың, ұстаздардың батасын алуды, кішкентай қалта дәптеріме тілек жазғызып алуды әдетке айналдырдым.
⠀
Ертең келешекте өзім де үлкен тұлға боламын деп ниет еткем. Қазір сол кездегі тілектер әлі күнге дейін менде сақталған. Жеке мұрағатым десем де болады. Қандай да бір тұлға тілек жазып беріп жатқанда, шын жүректен тілеген болса, ол да қабыл болады ғой.
⠀
Қазір енді, міне, өзіміздің авторлық "Студентке кеңес" кітабымызды еліміздің студенттеріне ұсынудамыз.
⠀
Негізі кітапқа жауапты адамдар бар, каспи-дүкен арқылы сатылуда. Қолыма аз мөлшерде данасы түскен екен, соларды авторлық тілекпен ұсынсам деп едім.
⠀
Алғысы келген жандар, төмендегі номер бойынша көмекшіме жазса, сізді тіркеп алатын болады. Құны: 4590тг. Почта арқылы саламыз, жеткізу құнына бөлек төлемейсіз, тек почтаға жеткенде, бөлімшеден кітабыңызды алып кетсеңіз болғаны.
⠀
Ал, үлгеріңіздер, tamam mı?
Менеджер

❤94👍19🔥7😭1
Өткен апта қорытындысы бойынша 272 бет кітап оқыппын.
Мына жазбада жазғанымдай, оған дейінгі аптада 359 бет оқып едім, алдыңғы апта аздап көрсеткіш төмен болған екен.
Алайда ішкі сезім бойынша бәрі жақсы. Тән мен жан ләззаттанды, руханият серпілді, тірі екенімді сездім, Алланың ұлылығын одан сайын таныдым, оқу нығметін берген Раббыма шүкір еттім.
Сандар маңызды емес қой, керегі сапа. Бірақ бет тіркеу, оқыған кітаптарыңды жазып жүру ерекше шабыт береді. Осы апта көрсеткішімді өсірем деп ниет қойдым, ал.
Баршаға сәтті апта болсын! 😮💨📚🤝

❤86👍24🔥6
Оқылған кітаптардың бет санын қалай тіркеймін?
Әдеттегі тәсіл — қалта дәптеріме жазып жүрем.
Алайда алдыңғы апта бір бауырымның ұсынысымен оқып жүрген бір кітабымды Paraqta bot-қа енгізіп қойдым.
Өте ыңғайлы екен, маған ұнады. Ол жерде кітап атауын енгізесің, күн сайын қанша бет оқыдың, соны ғана жазып отырасың. Ал бот өзі бәрін есептеп, статистика береді. Кітаптың қанша пайызы оқылды, қанша қалды, апталық-айлық көрсеткішің ж/е т.б.
#ой_түймекке #рекомендасьон

❤52👍15🔥12⚡2👏1
Қандай да бір адамға қатысты жақсы ойға қарағанда жаман ой тезірек келеді, иә?!
Өмірдің күресі де сода ғой.
#ой_түймекке
Өмірдің күресі де сода ғой.
#ой_түймекке
❤110🔥26👍21💯10✍2